Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар) Электрондық тақта



жүктеу 334.53 Kb.

бет1/2
Дата15.03.2017
өлшемі334.53 Kb.
  1   2

Пайдалану нұсқаулығы

(Негізгі функциялар)

Электрондық тақта

(elite Panaboard)

Үлгі №

UB-T780BP

Түпқойма бөлек сатып алынады.

UB-T780BP



Орнату нұсқаулығы бірге беріледі (техникалық қызмет көрсететін білікті мамандарға арналған)

Осы құрылғыны құрастыру үшін, мына беттегі орнату нұсқаулығын қараңыз: 29-48.



Осы құрылғыны қолдану алдында осы нұсқаулықты толық оқып шығып, оны болашақта анықтама 

ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Бұл құрылғыны білікті техникалық маман құрастыруы керек. 



Орнату жұмыстарын білікті емес тұлғалардың орындауы құрылғыны пайдалану қауіпсіздігіне 

байланысты ақаулықтарға себеп болуы мүмкін.



Мəліметтер орталығы Panasonic:

Мəскеуден қоңырау шалу үшін: +7 (495) 725-05-65. Ресей бойынша тегін қоңырау үшін: 8-800-200-21-00.



Кіріспе

2

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Кіріспе

Кіріспе

Panasonic электрондық тақтасын сатып алғыныңыз үшін алғыс білдіреміз!



Тиімді жұмысын қамтамасыз ету жəне қауіпсіздікті сақтау үшін осы нұсқаулықты мұқият 

оқыңыз.

Функцияларының сипаттамасы

Қуат elite Panaboard тақтасына компьютерге қосылған USB кабелі арқылы келеді. elite Panaboard 

тақтасын айнымалы ток розеткасына қосудың қажеті жоқ. Суретті компьютер экранынан elite 

Panaboard тақтасына проектор көмегімен проекциялау арқылы мына əрекеттерді орындауға болады.



Электрондық қаламның функциялары

Электрондық қаламды тінтуір ретінде қолданып, компьютердің экранындағы объектілермен түрлі 



əрекеттер жасаңыз.

Электрондық қаламмен сурет салыңыз жəне сызықтарды өшіріңіз.



Электрондық қаламмен компьютердің экранындағы бейнелерді сақтаңыз.



elite Panaboard book

elite Panaboard тақтасына мəтін енгізетін, сурет салатын жəне компьютердің функцияларын 

орындайтын elite Panaboard book бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. Бұл бағдарламалық құрал 

компьютердің экранындағы бейнелерді сақтайды жəне оны ары қарай пайдалану үшін сақтайды.



USB шинасының қуатын басқару

Қуат elite Panaboard тақтасына компьютерге қосылған USB кабелі арқылы берілетіндіктен, elite 

Panaboard тақтасын айнымалы ток розеткасына қосудың қажеті жоқ.

Пайдалану көздері

Үйрену үшін

Нəтижелі оқыту ортасын жасаңыз, əртүрлі ағартушы бағдарламалық құралдар арқылы elite 



Panaboard тақтасын үйлесімді пайдалануға болатынын көрсетіңіз, электрондық қаламмен сурет 

салыңыз, сызып көрсетіңіз.

Түсіндіруді бірнеше ғана құралдар қолданып (мысалы, иллюстрациялау немесе таңбалау 



құралдары) студенттерді өзгеретін бейне арқылы қызықтыруға болады.

Экранды бүркеу функциясын қолдана отырып, сұрақ қойып жəне оның жауабын бүркеу арқылы 



ізділікпен бірінен кейін бірін экраннан көрсете отырып ынталандырыңыз.

Оқытушы сабаққа дайындаған материалдарын elite Panaboard тақтасынан бейне көрсету үшін 



алдын ала дайындауына болады.

Кəсіп үшін

Сіздің өніміңізді көрнекі түрде сипаттау, сонымен қатар бейне көрсете отырып электрондық қалам 



арқылы маңызды орындарын белгілеу арқылы əсерлі презентация ұйымдастыруға мүмкіндік 

береді.


Конферениялық байланыстың теледидар жабдығы арқылы elite Panaboard тақтасынан 

компанияңыздың шынайы уақыттағы күйін бейне (электрондық қаламды қолдана отырып) 

арқылы көрсетіңіз.



Кіріспе

3

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



4

Не нəрсеге назар аудару қажет

Пайдалану нұсқаулығы туралы

elite Panaboard тақтасымен бірге 2 пайдалану нұсқаулығы жеткізіледі.



Қысқартулар

Windows


®

 — Microsoft

®

 Windows


®

 амалдық жүйесін білдіреді.

Windows

®

2000 — Microsoft



®

 Windows


®

2000 амалдық жүйесін білдіреді.

Windows

®

XP — Microsoft



®

 Windows


®

 XP амалдық жүйесін білдіреді.

Windows Vista

®

 — Microsoft



®

 Windows Vista

®

 амалдық жүйесін білдіреді.



Windows

®

7 — Microsoft



®

 Windows


®

7 амалдық жүйесін білдіреді.

DirectX

®

 — Microsoft



®

 DirectX


®

 бағдарламалық пайдаланушы интерфейсін білдіреді.



Тауар таңбалары

Microsoft, Windows, Windows Vista жəне DirectX — Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-тағы 



жəне басқа елдердегі сауда белгілері немесе сауда белгілері.

IBM жəне AT — International Business Machines корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі 



сауда белгілері.

Intel жəне Pentium — Intel корпорациясының АҚШ жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда 



белгілері немесе сауда белгілері.

Келешекте анықтама үшін

Сатып алынған күні

Сериялық нөмірі

Делдал компанияның атауы

Делдал компанияның мекенжайы

Делдал компанияның телефон 

нөмірі

Негізгі функциялары 

(осы құжат)

elite Panaboard тақтасын іске қосу жəне пайдалану нұсқаулығы, 

орнату нұсқаулығы.

Бағдарламалық құрал 

(электрондық құжаттар)

Жеткізілетін elite Panaboard software жəне elite Panaboard book 

бағдарламаларын пайдалану нұсқаулары. «Пайдалану 

нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» берілген ықшам дискіде. 

«Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» құжатын elite 

Panaboard Software бағдарламасын орнатқан соң қарауға 

болады. Нұсқаулықты қарап шығу туралы толық мəліметті 

«Электрондық құжаттаманы қарау» бөлімінен қараңыз (бет 22).



Тауар чегінің орны

Кіріспе

4

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Adobe жəне Reader — Adobe Systems Incorporated компаниясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі 

сауда белгілері немесе сауда белгілері.

Осы нұсқаулықта берілген басқа да сауда белгілері өз иелеріне тиесілі сауда белгілер болып 



табылады.

Федералдық байланыс комиссиясының талаптары

Тек АҚШ үшін

Ескертпе

Бұл жабдық тексерілген жəне Федералдық байланыс комиссиясының 15 бөліміне сəйкес сандық 

құрылымының А класты шектеуі қолданған. Бұл шектеу жабдықты кеңсе бөлмесінде қолдану 

кезіндегі кедергі көзінен сақтау үшін орнатылған. Бұл жабдық радиотолқындарды тудырады жəне 

орнату немесе қолдану əрекеті көрсетілген нұсқаулыққа сəйкес келмеген жағдайда 

радиобайланыстың кедергі көзі болуы мүмкін. Бұл жабдық тұрғын жайда қолданылған жағдайда 

кедергі көзін тудыруы мүмкін, бұл жағдайда тұтынушы кедергі көздерін өз бетінше жою керек.

Деректерді сақтау туралы ескерту

Федералдық байланыс комиссиясының ескертулері

Федералдық байланыс комиссиясының стандартына сəйкес жабдықтың қызмет мерзімін 

ұзарту үшін, тек қосымша берілген желілік кабельмен қолданыңыз. Осы құрылғыны кез келген 

рұқсатсыз өзгерту əрекеті пайдаланушының осы құрылғыны қолдану құқығын жояды.

Егер жүйелі сақтау құрылғысы немесе кез келген қосымша сақтау құрылғысы басқару қателігінің 

қолайсыздығына ұшырайтын болса, электр статикалық, электрлі кедергілер, дірілдер, шаңдар 

немесе егер электр қорегі ақаулықтың, жөндеу жүргізудің немесе байқаусыздықтың салдарынан 

токтан ажыратылған жағдайда жадтағы деректер жоғалуы немесе өзгеруі мүмкін. Жүйені іске 

қосар алдында міндетті түрде пайдалану нұсқаулығын жəне анықтамалық ақпараттарда 

көрсетілген ескертулерді мұқият оқыңыз жəне қолдану кезінде сақ болыңыз.



Келесі ескертулерді мұқият оқыңыз:

Маңызды деректердің сақталған көшірмелерін жасағаныңызға немесе түпнұсқалары 



сақталғанына əбден сенімді болыңыз.

Осы арқылы өндіруші дискеталарда, қатты дискілерде, оптикалық дискілерде немесе басқа да 

сақтау құрылғыларында сақталған, кез келген деректердің жоғалуына немесе өзгеруіне жауапты 

емесін мəлімдейді.



Кіріспе

5

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



4

Жүйеге қойылатын талаптар

Ескертпе

Жүйелік талаптар туралы қосымша ақпарат пайдалану нұсқаулығында берілген (бағдарламалық 



құрал үшін).

Жауапкершіліктен бас тарту

Panasonic System Networks Co., Ltd. компаниясы төмендегі əрекеттермен болған апатты жағдайлар 

немесе жарақаттар үшін жауапты болмайды:

1. Құрылғының модификациясы немесе қондырғының дұрыс құрастырылмауы салдарынан.

2. Құрылғы басқа мақсаттарға қолданылған.

3. Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, тасыған толқын, дауыл, найзағай немесе басқа да табиғи 

құбылыстарына байланысты.



4. Ғимараттың табиғи ескіруіне немесе құлауына байланысты.

ГФР тұтынушылары үшін (тек Германия үшін)

Компьютер

IBM


®

 PC/AT


®

 немесе ықшам дискілерді оқитын құрылғымен үйлесімді



Процессор

Intel


®

 Pentium


®

 4 процессоры немесе одан кейінгі нұсқалары



Интерфейс

USB 2.0


Ескертпе

3.GPSGV аппаратының шуыл деңгейі туралы нұсқау — 3.GPSGV, дыбыс қысымының ең 

жоғарғы деңгейі — 70 дБ (А) немесе одан аз (EN ISO 7779 стандартына сəйкес).

Бұл құрылғы көзді шағылыстыратын құрылғы орналасқан жұмыс орындарында пайдалануға 

арналмаған. Жұмыс орнындағы көзді шағылыстыратын құрылғылардан болатын қажетсіз 

шағылысуды болдырмау үшін, осы құрылғыны көру аймағына тікелей орналастыруға болмайды.



Мазмұны

6

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Мазмұны

Мазмұны

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ..................................................................... 7

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ...............................................................................................7

Сақтық шаралар ............................................................................................................10

Пайдалану ............................................................................................. 11

Бірге берілетін құралдар ............................................................................................. 11

Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысы ..............................................................12

Сыртқы құрылғыларды жалғау ..................................................................................15

elite Panaboard software бағдарламасын орнату .....................................................17

Проекторды орнату ......................................................................................................18

Жүйені реттеу (мөлшерлеу) .........................................................................................20

elite Panaboard software бағдарламасын іске қосу жəне мөлшерлеуді 

орындау ..........................................................................................................................20

elite Panaboard software бағдарламасын жою ..........................................................22

Электрондық құжаттаманы қарау ..............................................................................22

Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алу ........................................22

Қосымша ................................................................................................ 23

Күнделікті күтім .............................................................................................................23

Тақтаны тазалау elite Panaboard .................................................................................23

Электрондық қаламның батареясын ауыстыру .........................................................23

Электрондық қаламның ұшын ауыстыру ....................................................................24



Ақаулықтарды жою .......................................................................................................25

Техникалық сипаттамалары ........................................................................................27

Шығыс материалдары жəне қосымша жабдықтар .....................................................28



Орнату нұсқаулығы ............................................................................. 29

Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет 

көрсетуші маманға арналған) ......................................................................................29

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін .............................................................................................29

Ескертпе ........................................................................................................................29



Бірге берілетін құралдар .............................................................................................31

Қабырғаға орнату ..........................................................................................................32

Қабырғаны тексеру .......................................................................................................32

Қабырғалық бекіту пластиналарын орнату ................................................................33

Қабырға түрлері жəне орнату процедуралары ..........................................................34



Тіректі құрастыру (бөлек сатып алынады) ..............................................................36

Жеткізілетін бөлшектері ...............................................................................................36

Құрастыру нұсқаулары .................................................................................................37

Құрастыру нұсқаулары ................................................................................................40

elite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындық .........................................40

elite Panaboard тақтасын құрастыру ............................................................................41

elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру .......................................................47

Интерактивті мүмкіндіктерді тексеру ..........................................................................47



Қорабына қайта салу ....................................................................................................48

7

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін



Сіздің қауіпсіздігіңіз 

үшін

Ауыр жарақат алу немесе өлім жағдайының орын 

алуына жол бермеу үшін, сондай-ақ құрылғыны 

дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану мақсатында осы 

бөлімде берілген нұсқауларды құрылғыны іске 

қосар алдында мұқият оқып шығыңыз.

Пайдалану нұсқаулығында төмендегі графикалық 



белгілер пайдаланылады.

Пайдаланушылар үшін

Электр қуаты

Ауыр жарақатқа 

немесе өлімге 

апаратын 

ықтимал қауіпті 

білдіреді.

Жеңіл жарақатқа 

немесе 


жабдықтың 

зақымдануына 

апаратын қауіпті 

білдіреді.

Бұл белгілер операторға 

белгілі бір əрекетті 

орындауға болмайтыны 

туралы хабар береді.

Бұл графикалық белгі 

құрылғыны қауіпсіз 

пайдалану үшін 

операторға көрсетілген 

əрекетке назар аудару 

керек екенін ескертеді.



АБАЙЛАҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

USB кабелін USB портына берік етіп 

жалғаңыз. Бұл талаптың орындалмауы 

өртке немесе электр тоғы соғуына 

апаруы мүмкін.

USB кабелін тартпаңыз жəне бүкпеңіз, 

оның үстіне басқа заттарды қоймаңыз 

жəне қажалып кетпеуін қадағалаңыз. 

USB кабелі зақымданса, өрт шығуы 

немесе ток соғуы мүмкін.

USB кабелін өз бетіңізбен жөндеуге 

əрекет жасамаңыз. USB кабелі 

зақымданған болса немесе қажалып 

кетсе, уəкілетті қызмет орталығына 

хабарласып алмастырып алыңыз.

USB кабелін ешбір жағдайда дымқыл 

қолмен ұстамаңыз. Электр тоғы соғу 

қаупі бар.

Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен 

дыбыстар, иіс пайда болса, құрылғыны 

қолдануды тоқтатыңыз. Бұндай 

жағдайда өрт пайда болуы немесе 

электр тоғы соғуы мүмкін. USB кабелін 

бірден ажыратып, қызмет көрсетілу 

үшін дилерге хабарласыңыз.

Құрылғыны ажыратқанда, USB 

кабелінен емес, штепсельдік ұштан 

ұстап тартыңыз. USB кабелін қатты 

тартса, ол зақымдануы мүмкін. Осының 

нəтижесінде өрт шығуы немесе электр 

тоғы соғуы мүмкін.

Найзағай кезінде құрылғыға жəне USB 

кабеліне қолыңызды тигізбеңіз. Электр 

тоғы соғуы мүмкін.



АБАЙЛАҢЫЗ

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

8

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Орнату жəне орынды ауыстыру

Қолдану кезіндегі сақтық шаралар

Батарея

Бұл құрылғыны орнату, оның орнын 

ауыстыру жəне оны тастау 

жұмыстарын тек білікті техникалық 

қызмет көрсету маманы орындауы тиіс.

Құрылғы бұдан былай 

қолданылмайтын болса, құлап 

қалмауы үшін, орнатулы қалдырмаңыз 

(құрылғыны шешіңіз). Құлаған 

жағдайда, құрылғы жарақаттауы 

мүмкін.

Құрылғының ішіне темір бөлшектер 



түссе немесе су тиген болса, 

құрылғыны розеткадан дереу 

ажыратыңыз. Дилерге хабарласып 

техникалық тексеруден өткізіңіз. 

Кірленген құрылғыны пайдалану өрттің 

пайда болуына немесе электр тоғының 

соғуына апаруы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығында арнайы 

түрде нұсқаулар берілмесе, 

құрылғының бұрандалармен бекітілген 

қақпақтарын ешбір жағдайда ашпаңыз.

Құрылғыны жəне оның бөліктерін 

өзгертпеңіз. Өзгерістер жəне 

модификациялар өрттің пайда 

болуына немесе электр тоғының 

соғуына апаруы мүмкін.



ТҰНШЫҒУ ҚАУПІ

Балалар жұтып қоймауы үшін, 

электрондық қаламды жəне батареяны 

қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.

Тек белгіленген түрдегі батареяны 

пайдаланыңыз. Батареяның басқа түрі 

қызып кетуі/тұтануы немесе оның 

аккумуляторлық қышқылы ағып кетуі 

мүмкін.

Батареяларды тек бөлімінде 



көрсетілген полюстерге сəйкес 

салыңыз. Қате салынған батарея 

жарылып немесе ағып, жарақаттауы 

мүмкін.


Қажалған немесе зақымданған 

батареяларды қолдануға болмайды. 

Пайдаланылған немесе зақымданған 

батареялар ағуы мүмкін.

Батареяларды зарядтамаңыз, 

тұйықтамаңыз, қыздырмаңыз, 

сындырмаңыз жəне отқа тастамаңыз. 

Батареялар ағуы, қызуы, жарылуы 

мүмкін.

Батареяны тастағанда, түйіспелерін 



оқшаулаңыз (мысалы, оқшаулау 

таспасымен). Басқа батареяларға 

тигенде батареялар ағуы, тұтануы 

немесе жарылуы мүмкін.

Батареяны дəнекерлемеңіз, себебі ол 

ағуы, қызуы немесе жарылуы мүмкін.



9

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Электр қуаты

Орнату жəне орынды ауыстыру

Құрылғы ұзақ уақыт бойы 

пайдаланылмайтын болса, USB кабелін 

ажыратып қойыңыз.

Пайдаланылмайтын құрылғы электр 

желісіне ұзақ жалғанып тұрса, 

оқшаулаудың нашарлауы электр 

тоғының соғуына, токтың қашуына 

немесе өрттің пайда болуына апаруы 

мүмкін.


Құрылғыны тек жинақпен бірге 

берілетін USB кабелімен пайдалану 

керек.

Құрылғыны тұрақсыз жерге 



орнатпаңыз.

Құрылғыны кірленген, температурасы 

жəне ылғалдылығы жоғары жерлерде 

орнатпаңыз.

Құрылғының осындай қолайсыз 

жерлерде ұзақ орналасуы өрттің пайда 

болуына немесе электр тоғының 

соғуына апаруы мүмкін.

Өрт немесе электр тоғының соғу 

жағдайларын болдырмау үшін, 

құрылғыға жаңбыр тамшыларының 

немесе басқа сұйықтықтың тиюіне жол 

бермеңіз.

ЕСКЕРТУ

Құрылғының орнын ауыстырғанда, 

міндетті түрде USB кабелін 

компьютерден ажыратыңыз. USB 

кабелі жалғанып тұрған құрылғыны 

жылжытса, кабель зақымданып, соның 

нəтижесінде өрт шығуы немесе ток 

соғуы мүмкін.

Құрылғыны екеулеп тасымалдаған 

дұрыс. Бұл талапты қадағаламаса, 

құрылғы құлауы немесе жарақаттауы 

мүмкін.


Құрылғыны орнатып немесе 

тасымалдап болғаннан кейін, 

роликтерді бекітіп, жиналатын 

тұрақтылық аяқтарын жайыңыз.

Роликтерді құрсаулау

(Осы жаққа қарай 

басыңыз)

Бекіту үшін басыңыз.



Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

10

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)



Қолдану кезіндегі сақтық шаралар

Батарея

Сақтық шаралар

Батареяны қолдану туралы ақпарат

Дұрыс қолданылмаған жағдайда, батарея ағуы 

(бұл құрылғының коррозиясына апарады) немесе 

жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан, төменде 

берілген сақтық шараларын əрдайым қадағалаңыз.

Электрондық қалам батареяның заряды 



таусылғандықтан жұмыс істемей қалса, 

батареяны дереу шығарып, жергілікті заңды 

ережелерге сəйкес тастаңыз. Заряды таусылған 

батарея электрондық қаламның ішінде қалса, 

ағып кетуі мүмкін.



  1   2


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал