түсіруге әзірлеу үшін алдын ала бірнеше минут арнауыңыз керек. Егер сіздің кейіпкеріңіз бұдан бүрын хабарға түсіп көрмеген адам болса, онда ол, әдеттегідей, сасқалақтап, камера алдында өзін-өзі қалай ұстау керектігін білмейді. Бұл кісінің қысылмай, өзіне-өзі сеніп, қойылған сауалдарға жауаптар қайтара алатындай жағдайда болуы үшін, оған бірнеше кәсіби кеңес бергеніңіз дұрыс болады» (Журналист, 1993. - № 5. С. 29. Вы должны сломать лед). Осы тұста сұхбаттың қандай жерде, мысалы, студия да, лауа- зымды адамның кабинетінде, қоғамдық орында тағы басқа жер- лерде жүріп жатқандығының маңызы бар. Өйткені, адамдар көбінесе сұхбаттың жұмыс жағдайында, мысалы, кабинетте өтуін ұнатады. Тэжірибесі мол, шебер журналист алғашқы минуттар- дан бастап сұхбат беретін адамның өзіне деген сенімін тудырады,