мен жабудың жаңа негіздері енгізілген. 2009 жылы желтоқсан айында «Азаматтардың құқықтарын қорғау жэне жеке өмірлеріне қол сұқпаушылық мәселелері б о йынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң бойынша тұлғаның жеке өмірі тура- лы мәліметтерді заңсыз жинау жэне БАҚ арқылы тарату үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза енгізілген. Дүниежүзінің барлық елдерінде, оның ішінде сөз бостандығы дамыған мемлекеттерде журналистердің қызметін реттеп отыра- тын, журналистиканың халықтың сеніміне, құрметіне бөленуін қамтамасыз ететін этикалық талаптар бар. Олар журналистиканың беделін көтеруге, сайып келгенде, бүкіл қоғамға қызмет етеді. Озық елдерден біздің жаңадан қалыптасып келе жатқан еркін журналистиканың үйренері көп.