Финляндиялық зерттеуші Паре Бруун: «...Ең алғашқы қүжат ретінде Кодекс шамамен 1900 жылы Швецияда жасалынды. Алайда, сол кездері бұл белгілі ш еңберден шыға алмады», - деп жазады (Караван. - 1994. - 7 қаңтар, Оқырман сұрақтарына жау- ап). 1918 жылы Францияда «Мінез-кұлық хартиясы» деген атпен өткен журналистердің ұлттық синдикатында журналистік Кодекс қабылданды. 1921 жылы Гонолулуда (Гавайя штаты) американдық Джеймс Броун «Журналист практикасының этикалық нормаларының кодексін» ұсынды. 1923 жылы Америка Құрама Штаттарын- да «Журнализм канон дары» деген атпен Кодекс қабылданды. 1946 жылы Халықаралық журналистика ұйымы құрылды. АҚШ - та журналистік этика туралы көптеген жұмыстар жарияланып, тіпті арнайы журнал да басылып шығады. Осындай алгашкы