қатынасының биік мәдениетіне тікелей байланысты. Ол үшін өзі де біреуге сене алатын, сол арқылы өзгенің де сенімін ақтай білетін этикалық қастерлі қасиетті игерген болуы абзал. Егер журналистің қылығынан білгірсу, мақтаншақтық, кеудем- соқтық секілді жағымсыз эрекеттер байқалып жатса, онда оның моральдық жағынан азғындай бастағанының белгісі жэне оның салқыны әзірленген теле-радио бағдарламасына да, жариялатқан шығармасына да тиері зандылық. Сонымен қатар, мұндай кері мінез журналистің дарынын да тежейтіні сөзсіз. Нағыз ақылды эрі білімді жэне этикалық тэрбиелі журналист сапалы жақсы жа- рияланымдар жасаған сайын сабырлы да салмақты кейпін сақтай біледі, одан да артық туынды жасауға талаптанып, іздене түседі. Үлы ойшыл Абай өзінің отыз екінші қара сөзінде: «Ғылымды,