П С № 1-2
Тақырып: «Матрицалар және анықтауыштар»
Мақсаты: матрицаларға амалдар қолдануды, матрица рангін есептеуді, кері матрицаны табуды, 2-ші, 3-ші және 4-ші ретті анықтауыштарды есептеуді үйрету.
Тапсырмалар:
1. .
а) Табу керек
б) матрицасы үшін кері матрицаны табу керек;
в) В матрицасының рангін табу керек.
2. Анықтауыштарды есептеңдер:
а) .
Бақылау сұрақтары
Матрица дегеніміз не?
Қандай матрица: квадраттық, нольдік, баған-матрица, үшбұрышты, жол матрица, диагональдық, бірлік матрица деп аталады?
Матрицалармен қандай операциялар оындауға болады?
Матрицаларды көбейту операциясы мен сандарды көбейту операциясының арасында қандай айырмашылық бар? Қай кезде А және В матрицаларының көбейтіндісі анықталған?
Транспозицияланған матрица дегеніміз қандай матрица?
Матрицаның анықтауышы дегеніміз не?
Матрицаның өлшемін қалай анықтайды?
3-ретті анықтауышты қалай есептейді?
Лаплас теоремасын айтып бер. Анықтауышты есептеу үшін оның қандай мағынасы бар?
Анықтауыштың негізгі қасиетерін ата.
Қандай матрицаны кері матрица деп атайды? Кері матрицаның бар болуының қажетті және жеткілікті шарттары.
Кері матрицаны есептеу алгоритмі қандай?
Әдістемелік нұсқаулар. Матрицаларға амалдар мен элементар түрлендірулерді және анықтауыштарды есептеу ережелеріне орындауға назар аудару керек, себебі сызықтық теңдеулерді шешкенде бұл сұрақтар маңызды орын алады. Анықтауыштарды есептегенде оның қасиеттерін пайдалана білу және алгебралық толықтауыш таңбасын дұрыс таба білу керек.
Үй тапсырмасы:
Проскуряков И. В., Сборник задач по линейной алгебре, 1984 ж.
Тапсырмалар: №43, №52, № 57, №258, №788, №790, №840
Негізгі әдебиеттер:
1. Қожашева Г.О., Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра;
2. Айдос Е.Ж., Жоғары математика, 1 том, Алматы: Бастау, 2013ж. 272 б;
3. Булабаев Т.Б., Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия элементтері;
4. К.А.Хасеинов, математика канондары, Алматы, 2004 ж.;
5. Қ.Қасымов, Жоғары математика курсы (Сызықтық алгебра) Алматы 2004
6. Проскуряков И.В. Сборник задач по линейной алгебре, М.: Наука. 1984 ж. 7.http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2018/VM/Mahmetova/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/1.1.htm 8. https://uchitelya.com/pedagogika/146197-anytauyshtar-matricalar-ker-matrica-matricany-rang-syzyty-tedeuler-zhyesn-sheshu.html
Достарыңызбен бөлісу: |