Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет179/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
«Үйлеріңді құбыла қылып, намаз оқыңдар және де 
мүміндерді сүйіншіле»
1
, – деп бұйырды. 
Мысырды тастап шығу 
Аллаһ тағала Мұсаға: 
«Құлдарымды түнделетіп алып кет»
2

– деп бұйырды. Осы сәтті пайдаланып, исраилдіктер бір түнде 
бір-бірінің есігін қағып, перғауын айнып қалмай тұрғанда, 
қаладан шығып кетуге жиналды. Сөйтіп, шамамен алты жүз мың 
исраилдік бала-шағасын ертіп, мал-мүліктерін алып, ың-шыңсыз 
түн ортасында Палестинаны бетке ұстап қаладан шығып кетеді. 
Перғауынның 
Исраил 
ұрпақтарын 
қолынан 
шығарғысы 
келмегенінің себебі, оларды әйел, балаларына дейін құлдық 
қызметке 
пайдаланатын. 
Әсіресе 
еркектерін 
құрылыс 
жұмыстарына жегетін.
Таң ата перғауын қаладан исраилдіктердің кетіп қалғандығын 
біліп, уәдесінен тағы да айныды. Сөйтіп, ол әскер жасақтап, 
олардың соңдарынан қуды. Аллаһ тағала:
«
(Перғауындықтарды)
бау-бақшаларынан, бұлақтарынан, 
қазыналары мен салтанатты мекендерінен шығардық. 
Осылайша, оларға Исраил ұрпақтарын мұрагер қылдық. 
Сонда олар 
(исраилдіктерді)
 күн шыға қуды»
, – деген. 
Осы аралықта Мұса мен исраилдіктер Қызыл теңіздің қос 
қапталының біріндегі Хулзум теңізіне жеткен-ді. Арттарына 
қарап перғауын әскерінің қуып келе жатқанын көреді. 
«Екі топ 
бірін-бірі көрген сәтте Мұсаның жолдастары: «Сөз жоқ, қолға 
түстік», – деді. 
(Мұса)
: «Әсте олай емес, шынында, Раббым 
бізбен бірге. Ол маған жол көрсетеді», – деді»
. Теңізге таяғанда 
әскер өкшелеп жетіп те қалған-ды. Сол кезде Аллаһ тағаладан 
Мұсаға уахи жетті: 
«Таяғыңмен теңізді ұр!» – деп уахи еттік. 
1
«Юнус» сүресі, 87-аят. 
2
«Таһа» сүресі, 77-аят. 


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет