Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті


сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Бүгінгі



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата22.12.2016
өлшемі4,95 Mb.
#11
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Бүгінгі таңда қарапайым сауаттылық жеткіліксіз екені 
баршаға аян. Біздің балаларымыз  ең озық жабдықтармен заманауи өндірістерде жұмыс жасауды  
7.Сізге ең пайдалысы не болды?---
-------  
 
 

меңгеруге дайын болу керек.Жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу 
қажет. Болашақ қазақстандықтар, яғни бүгінгі оқушылар қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса 
маңызды.Осы орайда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының алатын орны ерекше. Жоспардың мақсаты – 
оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету емес пе?!Бұл мақсатқа қол жеткізу арқылы 
Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. Тәуелсіз 
еліміздіХХІғасырда дамыған елдермен теңестіретін де, өркениеттің төрінен теуіп орын әперетін де – 
білім, білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде әрине бірінші күш мектепке түсетіні аян. Алғашқы  
түйенің жүгі ауыр демекші, аталмыш бағытта жасалып жатқан іс-шаралар  жеңіл шаруалар қатарынан 
емес. 2012-2016 жылғы ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыруды Семей қаласының білім беру мекемелері 
де қолға алған. Атап айтқанда, қала орталығында орналасқан, орыс тілде білім беретін №6 гимназия 
науқан шаралардан қалыс қалмайды. Гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері кафедрасының 
арқасында біраз істер тындырылуда. 
    
2013 жылдың наурыз айында №6 гимназия қабырғасында «Функционалдық сауаттылық және қазақ 
тілі мен әдебиетісабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы білікті тұлға 

қалыптастыру» атты облыстық іс-тәжірибе тарату семинары болды.
 
Семинар барысында гимназия ұжымы өз жұмысымен таныстырып,қол жеткізген  жетістіктерімен бөлісті. 
Семинар ШҚО «Өрлеу»БАҰО институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Б.Б.Ботаханова« 
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқыту ерекшеліктері»атты баяндамамен семинарды ашты
.
Семинар 
бағдарламасына сәйкес гимназия директоры М.Ғ. Ахметова «Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- жоспары» аясында гимназияда 
атқарылған іс шаралармен таныстырып өтті.Қазақ тілі мен әдебиет пәні кафедраның 
жетекшісіА.Р.Шакенова әдістемелік бірлестіктің педагогикалық тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет 
сабақтарындағы білікті қатынас-білімді тұлғаны дамытудың негізі»жайында бірлестік жұмысының 
мазмұнымен таныстырып,ағынды жұмыстарының жетістіктері мен алдағы жұмыстардың түрлерін атап 
өтті.Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері:У. Т. Сағындықова,  Ш.Б. Мусина, Е.С. Шөкенов, Б.Е. 
Мәсәлімова , Г.Е. Идришева әр сыныптарда ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерін олыстық 
семинарда таратты.  Оқушылардың білімге,білуге ықыласын, ынтасын ,қызығушылықтарын       
артырып,заман талабына сай  жан-жақты,білікті тұлғаны қалыптастыру   негізінде мектеп мұражайы 

жанында «Туған жерім –алтын бесігім» атты үйірме жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі – С.Ө. Жүнісова 
үйірме мүшелерінің күшімен ұйымдастырылған жұмыстарын көрсетті.  
А.Р. Шакенова, Н.А. Раева сияқты ұстаздар бастауымен дарынды жеткіншектердің «Жас жігер» үйірмесі 
де өз өнерін паш етіп, «Жыл басы» ертегісін қойды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Тәрбиелік қызметтік 
 
  Факультативтер  мен үйірмелердің бағдарламалары 
-   сыныптан  тыс  іс-шаралардың әзірлемелері 
-   өткізілген іс-шаралардың (көрмелер, пән бойынша экскурсиялар,іс-шаралар, т.б. жазылған 
бейнетаспалар мен фотосуреттер) 
- сыныптан тыс жұмыстар бойынша орындалған жобалары (оқушылардың және оқытушылардың). 
-    тәрбие жұмыстары бойынша ұсыныстар мен әдістемелік  нұсқаулықтар; 
-  әдістемелік материалдар жинақталған әдістемелік буклеттер және тәрбие жұмыстарының, ойын-
сауықтардың ең жақсы іс-шараларының әзірлемелері; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Тілдер апталығының жоспары 
«Менің Қазақстаным – менің болашағым.» ҚР халықтарының тілдер күніне арналған апталықтың 
жоспары. 
Мерзімі: 18.09-23.09 Жауаптылар: Тіл мамандары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Іс-шаралар 
Мерзімі 
Түрі 
Жауапты пән 
мұғалімдері 
Өткізу 
орны 
1. 
«Менің тілім 
– менің 
мақтанышым» 
19.09. 
Іс-шараның салтанатты 
ашылуы/радиохабарлама/ 
ә/б жетекшісі 
кабинеттер 
2. 
«Бір ел – бір 
кітап» акция 
 
19.09 
көрме 
Кітапханашылар 
І қабат 
3. 
«Менің тілім 
– менің 
мақтанышым» 
18.09. 
Мәнерлеп оқу 
1-4 сыныптар 
Бастауыш 
сынып 
мұғалімдері 
«Қазақстан 
жолы»№203 

«Менің 
Қазақстаным-
менің 
болашағым» 
23.09(14.00)  Мектепішілік олимпиада 
5-11 сыныптар 
Орыс тілі ,қазақ 
тілі,ағылшын 
тілі пәні 
мұғалімдері 
«Қазақстан 
жолы»№203 
5. 
Қорытынды 
24.09 
 
Ә/Б жетекшілері  «Қазақстан 
жолы»№203 

 
Ғылым күні 
 
2013 жылғы 12 сәуірде Семей қ. № 6 гимназия мектебінде Ғылым күні өткізілді, гимназия оқушылары 
ғылымның салалары бойынша өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Семей қ. ҚЗТҚО қызметкерлері 20 
жыл бойы тарих, өлкетану және археология секциясының белсенді жюри мүшелері. 
 
Ғылым күнінің 20-жылдық мерейтойында ҚЗТҚО мұрағатшылары Т.О.Түсінбаева және Л.Қ.Қадырова 
қазақ тілі мен тарих, құқық, өлкетану секциясының жюри мүшелері болып сайланды. 

Тарих, құқық және өлкетану секциясының жетекшілері Елена Николаевна Помозова, Елена Семёновна 
Трунова, Рафаэль Рулланович Даутбаев секцияға қатысушыларды Ғылым күнімен құттықтап, оларға 
жаңа шығармашылық табыс тіледі. Тарих, құқық және өлкетану секциясының қатысушылары - № 6 
гимназияның 4-11 сынып оқушылары. 
 
Үздік жұмыстар «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты 
адам болады» деген Абай сөздері жазылған грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. 
Интернет желісі:zdnivko-Semey@nur.kz 
 
 
Ән өнерінің падишасы 
«Арттағыға ісің мен сөзің қалса, 
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең» – деп Ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, өзі өлседе, арттағыға 
өлмейтін мұра қалдырған, әні мәңгілік өлмеген, ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша 
із қалдырған «Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толады. Айтулы 
мерейтойды ел болып атап өту әрбір қазақстандықтың парызы деп ойлаймыз. Қазақстан халық 
ассамблеясының 20 жылдығына арналған мұндай үлкен  іс-шара Семей қаласындағы №6 гимназияның 
төрінен орын алды. 
Семей қаласындағы №6 гимназия әкімшілігі және Халықаралық қазақ тілі қоғамы бірлесе отырып  Ш. 
Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына байланысты әр ұлт өкілдерінің арасында шығармашылық кеш 

өткізді. Ұйымдастырылған ән сайысының негізгі мақсаты, Ұлы сазгер Шәмші  Қалдаяқовтың өмірі, 
өнерімен және шығармашылық жолымен таныстыру, Шәмші әндерін насихаттау еді. 
Осы мәселелер төңірегінде алға қойған мақсатқа толығымен жете алдық  десек артық айтқандық болмас. 
Осы кешке арнайы әділқазылар мүшесі ретінде  Шәмші әндерін орындаушы, Абай театрының қызметкері 
-  Садықов Мырзахан Демесінұлы, Солтүстік шығыс аймағының қазақ тілі халықаралық қоғамының вице 
–президенті, Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі – Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы,Қазақстан 
Республикасы білім беру ісінің үздігі, №6 гимназияның құрметті ұстазы Ықласова Бақыт 
Ықыласқызыжәне  Абай мұражайы қор бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер - 
Алдабергенова Алмагүл Қажымұратқызы шақырылды. Қазақта «Баталы құл арымас, батасыз құл 
жарымас»  дегендей, әдейілеп қатысушыларымызға ақ  батасын берсін деген ниетпен «Ардагерлер 
кеңесінің төрағасы,  халық ағартушысы» Райымбеков Кеңес Ғазизұлы кешіміздің басты қонағы ретінде 
шақырылды. 
Кешімізді ұйымдастырған гимназия директоры Ахметова Майра Ғаббасқызы болса, ұйымдастырылған 
кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мұғалімдеріміз тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі - Назигүл 
Төлеқожақызы, қазақ тілі және әдебиет кафедрасының жетекшісі - Шакенова Ардак Рахымқызы және 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жакупова Карлыгаш Оралгазықызы, Базыкенова Индира 
Маратқызы, Берикханова Бағым Назарханқызы, Адикова Айсұлу Ахметқазықызы және барлық қазақ тілі 
мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары осы кешке жауапты іс атқарды. Сонымен бірге ән сайысының 
көркін келтірген сахна сәні мен әсем музыка болса, сол сахна мен музыканы әрлеуші Берік Жеметолаевич 
және Олжас Кенжебекұлы сынды ұстаздарымыз аянбай тер төкті. 
Сазды да, әуенді, жігерге толы кешімізді Шәмшінің «Ақ бантик» әніне вальс билеген 1-сынып 
оқушылары ашты. Одан кейін кеш Ширяев Исадиль мен Ақтай Зеренің Шәмшінің өмірі, 
шығармашылығы жайлы айтылған сұхбатпен жалғасын тапты. 

Ән сайысының қызған шағы қатысушыларымыздың Шәмші әндерін, өте шеберлікпен орындау сәті еді. 
Сайыскерлеріміздің сахналық тәрбиесі, вокалы, орындау шеберлігі, киім үлгісі бірінен-бірі өтіп жатты. 
Шақырылған әділқазылар мүшесі осындай қойылған талаптардың барлығын ескере отырып, әділ бағасын 
берді. Сонымен Ш. Қалдаяқовтың әндерін орындау сайысында 1-орынды иеленген өнерпазымыз, 2 «В» 
сынып оқушысы Магауина Дарина болды. 2-орынды иеленген өнерпаздарымыз 2 «Б» сынып оқушысы 
Мурсалимова Ақнұр, 2 «ж» сынып оқушысы Дускужанова Дария. 3- орынды иеленген 
қатысушыларымыз 2 «ж»сынып оқушысы Ихсанова Азиза, 7-сынып оқушысы Байгалиева Адема болды. 
Қалған қатысушы сайыскерлеріміз де әр түрлі номинацияларға ие болды. «Ең патриот»  әнші 2 «г» 
сынып оқушысы Самарканова Гульшира және 4 «б» сынып оушысы Макулбаева Даяна  атанса, 
«жүрекпен орындаушы» сайыскерлеріміз 9 «а» сынып оқушысы Дробовилов Руфат және 6 «г» сынып 
оқушысы Мухамадиева Сабина. «Көрермендер көзайымы» номинациясына Калибаева Нурай 3 «б» 
сынып оқушысы ие болды. «Ең батыл» сайыскеріміз 7 сынып оқушысы Тоқтауқызы Айгерім атанса, «ең 
әдемі» сайыскеріміз 4 «а» сынып оқушысы Шекербекова Балжан ие болды. Сазды да, әуезді, жігерлі ән 
сайысымызда өз өнерін паш еткен оқушымыз Кавко Максим скрипканың сүйемелдеуімен «Бесік жыры» 
туындысын паш етті. Кешіміздің соңын бастауыш сынып мұғалімдері шәмші әндерін шеберлікпен 
орындап аяқтады. Атап айтсақ: Камза Жания Слямжанқызы мен Жармұхаметова Эльмира 
Дүйсенбекқызының орындауында «Ақ бантик» әні шырқалды, сонымен бірге Жунусова Бақтыгүл 
Дәулетқазықызы мен Жантурғанова Мөлдір Мәуленқызы шәмші әндеріне папури орындап, айтқан 
әндеріне сахна төрінде көрсеткен қойылымдары көрерменнің көңілін көтеріп, ұтымды шыққан 
номерлердің бір болды. Кешіміздің ең соңында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Берикханова Бағым 
Назарханқызының домбыраның сүйемелдеуімен айтылған  «Әнің әсем Шәмші аға, Енді өзіңдей 
жайсаңды, туған елім таба ма? Ән еркесі асылды қазақ елі таба ма?» деген  «Шәмші аға» әні  «Қазақ 
вальсінің королі» Шәмші ағаның аруағына тағзым ретінде орындалған арнау ән болды. 

№6 гимназиада өткен үлкен іс-шара кешке келген көрермендердің, қонақтардың, мұғалімдердің ең 
бастысы оқушылардың туған жерге, анаға, құрбыларына деген махаббатын күшейтіп, патриоттық 
сезімдерін оятуға үлкен үлес қосқан іс-шара болды. Осы кешке атсалысқан мектеп әкімшілігіне, 
мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға дегеналғысымызды жеткізе отыры, рахметімізді айтамыз 
алғысымызды жеткізе отыры, рахметімізді айтамыз. 

 

 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұлы Абайдың басына – Жидебайға
шәкірттерімді апарып отырамын 

 
 
 
 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет