Авеста – зороастризмнің иқасиетті кітабы, «Авестаның» авторы Заратуштра деп аталады.
Адат – әдеттегі құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды.
Анимизм— жан мен рухқа сенім.
Дін – әлемдегі табиғаттан тыс күш – Құдай жаратқан деген сенімге негізделген, ғылыми түсінікке жат дүниетаным.
Иерархия – жоғарыдан төменге қарай реттелген бүтін бөліктердің немесе элементтердің құрылымы.
Икта – моңғол кезеңінде Орталық Азия мен Қазақстанда кең тараған , алған аумағын, жерді, суды, адамдарды салықтан босатуға құқық беретін шартты түрдегі алажағы (пожалование).
Зекет – шариғатқа негізделген хандар мен сұлтандардың пайдасына малдан алынатын салық.
Ислам – мұсылмандық – дүниежүзілік діндердің бірі. VII ғ. Басында Арабияда пайда болған. Исламның діни ілімі Құранда баяндалған. Мұсылман дінінің маңызды ұғымдары – «ислам», «дін», «иман».
Меншік – кез келген субъектіге тиесілі (адамға, отбасыға, қауымға, руға, мемлекетке, т.б.) және бір адамның, заттың толық иелігіндегі мүлік.
Өндіріс дегеніміз – еңбек заты (өнделетін зат), құрал-саймандаржәне адам күшінің қосылуы. Өндіріс үдерісінде адамдардың өзара әртүрлі қатынастарға түсуін өндірістік қатынастар дейміз.
Ру – өзінің шығу тегін, бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе, өздерін бір атаның ұрпағымыз деп сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы.
Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымынан жырақ кеткен қазақтардан жиналды.
Эпос – ортақ ұлттық құндылық пен ортақ тақырыпқа біріктірілген әңгіме, поэма, батырлық жырлар жиынтығы.
Отан – адамның туып өскен жері, елі, мемлекеті Отаны болып табылады. Адамның азамат болып қалыптасуы, өмірі Отанына байланысты. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Әрбір адам Отан сүюге, Отан мүддесіне қызмет істеуге міндетті.
Отаншылық — өзінің туған халқын, ұлтын сүюшілік, Отан құрметтеу, қорғау, оның гүлденуі жолына қызмет көрсетушілік, Отанға деген сүіспеншілік.
Ашаршылық – тамақтың заттарын жетіспеуі немесе оның жоқтығынан болатын құбылыс. Кеңес өкіметі кезінде, Қазақстанды Ф.И. Голощекин басқарған жылдары халықтын малын, астығын жаппай алудан қазақтар 1932-1933 жж. Жаппай ашаршылыққа ұшырап, 2 млн. аса адам қырылды, 1130 млн. аса адам шетелдерге басып кетті.
Қазақ – қазақ ұлты халқының аты. Қазақ халқының шығу тегі ежелгі қола дәуірінен басталды. Қазақ деген ат 15 ғ. Екінші жартысында кеңінен тарап, Қазақстанның байырғы халқының аты болып кеткен. Ал «қазақ» деген сөздің шығуы туралы түрлі болжамдар бар. Бұл әліде зерттеуді қажет етеді.
Қанау – бай, алпауыт адамдардың өздеріне кіріптар болып жұмыс істеп, еңбегін пайдалануы және еңбектен тапқан табысының бір бөлігін иемдену.
Мемлекет – Жеке меншіктің пайда болуына, еңбек бөлісімен таптың шығуына байланысты қалыптасады. Тап болған жерде мемлекет болады. Мемлекет өкімет билігінің саяси ұйымы. Мемлекет әскер, полиция, сот тағы басқа орындар арқылы елді басқарды. Тарихта мемлекеттің төрт түрі белгілі.
Отар – ірі елдердің әлсіз елдерді күшпен басып алуы немесе дербестігінен айырылып, кіріптар болып, қанауға душар болған елдер, территориялар. Қазақстан өткен ғасырларда Ресей империясының, 1917 ж. кейін Кеңес империясының отары болып келді.
Өлке – мемлекеттің шет аймағына орналасқан сол мемлекеттің қарауындағы территория, кейіннен жер көлемі үлкен, құрамында бірнеше облыстары болатын әкімшілік территориялық аймақ. Кейде жер көлемі шағын территорияны да өлке деп атайды.
Республика – латын сөзінен шыққан қазақша қоғамдық, бүкілхалықтық дегенді білдіреді, мемлекетті басқару формасының бір түрі. Республикада мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары белгілі мерзімде сайланып қойылады. Жоғары өкіметтік билік сол сайлағандардың қолына беріледі.
Тарих – араб, парсы, сөзі, оның мағынасы зерттеу және оқиғалар туралы әңгіме. Адамзаттың пайда болуы мен алғашқы қауымдық құрылысынан бастап, қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін, тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дәуірлерге бөліп те және жеке халықтар тарихы ретінде де зерттейді, Қазақстан тарихы Қазақстандағы басқа халықтар және көрші елдер тарихынан, мәдениетінен хабардар етеді.
Тәуелсіздік – мемлекеттің ішіндегі және сыртқы істерін өзі шешіп, өзі басқарып іс жүргізуі, өз билігінің өзінде болуы. Оған басқа өкіметтің араласуына жол бермейтіндігі, әғни саяси толық тәуелсіздігі мен дербестігі.
Хан – көне түркі сөзі – хаған, қаһан дегеннен шыққан. Монарх, тайпа көсемі, әмірші. Қазақ жерінде елді хан билеген. Көрші елдермен қатынас жасау, соғыс жариялау, бітім шартын жасау хан еркіне жатқан. Ол соғыс жағдайында жасақтардың қолбасшысы болған.
Ауыл – шаруа селосы.
Ұжымдастыру – ұсақ шаруашылықтарды үлкен коллективті шаруашылықтарды біріктіру
Отырықшыл – үнемі бір жерде отырып өмір сүру.
Ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының мал, егін, жеміс-жидек өнімдермен айналысатын саласы.
Конфискация – мемлекет қаулысы бойынша бай кулактардың дүние-мүлікін мемлекет пайдасына алу.
Пайда – ұлғалмалы өңдіріс үрдісінде шаруашылық қызметінің жемістігі.
Зиян – ұйымның, кәсіпорынның, шаруашылықтың дұрыс ұйымдастырмауында туатын шығын.