Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сенің Раббың осылай деді: «Ол Маған жеңіл және Біз



Pdf көрінісі
бет246/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

«Сенің Раббың осылай деді: «Ол Маған жеңіл және Біз 
оны адамдарға аят-ғибрат әрі Өзімізден бір мейірім етеміз»
деп Аллаһ тағаланың сәлемін жеткізіп, (Жәбірейіл) Мәриямның 


274
 
 
омырауына дем үрледі. Кеуде қуысынан кірген дем жатырға еніп, 
Мәриям бала көтерді. 
Ай-күні жақындаған сайын Мәриям бойындағы баланы 
айналасындағы адамдарға қалай түсіндіруді білмей қатты састы. 
Әбден сарсаңға түскен ол баланы елсіз бір жерге барып босануға 
шешім қабылдады. Сөйтіп, адам көзінен аулаққа жеке шықты. 
Сол кезде толғағы басталып, оның азабы өзін бір қурап қалған 
құрма ағашының діңіне алып келді. Толғатып жатып, оның ойы 
сан-саққа жүгірді. Мәселе ар-ождан, намыс, абыройға тіреліп
«Адамдар бұған не айтады?...» деген сұрақтан өзге көңіліне 
ештеңе келмеді. 
Тән азабы мен жан азабын қатар тартқан Мәриям: 
«Мен бұл 
болмай жатып өліп кеткенімде еді, атым өшіп ұмыт 
болғанымда ғой»
, – деген ойға барды. Осылай көп азаптанған 
Мәриям ана адамзат тарихындағы ұлы пайғамбарлардың бірі – 
Исаны дүниеге әкелді. 
Елсіз далада, жападан-жалғыз босанған Мәриям қатты әлсіреп 
қалған-ды. 
«Сол кезде оның төмен жағынан
1
: «Қайғырма, 
Раббың астыңнан бір ағын су әкелді»
, – деген үн келеді.
Мәриям ол судан ішіп, әл жинады. Қайтадан 
«Құрманың 
діңін сілкі. Саған жас піскен құрма түседі»
деген әлгі үн қайта 
естілді. 
Сондай-ақ Аллаһ тағала Мәриямға:
«Одан же, іш, тоятта. Қорықпа, егер бір адам баласын 
көрсең, «Мен Рахман үшін ауыз бекіттім. Бүгін ешбір 
адаммен тілдеспеймін» де»
, – деген нұсқау берді. 
Бұл аяттағы 
«Мен Рахман үшін ауыз бекіттім. Бүгін ешбір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет