Клиникалық әдістер: сұрап тексеру – шағымын анықтау, ауру және өмір анмнезін жинау. Қарап тексеру: пародонттың жағдайын анықтау, ГИ, ПМА, ПИ анықтау, Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу, қызылиектің қанағыштығын анықтау. Қызылиек пародонтальдық қалталардың тереңдігін, ондағы сұйықтықтың сипатын (сарысулы, іріңді жалқықтар) мөлшерін анықтау (Ненов сынамасы), тістердің қозғалғыштығын анықтау. Рентгендік зерттеу әдісі. Зертханалық зерттеу әдістері (цитологиялық, микробиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, қанның жалпы құрамын талдау). Функциональдық зерттеу әдістері (стоматоскопия, капилляроскопия, биомикроскопия, реография, полярография, эхоостеометрия). Әртүрлі сынамалар жүргізіледі, олар-Шиллер-Писарев сынамасы, Ненов сынамасы, қызылиек эпителийінің бүтіндігін анықтауға арналған сынама, қызылиек қанағыштығын нықтауға арналған сынама, тұлғаның С витаминіне зәрулігін анықтайтын сынама

Пародонтальдық индекс ПИ Пародонт қабынау кезіндегі пародонт тіндерінің жағдайын Рассел (1956) ұсынған пародонтальдық индексті анықтау арқылы бағалайды. Әрбір тістің тұсындағы пародонт жағдайын 0-ден 8 баллға дейінгі көрсеткіштермен бағалайды. 0 – қабыну жоқ 1 – қызылиек жеңіл қабынған – тіс төңірегіндегі қызылиек толық қабынбаған 2 – қызылиек қабынған – қабыну үрдісі тіс төңірегіндегі қызылиекті түгел қамтыған, бірақ тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған 4 – альвеола өсіндісінің қырымен тістер аралық қалқан сүйектердің ұшы сорыла бастаған. 6 - қызылиек қабынған. Пародонтальдық қалта бар, бірақ тіс қозғалмайды және шайнау қызметі бұзылмаған. 8 - қызылиек қабынған. Пародонтальдық қалта бар, бірақ тіс қозғалмалы, орнынан ауытқыған, шайнау қызметі бұзылған (пародонт тіндеріндегі жоғары дәрежелі деструкциялық өзгерістердің нәтижесі). Әрбір тіс төңірегіндегі анықталған бағаларды қосып, тексерілген тістер санына бөледі. Патологиялық үрдістің ауырлыған индекстің сандық мөлшерімен бағалайды: 0,1-1,0 аурудың бастапқы немесе Ι сатысы, 1,5-4,0 аурудың ΙΙ сатысы, 4,0-8,0 аурудың ΙΙΙ сатысы.