П компоненттерден



бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі26,9 Kb.
#128016
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
зертханалық жұмыс 14

Сұйық ерітінді – еріген заты аз ерітінді.
Қою ерітінді – еріген заты көп ерітінді.
Концентрленген ерітінді – өте қою ерітінділер.
Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін өлшемсіз бірлікпен – үлес не пайызбен, не өлшемді шамамен – концентрациялармен көрсетеді;
Массалық үлес (С) – еріген заттың массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы;
Мольдік үлес (Ni) – еріген заттың (не еріткіштің) мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттар мөлшерлерінің қосындысына қатынасы, егер nжәне n– еріткіш пен еріген зат мөлшері болса (тек бір ғана зат еріген болса), онда
N= n2/(n+ n2); N= n1/(n+ n2) мұндағы Nжәне Nеріген зат пен еріткіштің мольдік үлесі.
Молярлы концентрация(См) не молярлылық (М) – еріген заттың мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы, моль/л.
Моляльды концентрация не моляльдылық (m) – еріген заттың мөлшерінің еріткіш массасына қатынасы, моль/кг (Н2О)
Эквиваленттің молярлы концентрациясы, Сн (нормальдылық) 
еріген заттың эквиваленті санының ерітінді көлеміне қатынасы, моль/л.
1-мысал. 250г суда 50г темір(ІІ) сульфатының кристаллогидратын
FeSO4×7H2O еріткен. Ерітіндідегі кристаллогидрат пен сусыз темір(ІІ) сульфатының массалық үлесін есептеу керек.
Шешуі: Алынған ерітіндінің массасы 300г. Кристаллогидраттың массалық үлесі
300г ерітінді ----------- 100%
50г кристаллогидрат --- х%;
х = 16,7%.
50г кристаллогидраттағы сусыз тұздың массасы
278г/моль ----- 152г/моль
50г ------------- х, сонда х = 27,4г сусыз тұз массасы. 300г ерітіндідегі сусыз тұздың массалық үлесі С = 27,4 ×100/300 = 9,1% болады.
2-мысал. 8% (масс.) сусыз тұздың бір литр ерітіндісін дайындау үшін қанша су және мыс(ІІ) купоросын алу қажеттігін есептеу керек, ерітінді тығыздығы 1,084г/л.
Шешуі: 1 литр ерітіндінің массасы 1,084 × 1000 = 1084г. Осы ерітіндіде 8% сусыз тұздың массасы 1084 × 0,08 = 86,7г. CuSO×5H2O 86,7г сусыз тұзы бар массасын пропорциядан анықтайды: 249,7 : 159,6 = х : 86,7. Одан, х = 135,6г. Ерітінді дайындау үшін қажет су массасы 1084 –135,6 = 948,4г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет