Біріншілік көмек:
– кофеин 20% 4,0-6,0 мл физиологиялық сұйықтыққа
араластырып венаға енгізу,
– кордиамин – 2,0 мл венаға себелетіп енгізу,
– фармакологиялық антидоттар:
– спонтандық тыныс қалпына келгенше: налоксон 0,05% – 4,0
мл венаға енгізу, қажет болған кезде мидриаз дамығанға дейін терапияны
қайталау.
Инфузиялық терапияны бастау:
– глюкоза 5% – 400,0 мл венаға енгізу,
– реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу,
– натрий гидрокарбонаты 4% – 300,0 мл венаға тамшылатып
енгізу,
Жедел медициналық жәрдем
– қайталап асқазанды жуу,
– оттегімен ингаляция,
– налоксон енгізгеннен нәтиже шықпаса өкпеге жасанды тыныс
(ӨЖТ) алдыру.
Транквилизаторлармен улану (Бензодиазепин тобы; Феназепам, Мезапам, Амизил, Оксилидин, Триоксазин )
Клиникасы:
– ұйқышылдық,
– атаксия,
– есінің тежеліп, комаға дейін асқынуы,
– миоз (ноксиронмен уланғанда – мидриаз),
– жеңіл дәрежедегі гипотензия.
Бензодиазепин тобының транквилизаторлары «микстық», яғни
барбитураттармен, нейролептиктермен және басқа седативті- гипнотикалық
препараттармен уланғанда естің терең дәрежелі тежелуі дамиды.
Біріншілік көмек:
– асқазанды жуу, – антидот (флумазенил, ромазикол, анексат, аминостигмин,
физостигмин, галантамин)енгізу,
– гипотензия кезінде: реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу.
Барбитураттармен улану флумазенил, ромазикол, анексат, аминостигмин,
физостигмин, галантамин)Клиникасы:
– миоз,
– гиперсаливация,
– тері жамылғысының «майлылығы»
– гипотензия,
– есінің терең дәрежелі комаға дейін тежелуі.
Барбитураттар тез арада тіндердің трофикасын бұзып, жауыр
пайда болып, позициялық қысылып қалу синдромы дамып, сонымен бірге
пневмония пайда болады.