«Алғашқы надандық дәуіріндегідей
сәнденбеңдер!»
деген сөзінің түсіндірмесі осы»
, – деген.
Алғашқы надандық осылай бой көтерді. Бұзақылық
қарқындады. Шис қалған ізгілікті сақтап қалуға тырысып, өз
ізбасарларының олармен араласуын тоқтатуға күш салды. Алайда
шайтан азғырып, бұзақылық бұлардың арасында да өркендеді.
Сол уақытта Қабылдың қауымы көбейіп, Шистің қауымы азая
бастады. Жағдай Идрис келгенге дейін осылай жалғасты.
44
ИДРИС (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Оның толық аты-жөні: Идрис ибн Ярид ибн Миһләил ибн
Қинан ибн Ануш ибн Шис ибн Адам, оларға Аллаһтың сәлемі
болсын! Шис оның бесінші атасы болатын. Идрис Адамның көзі
тірі кезінде дүниеге келген. Ол Адам атаны көрді, онымен жүз
жиырма жыл бірге өмір сүрді. Адам мың жыл ғұмыр кешіп,
өзінің алтыншы ұрпағын көрген.
Адам және Шис дүниеден өткеннен кейін Аллаһ тағала
Адамның ұрпағының ішінен Идристі пайғамбар етіп таңдады.
«Идрис Адам мен Шистен кейінгі алғашқы пайғамбар болды.
Сондай-ақ ол қаламмен алғаш жазған адам»
1
.
Яғни ол адамдар арасында бірінші болып жазу-сызуды
қалыптастырды.
Идрис Шистің шариғатын жалғастырды және оған кейбір
нәрселерді қосты. Ол белең алған бұзақылықтың ізгі адамдарға
кесірін тигізе бастағанын сезіп, жиһадты заңдастырды.
Идрис атты әрі жаяу әскер жасақтап, Қабылдың қауымына
шабуыл жасады және оларды жеңді. Оларды тұтқынға алды. Сол
уақыттан бері шындық пен жалғандықтың, жақсылық пен
жамандықтың арасындағы күрес жалғасып келеді.
Бізге Идрис туралы мағлұматтар аз жетті. Аллаһ тағала
Құранда оған ишара жасап:
«
(Мұхаммед!)
Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл бір
пайғамбар еді. Оны жоғары орынға көтердік»
2
, – деген.
Оның аятта айтылған жоғары орны туралы айтар болсақ,
Пайғамбар (с.а.с.) миғраж кешінде төртінші аспанда Идриспен
кездескен болатын
3
.
1
Хабарды Ибн Кәсир мен Ибн Исхақ жеткізген.
2
«Мәриям» сүресі, 56-57 аяттар.
3
Мұны әл-Бұхари мен Муслим риуаят еткен.
|