«ОҒƏК өлкетану ресурстары – жастарға» сериясының 3 басылымы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата22.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#182
  1   2

 

 

Өлкетану бөлімі 



«ОҒƏК өлкетану  

ресурстары – жастарға» 

сериясының 3 басылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы 

Ұлы Отан соғысында 

Əдістемелік-библиографиялық материалдар 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды, 2005 

Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми - 

әмбебап кітапханасы 

 


 

3

Оқырманға 



 

Адам  баласы  үшін  соғыстан  асқан  кесепат  жоқ.  Соғыс  дегеніміз  қайғы-қасірет,  қантөгіс, 

өлім-жетім.  Соғыс  дегеніміз  күн  сайын  туған-туыстан,  жақын-жорадан,  қарулас  досыңнан 

айырылу.  Адамзат  тарихы  өзінің  ауқымы  мен  ауыртпашылығы,  барша  жан  дүниені  жайрататын 

қару-жарақпен  жабдықталуы,  құрбан  болғандардың  саны  жөнінен 1941-1945 жылдар 

аралығындағы Ұлы Отан соғысына тең келетін соғысты білген емес. 

Қарағанды облысы майданға 45 мыңға жуық адам жіберді, 17 мыңнан астам адам соғыстан 

оралмады. 

Кім еді сол соғыстан оралмаған жауынгер? Олардың көпшілігі ертең ірі ғалым немесе іскер 

инженер, даңғайыр диқан немесе атақты жұмысшы боп шығатын боздақтар еді ғой… Бірақ тағдыр 

жазбады. Олар барлық жан-тəндерімен өмір сүріп, еңбек еткілері, жар құшқылары келді. Олар бір-

бір үйдің отағасы болмас па еді, бірақ көпшілігі махаббаттың əлдиіне де бөлене алмады. 

Олар  сіздерді  сүйіп  еді,  адамдар!  Олар  сіздерге  деген  сүйіспеншілігін  паш  ете  отырып, 

бастарын өлімге тікті. Сіздер ешқашан ұмытпайды деп сенді олар. Оларды мəңгілік зерделеріңізде 

сақтаңыздар. 

Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңі-1942 жылы Қарағандыдан ер азаматтармен бірге 50 қыз 

өз  еріктерімен  тіленіп  майданға  аттанды.  Қарағандылықтар  Москваны,  Ленинградты, 

Сталинградты  қорғады,  Курск  шайқасына  қатысты.  Украинаны,  Молдавияны,  Румынияны, 

Венгрияны азат етті. 

Соғыс уақыты жағдайларында облыс еңбекшілері, «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс 

үшін!»  деген  ұранмен  өмір  сүріп,  еңбек  етті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Қарағанды  көмір 

бассейні қорғаныс өнеркəсібін отынмен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Майданға кеткендердің 

орнына  олардың  əйелдері,  ана-қарындастары  мен  қыздары  жұмыс  істеді.  Орталық  Қазақстан 

еңбекшілері  алдына  қойылған  басты  мақсат - көмір  мен  түсті  металл  өндіруді  арттырумен  бірге 

қарағандылықтардың іс-мақсаттары майданға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталды. Соғыстың 

қиын-қыстау  кезеңінде  тылда  да  тынымсыз  еңбек  етті.  Астық  жəне  басқа  негізгі  ауыл 

шаруашылық өнімдерін тапсыру жоспар толық орындалды. 

Соғыс  қарсаңында  іске  қосылған  Балқаш  мыс  қорыту  зауыты  елімізде  қорытылатын  қара 

мыстың  үштен  бірін  өндірді,  Жезқазған  өнеркəсібінде  руда  шығару 3 есе  өсті. 1944 жылы 

желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды. 

Облыстық  Н.В.Гоголь  атындағы  ғылыми-əмбебап  кітапханасының  өлкетану  бөлімінде  Ұлы 

Отан  соғысы  жылдардағы  өлке  тарихының  сырын  ашатын  құжаттар,  толық  мəтінді  мəліметтер 

жинау жұмыстары жүргізіледі. Соғыс жылдарындағы кезеңдегі мəліметтер туралы өлкетану бөлімі 

кітап  қорымен,  өлкетану  картотекасымен,  электрондық  өлкетану  каталогымен  жəне  «Қарағанды 

Ұлы Отан соғысында» атты такырыптық папкамен қамтамасыз етілген. 

Бұл  бөлімде  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері  жəне  тыл  ардагерлерімен  кездесу  өткізілді. 

«Қарағанды  облысы  Ұлы  Отан  соғысында», «Великая  Отечественная  война  в  произведениях 

карагандинских  писателей», «Өшпес  ерлік»  атты  библиографиялық  көмекші  құрал  дайындалып 

шықты.  

Ұлы  Отан  соғысының  ерлікке  толы  қаһарлы  жылдары  бірте-бірте  алыстап  барады.  Бірақ, 

келешек ұрпақ, бүгінгі оқушылар, студенттер дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған 

халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.  

«Қарағанды  Ұлы  Отан  соғысында»  атты  көрсеткіштің  негізгі  мақсаты  болашақ  ұрпақтың 

Ұлы Отан соғысы жылдары қарағандылықтардың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, 

олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. 

Бұл көрсеткште Ұлы Отан соғысындағы қарағандылық жауынгерлер, тылдағы еңбеккерлер, 

Кеңес  Одағының  Батырлары  Н.Əбдіров,  М.Мамыраев,  Қ.Нұржанов,  А.Дəулетбеков  туралы 

материалдар жинақталған. Көрсеткіш соңында «Есімізде отт жылдар белестері» атты əдебиеттерге 

шолу, «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» викториналық сұрақтар ұсынылған. Материалдарды 

жинақтауда  өлкетану  бөлімінің  кітап  қоры,  өлкетану  картотекасы  жəне  электрондық  өлкетану 

катологы пайдаланылды. 

Көрсеткіш  оқушыларға,  студенттерге,  жоғары  оқу  орындарының  оқытушыларына, 

мұғалімдерге,  өлкетанушыларға,  кітапханашыларға  жəне  өз  өлкеміміздің  тарихын  білгісі  келетін 

оқырмандарға арналған. 



 

4

Олар Отан үшін шайқасты 

 

Облыс  еңбекшілерінің  Отанды  қорғауға  өз  еріктерімен жаппай  өтініш  беруі  олардың  нағыз 



отансүйгіштік, патриоттық сезімінен туындады. Соғыс басталысымен мыңдаған қарағандылықтар 

əскери  комиссариаттарға  келіп,  өздерін  Қызыл  Армия  қатарына  алуға  өтініш  білдірді. 1941 

жылдың соңына қарай облыстың əскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 

10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді. 

Соғыс  жылдары  майданға  барлығы 45 мыңға  жуық  адам  жіберілді.  Қарағандылықтар  Отан 

үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты, Олар Ленинградты, Сталинградты қорғады, 

Курск  шайқасына  қатысты.  Украинаны,  Молдавияны,  Румынияны,  Венгрияны  неміс-фашист 

басқыншыларынан азат етті. 

Орталық  Қазақстанда  Қызыл  Тулы 72-гвардиялық  Красноград  атқыштар  дивизиясы, 387- 

Перекоп  атқыштар  дивизиясы  жəне  Ленин  орденді 310-Новгород  Қызыл  Тулы  атқыштар 

дивизиясы жасақталды. 

72-атқыштар дивизиясы Сталинград бағытында шайқасып, Қырым мойнағына дейін ұрыспен 

жүріп өтті, Перекоп бекінісін алуға қатысып, Севастопольды, Бухаресті азат етті. 

310-дивизия  Ленинград  түбіндегі,  Тихвин  маңындағы,  Волхов  майданындағы  ұрыстарға, 

Ленинград  қоршауын  бұзуға  қатысты,  Новгород  пен  Карелияның  оңтүстік  аудандарын  жаудан 

азат  етті,  Шығыс  Померанияны  жəне  Берлин  операцияларына  да  қатысты.  Сонымен  қатар 

қарағандылықтар партизандар қозғалысына да белсене араласып, өз жерін қорғауғада теңдесі жоқ 

ерлік көрсетті. 

Ортақ  Отанды  қорғаушылардың  сапына  тұрған  қарағандылықтар  арасынан  облыста  туып 

өскен  немесе  еңбек  еткен 18 адам  Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ие  болды,  бұлардың  ішінде 

Н.Əбдіров, М.Мамыраев, Қ.Нұржанов А.Дəулетбеков жəне тағы басқалары. 3 адам Даңқ орденінің 

үш дəрежесіне бірдей ие болды. 

Фашизмге  қарсы  күресте  көрсеткен  батырлығы  мен  ерлігі  үшін 6587 қарағандылық  Кеңес 

Одағының ордендерімен жəне медальдарымен марапатталды. 

Қарғандылықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікпен шайқасты. 

 

Əдебиеттер: 



 

Ағыбаев  М.  Жеңiс  жолындағы  азапты  күндер: 9 мамыр-Жеңiс  күнi // Азия  Транзит.-2003.-

N5.-4 б. 

Азбанбаев А. Сағындым сары даламды Сарыарқамды: Естелiк // Орт. Қазақстан.-2004.-12, 17 

ақпан.-8 б. 

Айтжанова Қ. Жеңiстi жақындатқандар: Тағзым // Темiртау.- 2004.- 13 мамыр 

Айтжанұлы  Қ.  Екi  майданның  ардагерi:  Ұлы  Жеңiске-55  жыл // Орт.  Қазақстан.- 2000.-10 

мамыр 


Айтуғанова  А.  Сол  күндердiң  өшпес  даңқы:  Курск  шайқасына - 60 жыл // Орт.  Қазақстан.- 

2003.- 26 тамыз.-2 б. 

Ақсұңқарұлы С. Қасiрет пен қасиет: Ұлы Жеңiске-55 жыл // Орт. Қазақстан.- 2000.-6 мамыр 

Ақынов Ə. Ұлы Отан соғысы тарихындағы Қарқаралы беттерi // Қарқаралы.- 2001.-5 мамыр 

Алдашева Р. Даламның иiсi бұрқырап: Ешкiм де ұмытылмайды // Темiртау.- 2004.- 6 мамыр 

Алдашева  Р.  Сұрапыл  соғыста  медсанбаттың  сарбазы  болған.  Жеңiстi  жақындатқандар // 

Темiртау.- 2003.- 8 мамыр 

Алпысұлы С. Əкесiн алпыс жыл iздеген азамат: Ұлы Отан соғысында Қарағанды облысынан 

45  мың  жас  жiгiт  майданға  аттанып,  олардың 18 мыңы  оралмаған // Орт.  Қазақстан.- 2002.- 14 

желтоқсан.-13 б. 

Алпысұлы С. Ерлiкке өрiлген өмiр: [Ұлы Отан соғысының мүгедегi, филология ғылымының 

кандидаты, доцент Қ.Лекеров туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-19 сəуiр 

Алпысұлы С. Зұлматты алғаш көргендердiң бiрiмiн // Орт. Қазақстан.- 2003.- 21 маусым.-9 б. 

Алтайбаева  С.  Ерлiк  ешқашан  ұмытылмайды:  Ұлы  Жеңiстiң 60 жылдығына // Темiртау.- 

2004.- 16 желтоқсан.-2 б. 

Аманбаев Қ.Ə. Соғыстың соңғы солдаттары: Жеңiс күнi қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 

1 мамыр.-5 б. 


 

5

Аманжолов  Қ.  Бүгiн  майдың  отыз  бiрi: [Жауынгер  дəптерiнен]//  Орт.  Қазақстан.- 2001.-8 



қыркүйек, Қарқаралы.- 2001.-8 қыркүйек 

Аманжолов  Қ.  Естен  қалмас  бiр  оқиға: [Жауынгер  дəптерiнен]//  Орт.  Қазақстан.- 2001.-8 

кыркүйек 

Ахметжанов Қ. Отан үшiн от кешкен // Қарқаралы.- 2002.- 9 мамыр 

Əбдiразақов  Т.  Қиянат  пiкiрге  халық  сенбейдi:  Ұлы  Отан  соғысы  тарихын  бұрмалаушылар 

туралы// Орт. Қазақстан.- 2000.-6 мамыр 

Əбеу Б. Жауынгердiң жүрегi ақ сөйлейдi: [Соғыс жəне еңбек ардагерi Ж.Ранов туралы]// Орт. 

Қазақстан.- 2000.-22 наурыз 

Əбеу Б. Партизан: [Қаппас Əлиакпаров туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-15 сəуiр 

Əбiлда Қ. Асылдың сынығы: Ардагерлер арамызда // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-7 б. 

Əбiлдин Қ. Бұғанамыз бекiген сұрапыл жылдар// Орт. Қазақстан.- 2001.-9 мамыр 

Əбiлдин  Қ.  От  ортасынан  оралған  немесе  сұрапыл  соғыстың  сонғы  сарбаздарының  бiрi 

Тұрмысбаев туралы бiр үзiк сыр // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-8, 9 б. 

Əденұлы Р. Соғыс жылдарындағы соқпақтар: Ұлы Жеңiске - 57 жыл // Ұлытау өңірi.- 2002.- 9 

мамыр 

Əзиев Ə. Майдан сарбаздары - Бауыржан мен Əзiлхан: Естелiк// Орт. Қазақстан.- 2000.-26, 29 



сəуiр 

Əлiмбаева Г. От кешкен // Абай-Ақиқат.- Абай, 2002.- 27 сəуiр 

Əлiұлы  С.  Қаражалдың  қадiрлi  қарты:  Ардагерлер  арамызда // Орт.  Қазақстан.- 2004.- 27 

сəуiр.-12 б. 

Базарбай М. Қарқаралы қыраны немесе аяулы Ахметбек пен "Азалы ана"// Қарқаралы.- 2000.-

6 мамыр 


Байболсынұлы М. Балатон шайқасы: Майдангер естелiгiнен // Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 8 

мамыр 


Байсерiкұлы С. Есiмде менiң сол жылдар: Ұлы Отан соғысына - 60 жыл// Қарқаралы.- 2001.-

30 маусым 

Байтұрсын  Т.  Жөргекте  қалған  нəресте  əкесi  жерленген  бауырластар  қорымына  барып 

қайтпақ // Орт. Қазақстан.- 2003.- 21 маусым.-8 б. 

Барманқұлов  Ш.  Отты  жылдар  естелiгi:  Соғыс  ардагерi  Ш.О.Барманқұловпен  əңгiме 

/Əңгiмелескен А.Асылханұлы// Қарқаралы.- 2000.-22 сəуiр 

Башар  Ж.  Ұлтым  үшiн  қуандым: [Шет  ауданының  құрметтi  азаматы  Ж.Құтжанов  туралы]// 

Орт. Қазақстан.- 2000.-3 мамыр 

Бейсеұлы  Е.  Елге  еңбегi  сiңген  ардагер: [Соғыс  жəне  еңбек  ардагерi  М.Қожабергенов 

туралы]// Орт. Қазақстан.- 2002.-27 наурыз 

Бек М.М. Майданнан келген соңғы хат // Ұлытау өңiрi.- 2002.- 9 мамыр  

Бекенов  Қ.  Бұл  шешушi  күрес  едi:  ҰОС  ардагерi  Қ.Бекеновпен  əңгiме / Əңгiмелескен 

С.Жанысбай // Орт. Қазақстан.-2004.- 6 шiлде.-9 б. 

Бекмаханұлы  И.  Майданға  екi  рет  барып  қайтқан  соғыс  ардагерi  Төлеген  Сансызбаевтың 

басынан кешкен жорық жолдары // Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 21 сəуiр 

Боздақтар. 1941-45 ж.Ұлы  Отан  соғысы  жеңiсiнiң 50 жылдығына  арналады / Бас  ред. 

Р.Н.Нұрғалиев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994.- 496 бет. 

Бөкенбаев  Н.  Болашақ  үшiн  күрестiк:  Майдангер  лебiзi // Сарыарқа.-  Жезқазған, 2001.-9 

мамыр 

Бiлəлқызы Ə. Ескiрмейтiн естелiк // Орт.Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-9 б. 



Бiлгiшбайқызы Ш. Майдан командирiнiң соқпақ жолы // Нұра.- Киевка, 2001.-5 мамыр 

Досжан Д. Тəуелсiздiк – тəттi сөз емес... // Орт. Қазақстан.- 2001.- 7 сəуiр 

Еңсебаев К. Жауынгер өткен жол // Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-9 мамыр 

Есеева  Б.  Адам  тағдыры: [Соғыс  ардагерi  С.Сейiлов  туралы] // Абай  хабаршысы.- 2000.-6 

мамыр 

Жанғожин А. Елу бес жылға созылған "iссапар": [В.Г.Саламатов туралы]// Орт. Қазақстан.- 



2000.-2 желт. 

Жанғожин А. Ерлiк даңқы өшпейдi: Ұлы Жеңiске-55 жыл// Орт. Қазақстан.- 2000.-10 мамыр 

Жанғожин  А.  Қарағандылықтар  Отан  үшiн  шайқаста:  Қазыналы  қарашаңырақ / Е.Лұқпан// 

Орт. Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б. 



 

6

Жанысбаев  З.  Өшпес  ерлiк  өнегелi  ғұмыр:  Майдангер  ұрпағы  сыр  шертедi // Сарыарқа.-



Жезқазан 2003.- 9 мамыр 

Жанысбай С. Солдат сəлемi: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-16 б. 

Жанысбай  С.  Шығыс  майдан  жауынгерi: [Д.Ысқақұлы  туралы]//  Орт.  Қазақстан.- 2000.-3 

мамыр 


Жармағанбетұлы  М.  Ағайындылар:  Соғыс  жаңғырығы // Мысты  өңiр.-  Жезқазған, 2003.- 9 

мамыр.-5 б. 

Жəбекұлы Т. Батырдың ұрпағы //Қарқаралы.- 2004.- 15 мамыр 

Жұмасұлтанов Ə. Соғыс жылдарында: Мемуар // Орт.Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-10 б. 

Жүнiсұлы О. Ұлы Жеңiс - тарихтың парақтары // Орт. Қазақстан.- 2004.- 13 мамыр.-3 б 

Зинчук Д. Əйгiлi Кожедубтың механигi // Орт. Қазақстан.- 2002.- 1 мамыр 

Зинчук Д. Ғұмыр бойы алдыңғы қатарда: Ұлы Жеңiске- 60 жыл// Орт. Қазақстан.- 2004.- 25 

желтоқсан.-4 б. 

Иманғалиұлы  Қ.  Марқасқасы  қаламыздың  Қалекең:  Қарағанды  қаласына - 70 жыл // Азия 

Транзит.- 2004.-N2.-30-31 б. 

Имаш  Е.  Батырлықтың  бағасын  халқы  бередi: [Соғыс  жəне  еңбек  ардагерi  Е.Шайымов 

туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-11 наурыз 

Исин С. Қарт майдангер: Хаттар сөйлегенде// Сарыарқа.- Ульяновка, 2000.-22 сəуiр 

Кəкiмжанұлы Ж. Олар Отан үшiн күрестi// Орт. Қазақстан.- 2000.-13 мамыр 

Қабдоллақызы Т. Қос бəйтерек: Ардагерлер арамызда // Орт. Қазақстан.- 2004.- 29 қаңтар.-4 

б. 


