Пациенттерге жедел медициналық көмек


Артериалдық гипотензия кезінде



бет8/15
Дата06.03.2023
өлшемі42,26 Kb.
#72184
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Артериалдық гипотензия кезінде:
– реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу,
– норадреналин 0,1% 1,0 мл (2,0 мл) ерітіндісін 400,0 мл 5% глюкоза сұйықтығымен араластырып венаға тамшылатып енгізу, АҚҚ тұрақталған уақытқа дейін препараттың енгізуін жылдамдату керек.
ған уақытқа дейін препараттың енгізуін жылдамдату керек.
Психостимуляторлармен улану
Амфетаминдер – экстази, Ева, Адам, эфедрин, кокаин, эуфиллин.
Клиникасы:
– қорқынышты түр,
– қозғалыстық және психикалық қозу,
– мидриаз,
– гипергидроз,
– тахикардия,
– жүрек аймағындағы ауру сезімі (кокаин),
гипертензия,
– гипертермия,
– дірілдік синдром.
Шектен тыс көп мөлшерде «синтетикалық» амфетаминдердің
(экстази) мөлшерін қабылдағанда науқас ерекше жағдайға түседі, бірақ есі ауыспайды, қозғалуға және сөз сөйлеуге шамасы болмайды.
Біріншілік көмек:
– асқазанды жуу,
– антидот енгізу,
– қозу кезінде:
– реланиум – 2,0 мл венаға енгізу, – гипертензия дамығанда:
– нитроглицерин 1-2 таблетканы тіл астына немесе
– коринфар – 10-20 мг шайнап, жұту немесе,
– фентоламин – 0,5 мл 20,0 мл 40% глюкоза сұйықтығына
араластырып АҚҚ бақылау жүргізе отырып, венаға тамшылатып жайлап құю.
Тактика: науқасты токсикология бөлімшесіне жатқызу.
Тасымалдау: науқасты зембілге бір бүйіріне жатқызып тасымалдау.
Клофелинмен улану
Клиникасы:
– кома,
– брадикардия,
– гипотензия,
бұлшықеттердің гипотониясы,
– миоз пайда болуға икемділік,
– ауыз қуысы кебіңкі.
Біріншілік көмек:
Есі тежелген кезде:
– налоксон 0,05% 2,0 мл 20,0 мл 10% глюкоза сұйықтығымен
араластырып венаға енгізу.
Брадикардия кезінде:
– атропин 0,1 % 1,0 мл 20,0 мл 40 % глюкоза сұйықтығымен араластырып венаға енгізу.
Артериалдық гипотензияда:
– преднизолон – 60 мг венаға енгізу,
– реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу,
– 0,9% – 400,0 мл физиологиялық сұйықтықты венаға тамшы-
латып енгізу,
– аскорбин қышқылын 5% – 5,0 мл венаға тамшылатып енгізу. Тактика. Науқасты токсикология бөлімшесіне жатқызу. Тасымалдау: науқасты зембілге бір бүйіріне жатқызып
тасымалдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет