бірнешеу болса, онда ең үздігіне жэне неғүрлым кемеліне келгеніне лайық қызмет болып табылады» (Антология мировой филосо фии. 1969, 360 б.). Егер жанның қызметі ізгі ниеттіге лайықталса, онда байлық та, даңқ та жэне басқа да игіліктер осы анықтамаға енгізіледі, өнегелілік түрғысынан қолдау табады. Адамның тіршілік етуі - қызмет, ал, жүзеге асырылған тіршілік ету - жүзеге асқан қызмет. Кімде-кім әрекет етпесе, онда ол тіршілік етпейді. Ойшыл Эмманюэль Мунье мұны «Іс-эрекет жасау» деп атайды (Мунье Э., Манифест персонализма. 1969. 43-6.). Қазақ этикасы - қазақ халкының ұлттық эдеп ж үйесін мораль- ды, адамгершілікті зерттейтін пэлсапалық пэн. Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, эмбебап ғалым - Әл-Фараби Ә бу Нәсір М ухаммед ибн Тархан.