Қабирахманова А. Ел басына төнген жыл едi // Сарыарқа.- Ботақара, 2002.- 9 мамыр 

Қаһарман қарағандылықтар. Герои- карагандинцы. – Қарағанды: Болашақ- Баспа, 2000.- 146 

б. 

Қарабалин Ұ. Қара түндей қасiрет: Новелла // Орт. Қазақстан.- 2002.-8 мамыр 



Қасенов М. Елдiң шегi - шекараны күзеттiм: Естелiк // Орт. Қазақстан.- 2000.-26 сəуiр 

Қасымжанов Е. Сұрапыл жылдар ойраны // Қарқаралы.- 2001.-5 мамыр 

Қауысов Б. Батыстан балдақпен қайтқан жауынгер: Ұлы Жеңiске-55 жыл // Орт. Қазақстан.- 

2000.-19 сəуiр 

Қауысов Б. Елi үшiн жалғыздар да жауға шапқан: Соғыс ардагерi А.Бекешин туралы// Орт. 

Қазақстан.- 2000.- 22 сəуiр 

Қауысов Б. Өлiм мен өмiр арасы // Орт. Қазақстан.- 2003.- 23 тамыз.-4 б. 

Қожабергенов  М.  Ақ  жарқын  достың  бейнесi:  Жақсының  аты  өшпейдi // Орт.  Қазақстан.- 

2004.- 8 мамыр.-5 б. 

Қойбағаров  Х.  Есiмi  елдiң  есiнде:  Ұлы  Отан  соғысының  партизаны  Ғ.Омаров  туралы// 

Қарқаралы.- 2000.-29 сəуiр 

Қойбағаров Х. Днепр батыры: Ұлы Жеңiстiң 58 жылдығы қарсаңында // Қарқаралы.- 2003.- 

26 сəуiр 

Қырықбайқызы Б. Қаһарлы күндер // Абай-Ақиқат.- 2003.- 8 ақпан 

Лұқпан Е. Əскери дəрiгер: Р.Көшкiмбаева туралы // Орт. Қазақстан.- 2000.- 3 мамыр 

Лұқпан Е. Берлин үшін шайқас // Орт. Қазақстан.-2005.-13 қаңтар.- 10 б. 

Лұқпан Е. Дос туралы сыр: Жаңа кiтап // Орт. Қазақстан.- 2003.- 14 тамыз.-8 б. 

Лұқпан Е. Европаны азат ету //Орт. Қазақстан.- 2005.-6 қаңтар- 10 б. 

Лұқпан Е. Курск иiнiнде: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 4 

желтоқсан.-6 б. 

Лұқпан Е. Күркiреп күндей өттi ғой соғыс..: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. 

Қазақстан.- 2004.- 19 қазан.-5 б. 

Лұқпан  Е.  Ленинград  қоршауын  бұзу:  Ұлы  Жеңiстiң 60 жылдығы  қарсаңында // Орт. 

Қазақстан.- 2004.- 23 желтоқсан.-6 б. 

Лұқпан Е. Москва үшiн шайқас: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 

2004.- 13 қараша.-7 б. 

Лұқпан Е. Өмiр өткелдерi: [соғыс ардагерi М.Б.Қожабергенов туралы]// Азия Транзит.- 2004.-

N10.-10-13 б. 

Лұқпан  Е.  Солдаттың  үшбу  хаттары:  Күркiреп  күндей  өттi  ғой  соғыс // Орт.  Қазақстан.- 

2004.- 8 мамыр.-6 б. 



Лұқпан Е. Панфиловшылардың соңғы тұяғы: Майдангер Мүтəш Қожабергеновтың балалық 

шағынан // Орт. Қазақстан.- 2003.- 30 қыркүйек.-4, 5 б. 

Лұқпан Е. Порт-Артурдан келген хат// Орт. Қазақстан.- 2001.-4 қазан 

Мағзұмұлы Қ. Он үш жасында орден алған: [Р.Шамжанова туралы] // Орт. Қазақстан.- 2002.-

8 мамыр 

Мақаш  Д.  Тоқсаннан  асқан  ақсақал:  Қарағандының  кешегi  тiрлiгiнiң  тiрi  шежiресi // Орт. 

Қазақстан.- 2004.- 12 аєпан.-7 б. 

Мекей Б. Үзiлмеген үмiт: Новелла // Абай-Ақиқат.- 2001.- 21 сəуiр 

Орайханұлы С. Тыртық: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Азия Транзит.- 2003.- N5.-8 б. 

Сағынтай С. Қаһарлы "Катюшаның" командирi // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-4 б. 

Сағынтай С. Сүмблiленiң шоқ жұлдызы: Эссе // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-9 б. 

Сəдуақасұлы Е. Қан кешу жылдары: Ұлы Жеңiске-55 жыл// Орт. Қазақстан.- 2000.- 10 мамыр 

Сексенұлы  С.  Бес  жыл  мұз  жастанып,  от  кешкен 18 майдангер // Орт.  Қазақстан.- 2002.- 8 

мамыр 


Сексенұлы  С.  Жарқылдап  өткен  ғұмыр:  М.Рымжанұлының - 80 жылдығына // Орт. 

Қазақстан.-  2000.- 6 желтоқсан 

Сексенұлы С. Сарғайған бiр жапырақ қағаздың сыры // Орт. Қазақстан.- 2001.- 12 мамыр 

Сексенұлы С. Сегiз жыл солдат болған майдангер // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-8, 9 б. 

Смағұлов Ғ. Жалынды жылдар жылнамасы: Жаңа кiтап // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-16 

б. 


Смағұлов Ғ. Есiнде отты жылдар белестерi // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-5 б. 

Смағұлов Ғ. Отан үшiн от кешкен // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-7 б. 

Соболев А.Н. Ерлiкке тағзым ете беремiз: Курск иiнiндегi шайқасқа - 60 жыл // Сарыарқа.- 

Жезқазған, 2003.- 8 тамыз 

Тайтөлеу Ж. Аруағыңа бас иемiз, аяулы аға!.: Соғыс майдангерi Ы.Халықбергенов туралы // 

Орт. Қазақстан.-2000.- 13 мамыраз) 

Ташенов И. Жеңiс үшiн айқастық // Қарқаралы.- 2004.- 15 мамыр 

Тұңқатарұлы К. Сағыныш назы: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Азия Транзит.- 2003.- N5.-6 б. 

Тұрсынов Б. Он жетiсiнде от кешкен: // Орт. Қазақстан.- 2004.- 11 мамыр.-12 б. 

Шаншаров Б. Ескiрмейтiн естелiк: [Соғыс жəне еңбек ардагерi Б.Х.Бектұрғанов естелiктерi]// 

Балқаш өңiрi.- 2001.- 10 сəуiр 

Ысқақұлы Т. Адам мен тағдыр: [Ш.Əбжанұлы туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-25 қараша 

Iзтiлеуов Д. Қаһарман қайсар замандас: Гвардия офицерi Асайын Мұсабеков қақында бiр үзiк 

сыр // Орт. Қазақстан.- 2002.- 4 мамыр 

Iзтiлеуов Д. Олар кеше от кештi қан майданда - Отан үшiн, Ел үшiн, Жеңiс үшiн // Жаңаарқа.- 

2002.- 4 мамыр 

 

 

Нұркен Əбдіров 



(1919-1942) 

 

Əбдіров  Нұркен 1919 жылы  Қарқаралы  өңірінде  бұрынғы 5-ші  ауыл, 



қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге 

келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада əуе 

клубында  үшқыш  мамандығын  игерген.  Соғыс  басталғанда  Нұркен  Орынбор 

əуе  училищесінде  оқитын.  Ол  майданға  аттануға  ұмытыла  берді,  сондықтанда 

оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы 

əскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. 

Оқуды тəмамдағаннан кейін ол 267 əуе дивизиясының 808-ші шабуылшы 

полкы құрамында майданға аттанды. 

Н.Əбдіров  талай  əуе  шайқасына  қатысып,  ерлік  пен  өжеттік,  əскери  шеберлік  танытты,  əр 

тапсырманы мұқият орындап отырды. 

Қазанның 23 күні

 

тұңғыш  рет  əуе  шайқасына  аттанар  алдында  Нұркен  былай  деп  жазған 



екен: “Егер  біз  фашистерді  құртпасақ,  олар  біздің  түбімізге  жетеді.  Сөйтіп  қуанышты,  бақытты 

өмірмен қоштасамыз...” 

 

7


 

8

Барлығы 17 рет əуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен 



көлігін, оның ішінде оқдəрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит 

қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау əскерін құртты. 

1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш əрі байланысшы 

Саша  Комиссаров  екеуі  соғыс  аспанына  соңғы  рет  самғап  шыққан  еді.  Боков - Пономорев 

станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит 

артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді. 

Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. “Өзекті жанға бір өлім” деген ой шарпып өткен 

ұшқыш,  отқа  оранған  күміс

  Қ

анат  сұнқарды  фашист  танктері  шоғырланған  тұсқа  қарай  бұрды. 



Осылайша  құлдилай  құлаған  самолет  ішіндегі  Нұркен  мен  оның  қандыкөйлек  серігі  Александр 

Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті. 

Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Əбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі 

ең мəртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді. 

Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды 

енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Əбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға 

аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды. 

Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің 

басында  қызыл  тастан  қашалған  ескерткіш  бар.  Қарағандынын  қақ  ортасында  батыр  Нұркен 

бейнесі  мəнгілікке  орнықты,  Нұркен  ауылында  да  ескерткіш  орнатылды.  Кеншілер  астанасының 

əсем  спорт  сарайы  батыр  жерлесіміздің  есімін  иеленген.  Қазақ  батырының  ерлігі  қанша  жыр - 

хикаяға, əн мен əңгімеге арқау болды. 

Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен атында. Батырдың анасы Бағжан бəйбіше 

Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенскаядағы мекенінде М.А.Шолохов 

Нұркеннің анасын мейман еткенін білеміз. 

Қарапайым  қазақ  баласы  Н.Əбдіровтың  өмірі  мен  ерлігі  қаһарман,  қаншыл  қазақ  ұлтының 

бойындағы игі қасиеттердің айнасындай əлемге шұғыла шашып тұр. 

 

Əдебиеттер: 

 

Айнабеков Қ. Атақты атың жоғалмас, алтынмен жазған тарихтан: /Н.Əбдіров туралы/ //Орт. 



Қазақстан. - 1990. - 1 сəуір 

Əбдiров  Ə.С. "Ағаның  ерлiгi - iнiге  үлгi":  полковник  Ə.С.Əбдiровпен  əңгiме / əңгiмелескен 

А.Кашина// Орт. Қазақстан.- 2003.- 23 қаңтар.-5 б. 

Əбдіров Нұркен. // Қарағандылық батырлар.- Қарағанды, 1990. – 7-8 б. 

Əбдіров Нұркен. // Қаһарман қарағандылықтар. Герои – карагандинцы. – Қарағанды, 2000. – 

5-7 б. 


Əбдіров Нұркен. //Совет Одағынын Қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969. - 1- ші том. – 43 

- 44 б. 


Əбілдин Қ. Ана толғауы: /Нұркен ескерткішіне/ // Орт. Қазақстан. - 1965. - 7 мамыр 

Əубəкiров Ə. Ақиқаттан аттамайық: Жаңғырық // Орт. Қазақстан.- 2004.- 22 маусым.-4 б. 

Əубəкiров Ə. Тарихи шындықты бұрмалауға болмайды // Орт. Қазаєстан.- 2002.- 12 қазан.-3 

б. 


Байтұрсын  Т.  Жасындай  жауын  жайратқан:  Нүркен  Əбдiровтiң  ерлiгiне - 60 жыл // Орт. 

Қазақстан.- 2002.- 28 желтоқсан.-10 б. 

Батыр жерлестеріміз: /Н.Əбдіров т.б. Совет Одағының Батырлары атағын алу туралы/ // Орт. 

Қазақстан. - 1965. - 8 мамыр 

Бекмаханұлы  И.  Жалындап  өткен  жас  ғұмыр:  Кеңестер  Одағының  батыры  Нүркен 

Əбдiровтiң Ұлы Отан соғысындағы ерлiгiне 60 жыл толуына орай // Сарыарқа.- Жезқазған 2002.- 

18 желтоқсан 

Бектұров Ж. Ұлы достықтың сымбаты: /Кеңес Одағының батыры Н.Əбдіров жайлы/ // Орт. 

Қазақстан. - 1975. - 16 мамыр 

Володченко В. Нұркеннің досы. /Нұркен жəне оның майдандас досы С.Н.Вандышев жайлы/ // 

Орт. Қазақстан. -1974. - 11 шілде 

Дала қыранының түлеуі: /Н.Əбдіровтың хаттарынан/ //Ақиқат. - 1995. - №5. - 9-20 б. 



 

9

Ерлiк - елге  мұра,  ұрпаққа  ұран!:  Қаһарман  жерлесiмiз  Нүркен  Əбдiровтiң  Ұлы  Отан 



соғысында ерлiкпен қаза тапқанына 60 жыл // Абай-Ақиқат.- 2002.- 21 желтоқсан 

Ерлiк - елге  мұра,  ұрпаққа  ұран!.:  Қаһарман  жерлесiмiз  Нүркен  Əбдiровтiң  Ұлы  Отан 

соғысында ерлiкпен қаза тапқанына 60 жыл // Орт. Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-1, 4 б 

Ермекбаев  Т.  Батырдың  бауыры: /Н.Əбдіровтың  інісі  Марлен  Əбдіров  туралы  очерк/ //Орт. 

Қазақстан. - 1987. - 9 қантар. 

Жанғожин  А.  Қарағандылықтар  Отан  үшiн  шайқаста:  Қазыналы  қарашаңырақ // Орт. 

Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б. 

Жүзбаева Қ. Ер есiмi - ел есiнде: Нүркен Əбдiровтiң ерлiк жасағанына 60 жыл толуына орай 

// Орт. Қазақстан.- 2002.- 9 қазан.-11 б. 

Жүрек  лүпіліне  толы  хаттар: /Н.Əбдіровтың  Қарағандыдағы  туған - туыстарына  жазған 

соңғы хаты/ //Орт. Қазақстан. - 1996. -7 мамыр 

Игенсартов  Ғ.  Кек  шешімі: /Совет  Одағының  батыры  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан 

Н.Əбдіров жайында жазған поэмадан үзінді/ //Сов. Қазақстан. - 1959. - 9 мамыр 

Қарағанды батырлары: /Н.Əбдіров жайында/ //Орт. Қазақстан. - 1972. - 9 май 

Лəмбекұлы С. Қарқаралы қыраны: Проза // Азия Транзит.- 2003.- N5.-9-11 б., №6.-22-24 б. 

Лұқпан  Е.  Едiл  бойындағы  ерен  ерлiк:  Ұлы  Жеңiстiң 60 жылдығы  қарсаңында // Орт. 

Қазақстан.- 2004.- 25 қараша.-7 б. 

Мансұр Т. Батырдың бір бейнесі: /Н.Əбдіров жайында/ //Орт. Қазақстан. - 1993. - 21 қаңтар 

Мүсірепов Ғ. Ақлима: /Н.Əбдіров жайлы/ //Қазақстан əйелдері. - 1972. - №3. - 12-15 б. 

Мүсiрепов Ғ. Совет Одағының Батыры // Орт. Қазақстан.- 2002.- 11 желтоқсан.-4 б. 

Нұркен туралы жыр. // Орт. Қазақстан. - 1973. - 4 наурыз 

Нұркен  шыққан  ортасы: /Кеңес  Одағының  батыры  Н.Əбдіровтың  өмірінен/ // Қарқаралы. - 

1996. - 4, 11, 25 мамыр 

Омарбекұлы  М.  Елдiң  даңқын  ер  шығарады:  Нүркен  ауылында  Қарқаралы  қыранына 

арналған мемориал ескерткiш ашылды // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-3 б. Қарқаралы.- 2003.- 

9 мамыр 


Орманов  Ғ.  Шойын  шыны: /Н.Əбдіров  туралы  өлең/ //Алыптар  туралы  ойлар. - Алматы: 

ҚМКƏБ., 1960. -212-213 б. 

Орманов  Ғ.  Шойын  шыңы: /Н.Əбдіров  туралы  тақпақ/ //Таңдамалылар. - Алматы:  Көркем 

əдебиет баспасы, 1961. - 10 б. 

Решеткина Е. Мəңгілік өмір жыры: /Батыр - ұшқыш Н.Əбдіров туралы жаңа деректер/ //Орт. 

Қазақстан. - 1988. - 23 февр. 

Сағымбеков Р. Нұркен Əбдіров: Арқа ардақтылары. //Орт. Қазақстан. - 1990. - 25 наур. 

Сағынтай С. Ерлiкке - тағзым: Нүркен Əбдiровтiң ерлiгiне - 60 жыл // Орт. Қазақстан.- 2002.- 

21 желтоқсан.-1, 6 б. 

Сауғабаев К. Нұркен ағай осындай: /Кеңес Одағының батыры Н.Əбдіровке өлең/ //Лениншіл 

жас. - 1972.- 13 қырқ. 

Сəденұлы  Қ.  Қазақтың  қанатты  ұлы: /Сов.  Одағының  батыры,  жауынгер  үшқыш 

Н.Əбдіровтің  Ұлы  Отан  соғысында  ерлікпен  опат  болуна - 50 жыл/ // Орт.  Қазақстан - 19 

желтоқсан 

Сəденов Қ. Мөлдір шақ: /Сов. Одағының Батыры Н.Əбдіров 50 жасқа толуына байланысты 

жазылған/ // Орт. Қазақстан. - 1969.-1 авг. 

Семенов  Л.  Қарағандылық  Батыр  ұшқыш  Н.Əбдіров  туралы. // Орт.  Қазақстан. - 1975. - 12 

апр. 


Смағұлов  Ғ. "Ерлердiң  өлiмiнде  де  өмiр  бар":  Нүркен  Əбдiровтiң  ерлiгiне - 60 жыл // Орт. 

Қазақстан.- 2002.- 18 желтоқсан.-5 б. 

Совет Одағының Қарағандылық батырлары: // Орт. Қазақстан. -1985. - 10 май 

Сүлеев  Д.  Ерлік  данқы  өшпейді  ешқашанда: /Батыр  Нұркен  ауылындағы  мерекеден 

репортаж/ //Қарқаралы. - 1995. - 27 мамыр 

Сүлейменов Р. Батырдың анасы: /Н.Əбдіров жайлы/ //Орт. Қазақстан. - 1977. - 15 июнь 

Сүлейменов  Р.  Қара  алтын: /Н.Əбдіровтың  балалық  шағынан  əңгіме/ // Орт.  Қазақстан. - 

1981. - 15 июль 

Талжанов С. Біздің Нұркен: /Н.Əбдіров туралы/ // Коммунизм таңы. - 1987. - 9 май 


 

10

Төребекова  А.  Есiмi  ел  есiнде:  Н.Əбдiровтың  ерлiгiне - 60 жыл // Орт.  Қазақстан.- 2002.- 6 



шiлде 

Ыдырысов  Н.  Нұркен  Батыр:  Баллада  /Н.Əбдіров  жайлы/ //Коммунизм  таңы. - 1974. - 9 

июль19 желтоқсан  

Якимов  Г.  Өшпес  ерлiк:  Нүркен  Əбдiровтiң  ерлiгiне- 60 жыл // Орт.  Қазақстан.- 2002.- 18 

желтоқсан.-5 б. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет