Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет1/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)


Мазмұны

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4

І. Қазақ тілін оқытудың мәселелері....................................................................5-8


1.1. Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері.........................................9-14
1.2. Заманауи білім беру кеңістігіндегі «Проблемалық оқыту» технологиясы....................................................................................................15-24

ІІ. Сан есімді оқытудың әдістері.....................................................................25-30


2.1. Сан есімді оқыту принциптері.................................................................31-33
2.2. «Проблемалық оқыту» технологиясын пайдалану арқылы сан есімді оқытудан күтілетін нәтижелер........................................................................34-37

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................38-38


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................39-39

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алынуда.


Әр оқушыға терең білім беру, сонымен қатар олардың ойлау қабілетін арттыру мақсатын іске асыру үшін көптеген ғалымдар ұзақ уақыт талмай еңбек етуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі орта, жоғары мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, сонымен қатар заманауи, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу де мүмкін емес. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» - деген анықтама беріледі. В.П.Беспалько: «Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана», - деп анықтама береді. В.М.Шепель «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі», - десе, М.Чошанов «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» - деген анықтама береді. Осы авторлардың пікірі бір-бірлерінен онша алшақтамайды, олар педагогикалық технологияның біршама әр түрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Дегенмен, барлық анықтамаладың ортақ басты негізі бар, бұл республикамыздың әр түрлі аймақтарындағы білім мекемелерінде сынақтан өтіп, қазір кең қолданылып жүрген модульдік оқыту технологиясының ғылыми-теориялық әзірлемесін дайындаған Марал Мәденқызы Жанпейісованың төмендегі түсіндірмесінен айқын көрінеді: «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара-ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда педагогика ғылымыңың докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі, филол. ғыл. докт. Ә.Жүнісбектің, пед. ғыл. докт., проф. Т. Жұмажанованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Демек, осы сынды жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділіктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі.
Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - дегені әр оқытушының жадында болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет