Мұндай қорғаныс ғимараттары негізінен мынандай талаптармен тұрғызылуы тиіс: адамдарды үздіксіз қабылдап, шығарып салуды қамтамасыз ету мүмкіншілігі; панахананың су жайылып кету қауіпі бар жерлерге салынбауы; су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы; панахана арқылы транзиттік – инженерлік коммуникацияның өткізілмеуі, апаттық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кірер және шығар болуы тиіс.

Онда негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіретін және шығатын есіктер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) 1 жасырынушы үшін 1,5 м³ кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5 м² және үш ярусты нар кезінде 0,4 м² болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану тадаптарына сәйкес болуы қажет, алайда бөлменің төбесінен еденнің төменгі жағына дейінгі биіктік 2,15 болуға тиіс (ал ең кемі – 1,85 м).
Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт пен қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым қорғаныс құралдарды – қуыстарды (ашық және жабық) салады. Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималдығы 2,3 есеге азаяды. Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың түсуінен, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.