басқа да құрылтайшылары кітапханалар қорларының жинақ- талуын жэне сақталу жағдайларын қамтамасыз етеді. Кітапхана қорын жоғалтқан немесе қасақана бүлдірген жэне оны құны тең затпен алмастыра алмаған кезде пайдаланушы оның он еселенген мөлшердегі нарықтық кұнын төлейді. 24- бап. Мүражайлар Қазақстан Республикасында бағыт-бағдары мен меншік нысандары эртүрлі мұражайлар жүмыс істейді. Мұражайлар материалдық және рухани мэдениет ескерткіштерін зерделеуді, есепке алуды, сақтауды жэне жұртқа танытуды қамтамасыз етуге тиіс. М ұражай мұрағаттарын мемлекеттік мұражайлардан жеке- меншікке беруге тыйым салынады. Мемлекеттік мұражайлар тарихи, ғылыми ж эне мэдени құндылық болып табылатын зат- тар мен объектілерді сатып алуда басым құқықты пайдаланады.