Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі



бет9/13
Дата12.05.2023
өлшемі128,19 Kb.
#92401
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КЖ проблема (копия)

Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі бойынша оқушыларға қазақ тілінің ережелері негізгі заңдылықтарын жаттанды емес, сапалы түсіндіру көзделеді. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушыларға сапалы білім беріп, олардың өтілген материалдарды саналы ұғынуына мүмкіндік береді. Оқушылардың тілдік материалдарды саналы түсінуіне оның сабақбарысындағы зейініне тікелей байланысты. Мұғалім сабақты қызықты өтіп, бала зейінін өзіне аудара алса ғана оқушы білімді толық игереді. Меңгерілген білімдері мен дағдыларының негізінде оқушылардың өзіне деген сенімі артып, сабаққа белсене араласады. Игерген білімдерін пактикада дұрыс қолданады. Осының негізінде оқушылардың білімді саналы меңгеруі мен белсенділігі арасында тікелей байланыс туады.

Демек қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмалары оқушылардың тілдік материалдарды саналы түсінуіне және олардың сабаққа белсене қатысуына оң ықпал етеді.

  1. Жеңілден ауырға, оңайдан қиынға қарай принципі мұғалім оқыту барысында әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне, материалдарды игеру қабілеттеріне, ойлау қабілеттерінің даму деңгейіне назар аударуы керек. сыныптағы барлық оқушылардың жасы шамалас болғанымен, олардың мінез-құлықтары, жалпы психикалық қабілеттерінің дәрежелері бірдей болмайды. Мұғалім соны ескерек отырып, оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, білімі төмен балаларға жеңіл тапсырмалар беріп, кейінірек оны қиындату арқылы деңгейлерін көтеруі керек. мұндағы мақсат – баланың шамасына қарай таным белсенділігіне ықпал жасау, оқушының жалпы дамуын тездетуге әсер ету.

  2. Оқытудың қатысымдық принципі бойынша мектеп оқушыларының игерген білімдері практикалық өмірде тілдік қарым-қатынаста орынды қолдануды үйрету көзделеді. Мұғалім бұл ұстаным бойынша оқушыда, біріншіден, басқа буреудің айтқан сөзін тыңдап, дұрыс ұғу, екіншіден, өз ойын бүкпесіз, жасқанбай, анық, әрі дәл жеткізе білу, үшіншіден, оқулықтағы материалдар мен көркем әдебиеттерді оқып, түсіну, төртіншіден, өзінің ой-пікірін толық жазып жеткізу, юесіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу әдебін сақтау қалыптастыруы қажет. Сөйлесім әрекетінің жоғарыда айтлған бес түрі өзара сабақтаса байланысып жатыр. Осы ұстаным арқылы оқушылардың тіл мәдениеті жетіліп, жеке тұлғалық қабілеттері дамиды.себебі оқушыны ана тілін жетік білуге, тіл мәдениетінің жоғары болуына дағдыландыру – ертеңгі ұрпақты ұлттық сана-сезімде тәрбиелеп шығарудың негізгі құрамдас бөлігі.

Жоғарыда қарастырылған дидактикалық принциптер мектепте қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың педагогикалық негіздері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет