Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет5/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
· Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
· Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
· Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
· Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
· Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау;
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Бұл тәсілді соңғы жылдары көптеген методистер сөз етуде. Проблемалық оқытудың теоретиктері Липецк озаттарындай мәселені мазмұн жағынан емес, көбіне форма жағынан бастайтын сияқты. Сұрақтарды: проблемалық сұрақ, міндет деп екіге бөледі.
Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемісті болады.
Оғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарағанда, болашақ маманға қойылатын талаптар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарында белгіленген. Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыта отырып білім беруге елеулі маңыз беріледі.
Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағғыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мән берген. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, оны өз тәжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы әдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен оқытудың осы түріне Д.Бруннер, И.Лернер, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов зор үлес қосты.
Проблемалық оқытудың басқа әдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену әрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалық оқытудағы негізгі ұғымдар: «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация»).
Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды. Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді. Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарас-тырып, іздену іс-әрекетіне көшеді. Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс- әрекеті ойлаумен, па-йымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады. Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы - дұрыс ойлай білуге баулу. Әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар принциптерге, оқытудың, сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Көптеген педагогтар және психологтардың сараптамасы бойынша әр түрдегі жаттығулардың тиімділігі, олардың нұсқалық сипатта болуында.
Нұсқалық жаттығулар оқушылардың ой-өрісін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік, дағдыны қалыптастырады.
Ең тиімді тәсіл – жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында өткізу.
Оқушы өз бетімен немесе оқытушы басшылығымен сол немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағдыланады, әрі оны нақтылау жеңілдірек болады. Әртүрлі дәрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру, біздің ойымызша, оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеттерінің деңгейіне байланысты. Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар әдісін пайда-ланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай алмаса, онда әңгімелесу элементтері бар жаттығулар әдісін қолданған пайдалы. Ал материал ұсынуға күрделі болса онда түсіндіру әдісін жаттығулар әдісімен байланыстыра қолдану керек. Ең бастысы, кез келген әдіс-тәсілді таңдағанда оқушыларға оның қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн.
Бірақ түсінікті меңгертуде, білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек. Проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдейді және логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ әсер етеді де, оқушының қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын дамытады. Құмартушылық, қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілетінің, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған сатысы деуге болады.
Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондықтан да проблемалық оқыту барысында проблемалық тапсырманы шешуге оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы, сонымен қатар білім деңгейі де ескеріледі.
Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс- тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс- тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді. Проблемалық оқыту, сондай – ақ, мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешуде маңызды қызмет атқарады. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Әрі оқушылардың өзіндік ізденісі мен шығармашылық жұмыстармен айналысуына, берілген ситуацияна шешуге, дағдылануға бейімделеді. Проблемалық оқытуды оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана басшылыққа алу тиімді.
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
· Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
· Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
· Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу. 
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдебиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.
Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар: оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.
Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады: 
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.
2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру.
Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуалды жерлерінде проблемалар бар: Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы».
Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет
тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей болып бөлінеді:
- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);
- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу);
Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет