Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Курстық жұмыстың өзектілігі



бет2/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

Курстық жұмыстың өзектілігі: ақпараттық технологиялар заманы оқушының дәстүрлі сабақ жүйелерінде стандартты әдісермен білім алуының жеткіліксіз екенін дәлеледі. Ендігі жаңа заман педагогтарының алдында тұрған мақсат – мектепте тек қана теориялық білім беріп қана қоймай, оны практикамен де ұштастыра білуді үйрету. Маңыздысы – тек кітапта шаблондық үлгіде берілген практикалық тапсырмалардың шегінен шығып, жағдаяттық-шығармашылық практикалық тапсырмалар беру арқылы тез әрі дұрыс шешім қабылдап, алған білімін мақсатқа жету барысында тиімді пайдалана білу қабілетін қалыптастыру, оқушының логикалық интеллектісін дамыту. Проблемалық оқыту технологиясы – жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыруда ең тиімді тәсілдердің бірі. Мемлекеттік тілді оқушыға толық меңгерту үшін заманауи педагог осы технологияны пайдаланғаны абзал.
Курстық жұмыстың нысаны: проблемалық оқыту технологиясы және заманауи білім беру жүйесіндегі қазақ тілі сабақтары.
Курстық жұмыстың мақсаты: ХХІ ғасыр қоғамның жан-жақты дамуы бүкіл салалардағы инновациялық даму үдерісін іске қосты, соған байланысты білім беру жүйесін де трансформациялауды талап етіп отыр. Сол қажеттілік бойынша сабақ жүйесін ұйымдастырудың бірнеше технологиялары қалыптасты, солардың бірі – проблемалық оқыту технологиясы. Мақсат – проблемалық оқыту технологиясын мектепте мемелекеттік тілді оқыту сабақтарында пайдаланудың негіздерін және сабақтың нәтижелілігін арттыруда тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: қойылған мақсатқа жету үшін аталған технологияның теориялық негіздерін толық қарастырып, сабақ жоспарын құруда проблемалық оқыту технологиясы элементтерін қатыстыру міндеттері қойылды.
Курстық жұмысты жазуда қолданылған әдістер: жинақтау, анализдеу, синтездеу, топтастыру, жүйелеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазақ тілін оқытудың мәселелері

Елдің елдігін көрсетіп, мемлекеттің мерейін өсіретін, халықты мұратына жеткізіп, қажеттілігін қанағаттандыратын ұлтымыздың болашағы өскелең ұрпақ екендігі әлемге аян. Сондықтан жан-жақты жетілген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елі мен Отанын сүйетін, ұлтжанды әрі үйлесімді азамат тәрбиелеу – заман талабы. Сол мақсатта жаңа форматтағы мұғалім қалыптастыру, оқу-тәрбие ісінің сапасын жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып көтеру сияқты іргелі реформалар жүргізілуде. «Мектептің тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни мұғалімнің іс-әрекеті оқыту процесінің көрсеткіштік өлшемі бола алады. Сонымен қатар ұстаздың педагогикалық мәдениеті де үлкен орын алады. Оқыту дегеніміз – оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы оқу-танымын ғылыми тұрғыда игерту, шығармашылық мүмкіндіктерін ұлғайту, дүниетанымын және эстетикалық көзқарасын қалыптастыратын үрдіс. Бұл үрдіс тек білім берумен шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау, салыстыру, қорытынды шығару – бұл мұғалімнің еңбегі, оның жеке кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті. Бұған мұғалімнің адамгершілігі, тәлім- тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі – елтаңба, екіншісі – әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім-кімді болмасын, ойға қалдырады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Осы әдістерді құрастыру үшін компьютердің маңызы зор және компьютерді пайдалану барысында оқушылардың қызығушылығы артып, сөйлеу дағдысы дамуына септігін тигізеді. Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру 
Мемлекеттік тілге қатысты: «Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген, мемлекеттік қазақ тіліне құрметпен және лайықты оқып үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бұл – тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деп нақтылап өткен. Бұл «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» ең басты нәтижесі болмақ. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, мемлекетіміздің бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата Заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да өзіміз, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік. Тіл – адамдар арасындағы қарым- қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі. Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі таңда қазақ тілінің дамуына барлық жағдай жасалған, тек соған көңіл қойып қазақ тілін үйренем деген ниет керек. Мектеп-балабақшада мекеме қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді оқып, үйренуде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» — деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық.
«Біз ұсынып отырған төрт деңгейдің бірінші сатысы – тұрмыстық сөйлеу тілі, былайша айтқанда, күнделікті өте қажет тілді үйрету, екінші деңгейі – кәсіби тіл. Яғни әркім өзінің мамандығына, жұмысына байланысты тілді, соның лексикасын, сөйлеу үлгілерін білуі керек. Үшінші деңгейі – іскери тіл. Қазір көбінесе қазақ тілін үйреткенде бірден осы сатыдан бастап, «қызметкерлер іс-қағаздарымен жұмыс істей білуі тиіс» деген сықылды мәселе көтеріледі. Біз мұны үшінші деңгейге қойып отырмыз. Ең соңғысы – әдеби сөйлеу тілі. Әдеби тілде сөйлеу үшін алдыңғы үш деңгейден өтіп келу керек. Сонда ғана адам әдеби тілде сөйлеуге жаттығады. Мұның тағы да мынандай жақтары бар. Мысалы, тұрмыстық сөйлеу тілін көпшілік үйренуі керек. Бұл қиын болмайды. Себебі бұған отбасында, көшеде, жұмысқа барғанда, келгенде маңайындағы адамдармен қарым-қатынас жасау барысында күнделікті қолданылатын тұрмыс, тіршілік сөздері кіреді. Екінші деңгейге өткенде үйренетін адамдар қатары сейіліп қала береді. Бұл адамның кәсібіне байланысты. Мәселен, дәрігер өз саласына, шаштараз өз саласына қатысты сөздерді білуі қажет. Сол сияқты, іскери тілге барғанда да оны елдің бәрі жаппай білуі міндетті емес. Кез келген мекемедегі басшы, жетекші қызметкерлер, бас мамандар білсе, жетіп жатыр. Оның қарамағындағы қарапайым халықтың бәрі іскери тілді білуі керек деген дұрыс емес. Себебі баяндама жасау, құжат дайындау олардың жұмысы емес қой. Ал әдеби тілді жүздің бірі үйреніп кетеді десек, артық айтқандық болмайды. Міне, біз осы төрт деңгейді ұсынып отырмыз және сол бойынша жұмыс істейміз»-, дейді филология ғылымының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбеков.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу мен тәрбиенің негізгі тетігі — сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Сол себепті де пән мұғалімінің сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алғаны жөн. Оқыту үрдісі орыс тілінде жүргізілетін топтарда қазақ тілін оқитын бала өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөзін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым- қатынас жасай алуы қажет. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, балалардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, балалардың тілдік қорын байыту оң нәтижелер беретіні сөзсіз. Әрбір бала ұлты пен ұлысына қарамастан — тәуелсіз еліміздің болашағы, алдағы үкілеген үміті. Сондықтан да балаларды алаламай, жақсы, жаманға бөлмей ортақ қарап, әр дүниені санасына сіңіре білген дұрыс. Ал әрбір ұстаз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Яғни сабақта әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалану керек. Қазіргі оқыту үрдісінің негізгі талабы — оқушының жеке басын құрметтей отырып, тиісті дәрежеде білім беру. Өйткені балалардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеялар әр сабақта жан- жақты қолданылып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін игертуде оқушылардың ақыл-ой қабілетін даму деңгейін өсіріп дұрыс сөйлеу, білім деңгейін тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастырған. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндетті – жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу керектігін айтқан. Қазіргі заман ақпаратты технология заманы болғандықтан, әр сабағын интерактивті тақтамен өткізіп, керекті жаңалықты интернет арқылы алып, оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға көп көңіл бөлген. Жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Оқушылардың қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу мәдениетінің дамуы олардың тілге деген қызығушылықтарының артуында. Олар әртүрлі қызықты тапсырмалар мен іскерлік, деңгейлік, өздік жұмыстар арқылы шығарма, мазмұндама жазып пікірлеседі, өз ойларын толық дұрыс жеткізуге білуге дағдыланады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ана тілін оқытудан өзгеше. Ахмет Байтұрсынұлы: «….. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы, ойластыруы мұғалімнің біліктілігімен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Мемлекеттік тілдің беделін түсірмеу – біздің қазақ тілі мамандарының басты міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет