Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет6/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы:
а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;
ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.
Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады, дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.


ІІ. Сан есімді оқытудың әдістері
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасып отырады. Демек, ғылымның алуан түрлері бар. Яғни, соның бірі  –  қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Бұл әдістеме, ең алдымен, оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертутің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім қазақ тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын білдіреді, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске асады. Яғни, әдістеме мұғалімді педогогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймай, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелей отырып, мектеп тәжірибиесінен сыналған ең тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Демек, әдістеме мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден, ол оқылатын пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдың мазмұнына орай әдістәсілдерді таңдау, қолдану, олардың жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалды таңдап, іріктеуге тікелей байланыста. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты түрлі фонетикалық, әріптерді талдау, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау түрлі салыстырулар, жалғау мен жұрнақтың ара жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Сан есімді оқыта отырып, балалардың тілін дамытудың  маңызы зор. Мектеп бағдарламасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип негізінде іске асырылады. Сөз таптарының ішіндегі мектеп қабырғасында балалар сан есіммен, оның  алты түрімен танысады. Жазба жұмыстарында  сан есімнің реттік түрін шатастыру кездеседі. Мұны, әрине, әр түрлі жаттығулар жүргізу арқылы жоюға болады.
Мектеп тәжірибесінде сан есімді окыту тұсында кейбір сан есімдердің этимологиясьін талдап, балаларды қызықтыру – ескерусіз  келе жатқан мәселе. Сондықтан балалардың іздеріне таныс кейбір сандарға түсінік беру қажет. Мұғалім сан есімді түсіндіріп болған соң, мынадай жұмысты балаларға ауызша орындатуға болады: тақтада мынадай цифрлар жазулы тұрады, олардың қандай тарихи оқиғаны білдіретінін айтқызу, әрі балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту мақсат етіледі.
Сан есімнің негізгі жүйесін оқушыларға білгізу үшін, оның өзіне тән белгілерін дұрыс танытатындай және практикада қолдана білуге жол ашып, үйрететіндей әдіс-амалдарын қолданып отыру керек болады. талаптарға сай болу үшін, мұғалім қазақ тілін оқыту әдістемесін терең біле отырып, оларды бір түрлі әдіспен ғана түсіндірмей, әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты жандандыра отырып, ол жөнінде оқушылардың өздерін іздендіріп отырады.
Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінін бірі – баланың қисынды (логикалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. осы бағытта жұмыс істеу барысында, қазақ тілі сабақтарында математикалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары бар екендігіне көзіміз жетті.
Ертегі – баланың  тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытып,  ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Мысалы, 4-5 сыныптарда сабақты ертегі түрінде тусіндіру – материалды жақсы игеруге, тапсырманы өз бетімен түсіне отырып орындау мүмкіндігіне қол жеткізеді. ("Нүктелер достығы",  "Карындаштың бастан кешкендері").
6-7-сыныптарда "Ондықтар" тақырыбын өткенде "Цифрлар айтысы", "Цифрлар және сандар "ертегісін пайдалану –  оқушылардың дөңгелек ондықтардың таңбалануы, бірліктеріне қарай өзгеруі, оның жазылуы мен оқылуын меңгеруге, есте сақтауына көмектеседі.
Цифр мен сан ұғымының айырмашылығын түсінуде де бұл ертегілерді қолдану, оқушының өзіне айтқызу, оның өз бетімен ойлануынаізденушілігіне жетелейді.
Тәрбиелік жағынан алсақ –  бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жүруге бейімдейді. Яғни, бұл –  педагогиканы оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту қағидасын жүзеге асырудың  ұтымды әдістерінің  бірі.
Ал, пәнаралык байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды.
Сан есімді оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануға болады.  Ол оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттердің жоспарланған нәтижесіне жеткізудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі технологиядан айрықша ерекшелігі мынадай: оқушының белсенділігінің болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасындағы  жауапкершіліктің міндеттілігі.
Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модель проект жасау, қорғату, оқу мен  жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі пайдаланылып жүр. Соның ішінде, әсіресе, негізге Эльконин, Давыдовтардың ұсынып жүрген дамыта оқыту  концепциясын алуға болады.
Оқытудың түпкі мақсаты – алған білімді өмірде қолдана білу. Бұл мектеп қабырғасында сабақ үстінде қалыптасады. Осы мақсатта білім, білік, дағдыларды қалыптастыру кей сабақта қорытындылау, қайталау сабағында жүзеге асатыны белгілі. Ал сабақта сан есімнің қызметін жақсы білгізу оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше екендігін байқауға болады.
Төменде сан есімді оқытудың бір жолын келтіреміз. Ұсынылып отырған әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, тілдік фактілерді орынды пайдалануға үйрету. Бірақ, оқытушы тек тіл үйретіп қана қоймай, ата мұрамыздың асыл қазынасынан да дерек беруі керек.
Келтірілген жаттығу материалдары негізінен көркем әдебиеттерден, түрлі сөздіктерден алынған. Әрине, шағын көлемді тақырыпшада қойылған мәселені жан – жақты шешу мүмкін емес. Бірақ, менің қойылған мақсатым – мәселенің жүзден бір пайызын болса да шешуге тырысып көру.
Сан есім
Сан есім – мағыналық, грамматикалық ерекшелігі бар негізгі сөз табының бірі. Заттың санын, ретін, есебін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есімдер неше? қанша? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім құрамына қарай дара (бес, бір,екі), күрделі (жиырма екі, бір жүз елу) болып екіге бөлінеді. Ескерту: күрделі сан есімдер бөлек жазылады.
Сан есім мағынасына қарай бес топқа бөлінеді:
1.Есептік сан есімдер 
2.Реттік сан есімдер
3.Жинақтық сан есімдер
4.Болжалдық сан есімдер
5.Бөлшектік сан есімдер
1.Есептік сан есімдер
Есептік сан есімдер заттың нақтылы санын білдіріп Неше? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді. 
Мысалы: он екі, жүз елу сегіз, бес мың бір жүз қырық екі.
Ескерту: 
а) есептік сан есімдер басқа сан есімдерге негіз болады. 
б) есептік сан есімге көптік сан есім жалғанбайды. Мысалы: отыз, жиырма оқушы.
2 – жаттығу. Сұрақтарға жауап жазыңыздар.
Сенің атың кім? Неше жастасың? Әке – шешең неше жаста? Отбасында неше адам бар? Олардың жастары қай шамада? Бір айда неше күн бар? Бір жылда неше ай бар? Бір жылда неше күн бар? Бір тәулекте неше сағат бар? Бір сағатта неше минөт бар, бір минөтте неше секунт бар?
3 – жаттығу. Төмендегі берілген бата – тілек үзіңдінің мағынасын түсіндіріп, аударыныздар.
Жиырма жаста алғыр бол, Отыз жаста озат бол,
Қырық жаста қыран болып самға, Елу жаста ел ағасы,
Алпыс жаста арманыңа жет, Бала-шағаларынңың қызығын көр,
Жетпіс жаста тапқан Табыстарыңның жемісін же. 
Тапсырма: Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріп, есте сақтаңыз.
Ер көрмеймін деген жерін - үш көреді. Ат баспаймын деген жерін - үш басады.
4 – жаттығу. Төмендегі жағдайларға диалог құрастырыңыздар.
а) көршіңізден жасы нешеде, қай жерде тұратынын, қайда оқитынын сұраңыз.
ә) сіз дүкенге келдіңіз. Сізге 1 кг. қаңт, 2 кг. күріш, 4 кг. пияз керек. Сатушымен сөйлесіңіз.
б) көршіңізбен нарқы туралы сөйлесіңіз.
в) көршіңізден неше санға дейін білетінін сұраңыз. Бір-біріңізге онға дейін санап беріңіздер.
г) Сіздің дүкенге барғыңыз келеді. Дүкеннің қай мезгілде жұмыс істейтінін сұраңыз.
2. Реттік сан есімдер.
Реттік сан есімдер заттың саналу ретін білдіреді. Реттік сан есімдер нешінші? қаншасыншы? Деген сұрақтарға жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауыстылардан соң – ншы, - нші, даыуссыздардан кейін - ыншы, - інші жұрнағы арқылы жасалады: алтыншы, бесінші, отызыншы т.б.
Ескерту. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілген кезде - ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнақтарының орнына дефис қойылады: Асқар 4-курста оқиды. Оның қарындасы биыл 1-сыныпқа барады.
5 – жаттығу. Төмендегі берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдерді жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі. Бір – бірінші
3, 6, 9, 12, 18, 20, 25, 31, 37, 45, 327, 544, 1975.
6 – жаттығу. Төмендегі берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, кроссвордты толтырып, жасырынған сөзді табыңыздар.
4, 5, 6, 7, 8, 2.
7 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін табыңыздар.
1. Бірі үлкен, бірі кіші
Туысқан бірге бес кісі.
2. Шұнақ құлақ бес ешкі.
Қос – қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой.
8 – жаттығу. 1. Мәтіндегі сан есімдерді мағынасына қарай талдаңыздар. 2. мәтінге сұрақ құрастырып, мазмұның айтқызыңдар.
Орталық әмбебап дүкені
М. Горький көшесінде үш қабатты орталық әмбебап дүкені орналасқан. Дүкеннің жанында жазғы дүкеншілер, ауланың ортасында бүрікпе орналасқан. Кіре берісте, бірінші қабатта оң жақта ыдыс-аяқ, кілемдер одан әрі ойыншықтар, мата, дайын киімдер бөлімдері бар. Екінші қабатта сырт, аяқ киім, коммерциялық бұйымдар сатады. Бұрышта шағын кафе орналасқан. Дүкен сағат 10 – нан бастап жұмыс істейді. Кешкі сағат 19 – да жабылады. Демалыс күндері – сенбі мен жексенбі. Біз досымыз екеуміз кеше сағат төртте дүкенге бардық. Екі күннен кейін құрбымыздың туған күні, соған сыйлық сатып алдық.
Тапсырма: Жағдаяттарды диалогпен көрсетіңіз.
1. Сіз досыңыздың туған күні. Сіз орталық әмбебап дүкенінде тұрсыз. Досыңызға қандай сыйлық алатыңызды сатушымен ақылдасыңыз.
2. Сіз дүкеннің алдында тұрсыз. Сіз іздеп жүрген бұйым дүкенде сатылып жатыр. Ол қандай бұйым? Қанша тұрады? Сол туралы әңгімелеп беріңіз
3. Сіз әмбебап дүкенінен басқа дүкенді білмейсіз. Бұл дүкенде заттардың бәрі қымбат, сондықтан қаланың дүкендерін аралап көргіңіз келеді. Осы жайында досыңызбен сөйлесіңіз.
3. Жинақтық сан есімдер.
Жинақтық сан есімдерзаттың жинақталған санын білдіреді. Жинақтық сан есімдер нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге – ау, - еу жұрнағы арқылы жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Ескерту: екі, алты, жеті есептік сан есімдерге – ау/- еу жұрнағы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы -ы, -і дауыстылары түсіріліп жазылады.
9 жаттығу. Төмендегі сан есімдерді жинақтық сан есімдерге айландырып, сөйлем құрастырыңыздар.
2,5,3,7.
10 жаттығу. Жұмбақтардың шешуін табыңыздар.
Бес бұтақты ағашта – 
Бұтақ сайн бес алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
Екі ағайынды, екеу де бір үйде
Бір – бірін көрмейді.
4. Болжалдық сан есімдер.
Болжалдық сан есімдер заттың саның дәл атамайды, тұспалдап, шамамен көрсетеді. Болжалдық сан есімдер қанша?неше?қай шамалы? Деген сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есімдер әр түрлі жолдармен жасалады.
а) есептік сан есімдерге – лаған/ -леген, -даған / - деген, - таған/ -теген,- лап/ - леп, - дан/ - ден, -тап/ - теп, - дай/ - дей, - тай/ -тей жалғаулары арқылы жасалады. Мысалы: жиырма – лаған, елу – леген, қырық – таған, жиырма – дай, елу – дей, қырық – тай, жетпіс – тей.
ә) есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, одан кейін жатыс септіктің тиісті жалғаулары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: қырытарда, жетпістерде, елулерде.
б) есептік сан есімдердің жекеше, көпше түріне шамалы, шақты, жуық, таман, тарта, жақын деген сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы: қырық шамалы,отыз шақты.
В) есептік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: қырық – отыз, үш – төрт, жүз – жүздеген.
Тапсырма. Төмендегі сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңыздар.
10, 17, 50, 6, 8, 60, 70, 1970, 18, 29, 31, 100, 12000.
Үлгі: ондаған, он шақты.
11 жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді оқып, болжалдық сан есімдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
Бұл жайлаудың ұзын тұрқы жүз елу километрдей, көлденеңі 100 километрдей. Ерте кезде бұл жайлауға жазда жүздеген ауылдар келіп қонатын. Ол жылдары әкем қырық тоғыздарда, шешем қырық шамасында еді. Қалаға келетін компьютердің саны үш жүздей, оларды сатып алуға ақша керек.
12 жаттығу. Болжалдық сан есімдерді қолданып, сөз тіркестерін құраңыздар.
Адам, компьютер, қалам, қала, үйлер, гектар, жас, койма.
13 жаттығу. Төмендегі мәтінді оқып аударыңыздар.
Біздің шаруашылық.
Біздің шаруашылықта мал көп. Онда оң мыңдай қой, 2000 шамалы жылқы, бес жүздей сиыр бар. Шаруашылықта ондаған трактор, жиырма шақты машина, он шақты комбайн бар. Шаруашылық биыл мемлекетке 2000 центнердей жүн сатты. Шаруашылық адамдары еңбеккүнді көп алады. Олар жақсы тұрады.
Тапсырма: 1. мәтіннен болжалдық сан есімдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіздер. 2. мәтінге сұрақ құрастырып, мазмұнын айтыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет