намасы көп ретте аударма арқылы жасалады. М іне, сондықтан да аудару кезінде қазақ тіл нормаларын сақтамау, сөз мағынасын емес сол өзге тілдегі сөздің нақты аудармасын жасау жарнама мэтінінің күлкі туғызардай дәрежеге жол ашады. Бірнеше аудармаларға на- зар аударайық. Строительные материалы - Құрылыс заттары. Оптом и в розницу - Көтерме жэне бөлшек. Бұл мысалда сөйлем тиянақсыз, аяқталмаған. Негізгі ой — құрылыс заттарының көтерме ж эне бөлшек бағамен сатылатындығында, яғни бұл сөйлем «баға» деген сөзді керек етіп тұр. Демек, «Құрылыс заттары. Көтерме жэне бөлшек бағамен». Келесі мысал, Магазин продуктов и про мышленных товаров - Азық-түлік жэне өнеркәсіп тауарлары дүкені. Бұл жерде «тауарлар» деген сөзге ілік септігін, яғни «-нің»