«Арабтардың ішіндегі ең таза, шешен сөйлейтіні менмін», - деп білдірген, «Өйткені, Аллаһ тағала маған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан», - деп түсіндіретін (Ислам ж эне өркениет. - 2009. - 11-20 желтоқсан. Қ. Бағашар. Адамның сөзі - ақылының таразысы).
84 Ж а ң сы лы ң б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
Демек, қысқа қайырып, тоқетерін ғана айтып, тыңдарманға пайдасы тиетін, ойлы көңілден туған сөзді ғана айтуға дағдылаған дұрыс. Кезінде эдебиет зерттеушісі Мәулен Балакаев өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мэселелері» атты еңбегінде: «Адам тәлім- тэрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-эрекетсіз өмір сүрмек емес. Кісі білімді, тэлім-тэрбиені тіл арқылы алады, мэдениетті, өнерді, ғылымды