10. Сұрақтар нақты, тиянақты болуға тиіс. Қазақстан журналистикасында сұхбат этикасының орындал- мауы жағдайлары кездесіп отырады, бірақ, көбінесе, бұл жағ- дайлар тілші мен кейіпкердің арасында қалады, оны басылым бетінен немесе теледидардан редакциялаудың нэтижесінде көре алмаймыз. Бірақ, журналистер бұған қарамай, өздерінің жақсы маман болуы үшін этикаға көңіл бөлу керек. Журналистің сұхбат алушыға берер сұрақтарының негіздері біріншіден, әңгімелесуші адамының білімін тексеріп алу (мәселен, газеттегі материалды оқыдыңыз ба?); екіншіден, қамтылған мэселе төңірегіндегі ой- пікірін білу; үш іншіден, алынған мәліметтерді, фактіні нақтылап алу. Қойылатын сұрақтар: ашық немесе жабық; өзіндік немесе бөгделік; тура немесе кері т.б. болып келеді. Сұхбат алу үшін жур