Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Сан есімді оқыту принциптері



бет7/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

2.1. Сан есімді оқыту принциптері

Мектеп оқушыларына сан есімді оқытуда төмендегі дидактикалық принциптер басшылыққа алынады:



  1. Оқытудың ғылыми принципі бойынша оқушыларға сан есімді оқытуда берілетін білімдік, танымдық материалдар қазақ лингвистикасының қол жеткізген ұстанымдарына сай болуы керек. Оқулықта берілген материалдар ғылымми стильмен оқушыларға түсінікті етіп жазылуы қажет. Бұл үшін оқушыларға игерілетін білімнің дәлдігі, тақырыптар мен терминдердің анық болуы талап етіледі. Сондықтан мектепте қазақ тілін меңгертуде тілдік материалдар тіл біліміне сүйеніліп сұрыпталады. Бұл жерде екі талап орындалуы қадағаланады. Біріншісі, сан есімді оқыту арқылы тілдік материалдар білім стандартында берілген деңгейден жоғарылатып берілді, қазақ тілі сабақбары тереңдетіліп оқытылды. Мысалы, бастауыш сынып қазақ тілі оқулығында синонимдер туралы түсінік қалыптастыру барысында синоним сөздердің мағыналық реңктері әр түрлі болатынын, ару, сұлу, ажарлы, көрікті, келбетту, көркем, сүйкімді сөздерінің өзара мағыналас болатынын түсіндіре келе, ару сөзінің мағыналық дәрежесі басқа сөздерге қарағанда жоғары екендігін жан-жақты мысалдар арқылы ұғындыру балалардың білімі оқулық көлемінде қалмауына әсер етіп, шәкірттердің пәнге қызығушылықтарын оятады. Екіншісі, мектепте қалыптасқан тілдік білімдері жетілдіріледі. Осыған орай оқушылардың сөзз таптары мен сөйлем туралытеориялық және практикалық дағдылары мен бірліктерін еске түсіріліп, отырылды. Әрбір сабақта сан есімді өткен кезеңде уақыт өлшеміне байланысты бір-екі мысалдар арқылы қайталанады. Бұл оқушылардың тілдік дағдыларын еске түсіруіне көмектесімен қатар оларды сөздерді дұрыс тіркестіруге, сөйлемді нақты құрауға үйретеді. Сондықтан мұғалімдермен оқушылардың игерген білімдерін практикада жиі қолдануына жағдай жасауы талап етіледі. Бұл балалардың танымдық, білімдік қабілеттерін жетілдіреді.

  2. Оқытудың жүйелілік принципі дегеніміз оқушыларға сан есімді оқытуда игерілетін білім, дағды және біліктер өзара ішкі тәртіппен бір-бірімен сабақтаса байланысып, тілдік материалдарды белгілі бір ретпен берілуі. Бұл жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілінен меңгерілетін тілдік материалдардың бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеге біріктірілгендігін көрсетеді. Қазақ тілі меңгертуде жүйелілік принципі, біріншіден, сан есімді оқыту тапсырмалары қазақ тілі оқулығында берілген тақырыптар мен білім мазмұнына сәйкестілігімен, екіншіден, сан есімді оқыту тапсырмалары орынды қолданылуымен, үшіншіден, оқушылардың сөйлеу тілі, шығармашылық қабілеттерінің біртіндеп дамуына сай етіп құрастырылуымен анықталады.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет