Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


«Проблемалық оқыту» технологиясын пайдалану арқылы сан есімді оқытудан күтілетін нәтижелер



бет10/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

2.2. «Проблемалық оқыту» технологиясын пайдалану арқылы сан есімді оқытудан күтілетін нәтижелер

Енді сан есімді «Проблемалық оқыту» технологиясы арқылы оқытуды қарастыру үшін сан есім туралы бір сабақ жоспарын алып, оны аталған технология элементтеріне бейімдеп көреміз.



Тақырып: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сынып 9.

Бөлім

Мұғалімнің әрекеті




Оқушының әрекеті

Ресурс

Уақыт

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, топтарға бөлу, сабақта сәттілік тілеу.




Мұғаліммен, бір-бірімен амандасу, топтарға бірігу, топ басшысын сайлау.

-

5 минут

Негізгі бөлім

Тапсырмаларды оқушыларға түсірдіру

1-кезең
Суретке қарап 5 минут ішінде сан есімнің барлық мағыналық түрлерін қатыстырып, шағын әңгіме құрастыру.
1-топ→ теміржол вокзалында болған оқиға.
2-топ→ мектеп асханасында болған оқиға
3-топ→ сауда орталығында болған оқиға
4-топ→ мектептен үйге қайтып бара жатқан кезде болған оқиға

Уақытты тиімді пайдалана отырып, топ ішінде ұйымдасқан түрде шағын әңгіме құрастырып, айтып беруге дайындау

ТЖ вокзалының, мектеп асханасының, сауда орталығының, мектеп пен үйдің арасындағы жолдың суреттері

5 минут әңгіме құрастыруға, әр топқа максимум 2 минуттан оқып беруге

2-кезең
Әр топқа бөлек парақшаларда мәтіндер үлестіріледі. Көп нүктелер орнына қажетті сөздерді қою

Мәтінде түсіріліп қалдырылған сөздерді (сан есімдерді) қою. Не үшін қойғанын түсіндіру

Үлестірме қағаздар

3 минут тапсырманы орындауға, әр топқа 1-2 минуттан түсіндіруге

3-кезең
Әр топқа бөлек тақырыптар үлестіріліп, шағын мәтін құрау, сан есімдерге талду жасау тапсырылады.
1-топ→Туған жердің танымал тұлғалары
2-топ→Қазақстанның көрікті жерлері
3-топ→Халқымыздың ізгі дәстүрлері
4-топ→Біздің отбасымыз

Берілген тақырыптарға топ болып шағын мәтін құрастыру, сан есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасап, синтаусистік қызметін көрсету

-

5 минут тапсырманы орындауға, әр топқа 2 минуттан оқып беруге

4-кезең
Алдын ала дайындалып келген тест тапсырмаларын орындау. Тапсырмалар 4 топқа да бірдей.

Тест тапсырмаларын топ болып бірге орындау, аяқтаған соң басқа топпен ауысып, тексеру

Үлестірме қағаздар

Жалпы 5 минут

Қорытынды бөлім

Рефлексия жасау мақсатында «Сан есім» тақырыбында оқушыларға сұрақ қою

Сұрақтарға жуап беру арқылы сабақты, тақырыпты қорытру

Сұрақтарға жауап беру

-

5 минут

Көріп отырғанымыздай, сан есімді қорытындылау сабағы шығармашылық тапсырмаларға негізделген және оқушыны логикалық интеллектісін дамытуды мақсат етеді. Бүкіл сабақты бір технологияға негізделіп жүргізу мүмкін емес, сондықтан да арасында дәстүрлі әдістерді пайдаланып тұрған да жөн.


Жалпы сабақ заманауи сабақ формасы үлгісінде құрылған. Негізгі бөлімнің басым бөлігі «Проблемалық оқыту» технологиясын негізге алады.
Білім берудің мақсаты ХХІ ғасырға келгенде бар материалды оқушыға жеткізіп қана қоюмен шектеліп отырған жоқ, білім берудің бүгінгі таңдағы мақсаты – алынған білім мен білікті тәжірибеде қолдана алу, жай ғана пайдалану емес, өз орнымен, жөнімен пайдалану. Курстық жұмысқа арқау болып отырған технологияның мәні – оқушыларды әр түрлі жағдаяттарда білімді мақсатқа жету үшін тиімді пайдалана алуға дағдыландыру.
Жоғарыда келтірілген сабақ жоспарына талдау жасай отырып, төмендегі кестеде проблемалық оқыту технологиясының заманауи қоғамда бәсекеге қабілетті оқушыны тәрбиелеудегі артықшылықтарын көрсетеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет