тәрбиемен адам болады. Тэртіпті, тэрбиелі бала жаманшылықтан аулақ жүреді. Ал, тәрбиесіз бала тәртіпсіздікке, жаман іске үйір келеді, соған бейімделеді. Бала тәрбиенің жоқтығынан бұзылады», - дейді (Төле би мен Қойгелді батыр. 1992. 10 б.). Тағы бірде: - ¥ятты қалай түсінесің? - деген сауалға Қойгелді батыр: «Меніңше ұят дегеніміз - сенім, тэрбие», - деп ұтымды жа- уап берген екен (Төле би мен Қойгелді батыр. 1992. 12 б.). Қазақ шешендерінің кісілік кемелдік, адамгершілік тұрғы тура- лы ізденістері олардың өмір сүрген дэуірінің, заманының мэдени- элеуметтік, рухани болмысына, эстетикалық, этикалық тұрғысына сай жүзеге асқан. Бұл ізденістер өте күрделі эрі тұтас арнаға ұласып жататын нақты іс-әрекеттерден, кісінің мінез-құлқын белгілейтін өзекті қағидалар жүйесінен бастау алады. Торайғыр бидің сөзінде де кісілік тағылым маңызды сипаты-