жэне шартпен реттеледі. 8- бап Ақпарат агенттігі 1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы ха- барлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге жэне таратуға бағытталған заңды тұлға. 2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс. 3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат қүралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті. 4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады. 9- бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері 1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді