285
«Егер кісі Мәриямұлы Исаға, сосын маған иман келтірсе,
оған екі сауап бар»
1
, – деп өзімен бірге Исаға дұрыс иман
келтірудің жаннатқа кіргізетінін айтқан.
Ол
жаны жайсаң кісі болатын, қазымыр емес еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мәриямұлы Иса ұрлық жасаған бір
кісіні көріп: «Ұрлық қылдың ба?» – дейді. Әлгі кісі: «Жоқ, Одан
өзге құдай болмаған Аллаһпен ант етемін», – деді. Сонда Иса:
«Аллаһқа иман келтірдім де, көзімді жалғаншыға шығардым»,
– депті»
, – деген
2
.
Иса Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
алдындағы соңғы пайғамбар
болды, оны мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) арасында ешқандай
пайғамбар жіберілмеген. Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Пайғамбарлар –
бір атаның ұлдары. Ал Мәриямның ұлына ең құқылы менмін,
өйткені екеуміздің арамызда ешқандай пайғамбар болған
емес»
, – деген
3
.
Достарыңызбен бөлісу: