Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет12/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді.


Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру. Сонда ғана қабілетті мамандар дайындай аламыз.
Қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Педагогикалық процесс қазіргі заманға келіп трансформацияланып жатыр. Біріншіден, білім беруші, мұғалім, білімді беру қызметін білім алушыны бағыттау қызметіне ауыстырды, сол арқылы білім алушы, яғни оқушы, сабақта тек шаблондық тапсырмаларды ғана орындап қоймай, оқулықтың шегінен шығып, шығармашылық қабілетін дамытуға, сол арқылы білімін мақсатқа жетуде тиімді пайдалануға бейімделіп жатыр.
Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш–жігерін жұмсауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет