Пациенттерге жедел медициналық көмек



бет4/15
Дата06.03.2023
өлшемі42,26 Kb.
#72184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Синдромдардың түрлері
Синдромдардың екі түрі бар-анатомиялық және функционалды.Мүшелердің құрылымдық өзгерістеріне сәйкес келетін физикалық симптомдардың немесе белгілердің тіркесімдері анатомиялық синдром деп аталады.Мысалы,өкпе аймағындағы перкуторлы дыбыстың күңгірттенуі,бронхиалды тыныс алу,дауыс треморының күшеюі,бронхофония өкпе тіндерінің инфатрациясының анатомиялық синдромын құрайды,функционалды симптомдардың тіркесімі физиологиялық немесе функционалды синдромға әкеледі.Мысалы,қанның сілтілі қорының төмендеуі,несептегі аммиак мөлшерінің жоғарлауы, альвеолярлы ауадағы көмірқышқыл газының ішінара керілуінің төмендеуі газсыз ацидоздың функционалды синдромын құрайды.
Нефритикалық синдром-жіті нефритке ұқсайтын белгілердің жиынтығы болады.Ісіну тез дамиды,бозарған ісінген беті,алигурия,протеинурия,бүйрек гематуриясы,артериальды болып табылады,бүйрек функциясы бұзылады.Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік дамиды.Жіті нефритикалық синдромның асқынулары:бүйрек эклампсиясы,жіті бүйрек жетіспеушілігі,сіңір тартылуы,ықылық,құсу,жүрегі айну,жедел пострептококкты нефритте жіті нефритикалық синдром кездеседі.Бұл синдром созылмалы нефритте,гломерулонефритте,жүйелі қызыл волчанкада,түйінде периартеритте,геморагиялық васкулитте пайда болады.
Клиникалық көріністерге байланысты
Толық
Толық емес
Нефротикалық синдромдардың субьективті белгілері: жалпы әлсіздік,тәбет жоғарлауы,ауызы құрғайды,шөлдейді,несептің мөлшері азаяды,бас ауырады,бел ауырады,ісіну жұмсақ болады,із қалады(аяқта),ауыр жағдайда асцит,гидроторакс немесе бас мидың ісінуі болады.Түспейтін ісінуде иерінің трофикалық өзгерістер пайда болады.Тері бозғылт,суық,ісінген болып табылады.Гидроторакс кезінде ентігу физикалық күш түсуде және тыныштық жағдайда болып табылады.Амилоидоз болғанда гепатоспленомегалия және аритмия болады.
Жұқпалы аурулар болады: бактериальды,вирусты,бүйрек көктамырының тромбозы,гиповолемиялық шок,ми ісінуі,көздің,терқабықтың ісінуі.
Жіті коронарлы синдром-миокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмәнтудыратын кез келген симптомдар және клиникалық көріністер.
Жіті коронарлы синдромның түрлері:
ST тісшесінің жоғарлауымен көрінетін миокард инфарктісі;
ST тісшесінің жоғарылауынсыз көрінетін миокард инфарктісі;
Кардиоспецификалық ферменттер,биомаркерлер,ЭКГ соңғы кезеңінде жасағанда анықталатын миокард инфарктісі;
Тұрақсыз стенокардия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет