туындаған, ащы да болса шындық екенін көзіқарақты оқырманның мойындамасына амалы жоқ. Франция, Ұлыбритания, Албания сияқты өркениеті дамы- ған елдерде БАҚ хабарларында бөгде тілдердің сөз арасын- да кездейсоқ кірістірілуінің өзіне үлкен мэн беріледі. Оны қолдаушылар қатаң айыпталатындықтарын жиі естиміз. Ал, бізде орыс тілі қолданылмаса, ортамыз ойсырап, мәдениетіміз қүлдырап кететіндей көреміз.
88
Ж а қ сы лы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
1996 жылы қос палаталы кәсіби Парламент болғанда Тілдер туралы Заң талқылаудан өтті. Сонда депутаттар арасында қызу талқылаулар болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенге бұл жолы ешкім қарсы шықпаса да, орыс тілі де мемлекеттік тіл болсын деген талап қойылды. Бірақ Салық Зиманов, Султан Сартаев, Өмірбек