Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата22.12.2016
өлшемі4,21 Mb.
#112
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
25 
сабақтарда  кестелер,  диаграммалар,  сауалнамалар  толтыру,  эссе  жазу  сияқты 
рефлексті жұмыс түрлерімен айналыса алады.  
Оқушыларды  рефлексия  жасауға  үйретуде  мәселенің  психологиялық 
жағына  мән  беру  тиімді.  Мұғалімнің  басты  міндеті:  оқушының  өткізген  күні 
немесе  істеген  жұмысы  жайлы  айтқысы,  ойымен  бөліскісі  келетіндей 
психологиялық  ахуал  жасау.  Әсіресе  баланың  өзі  жасаған  әрекеттеріне 
байланысты  басынан  өткен  сезімдерін  қайта  оралта  алуы,  ол  жайлы  қағазға 
түсіруі  немесе  басқаша  суреттеуі  ерекше  жағдайды  талап  етеді.  Сонымен 
рефлексия – көп қырлы кіріктіріліп жасалған әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай 
кемшілікті  жібермеуге  тырысамыз.  Рефлексияның  тиімділігін  атап  көрсетер 
болсақ, оқушы үшін: 
-
 
 
рефлексия – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 
-
 
 
рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 
-
 
 
рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 
-
 
 
рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады; 
-
 
 
рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады; 
-
 
өз-өзіне баға бере алады; 
-
 
 
білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды. 
Мұғалім үшін: 
-
 
ақпаратпен күнделікті жұмыс; 
-
 
шығармашылыққа деген ынта-жігері;  
-
 
әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; 
-
 
пәндік білім сапасының артуы; 
-
 
өзіндік сынның қалыптасуы; 
-
 
сыни ойлауға жетелеу. 
Мұғалімнің  кәсіби  даму  бағдарламасына  іздеу,зерттеу  қызметінің 
мүмкіндіктері  жатады.  Педагогикалық  қызметті  талдау  барысында  теориялық 
білім  алудың,  диагностика  мен  өзіндік  диагностиканы  игерудің  қажеттілігі 
туады. 
Оқушылар  өзі  жасаған  әрекеттеріне  ауызша  баға  беру,  суреттер  салу 
түрінде,  кестелер,  диаграммалар,  сауалнамалар  толтыру,  эссе  жазу  сияқты 
жұмыс  түрлерімен  айналыса  алады.  Онда  оқушылар  алған  білімдеріне, 
тапсырмаларына  қорытынды  жасап,  пікір  айтуға  дағдыланады,  ойын  ортаға 
салады.  Нәтижесінде  оқушылар  өз-өздерін  реттейді.  Жүйелі  сөйлеуге,  ойын 
ашық  жеткізе  білуге,  талдау  жасауға  үйренеді.  Сабақтың  жақсы  не  жаман, 
мағыналы  не  мағынасыз,  көңілді  не  көңілсіз  өтуіне  байланысты  оқушылар 
эмоцияларын  білдіріп  отырды.  Осыдан  мұғалім  өзіне  қорытынды  жасауына, 
өзіне баға беруіне болады. 
Рефлексияны  әртүрлі  жүзеге  асыруға  болады,  сабақтың  соңында  әр 
тақырыптың соңында, сабақ кезеңдері арасында, тарау соңында. Ол ақырындап 
оқушының  ішкі  рефлексиясына  ұласуы  керек.  Рефлексияның  төмендегідей 
түрлері бар:  

оқу материалы мазмұнының рефлексиясы; 

көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы; 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
26
 

іс-әрекет рефлексиясы. 
Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.  
1.Оқу  материалдарының  мазмұнының  рефлексиясы.  Оны  мұғалім 
оқушылар  өткен  материалдың  мазмұнын  қалай  түсінгенін  анықтау  үшін 
қолданады. 
Аяқталмаған сөйлем әдісі (тезис).  
Бүгін мен...................... білдім. *................. қызықты болды. *.......................... 
қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін 
түсіндім.  *  Мен  енді.......................  білемін.  *  Мен...............................  сезіндім. 
*Мен..................................... білім алдым. * Мен....................................... үйрендім. 
*.......
.......................... менің қолымнан келді. * Мен ......................жасай алдым.* 
Мен..................  жасап  көруге  талпынамын.  *..................  мені  таңқалдырды.  * 
Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді. 
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.  
2.  Сабақ  мақсатына  жету  рефлексиясы.  Сабақ  мақсаты  тақтаға  жазылып, 
сабақ соңында талқыланады. 
Think wane (синквейн) «5 жолды өлең» әдісі. 
Бірінші жол – тақырып атауы;  
Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен; 
Үшінші жол – осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен; 
Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты; 
Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын. Бұл жұмыс түрінде әр оқушы 
өз  ойын,  алған  әсерін  білдіреді.Сонымен  қатар,  оқушының  оқып  отырған 
тақырыпқа  қатысты  іс-әрекетін  анықтауға,  бұрынғы  білім  мен  жаңаны 
түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. 
«Плюс, минус, қызықты». 
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.  
«Минус»  -  қолымнан  келмей  жатыр  немесе  түсініксіз  болып  тұр  деген 
ойларын  жазады.  «Қызықты»  деген  бағанға  сабақ  барысында  өздерін 
қызықтырған  немесе  көбірек  білгісі  келетін  ақпараттар  туралы  ойларын 
жазады. 
3.Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы. 
Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген: 
«Пейзаж–көңіл күй айнасы»әдісі. 
Әр оқушыға табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға 
суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.  
Оқушыларда  екі  карточка:  «көк»  және  «қызыл».  Мұғалім  сабақ  басында 
және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл 
күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады. 
4.  Іс-әрекет  рефлексиясы.  Жеке  жазба  жұмыс  рефлексиясы.  Бұл  жұмыс 
сабақтың соңғы кезеңінде қорытынды ретінде жүргізіледі. Өткізу түрі – шығын 
шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. 
«Жеделхат» әдісі. 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
27 
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын сабақ туралы ата-аналарына жеделхат 
жазу  ұсынылады.  2-3  минут  жеделхат  құруға  беріледі,  содан  соң  барлығы  өз 
жеделхаттарын оқып жалпы қорытынды жасалады. 
«Өзіме  хат»  жазу  дағдысын  дамытуға  септігін  тигізіп,  оқушының  өзіндік 
талдау  жасауына  ықпал  етеді.  Сабақта  не  өткені  туралы  өз-өзіне  хат  жазу 
тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды. 
«Fishbone» «Балық қаңқасы» диаграммасы. 
Басы  –  негізгі  тақырып,  жоғарғы  сүйектері  –  тақырыптың  негізгі 
ұғымдары, төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме, құйрығы – қорытынды, 
немесе сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті. 
«Жылан» диаграммасы. 
Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған. Басы – негізгі 
тақырып,  ортасы  –  тақырыптың  негізгі  ұғымдары,  ұғымдарға  түсініктеме, 
құйрығы  –  қорытынды,  немесе  сұрақтың  жауабы  қысқа  ұғымдар  арқылы 
жазылуы тиісті. 
«Алма ағашы» әдісі. 
Оқушыларға екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына 
ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: 
менің  көңіл-күйім  көтеріңкі.  Қызыл  түсті  алма  –  мен  тапсырманы  орындай 
алмадым, көңіл-күйім жоқ. 
«Бір сөзбен» әдісі.  
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы 
жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, 
Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 
«Табыс сатысы» әдісі. 
Сатының суреті. 
1-
баспалдақ: Мен............ білемін.  
2-
баспалдақ: Мен.................. түсінемін.  
3-
баспалдақ: Мен............. жасай аламын. 
«Таңдау» әдісі. 
1. Мен сабақ, қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды. 
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
4. Мен пікіралмасуға жиі ______________ сирек қатыстым. 
5.  Мен  сабақтағы  өз  жетістіктеріме  ризамын  ____________  риза  емеспін. 
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі 
мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін 
қою тапсырылады [5]. 
Бір  сабақта  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым  бойынша  нақты 
нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  бір  немесе  екі  оқу  мақсаты  (дағды)  ғана 
алынғаны  дұрыс.  Үш  немесе  одан  да  көп  дағдыны  алу  сабақтың  мақсатына 
жетуге,  қажетті  дағдыларды  терең  қалыптастыруға  мүмкіндік  бермей, 
оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін. 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
28
 
Мысалы,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Кіріктірілген  білім 
бағдарламасы  бойынша    білім  алатын  8-сынып  оқушыларына  арналған  Қазақ 
тілінен  оқу  кешенінен  (Т2)  сабақтар  үлгісін  ұсынамыз.  Екінші  тіл  ретінде 
оқытылатын 8-ші және 4-ші сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарда өнер 
мен әдебиет кіріктіріліп берілуі нақты көрсетілген: 
Сабақтың тақырыбы: Өнер және әдебиет. Мағжан Жұмабаев «Мен кім?». 
Оқу мақсаты: Берілген ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдап ала 
білу, өз пікірін айту, мәселеге баға беру. 
Сабақтың  мақсаты:  Мағжан  Жұмабаевтың  «Мен  кім?»  өлеңін  оқу. 
Ақынның кім екенін білу.  
Кілт  сөздер:  жұмақ,  тамұқ,  айбат,  көңілге  алсам,  ғарышқа  асамын, 
жалынмын, күл болсын көк, жемірілсін жер, табынамын. 
Қызығушылықты ояту.  
«Сен  кімсің»  деген  сұраққа  «биопоэма  стратегиясы»  арқылы  жауап  іздеп 
көр. Өзің жайлы жаз, жазғандарыңды жұпта талқыла, сыныпқа оқып бер. 
Биопоэма жазу талаптары:  

өзіңді 4 сын есіммен сипатта; 

ең жақсы көретін нәрселерің туралы айт;  

басыңнан қандай сезімдер өтті? 

неден қорқасың? 

қандай жетістіктерің бар? 

басыңнан өткізгің келетін нәрселерің  туралы айт. 

мекенжайыңды көрсет.  
1-
тапсырма.  Өлеңді  оқып  шық,  асты  сызылған  сөздердің  мағынасын 
түсіндір. 
Мағжан Жұмабаев «Мен кім».  
 
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?  
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?  
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,  
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?  
Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,  
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.  
 
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,  
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.  
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,  
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.  
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,  
Көз қырымен күліп қана қарармын.  
 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,  
Надан адам өлім жоғын білмейді. 
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,  

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
29 
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?  
Мейірленсем – сегіз жұмақ қолымда,  
Қаһарлансам –тамұқ даяр жолымда. 
 
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!  
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!  
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,  
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!  
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,  
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе! 
 
2-
тапсырма.  Өлеңнің  әр  шумағында  ақын  мінезі  қалай  сипатталады? 
Ақынға мінездеме бер. 
3-
тапсырма. Неліктен ақын «күл болсын күн, жемірілсін жер» дейді. Ақын 
өзін ғана ойлай ма? Жұпта, топта талқылап, өз ойыңды айт. 
4-
тапсырма.  Өлең  негізінде  «биопоэма  стратегиясы»  арқылы 
М.Жұмабаевтың кім екенін анықтап көр. 
 
Ақының  адамдық  қасиетін  суреттейтін  4  сын  есім  /  Мағжан  шыншыл, 
қайсар, әділ,өнерлі. 
Туыстық қарым-қатынасы / Мағжан әкесіне бала, баласына әке.  
Ең жақсы көретін нәрселері / өлең жазу.  
Басынан өткен сезімдері / қуаныш, мақтаныш.  
Неден қорқады / адамдар бағаламайды деп.  
Жетістіктері / өлеңдер жазды.  
Басынан өткізгісі келетін нәрселер / Елін көргісі келетін шығар.  
Орны(мекенжайы) / Солтүстік Қазақстан облысы.  
 
Білгенге-маржан! 
Берілген кестені (1-кесте) пайдаланып, өлеңге талдау жаса. 
 
1-
кесте – Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?»өлеңіне талдау  
 
Мысалдары 
Дұрыс 
Бұрыс 
 
Өлең жанры 
 
 

лирика 
 
 

поэма 
 
 
 
Кейіпкері 
 
 

ақынның өзі 
 
 

ақын қиялындағы бейне 
 
 
 
Ақын не дейді? 
 
 

Өзін мадақтайды 
 
 

Өзін сынайды 
 
 
 
Көркемдеу тәсілдері 
 
 

аллегория 
 
 

метафора 
 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен
 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
30
 
Шеберлігіңді шыңда!  
Төмендегі сызба бойынша өлең жолдарын құрастыр. 
 
          
______________________балаң 
 
          
_____________________далам 
 
          _______________________ 
 
          
______________________Мағжан 
Есіңе сақта.  
 
М.  Жұмабаев  өзін  айбатты  арыстанмен,  жүйрік  тұлпармен,  жарысқан 
желмен,  түпсіз  терең  теңізбен,  нұрын  шашқан  күнмен,  жалындаған  отпен 
теңеген  өршіл  ақын.  Ақынның  өмірге  деген  құлшынысын,  өр  тұлғасын  өзіңе 
үлгі етуге тырыс [5]. 
«Ғылыми  жаңалықтар  мен  технология»  бөлімінен  ұсынылып  отырған 
сабақтың қысқа мерзімді жоспарында мәтінмен жұмыс түрі көрсетілген. 
 
Тақырыбы: Ұялы телефон туралы не білесің? 
Сабақ  мақсаты:  Қосымша  ақпарат  көздерінен  алынған  мәліметтердегі 
негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстырады.  
Кілт сөздер:сым, өнертапқыштар, байланыс, жалғыз нүкте, қолданыс аясы, 
көмекші. 
Мәтінмен танысып төмендегі тапсырмаларды орында! 
1875  жылдың  2  маусымында  Бостон  университетінің  Шешендік  өнер 
мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың 
көмегімен  өз  көмекшісінің  даусын  естиді.  Өнертапқыш  шотландтықтың  бұл 
жаңалығы  тарих  бетінде  телефон  деген  атпен  қалды.  Бір  қызығы, 
өнертапқыштың  есімі  ағылшын  тілінен  аударғанда,  «қоңырау»  деген  мағына 
береді. 
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда 
болды.  Иллинойс  технологиялық  институтының  түлегі  Мартин  Купердің 
өнертапқыштық  бұл  жаңалығын  қазір  әлем  халқының  жартысына  жуығы 
күнделікті қолданып отыр. 
Ұялы  телефонмен  жасалған  алғашқы  нағыз  байланыстың  тарихы 
1973 
жылдың  3  сәуірінен  басталады.  Ұялы  байланыс  компаниясының 
қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-
Йорк  көшелерінде  серуендеп  жүріп  соққан  қоңырауы  ұялы  телефонмен 
алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу 
хаттамасының  негізгі  құрастырушысы  еді.  Ал  ол  қолданған  телефонның 
салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. 
Сол  уақыттары  Нью-Йорк  әлемдегі  ұялы  байланыстың  базалық 
станциялары  орнатылған  әлемдегі  жалғыз  нүкте  болды,  төрт  жылдан  соң 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
31 
Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл 
өнертапқыштық  жаңалыққа  Күншығыс  елі  зор  қызығушылық  білдіріп,  88 
базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. 
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату 
шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. 
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. 
 
1-
тапсырма.  
 
Төмендегі  суретке  (2-сурет)  қарап,  телефондардың  ерекшеліктерін 
жазыңдар. 
 
 
 
 
 
 
 
______________________    ________________________ 
______________________    ________________________ 
______________________    ________________________ 
______________________    ________________________ 
 
2-
сурет – 1-тапсырма  
 
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
2-
тапсырма  Жабық  тест  тапсырмасын  өз  пікірлерімен  толықтырып 
орындаңдар (2-кесте). 
 
2-
кесте – Жабық тест  
 
№  Сұрақтар 
Жауаптар 

Ұялы  телефонды  алғаш  рет 
ойлап тапқан кім? 
 

Телефондардың  пайда  болуына 
қай ел қызығушылық танытты? 
 

Ұялы  телефондардың  тарихы 
қай уақыттан басталады? 
 

Қазіргі  телефондардың  қолдану   

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
32
 
аясы қандай? 
 
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
3-
тапсырма. Өмірлеріңізді ұялы телефонсыз елестетіп көріңіздерші 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________  
 
4-
тапсырма Ұялы телефонның зияны мен пайдасын жазыңыздар(3-кесте). 
3-
кесте – Ұялы телефонның зияны мен пайдасын жазыңыз 
 
Пайдасы 
Зияны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
5-
тапсырма. Ұялы телефондарды сән, әлде қажеттілік үшін қолдана ма? 
 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________ 
 
Шеберлігіңді шыңда! 
 
Телефонмен сөйлесудің 10 әдебін жазыңыздар.  
1._________________  4.______________________ 7._______________________ 
2._________________  5.______________________ 8._______________________ 
3._________________  6.______________________ 9._______________________ 
10.________________ 
Білгенге маржан! 
SAR (Specific Absorprtion Rate) – 
қарапайым  тілмен  айтқанда,  мобильді 
телефонның қауіпсіздік көрсеткіші. Яғни, бір килограмм миға әсер ететін ватт 
өлшеміндегі қуаттың сәулелену көрсеткіші. Аталған көрсеткіштің өлшембірлігі 
– 
Вт/кг.  Ғалымдар  мобильді  телефонның  қауіпсіздігін  осы  көрсеткішпен 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
33 
байланыстырады.  Неғұрлым  SAR  көрсеткіші  аз  болса,  соғұрлым 
телефоныңыздың  зиянды  сәуле  бөлу  деңгейі  де  төмен.  Мәселен,  кейбір  ұялы 
телефон түрлеріне тоқталсақ: Nokia 3130 – 1,24 Вт/кг., Nokia 6210 – 1,19 Вт/кг. 
Есіңізге сақтаңыз! 
Ұялы  телефондар  жүйке  жүйесіне  әсер  ететіндіктен  балалардың  ұялы 
телефон  қолдану  жастары  кешіктірілуі  керек.  /18  жастан  бұрын  қолдану 
ұсынылмайды/.Ұялы  телефон  құлаққап  арқылы  қолданылуы  тиіс.  Осылайша 
ұялы  телефонның  мидан  алыс  болуы  қамдалуы  керек.Ұялы  телефон  арқылы 
қысқа  сөйлесу  әдетке  айналуы  керек,  қысқаша  мағлұмат  берілетін  кезде  SMS 
жүйесі  қолданылуы  керек.  Ұялы  телефондардың  ең  көп  радиация  тарататын 
кезі – телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кезі. 
Сол  кездерде  телефонды  басыңыздан  алыс  ұстауыңыз  керек.  Телефонды 
ашқаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатқан дұрыс [6]. 
Келесі «Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі» 
бөлімінен  сабақтың  қысқа  мерзімді  жоспарында  қазақ  тілі  сабағының  физика 
пәнімен кіріктірілу мысалы берілген. 
Сабақтың тақырыбы: Су–тіршілік көзі 
Сабақтың  мақсаты:  Тәжірибелік  жұмыс  орындау  арқылы  судың 
қасиеттерін анықтайсыз, айтылым барысында өз ойыңызды дәлелдейсіз. Аудио 
материалдағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін түсініп сұраққа жауап бересіз.  
Кілт сөздер: Араластыру, мөлдір, дәм, ащы, тұщы, еру, құм қиыршықтар, 
шөгеді, еру, жабысу, жұғу, ағу, түссіз, сұйық. 
1-
тапсырма:  «Дубайдағы  субұрқақ»  бейнебаяны  бойынша  өз  ойыңызды 
білдіре отырып сабаққа болжам жасаңыз. 
2-
тапсырма:  «Кім  көп  біледі?»  ойыны.  «Судың  адам  өміріндегі  маңызы 
қандай?»  деген  сұраққа  1,5  минут  ішінде  көптеген  айғақтар  табыңыз.  Қай 
топкөп жазғандығын анықтаңыз. 
3-
тапсырма.  «Судың  қасиеттері»  тәжірибелік  жұмыс.  Берілген  заттарды 
қолдана  отырып  судың  түсін,  пішінін,  дәмін,  күйін,  иісін  анықтап,  өз 
ойларыңызды практикалық жұмыс арқылы дәлелдеңіздер. 
 
4-
кесте – Тәжірибелік жұмыс парағы 
 
 
Іс - әрекет 
нәтиже 
1-
практикалық жұмыс 
 
 
2-
практикалық жұмыс 
 
 
3-
практикалық жұмыс 
 
 
4-
практикалық жұмыс 
 
 
 
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
Қажетті заттар:Әр топқа шыны ыдыс су, сүт, қасық, қант, топырақ, тұз 
беріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет