естеліктерді жария ету үшін олардың иесімен алдын ала келісіп алған жөн. Газет бетінде оқырман хаттары да жарияланып жатады, кей- де бірнеше хат бір материалға біріктіріледі, сонда эрбір хатты тырнақшалар қою арқылы басқаларынан ажыратып басу керек. Журналист материал жазған кезде белгілі бір қүжаттың мәтіні, оған берілген комментарий жэне өз мақаласының мэтінін ажыра тып қоюға тиіс. Құжаттармен жұмыс істеу кезінде журналистік этикаға қайшы келетін жағдайлар Кодексте көрсетілген: «...егер журналист ақпаратты бүрмаласа, құжат немесе басқа ақпарат көзінің мазмүнын өзгертсе, пайдаланып отырған құжатқа мағыналық өзгертулер енгізсе; ...егер журналист автордың келісімінсіз оқырман, көрермен немесе тындарманның хатын өзгерту жэне қысқарту жолымен мәтіннің мазмұнын бүрмаласа;