Пайдаланушы нұсқаулығы



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата12.03.2017
өлшемі7,11 Mb.
#9030
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

3.
Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4.
Үнемдеу режимі параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.
Auto-Off (автоматты өшіру) режимі
Auto-Off (автоматты өшіру) режимі бұл өнімнің электр қуатын үнемдейтін мүмкіндігі болып табылады.
Пайдаланушы көрсеткен уақыттан кейін өнім қуат пайдалануын автоматты түрде азайтады (Auto-Off
(автоматты өшіру)). Түйме басылғанда немесе басып шығару тапсырмасы алынғанда, өнім дайын
күйіне оралады.
Auto-Off (автоматты өшіру) режимінің кідіріс уақытын өзгерту
Өнім Auto-Off (автоматты өшіру) режиміне кірмес бұрын, оның күту режимінде (Auto-Off кідірісі)
болатын уақыт өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Автоматты түрде өшіру режимі қосылатын әдепкі мерзім — 15 минут.
1.
Стандартты параметрлерді өзгерту үшін принтер драйверін пайдаланыңыз. Пайдаланып отырған
амалдық жүйеге қарай лайықты процедураны орындаңыз.
Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008 (стандартты «Бастау» мәзірінің
көрінісін пайдалану)
а.
Бастау түймесін басып, Принтерлер және факстар параметрін таңдаңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008 («Классикалық Бастау» мәзірінің
көрінісін пайдалану):
а.
Бастау түймесін басып, Параметрлер опциясын таңдаңыз, содан кейін Принтерлер түймесін
басыңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
KKWW
Үнемдеу параметрлері 165

Windows Vista
а.
Бастау түймесін, сосын Басқару тақтасы түймесін басып, Аппараттық құрал және дыбыс
параметріне арналған санаттан Принтер түймесін басыңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Mac OS X 10.4
а.
Apple   мәзіріндегі Жүйе ерекшеліктері мәзірін басып, Баспа және факс белгішесін
таңдаңыз.
ә.
Принтерді теңшеу түймешігін басыңыз.
Mac OS X 10.5 және 10.6
а.
Apple   мәзіріндегі Жүйе ерекшеліктері мәзірін басып, Баспа және факс белгішесін
таңдаңыз.
ә.
Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
б.
Опциялар мен жабдықтар түймешігін басыңыз.
в.
Драйвер жиекбелгісін басыңыз.
2.
Auto-Off (автоматты өшіру) кідірісін Auto-Off ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Басып шығару тапсырмасы өнімге жіберілмейінше, өзгертілген параметр күшіне енбейді.
166 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

Жабдықтар мен аксессуарларды басқару
Баспа картриджін дұрыс пайдалану, сақтау және бақылау жоғары сапамен басып шығарылуына
көмектеседі.
Картридждің пайдалану мерзімі аяқталғанда басып шығару
Картридждің пайдалану мерзімі аяқталғанда, өнімнің басқару тақтасында тонер   шамы жанады.
Баспа сапасы жарамсыз болмағанша жабдықты ауыстырудың қажеті жоқ. Жабдық осындай күйге
жеткенде оған арналған HP бастапқы қорғау кепілдігі аяқталады.
Баспа картридждерін басқару
Басып шығару картриджін сақтау
Сіз басып шығару картриджін пайдалануға дайын болғанша оны орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Басып шығару картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін, оның жарық жерде қалу
ұзақтығы бірнеше минуттан аспауы тиіс.
HP -емес баспа картридждеріне қатысты HP саясаты
HP компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған баспа картридждерін пайдалануды
ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ:
HP -емес баспа картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір зақымдану
HP кепілдік және қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін НР жедел байланыс желісі және Web-сайты
Егер сіз HP басып шығару картриджін орнатсаңыз, және басқару панелінің хабары картридждің НР
еместігін көрсетсе, алдау оқиғасы жөнінде НР жедел байланыс желісі арқылы хабарлаңыз
(1-877-219-3183, Солтүстік Америкада тегін) немесе 
www.hp.com/go/anticounterfeit
 сайтын
пайдаланыңыз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі және
проблеманы шешу үшін шаралар қолданады.
Егер сіз төмендегілерді байқап қалсаңыз, сіздің басып шығару картриджіңіз шынайы HP басып шығару
картриджі болмауы мүмкін:

Басып шығару картриджін пайдаланғанда проблемалар көп кездеседі.

Картридждің түрі әдеттегіден өзгеше (мысалы, жұлып алынатын қызғылт сары ілмегі жоқ немесе
орауышы HP орауышынан өзгеше).
Жабдықтарды қайта пайдалану
Шынайы HP баспа картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж келген
қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу үшін ашылған
қайтару белгісін пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін әр жаңа НР жабдығымен жеткізілетін қайта
өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
KKWW
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 167

Ауыстыру нұсқаулары
Тонерді қайта үлестіру
Баспа картриджінде тонердің аз көлемі қалғанда, басып шығарылған бетте бұлыңғыр немесе ақшыл
аумақтар болуы мүмкін. Тонерді қайта тарату арқылы баспа сапасын уақытша жақсартуға болады.
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа картриджінің қақпағын ашыңыз.
2.
Баспа картриджын алып тастаңыз
168 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

3.
Тонерді қайта жаймалап шығу үшін баспа картриджін ақырындап алға-артқа шайқатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Егер тонер киіміңізге тисе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық суға
шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады.
4.
Баспа картриджін орнатыңыз.
5.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу құрылғысын жабыңыз.
KKWW
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 169

Егер баспа ақшыл болса, жаңа баспа картриджін салыңыз.
Баспа картриджін ауыстыру
Баспа картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындағанда, тонерді тарату ақылға қонымды баспа
сапасын әлсіреткенше, ағымдағы картриджбен басып шығаруды жалғастыруға болады.
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа
картриджінің қақпағын ашыңыз.
 
2.
Ескі баспа картриджін шығарып алыңыз.
 
170 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

3.
Жаңа баспа картриджін орауышынан алыңыз.
Пайдаланылған баспа картриджін сөмкесі мен
қорабына қайта пайдалану үшін салыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Баспа картриджін зақымдап алмау
үшін баспа картриджін ұштарынан ұстаңыз.
Картридждің сырғытпасына немесе роликтің
бетіне тиіспеңіз.
 
4.
Баспа картриджінің екі жағына ұстап,
картридждің ішіндегі тонерді біркелкі тарату
үшін баспа картриджін ақырын сілкіңіз.
 
5.
Құлағы сынғанша, картридждің сол
жағындағы құлақты иіңіз, содан кейін таспа
картриджден толығымен алынғанша құлақты
тартыңыз. Қайта пайдалануға қайтару үшін
баспа картриджінің қорабындағы құлағы мен
таспасын салыңыз.
 
KKWW
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 171

6.
Баспа картриджін орнатыңыз.
 
7.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу
құрылғысын жабыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Егер тонер киіміңізге тисе, оны
құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық
суға шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға
жабыстырады.
 
172 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

Желімді білікті ауыстыру
Күнделікті қолдану кезінде тартушы ролик ескіреді. Төмен сападағы қағазды қолдану тартушы
роликтің тезірек ескіруіне себеп болуы мүмкін. Өнім әрдайым қағаз бетін тартпаған жағдайда, тартушы
роликті алмастыруыңыз қажет болуы мүмкін.
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа картриджінің қақпағын ашыңыз.
2.
Баспа картриджын алып тастаңыз
ЕСКЕРТУ:
Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны тікелей жарық әсеріне ұшырауын барынша
азайту қажет. Баспа картриджін бір парақ қағазбен жауып қойыңыз.
KKWW
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 173

3.
Тартушы роликті тауып алыңыз.
4.
Тартушы роликтің әр ұшындағы кішкентай, ақ құлақшаны босатып, тартушы роликті алдыға
қарай бұраңыз.
174 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

5.
Тартушы роликті ақырындап тартып, шығарып алыңыз.
6.
Жаңа тартушы роликті ойыққа орнатыңыз. Әр ұшындағы дөңгелек және төртбұрышты ойықтар
Сізге қате орналастыру мүмкіндігін бермейді.
KKWW
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 175

7.
Жаңа тартушы роликті екі жағы да орнына қонғанша өзіңізден әрі қарай бұраңыз.
8.
Баспа картриджін орнатыңыз.
9.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу құрылғысын жабыңыз.
176 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

Бөлектейтін жастықшаны ауыстыру
Күнделікті қолдану кезінде бөлу құрылғысы ескіреді. Төмен сападағы қағазды қолдану бөлу
құрылғысының тезірек ескіруіне әкелуі мүмкін. Өнім қағаздың бірнеше бетін бірден үнемі тартып
алатын болса, бөлу құрылғысын тазарту немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Бөлу құрылғысын ауыстырмас бұрын, тартушы роликті тазалаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Бөлектейтін жастықшаны ауыстырмас бұрын, өнімді өшіріп, электр шнурын
розеткадан ажыратыңыз, сосын өнімнің салқындауын күтіңіз.
1.
Электр шнурын өнімнен ажыратыңыз.
2.
Қағазды шығарып, кіріс науасын жабыңыз. Өнімді бүйіріне қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
сканерлеу құрылғысы өнім бүйірімен тұрған кезде ашылады.
3.
Өнімнің төменгі жағындағы бөлектейтін жастықшаны ұстап тұратын екі бұранданы босатып
алыңыз.
KKWW
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 177

4.
Бөлуші құрылғыны шешіп алу.
5.
Жаң бөлуші құрылғыны орнатып, орнына бұрап бекітіңіз.
6.
Өнімді тігінен қойып, электр сымын қайтадан жалғаңыз да, өнімді қосыңыз.
178 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

Өнімді тазалау
тартушы роликті тазалаңыз
Тартушы роликті ауыстырмас бұрын тазалағыңыз келсе, келесі нұсқаулықтарды орындаңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
тартушы роликті тазаламас бұрын, өнімді өшіріп, электр сымын қабырғадағы
электр көзінен ажыратыңыз да, өнімнің салқындауын күтіңіз.
1.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа картриджінің қақпағын ашыңыз.
2.
Баспа картриджын алып тастаңыз
ЕСКЕРТУ:
Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны тікелей жарық әсеріне ұшырауын барынша
азайту қажет. Баспа картриджін бір парақ қағазбен жауып қойыңыз.
KKWW
Өнімді тазалау 179

3.
Тартушы роликті тауып алыңыз.
4.
Тартушы роликтің әр ұшындағы кішкентай, ақ құлақшаны босатып, тартушы роликті алдыға
қарай бұраңыз.
180 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

5.
Тартушы роликті ақырындап тартып, шығарып алыңыз.
6.
Тегіс матаны изопропил алкогольді затына малып, роликті сүртіңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Алкоголь тез тұтанады. Алкоголь мен шүберекті ашық жалыннан алыс
ұстаңыз. Өнімді жауып, электр шнурын жалғамас бұрын, алкогольді толық кептіріп алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Калифорнияның белгілі бір аумақтарында ауаның ластануын бақылайтын ережелер
изопропилді алкоголь сұйықтығын тазалайтын құрал ретінде пайдалануды шектейді.
Калифорнияның сол аумақтарында бұрынғы ұсыныстарды елемей, құрғақ, суланған мақтасы
жоқ шүберекті желімді білікті тазалау үшін пайдаланыңыз.
7.
Тартушы роликтегі еріген кірді кетіру үшін кұрғақ, тегіс матамен сүртіңіз.
KKWW
Өнімді тазалау 181

8.
Желімді білікті өнімге орнатпас бұрын, желімді білікті кептіріп алыңыз.
9.
Электр шнурын қайта жалғаңыз.
182 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

Бөлу құрылғысын тазалау
Күнделікті қолдану кезінде бөлу құрылғысы ескіреді. Төмен сападағы қағазды қолдану бөлу
құрылғысының тезірек ескіруіне әкелуі мүмкін. Өнім қағаздың бірнеше бетін бірден үнемі тартып
алатын болса, бөлу құрылғысын тазарту немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Бөлу құрылғысын ауыстырмас бұрын, өнімді өшіріп, электр сымын қабырғадағы
электр көзінен ажыратыңыз және өнімнің салқындауын күтіңіз.
1.
Электр шнурын өнімнен ажыратыңыз.
2.
Қағазды шығарып, кіріс науасын жабыңыз. Өнімді бүйіріне қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
сканерлеу құрылғысы өнім бүйірімен тұрған кезде ашылады.
3.
Өнімнің төменгі жағындағы бөлектейтін жастықшаны ұстап тұратын екі бұранданы босатып
алыңыз.
KKWW
Өнімді тазалау 183

4.
Бөлуші құрылғыны шешіп алу.
5.
Мамықсыз шүберекті изопропил спиртіне малып, бөлу құрылғысын қырыңыз. Кірді сүрту үшін
құрғақ, мамықсыз шүберекті пайдаланып, бөлу құрылғысының құрғауын күтіңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Алкоголь тез тұтанады. Алкоголь мен шүберекті ашық жалыннан алыс
ұстаңыз. Өнімді жауып, электр шнурын жалғамас бұрын, алкогольді толық кептіріп алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Калифорнияның белгілі бір аумақтарында ауаның ластануын бақылайтын ережелер
изопропилді алкоголь сұйықтығын тазалайтын құрал ретінде пайдалануды шектейді.
Калифорнияның сол аумақтарында бұрынғы ұсыныстарды елемей, құрғақ, суланған мақтасы
жоқ шүберекті желімді білікті тазалау үшін пайдаланыңыз.
184 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

6.
Тазартылған бөлу құрылғысын орнатып, орнына бұрап бекітіңіз.
7.
Өнімді тігінен қойып, электр сымын қайтадан жалғаңыз да, өнімді қосыңыз.
KKWW
Өнімді тазалау 185

Қағаз жолын тазалау
Егер басылған беттерде тонер нүктелері немесе дақтары болса, қағаз өтетін жолды тазалаңыз.
Тазалау барысында қағаз өтетін жолдағы шаң мен тонерді кетіру үшін мөлдір үлдір пайдаланылады.
Мөрлі немесе қалың кағаз пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Жақсы нәтиже алу үшін, мөлдір парақты пайдаланыңыз. Ешқандай диапозитивтеріңіз
болмаса, беті тегіс болып келетін көшірмеге арналған қағазды (60 - 163 г/м
2
) пайдалануға болады.
1.
Өнімнің күту режимінде тұрғанына және Дайын   шамының қосылғанын тексеріңіз.
2.
Кіріс науасына баспа құралын салыңыз.
3.
Тазалағыш бетті өңдеу үшін принтер драйверін пайдаланыңыз. Пайдаланып отырған амалдық
жүйеге қарай лайықты процедураны орындаңыз.
Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008 (стандартты «Бастау» мәзірінің
көрінісін пайдалану)
а.
Бастау түймесін басып, Принтерлер және факстар параметрін таңдаңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008 («Классикалық Бастау» мәзірінің
көрінісін пайдалану):
а.
Бастау түймесін басып, Параметрлер опциясын таңдаңыз, содан кейін Принтерлер түймесін
басыңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Windows Vista
а.
Бастау түймесін, сосын Басқару тақтасы түймесін басып, Аппараттық құрал және дыбыс
параметріне арналған санаттан Принтер түймесін басыңыз.
ә.
Драйвер белгішесіне келтіріп, оң жақ батырманы басыңыз және одан кейін Properties
(Таңдаулылар) мәзірін таңдаңыз.
б.
Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
Mac OS X 10.4
186 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

а.
Apple   мәзіріндегі Жүйе ерекшеліктері мәзірін басып, Баспа және факс белгішесін
таңдаңыз.
ә.
Принтерді теңшеу түймешігін басыңыз.
Mac OS X 10.5 және 10.6
а.
Apple   мәзіріндегі Жүйе ерекшеліктері мәзірін басып, Баспа және факс белгішесін
таңдаңыз.
ә.
Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
б.
Опциялар мен жабдықтар түймешігін басыңыз.
в.
Драйвер жиекбелгісін басыңыз.
4.
Бетті тазалау үшін Бетті тазалау аумағында Бастау түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Тазалау үрдісі 2 минуттай уақыт алады. Тазалау үрдісі кезінде бетті тазалау мерзімді
түрде тоқтап тұрады. Тазалау үрдісі аяқталмайынша, өнімді ажыратпаңыз. Өнімді мұқият тазарту
үшін, тазалау үрдісін бірнеше рет қайталауыңыз керек болуы мүмкін.
KKWW
Өнімді тазалау 187

Картридждің айналасын тазалаңыз
Картридждің айналасын жиі тазалаудың қажеті жоқ. Дегенмен, бұл тұсты тазалау басып шығарылған
парақтардың сапасын жақсартуы мүмкін.
1.
Электр шнурын өнімнен ажыратыңыз.
2.
Сканерлеу құрылғысын көтеріп, баспа картриджінің қақпағын ашыңыз.
188 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

3.
Баспа картриджын алып тастаңыз
ЕСКЕРТУ:
Өнімнің ішіндегі қара губкалы беру білігіне тиіспеңіз. Тиіскен жағдайда өнімді
зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны жарыққа қоймаңыз. Оның үстін қағазбен
жауып қойыңыз.
4.
Құрғақ, тегіс матамен қағаз өтетін жолдың тұсы мен картридж қуысындағы қалдықтардың
барлығын сүртіп алыңыз.
KKWW
Өнімді тазалау 189

5.
Баспа картриджін орнатыңыз.
6.
Баспа картриджінің қақпағын және сканерлеу құрылғысын жабыңыз.
190 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

7.
Электр шнурын қайта жалғаңыз.
8.
Өнімдегі тонер қалдықтарын тазалау үшін бірнеше бет басып шығарыңыз.
Сыртын тазалаңыз
Құрылғының сыртындағы шаңды, дақтарды, жағылғандарды сүртіп тастау үшін жұмсақ және мамық
шүберекті пайдаланыңыз.
Сканердің шынысы мен үстелін тазалау
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін.
Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазалау үшін келесі процедураны орындаңыз.
1.
Өнімді өшіру үшін ажыратқышты пайдаланып, одан кейін қорек сымын электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2.
Сканердің қақпағын ашыңыз.
KKWW
Өнімді тазалау 191

3.
Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазартқыш сұйықтыққа батырылған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында тырнаушы затарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
4.
Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5.
Өнімді розеткаға жалғап, өнімді қосу үшін ажыратқышты пайдаланыңыз.
192 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

Өнімді жаңарту
Бұл өнімнің бағдарламалық және аппараттық құралдарын жаңарту және орнату нұсқауларын
www.hp.com/support/ljm1130series
 немесе 
www.hp.com/support/ljm1210series
 сайтынан алуға болады.
Операциялық жүйені таңдап, Жүктеулер мен драйверлер түймесін басыңыз, сосын өнімге арналған
жүктеуді таңдаңыз.
KKWW
Өнімді жаңарту 193

194 11-тарау   Өнімді басқару және күту
KKWW

12 Мәселелерді шешу

Жалпы ақаулықтарды түзету

Зауыттық стандартты параметрлерді қалпына келтіру (тек M1210 сериясында)

Басқару тақтасындағы шам үлгілерін түсіндіру (тек M1130 сериясында)

Басқару тақтасындағы хабарларды түсіндіру (тек M1210 сериясында)

Кептелістерді тазалау

Қағазды қолдануға қатысты мәселелерді шешу

Сурет сапасына қатысты мәселелерді шешу

Өнімділік ақаулықтарын түзету

Жалғауға қатысты мәселелер

Бағдарламалық құралға қатысты мәселелерді шешіңіз.
KKWW
195

Жалпы ақаулықтарды түзету
Егер өнімнен дұрыс жауап келмесе, келесі тексеру тізімдегі қадамдарды орындаңыз. Егер өнім сол
қадамнан өтпесе, келесі ақаулықтарды түзету ұсыныстарын орындаңыз. Егер орындаған қадам
ақаулықты түзетсе, сіз тексеру тізімдегі қалған қадамдарды орындамай тоқтануыңызға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет