275
шариғатымызда сөзден де тыйылатын оразаға тыйым салынған.
Бұған дәлел: бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн астында тұрған
кісіні көріп, адамдардан:
«Бұл кім?»
– деп сұрайды.
Адамдар
оған:
«Бұл – Әбу Исраил, ол ораза тұтып, отырмастан аяғында
тік тұруға, көлеңкелемеуге және сөйлемеуге ниет еткен»
, – деп
жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға:
«Оған
айтыңдар: отырсын, көлеңкеге барсын, сөйлей берсін және
оразасын аяғына жеткізсін»
, – деді
1
.
Демек, оразаның мұндай түрі біздің
дінімізде ғибадат болып
саналмайды.
Бір-бірінің артын ала келген уахилардан кейін Мәриямның
көңілі тынышталып,
ерік-жігерін жинақтап, нәрестесін алып
Бәйтул-Мақдиске келді. Оны көрген бетте адамдар өзара
«Мәриям?.. Баламен бе?..» деп күбірлей бастады.
Оларға
осыншалықты діндарлығымен танылған Мәриямның жасырын
босанып келуі тосын жағдай еді. Адамдар оның айналасына
жиналып қалды.
–
Ей, Мәриям!.. Сен бір аса ауыр
(күнәлі)
нәрсемен келіп
тұрсың ғой?! Ей, Һарунның қарындасы! Сенің әкең жаман
кісі емес еді, шешең де арсыз емес-ті
, – десті.
Олардың
«Һарунның
қарындасы»
деулерінде Һарун
пайғамбар мақсат тұтылып отырған жоқ. Мәриямның ізгілігімен
танылған Һарун атты ағасы болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Олар
(балаларына)
Достарыңызбен бөлісу: