айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы не м есе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не алты айға дейінгі мерзімге камауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 164-бап. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру 1. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты неме се алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған касақана іс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дінге көзқарасына, тектік- топтық, ұлттық, рулық немесе нэсілдік қатыстылығы белгілері бо