Параметрлік идентификациялау Жұмыс мақсаты


Қисықтарды қиыстырып келтіру Curve Fitting Toolbox пакеті



бет2/6
Дата02.12.2023
өлшемі50,4 Kb.
#132041
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ентахиииии

Қисықтарды қиыстырып келтіру Curve Fitting Toolbox пакеті


Пакетпен жұмысты бастағандабіріншіден мәліметтерді орнату қажет. Мәліметтер жүйенің бұйрық терезесінде сәйкес векторларда орнатылуы мүмкін.


Curve Fitting Tool пакетінің негізгі терезесі MatLab бұйрық терезесінде терілген cftoolбұйрығымен ашылады. Басында ол графиктердің бос терезесінен тұрады, оның жоғарғы жағында 4 батырма бар:Data... - мәліметтерді тиеу; Fitting... - қиыстырп келтіруді орындау;Ploting... - қиыстырып келтіруді графикалық көрсету; Analysis... - қиыстырып келтірудің нәтижелерін анализдеу.
Мәліметтерді тиеу.Curve Fitting Tool пакетпен жұмыс әдетте тиелетін мәліметтердің типін анықтаудан басталады. Ол үшін Data...батырмасын басыңыз. Пайда болған терезеде сәйкес беттер көмегімен мәліметтер типтерін орнатуға, оларды қарап шығуға, жөндеуге және тегістеуге болады. Apply батырмасы басылса, мәліметтер Curve Fitting Tool-дің негізгі терезесіне тиеледі, терезе жабылады. Мәліметтер нүктелері терезенің графика бөлігінде көрсетіледі.
Берілген түрддегі қиыстырып келтіруін орындау. Fitting/New Fitбатырмасын басып қиыстырып келтіру процедурасын бастауға болады.
Ашылатын Type of fit тізімі қиыстырып келтірудің (регрессияның) келесі типтерін орнатуға мүмкіндік береді:

  1. Custom equations - пайдаланушы орнатқан регрессия функциясы.

  2. Exponential - экспоненттіқ репрессия.

  3. Fourier - Фурье қатарымен жуықтау.

  4. Gaussian - гауссиан қисығымен жуықтау.

  5. Interpolant - интерполяцияны таңдалынған әдісімен орындау.

  6. Polynomial - полиномдық регрессия.

  7. Power - дәрежелік регрессия.

  8. Rational - алымы мен бөлімін таңдап рационалды функциямен жуықтау.

  9. Smoothing Spline - тегістейтін сплайндарменжуықтау.

  10. Sum of Sin Func - синустік функцялар қосындысыменжуықтау.

  11. Weibull - Вейбулл қисығымен жуықтау.

Сонымен бірге MatLab жүйенің функцияларының негізінде пайдаланушы өзі жуықтаудың кезкелген түрін орнатуына болатындығы өте маңызды қасиет.
Қиыстырып келтіру Fitting терезесінің Fit Options...батырмасын басып қиыстырып келтірудің бірсыпыра опцияларын орнатуға болады. Опциялар терезесінде қиыстырып келтірудің әр түрлі алгоритмдерін, туындылардың өзгеру шектерін, функцияның максималды мәнін және регрессия параметрлерінің бастапқы мәндерін орнатуға болады. Осы шамалардың барлығы қиыстырып келтірудің жылдамдылығы мен тиісуіне әсер етеді.
Регрессияны графикалық көрсету. Curve Fitting Tool терезесінің
Plotting...батырмасы графиктердің параметрлерін орнату терезесін ашады.
Регрессия жұмысын анализдеу.Жуықтаудың маңызды қадамы - нәтижелерді анализдеу. Анализдеу терезесі Analysis... батырмасын басуымен ашылады.Терезенің сол жағында анализдеудің бір сыпыра опциялары орнатылған: есептеулерді орындау, регрессия функциясы үшін туындылар мен интегралдардың графиктерін шығару, т.б. Керекті опциялар оларды белгілеумен орнатылады. Содан кейін Apply батырмасы терезенің жоғарғы жағында анализдеудің нәтижелер кестесін орнатады және анализдің нәтижелерін графикалық түрін көрсететін терезені шығарады.
Регрессия қисығын таңдаудың критерийі болып аргументтердің берілген диапазондарындағы Residuals қателіктің минимумы, осы диапазон шектерінде немесе бөлек аймақтарында қателіктердің қолайсыз өсіп кетулерінің жоқтығы, т.б. болады. Берілген нүктелер үшін бірнеше регрессия қисықтарын анализдеген дұрыс.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет