Каражанбас
«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы
№4
13
МАМЫР
2015
Дәулетжан Хасанов: «Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!»
Бірінші Вице-президент Ли Тецян:
Құрметті біздің ардагерлеріміз!
Осынау ұлы мейрам күні батылдық пен өрліктің өшпес үлгісін көрсетіп,
Отан үшін отқа түсуге дайын ерліктеріңіздің арқасында Жеңіс күніне жеткізген
қайсарлықтарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Ұлы Отан соғысына қатысушы
майдангерлер мен еңбек майданына қатысқан тыл ардагерлерінің еңбегі ұшан -
теңіз.
Сіз мықты төзімділіктің, бірліктің биік үлгісін және Отанға деген
адалдықтарыңызды таныттыңыздар. Енді Сіздің ерліктеріңізді кейінгі бүкіл ұрпақ
мақтаныш тұтатын болады.
Қымбатты ардагерлер!
Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым
өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын. Жандарыңыз жамандық көрмей, дендеріңіз
сау болып, ашық аспан астында ұзақ ғұмыр сүріңіздер!
Құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі
Вице-президент Руслан Макашев:
Ардақты батыр ағалар! Еңбек майданында қызмет еткен тыл
ардагерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды.
Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатырған ардагерлеріміздің
әрқайсысы бір төбе. Адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елімізге
қамал-қорған бола білген олардың батылдығы, жанқияр ерлігі мен рухы бізге
үлгі. Майдан даласында шайқасқан аталарымыздың арқасында бүгінде бейбіт
аспан астында еркін өмір сүріп, еліміз күн өткен сайын өркендеуде. Мың алғыс,
Сіздерге, Ардагерлер!
Лайым, денсаулықтарыңыз мықты болып, көңілдеріңізді кірбің шалма-
сын! Мерекелеріңізбен!
9 мамыр – Жеңіс күні – біз үшін кәдуілгі мерекелер-
ден бөлек тұратын ұлы мереке. Тарихта өшпес із қалдырған,
ұрпақтар жүрегінде бабалар ерлігіне деген тағзым мен
мақтаныш сезімін ұялатқан ұлық күн.
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз
даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас
қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Бұл – ар мен намысты ту етіп, ел үшін етігімен су кеш-
кен батыр ардагер бабаларымыздың, бейбіт өмір жолында
жанын құрбан еткен жауынгерлеріміздің ерлігін әйгілеген
ұлы рух мерекесі. Осы рух пен отансүйгіштіктің арқасында
біздің халқымыз зұлым фашизмді ойсыратып, Жеңіс жалауын
желбіретті.
Сұрапыл соғыстың салқынын сезінген әрбір от-
басы қайғы мен қасіреттің ауыр зардабын бастан кешті.
Миллиондаған жандардың жанын жалмаған осы зұлмат
соғысқа біздің елімізден 1 миллион 500 мың қазақстандық
қатысты. Мыңдаған отандасымыз тылда еңбек етіп, жеңісті
жақындатуға үлес қосты. Бүкіл ел болып жұмыла бейбіт аспан
астындағы тіршілік үшін күресті.
Биыл біз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап
өтудеміз. «Бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп, әнекей,
жағадай тұр» деп ақын жырлағандай, Маңғыстау облысында
да Ұлы отан соғысының ардагерлері күн санап сиреп барады.
Бүгінгі күні көзі тірі 60 ардагер арамызда жүр. Майдан дала-
сында ерлікпен шайқасқан, сол күндердің тірі куәгерлері - ар-
дагер аталарымызға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.
Сұрапыл соғыста кеудесін оққа төсеп, отаны үшін жанын бер-
ген батыр бабаларымыздың рухына біз әрдайым тағзым етіп
өтеміз.
Ерлікті жасау - бір ерлік, оны ұлықтау – мың ерлікке
тең. Барымызды қадір тұтып, сыйлап өту – біздің борышы-
мыз. Ал Жеңіс күні - мәңгілік ұмытылмайтын, тарихымыздың
төрінен орын алатын қастерлі күн болып қала бермек.
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Ардақты әріптестер!
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор
денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-
береке тілеймін! Сіздердің ұлы ерліктеріңіз біздің жүрегімізде
мәңгі сақтаулы.
Құрметпен, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті
Дәулетжан Хасанов
«Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті
Дәулетжан Хасанов
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті әріптестер!
Бүгіннен бастап балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыскерлерден
Өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Жазғы демалысқа баратын балалардың
тізімі кәсіподақ ұйымының қатысуымен алқалы шешіммен қарастырылады.
Тізімді жасақтау кезінде келесі талаптарды ескеруіңіз сұралады:
бала келесідей жас аралығында болуы тиіс:
- 10 – 13 жас аралығында - Алматы қаласына баратын балалар үшін;
- 11 – 13 жас аралығында - Россияға баратын балалар үшін;
- 7 – 13 жас аралығында - облыс аумағындағы, жергілікті лагерге баратын балалар үшін.
Жанұядан 1 балаға ғана өтінім қабылданады.
Сізден келесі мерзімдерде өтінімдерді Әлеуметтік жұмыс департаментіне жолдауыңыз
сұралады:
- 2015 жылдың 15 мамырына дейін - Алматыға баратын балалар үшін;
- 2015 жылдың 25 мамырына дейін - Ресейге баратын балалар үшін;
- жергілікті лагерге өтінімдер әр кезеңге тізім жасақталып болғанға дейін қабылдана береді.
Тапсыруға қажетті құжаттар:
1. Ата-ананың арызы (берілген үлгібойынша);
2. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
Анықтама телефондары: 3284; 3148
Құрметпен, Әлеуметтік жұмыс департаменті
2
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 13 мамыр №4 шығарылым
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТҰҢҒЫШ
БЕТПЕ-БЕТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ КАДРЛЫҚ
ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ
8 сәуір күні «Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелері бетпе-бет кездесіп, 2015 жылы
Кеңестің тұңғыш отырысын өткізді.
Аталмыш отырыста «Қаражанбасмұнай» АҚ – ның 2014 жылда атқарған жұмысының қорытындылары
және 2015 жылғы 1 тоқсандағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері қаралды.
Сонымен қатар отырыста кадрлық және ұйымдастыру бағытындағы мәселелер талқыға түсіп, Қоғамдағы
ұйымдастыру және өндірістік процесстерді оңтайландыру бойынша жоспарлы түрде жүргізіліп жатырған
жұмыстарға байланысты, Қоғамның оңтайландырылған ұйымдастыру құрылымы бекітілді.
Осы құрылымға сәйкес, Өндірістік бөлім, Бас энергетик қызметі, Бас механик қызметі және Жаңа тех-
ника мен технологиялар департаменті біріктіріліп, Өндірістік-техникалық департамент құрылды. Сонымен бірге
Құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі Вице – президент және Аппарат Басшысы лауазымдары енгізілді.
Бұл лауазымдарға сәйкесінше Мақашев Руслан Бексұлтанұлы және Хитуов Тарас Кикбайұлы тағайындалды.
Бұдан өзге Ұйымдастыру-шаруашылық мәселелер жөніндегі бөлім және Әкімшілік қамтамасыз ету бөлімі
құрылды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ құрылымында кадрлық
өзгерістер болды. Директорлар Кеңесінің шешімімен
Құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі Вице – прези-
дент және Аппарат Басшысы лауазымдары бекітілді.
Құқықтық және кадрлық мәселелер жөніндегі Ви-
це-президент болып бұған дейін Заң департаментінің ди-
ректоры қызметін атқарған Макашев Руслан Бексұлтанұлы
тағайындалды. Жаңа қызметте ол Заң департаментіне, Пер-
соналмен жұмыс департаментіне және Әлеуметтік жұмыс
департаментіне жетекшілік ететін болады.
Аппарат басшысы болып бұған дейін кадрлық және
әкімшілік мәселелері жөніндегі Вице-президент қызметін
атқарған Хитуов Тарас Кикбайұлы тағайындалды. Ендігі
жерде Тарас Кикбайұлы тамақтану, тұрғылықты мекен-жай
және көлікпен (кен орны және қала) қамтамасыз ету, басқа
да әлеуметтік, шаруашылық-ұйымдастыру, сондай – ақ сыртқы
ортамен, оның ішінде әкімдікпен және мемлекеттік органдар-
мен өзара әрекеттестік мәселелерімен айналысады. Екі бас-
шы да өз міндеттеріне 14 сәуірден бастап кірісіп кетті.
Макашев Руслан Бексұлтанұлы
1979 жылы туылған. Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын «құқықтану» мамандығы бой-
ынша және Каспий Қоғамдық Университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Институттан кейін өзінің еңбек жолын «Қазақойл – Ембі» ААҚ – да (қазіргі «Ембімұнайгаз»
АҚ) бастап, осында 2000 жылдан 2004 жылға дейін заңгер қызметін атқарады.
2004-2008 жылдар аралығында Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ Заң
департаментінің бас заңгері (Құқықтық жағынан қамтамасыз ету департаментінің аға заңгері)
болып жұмыс жасайды.
2008 жылдан 2012 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ – да бірлескен кәсіпорындардағы
үлестерді басқару департаментінің директор орынбасары, сервистік активтерді басқару және
қайта құрылымдау департаментінің директор орынбасары, халықаралық келісімшарттар
департаментінің директор орынбасары қызметтерін атқарды.
2012 жылдың қазан айынан бастап «Қаражанбасмұнай» АҚ Заң департаментінің дирек-
торы лауазымында болды. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап Қоғамның Құқықтық және
кадрлық мәселелер жөніндегі Вице – президенті болып тағайындалды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің бұйрығына сәйкес, Заң департаментінің директо-
ры қызметіне Мукушев Айдарбек Қасымұлы тағайындалды.
Мукушев Айдарбек - 1978 жылы туылған. Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін
«құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы басқару академиясын «Сыртқы саясат
және дипломатия» факультеті бойынша бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы
істер министрлігінде бастаған.
2001 - 2006 жылдар аралығында Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінде
атташе, елшіліктің үшінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараттық-аналитикалық
жұмыс және болжамды бағалау департаментінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған.
2006 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Халықаралық
департаментінің бас менеджері, «БАТ» «Инвестициялық тәуекел инвестициялау қоры» АҚ
халықаралық байланыстар және құқықтық мәселелер басқармасының бастығы, «Альфа-Банк»
ЕБ АҚ алқалық органдары Хатшылығының басшысы лауазымдарында болды.
2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық қамтамасыз
ету департаментінің жетекші заңгері болып қызмет атқарды.
Күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары қызметіне Бисенов Самат
Сармалаевич тағайындалды.
1965 жылы туылған. Ивано-Франковск мұнай және газ институтын «мұнай және
газ кәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша (1990ж.); Орталық Азия
университетін «құқықтану» мамандығы бойынша ( 2002ж.); Алматы экономика және қаржы ака-
демиясын «қаржы» мамандығы бойынша (2009ж) бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы «XXI партсъезд» атындағы
совхоздың құрылыс және механизация цехында бастады.
1990 - 1992 жылдары «Сахалинморнефтегаз» Өндірістік бірлестігінің «Эхабинефтегаз»
Мұнай-газ өндіру басқармасының механигі, цех шебері болып қызмет етті (Оха қ., Сахалин об-
лысы, РФ);
1992 - 1994 жылдар аралығында – «Қаражанбастермнефть» тәжірибелік – эксперименттік
Мұнайгаз өндіру басқармасының қабаттардың мұнай өнімін арттыру цехының инженер – техноло-
гы; 1994 – 1996 жж. ҚР Мемлекеттік тау-кен қадағалаудың Батыс Қазақстан округі басқармасының
тау-кен техникалық инспекциясының Маңғыстау облыстық магистральді құбырлары жөніндегі ин-
спекторы қызметтерін атқарды.
1997 – 2008 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар
департаментінің Мемлекеттік инспекциясы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, ҚР ТЖМ
Маңғыстау облысының төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік
бақылау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында болды.
2008 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының ТЖ Департаментінің бас маманы,
бөлім бастығы лауазымдарында қызмет етті.
Хитуов Тарас Кикбайұлы
1964 жылы туылған. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институтын бітірді. Өзінің
еңбек жолын 1986 жылы бастап, Пластмасса Зауытында жөндеу слесарінен техникалық қадағалау
бөлімінің жетекші инженеріне дейінгі қызмет баспалдақтарынан өтті. 2000 жылдан 2001 жылға
дейін Павлодар мұнайхимия зауытында цехтың басшы орынбасары қызметінде болды.
10 жылға жуық мемлекеттік қызметте жұмыс жасады. Ақтау қаласы әкімінің орынбаса-
ры (2001-2002 жж.), Түпқараған ауданының әкімі (2002-2004 жж.), облыстық Дене шынықтыру
және спорт басқармасының басшысы (2004-2008 жж.), Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (2008-
2010жж.) сияқты қызметтерді атқарды.
2010 жылдан 2012 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Әлеуметтік саясат және персо-
нал бойынша Басқарушы директор, 2012 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ жалпы сұрақтар бойынша
директор орынбасары қызметтерін атқарды.
2012 жылдан бастап сәуір айына дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ кадрлық және әкімшілік
мәселелері жөніндегі Вице-президенті лауазымында болды. 2015 жылдың 14 сәуірінен бастап
Қоғамның Аппарат басшысы болып тағайындалды.
3
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 13 мамыр №4 шығарылым
«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ ҰЖЫМЫ
МЕРЕКЕЛІК ШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
ЖЕҢІС КҮНІ
«ЖЕҢІС ҮШІН БАБАЛАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!»
«ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚТАР ЖҮРЕГІНДЕ»
«ДИВЕРСАНТ», «ШТРАФБАТ» ЖӘНЕ «СТАЛИНГРАД»
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толды.
Бұл Жеңіс бізге қымбатқа түсті. Миллиондаған адамның өмірін
жалмап, мыңдаған отбасыға қайғы-қасірет әкелді. Бүгінде
Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының 60 ардагері және
1200 – ден астам тыл еңбеккерлері бар.
Жеңіс мерекесіне орай «Қаражанбасмұнай» компани-
ясы бірқатар мерекелік шараларды қолға алып, Түпқараған ау-
даны мен Ақтау қаласы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне
арнап, «Жеңіс үшін бабаларға мың тағзым!» деген атпен акция
өткізді.
90 жасқа таяған қариялардың көбі өздіктерінен
қозғалып жүре алмайды. Осыны ескере отырып, компания
қызметкерлері соғыс ардагерлерінің үйіне барып, құттықтап,
бағалы сыйлықтарын табыстап, құрмет белгісін көрсетті. Арда-
герлер Жиенбаев Мәтібай, Әбілханұлы Сейілхан, Мәмбетұлы
Ибрахим, Матвеенко Иван, Нечаев Виктор сондай - ақ тыл
ардагері Аманбаева Дауылтайға «Samsung» теледидарларын
сыйға тартты.
«Сұм соғыс - ет жақын бауырымыздан айырып,
жастық шағымызды ұрлады, талай шаңырақты шайқалтып
кетті. Біз сияқты қарттарға көңіл бөліп, құрмет көрсетіп
жатырғандарыңызға мың ризамыз. Рахмет, айналайын-
дар! Ендігі жерде балаларымыз бен немерелеріміз, бүкіл
ұрпағымыз соғыс көрмесін», - деп тілегін білдірген ақсақал
Ибрахим Мәмбетұлы алғысын жаудырып, батасын берді.
«Бейбіт өмір сыйлаған Сіздерге рахмет. Біз Отан үшін
жанын пида еткен боздақтарымыздың, асыл ардагерлеріміздің
ерлігін ұмытпақ емеспіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш бол-
сын!», - деді компания қызметкерлері.
7 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау
аясында Қаражанбас кен орнында «Ұлы Жеңіс - ұрпақтар
жүрегінде» атты соғыс жылдарындағы әндер фестивалі
ұйымдастырылды. Шараға Компания бөлімдері мен кен
орнындағы цехтардың қызметкерлері қатысып, соғыс
жылдарында дүниеге келген әндерді орындап, прозалық
шығармаларды оқыды.
Шайқас алаңында жауынгерлерге мұқалмас рух
берген әндер құнын жоймақ емес. Отан үшін айқаста май-
дангерлерге күш берген туындыларды «Қаражанбасмұнай»
қызметкерлері де ерекше жылылықпен әсерлі орындады. Фе-
стиваль патриоттық рухта жоғары деңгейде өтті. Әлеуметтік
жұмыс департаментінің директоры Қуандық Нүсіпбековтың
айтуынша, жұмыскерлер арасында жастар көп және осындай
шараларды өткізудегі басты мақсат – сол жас буынның бойын-
да отансүйгіштікті және соғыс қатысушыларына деген ерекше
құрметті тәрбиелеу болып табылады.
Фестивальға қатысқан кейбір мұнайшылар өздерінің
төл туындыларын да орындап, қосымша ынталандыруға ие
болды. Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар та-
бысталды.
Ұлы Жеңіс мерекесі аясында соғыс тақырыбына
түсірілген көркем фильмдер мен деректі туындылардың
көрсетілімі өтті. 1 және 7 мамыр аралығында Қаражанбас
кен орнындағы мәдени-демалыс орталығында «Кино
апталығы» ұйымдастырылып, апталық аясында көркем
кинематографияның әлемдік үздік туындылары көрермен на-
зарына ұсынылды. Шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілген
фильмдердің қатарында атышулы «Сталинград», «Штраф-
бат» сияқты фильмдер де бар.
«Ұлы Отан соғысы тақырыбы – өнерден де, тарихтан
да маңызды орын алатын салмақты тақырып. Осы көркем
дүниелер арқылы біз қайғысы мен өрлігі қатар өрілген ел
тарихына бойлап, жастарымыз ерліктің, өшпес даңқтың биік
үлгісін көре алады», - дейді шара ұйымдастырушыларының
бірі, Әлеуметтік жұмыс және ішкі байланыс бөлімінің бастығы
Гүлмира Рысжанова.
Сонымен бірге кен орнындағы кітапханада Ұлы Отан
соғысына қатысқан ардагерлерге арнап фотокөрме және
соғыс тақырыбын арқау еткен кітап көрмесі өткізілді.
1 мамыр күні Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне
орай өткен салтанатты шеруге облыс тұрғындары және басқа
да компаниялармен бірге ҚБМ Групп ұжымы да қатысты.
Салтанатты оркестрдің үнімен мерекелік шерудің алғашқы
қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМҰнайСервис»
ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС,«Технологиялық көлік
және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС басшылары бастаған
ҚБМ Групп қызметкерлері бірдей киініп, жарқын көңіл - күй,
мерекелік леппен Ақтаудың орталық көшесімен жүріп өтті.
Осы колонна қатарында бөлімше басшыла-
ры, «Қаражанбас» кен орнын ашқан азаматтар, өндіріс
ардагерлері және жас мамандар да болды.
«СІЗ - БІЗГЕ БЕЙБІТШІЛІК СЫЙЛАДЫҢЫЗ»
«Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесі Жеңіс
мерекесі қарсаңында 1 мамыр мен 9 мамыр аралығында «Сіз
- бізге бейбітшілік сыйладыңыз» атты қайырымдылық акция-
сын өткізді.
Аталмыш акцияның түп бастаушысы - «ҚазМұнайГаз»
БӨ» АҚ жастар кеңесі екендігін айта кету керек. Игі іске
еншілес компаниялардағы барлық жас мамандар кеңесі
қолдау білдірді.
«Акцияның негізгі мәні - қайрымдылық жасау. Кен
орнындағы асханаларда арнайы жәшіктер орнатылды. Ар-
найы дайындалған магниттерді сатып алғандар, ақшаны
сол жәшіктерге жинады. Нақты белгіленген баға болған
жоқ. Мұнайшылардың өздері қалаған бағаға сатып алып,
қайырымдылыққа үлес қосты», - деді «Қаражанбасмұнай» АҚ
Жас мамандар кеңесінің төрағасы Думан Ахметов.
Акция кезінде қаражанбастың жастары 150 магнитті
сатып, 42 мың теңге жинады. Маңғыстау облысындағы мұнай
компанияларындағы жас мамандар түскен барлық қаржыны
бір жинап, қайырымдылық мақсатында ардагерлерге берді.
«Әрине, бұл қаржы пәлендей көп емес. Теңізге құйған
тамшыдай болар. Бірақ бұл шараны ақ ниет, шын пейілмен
жасап жатырмыз. Үлкенге құрмет көрсету – парызымыз»,
- дейді «Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесінің
мүшесі Бекзат Жайлаубаев.
Компания өкілдері ардагерлерді құттықтады
ҚБМ Групп ұжымы
Соғыс жылдарындағы әндер фестивалінің қатысушылары
Соғыс жылдарындағы әндер фестивалінің қатысушысы
Соғыс жылдарындағы әндер фестивалінің қатысушысы
4
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 13 мамыр №4 шығарылым
«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІС
КҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ
8 мамыр күні Жеңіс мерекесі қарсаңында
«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсесінде мерекелік ша-
ралар легі өтті. Соғыс жылдарындағы әндер шырқалған кеңсе
аумағын мерекелік көңіл - күй бөледі. Қастерлі Жеңіс күнімен
«Қаражанбасмұнай» өндіріс жөніндегі Вице – президеті
Измұханов Қ. құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
«Біз үшін орны бөлек ұлы мереке құтты болсын! Ұлы
отан соғысында қаза тапқан барлық отандастарымыздың,
өрліктің үлгісін көрсеткен ардагерлеріміздің ерлігін ешқашан
ұмытпаймыз», - деді өз сөзінде компания басшысы.
Мерекелік бағдарлама аясында барлық департамент
қызметкерлері спорттық шараларға қатысып, нысанаға дәл
тигізіп атудан сайысып, құралайды көзге атқан мергендіктерін
көрсетті. Бұл додада алға шыққан жеңімпаздар сыйлықтармен
марапатталды. Сонымен қатар мерекелік дастархан кезінде
кеңсе қызметкерлері нәрлі солдат ботқасының дәмін татуға
да мүмкіндік алды.
«Ұлы Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде» атты соғыс жылдарындағы әндер фестивалінің барлық қатысушылары
Нысанаға дәл тигізіп атудан сайысқа қатысқандар
Өндіріс жөніндегі вице – президент Измуханов К. құттықтауы
5
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 13 мамыр №4 шығарылым
БУ ӨНДІРУ ЦЕХЫ
Бу өндіру цехы – Қаражанбас кен орнындағы негізгі
цехтардың қатарына жатады. Буды қалай дайындайды? Оны
дайындау технологиясының ерекшеліктері қандай? Нендей
қиындықтар бар? Бұл туралы Қаражанбас кен орнындағы
Бу өндіру цехының басшылары Айдаров Асан Қосқатбайұлы
және Бектілеу Хасан Марисенұлы баяндайды. .
ҚБМ: Сіздің цехтың мұнай өндіру үдерісінде алатын
орны мен маңызы қандай? Сұхбатымыздың басында осыған
тоқталып кетсеңіздер?
Х. Бектілеу: Қаражанбас – қою әрі тұтқыр мұнайды
алу өнімділігін арттыру үшін ұңғымаларға бу мен ыссы су
айдайтын Қазақстандағы жалғыз кен орны. Бұл үшін қажет
буды әрине дайындау керек. Біздің цехтың негізгі міндеті –
өндіріс қажеттілігі үшін бу өндіріп отыру және мұнай өндіру
процессінде цехтың алар маңызы зор деуге болады. Қазақстан
бойынша Қаражанбас кен орны өзіндік ерекшелігі бар кен
орны десек, біздің цехтың да алар орны бөлек. Соңғы жылда-
ры елімізде кейбір ірілі-ұсақты кен орындары бу өндіруге тал-
пынып, мобильді бу генераторларын іске қосып жатыр. Десек
те, елімізде ең алғашқылардың бірі болып біздің цех бу өндіру
технологиясын игеріп, бу дайындай бастады.
ҚБМ: Тарих беттеріне үңілсек, Қаражанбас кен ор-
нын өндірістік игеру 1980 жылдан бастау алған екен. Соған
қарағанда сіздің цехтың да тарихы тереңде жатыр ау?..
А.Айдаров: Солай десек те болады. Ал анығырақ
айтсақ, сонау 1982 жылы бұрынғы бумен әсер ету учаскесінің
аумағында американдық Стразерс фирмасының екі
парогенераторлық, яғни бу генераторларының қондырғысы
салынды. Дәл бір жылдан кейін 1983 жылдан бастап,
осы құрылғылар іске қосылып, бу шығара бастады. Бу
өндіру цехының тарихы да сол кезеңнен басталды десек,
қателеспейтін болармыз.
Ол уақыттары өзіңіз білесіз, негізінен Краснодардан
келетін мамандар әлгі бу генераторларымен жұмыс жасап,
қызмет көрсетті. Кейін 1987 жылы бу генераторларының қоры
УПГ – 50 және УПГ50/60 деген Ресейдің Таганрог зауытынан
шыққан қуатты бу генераторларымен толықты. Одан екі жыл
өте бере тағы осындай 6 мықты бу генераторлары қатарға
қосылып, өндірістік жұмысқа араласып кетті.
Х. Бектілеу: Тарих демекші, осы орайда айта кетейін,
1990 жылы «ППГ-2» деген екінші алаңның құрылысы баста-
лып, бір жылдың ішінде пайдалануға берілді. Меншігінде үш
бірдей УПГ 50/60 қондырғысы бар бұл учаске уақыт өте келе
жеке цех болып өз алдына бөлек шықты. Сол уақыттары «ППГ
– 1» цехына Морковин Юрий Викторович басшылық етсе, «ППГ
– 2» цехының жұмысын басқару - Мұхит Жүнбасов сияқты
мықты майталман мамандарға жүктелді. Жалпы алғанда,
біздің цех бірнеше даму кезеңдерін бастан кешірді, оның ара-
сында кей учаскелердің жұмысы тоқтатылып, кей учаскелер
жаңадан қайта құрылды.
А.Айдаров: Буды өндіру – үлкен шығындарды қажет
етеді. Бұған кететін көгілдір отын, су, тоқ – сөзсіз, қымбат ре-
сурстар. Кезінде «будан гөрі су айдау тиімді болар ма екен?»
деген оймен, 2005 жылдың соңына таман, сол кездегі ком-
пания басшылығының шешімімен, № 5,7,11 и 13 ТӨҚ БЖӘ
сияқты учаскелерде бу өндіруді тоқтатып, сол алаңдардағы
жұмысты да тоқтатқан еді. Алайда бұл эксперимент ойдағыдай
нәтижелер бермеді. Сондықтан сол жылы американдықтар
үшінші, қазіргі қолда бар үш учаскеден тұратын «ППГ-3»
алаңын салды. Бүгінгі таңда осы үш учаске іркіліссіз жұмыстың
нәтижесінде тәулігіне 14 мың тоннадан астам бу өндіріп отыр.
ҚБМ: Асан Қосқатбайұлы, осы бу өндіру процессі
қалай жүреді? Судан буды қалай өндіресіз өзі? Сырттай
қарағанда, оңай шаруа сияқты болып көрінеді...
А.Айдаров: Шындығына келгенде, бұл - анау айтқандай
оңай шаруа емес. Тіпті өз алдына үлкен ғылым десек те бола-
ды. Біріншіден, буды өндіру кезінде жоғарыда біз айтып өткен
бу өндіру генераторлары маңызды рөл ойнайды. Екіншіден,
буды дайындау – бірнеше күрделі кезеңдерден өтеді. Алды-
мен еділ суын түрлі қоспалардан тазарту үшін кварц құмының
көмегімен механикалық сүзгіден өткізіп, нәтижесінде
тұндырылған су аламыз. Құрамындағы тұздардан тазару үшін
осы су келесі кезең – химиялық сүзгіден өтеді. Химиялық жол-
мен тазарту кезінде – ион алмасу процессі жүреді. Бұнда КУ
2/8 катионидті шағыры бар арнайы натрий-катионидті филь-
трлер қолданылады. Катионид - су құрамындағы кальций мен
магний иондарын сүзгіден өткізіп, алып қалады.
Бұдан басқа деоратор қондырғысы орнатылған ар-
найы ыдыстың ішінде су құрамындағы агрессивті газдар мен
оттегі будың қысымымен шығарылып тасталады. Бір сөзбен
айтқанда, тұзсыздандырылған, газсыздандырылған, таза
жұмсартылған суды аламыз.
ҚБМ: Хасан Марисенұлы, осыншама сүзгіден өткізудің
қажеті қаншалықты?
Х.Бектілеу: Бұл өте керек. Тұрбалардың ішін қақ пен
тат баспауы үшін, әлгі тұздар, агрессивті газдар бар, басқа
да қоспалардан суды тазартуымыз керек, бұл арқылы бу
генераторларының жұмыс жасау мерзімін ұзарта аламыз.
Ал енді дайын тазартылған суды алғаннан кейін, қажетті
температурадағы буды шығару үшін жоғарғы қысымдағы
сораппен бу қазандықтарына айдаймыз. Суды әдетте 275
градусқа дейін қыздырамыз. Бұл жерде ескеретін жайт,
будың құрғақтығы 70 пайыздан төмен болмауы керек.
Өндірілген бу құбырлармен ұңғымаларға қарай жөнелтіледі.
Одан арғы маңызды жұмыстарды қабат қысымын ұстау
цехындағы әріптестеріміз атқарады. Буды дайындаудың
барлық технологиялық параметрлерін сақтау, сапасын үнемі
қадағалып отыру - аса маңызды дер едім. Сонымен бірге
бізде химиялық тазартудан өткен жұмсартылған суды сақтап
қоятын су қазандықтары бар.
ҚБМ: Сіздегі бу генераторларының қайсысы
қуаттырақ? Өндіріс кезінде заманға сай жаңа технологиялар-
ды қолданасыз ба?
Х.Бектілеу: Негізі буды өндіру технологиясы сол
күйінде, өзгерген жоқ. Бу үздіксіз өндіріледі. Ауысыммен
бригадаларымыз жұмыс жасайды. Ал бу генераторларының
сапын 2008 жылдан бері толықтырып келеміз. Сол жылдан
бастап қытайдың СПГУ және МПГУ сияқты мобильді және
стационарлы бу генераторларын алдық. Өздері өте ықшам,
ыңғайлы, қолданысқа жеңіл қондырғылар. Қазір қорымызда
24 – і бар, басым бөлігі № 1 және № 2 учаскелер аумағында.
Барлық техникалық талаптарды сақтай отырып, осы бу ге-
нераторларын өндіру үдерісінде қолданып келеміз.
Дегенмен күш - қуаты тұрғысынан, ресейлік УПГ 50/60 бу
генераторына тең келетін ештеңе жоқ. Сағатына 50 тонна
бу өндіреді. Қазандық буының қысымы – 60 келіге тең. Бу
өндіру жағынан, әлгі қытайлық генераторларды он орап ала-
ды. Анығын айтқанда, 3-4 есе артық бу өндіреді. Сондықтан
өзіңіз бағамдай беріңіз. Бұрын № 1 учаске қорында осындай
8 бу генераторы болды, қазір тек алтауы ғана жұмыс жасап
тұр. Өкінішке орай, екеуі істен шықты. Бірі – апатты жағдайдан
кейін қызметін тоқтатса, екіншісінің жұмыс жасау мерзімі
аяқталған еді.
ҚБМ: Бу өндіру, өзіңіз айтқандай, оңай шаруа емес.
Қазіргі таңда қандай қиындықтар бар?
А.Айдаров: Қазір туындап отырған мәселе – бу
генераторларының ескіруі. Олардың алғашқылары 2005 жылы
іске қосылған еді, кейінгілері де 2008 жылдан бері бу өндіріп
келеді. Ал бұл қондырғыларды пайдалану мерзімі 10 жылды
немесе 50 мың сағатты құрайды. Сондықтан, бу генераторла-
ры қорын жаңарту мәселесі өте өзекті болып отыр.
Ал жалпы алғанда, біздің цех ұжымының ауызбіршілігі
мықты. Ерен еңбек пен қажырлы қайратының арқасында
жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Өткен жылы бу
өндіру цехының алдына қойылған өндірістік жоспар – 5 млн.
300 мың тоннаны құраған еді. Біздің ұйымшылдығы жарасқан,
кәсіби шеберлігі мықты ұжымымыздың арқасында 2014
жылы жоспарды асыра орындап, 5 млн. 468 мың 248 тонна бу
өндірдік. Жоспарлы көрсеткіштен бұл - 168 мың 248 тоннаға
артық. Биыл да алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биылғы жо-
спар – 5 млн. 300 мың тоннаны құрап отыр. Бұл діттеген ме-
жеден шыға аламыз ба, жоқ па – оған уақыт төреші. Қалай
болғанда да, цех қызметкерлері өндірістің өркендеуі үшін
ортақ іске жұмыла еңбек етуде.
ҚБМ: Сұхбаттарыңызға рахмет! Бу өндіру цехы
қашанда толағай табыстарға жете берсін!
Хасан Бектілеу - 1965 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай елді-мекенінде туып өсті.
Ақтау қаласындағы орта мектепті аяқтаған соң, 1982 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-
технологиялық институтына оқуға түсіп, 1989 жылы «инженер химик-технолог» мамандығы бой-
ынша бітіріп шығады. 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университетін «Мұнай - газ ісі» мамандығы бойынша сырттай бітіріп шығады.
Қаражанбас кен орнындағы еңбек жолы 1992 жылы басталады. Бу өндіру цехында 23
жылдан бері табан аудармастан тұрақты еңбек етіп келеді. Әуел баста химиялық су тазарту
аппаратшысы, кейін бу генераторы құрылғысының машинисі болып қызмет етті. Осы жылдар
ішінде ауысым технологы, учаске басшысының орынбасары, учаске басшысы және Бу өндіру
цехы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан бастап Бу өндіру цехының
басшысы. Отбасылы, үш баласы бар.
Асан Айдаров – Бу өндіру цехының басшысы. Алматы архитектуралық институтын, «Жылу
газбен қамту және қазандық құрылғысының вентиляциясы» мамандығы бойынша бітірген. Асан
Қосқатбайұлы – цех басшысы ғана емес, өндіріс ардагерлерінің бірі. Қаражанбас кен орнындағы
еңбек жолы 1985 жылы басталған. Осыдан тура 30 жыл бұрын жас маман газ цехында слесарь
-жөндеуші болып еңбекке араласып, 1990 жылы «№ 3 Бу өндіру цехына» технолог болып ауыса-
ды. Ал 1991 жылы цех басшысының орынбасары қызметіне келді. 2005 жылдан жылу және тех-
ника бөлімін басқарып келді. Бөлім таратылғаннан кейін, Бу өндіру цехының басшысы қызметіне
тағайындалды. Отбасылы, екі баласы бар.
БІЗДІҢ ЦЕХТАР
6
«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы
2015 жылғы 13 мамыр №4 шығарылым
5 СӘУІР - ГЕОЛОГ КҮНІ
Бу өндіру цехында 341 адам жұмыс жасайды. Цех
құрылымы 3 учаскеден тұрады, 12 бригада ауысыммен күндіз
түні қызмет етеді. Сонымен қатар 2 бригададан тұратын
механикалық қызмет жұмыс жасайды.
Өндіріс ардагерлері: Асан Айдаров, Әбіш Амантай, Ер-
болат Төлегенов, Артур Нәбиев, Рысқали Джумаев, Сандыбек
Жәкенов, Мұхтар Қайкенов, Бурулкан Отунчиева.
Еңбек озаттары: Дюсенова Гүлжан, Бижанов Сала-
мат, Көбес Исатай, Нұрбосынов Мырзабек, Ауылбаев Нұрбол,
Арықов Рахмет, Айтбаев Бисенбай, Бәйнеков Ерсейіт.
Жас мамандар: Қарасаев Ербол, Ертілеуова Нұрбану,
Киікбаев Сабыр.
Бұдан өзге цехтың Машырыков Ерлан, Силанов
Сабит, Кондыбаев Галымжан, Ертлеуова Нурбану, Сейтма-
ганбетов Досхан сияқты жас қызметкерлері Жас мамандар
кеңесінің белсенді мүшелері болып табылады.
Белсенді спортшылар: Сейітмағанбетов Досхан, Жа-
налиев Бауыржан, Иманбаев Айдын, Суховерхов Ярослав.
Цехта 12 әйел адам жұмыс жасайды.
Марат Абашев – Бу өндіру цехының №1 учаскесінің басшысы. 1966 жылы дүниеге келген.
Жоғары білімі бар білікті маман. Қаражанбас кен орнында 1995 жылдан бері жұмыс жасайды. Кен
орнында алғашқы қызметін де осы Бу өндіру цехынан бастайды. 1996 жылы технолог қызметіне
ауысады, ал 2002 жылы Марат Жақсылықұлына ең жауапты учаскелердің бірін тапсырып, ППГ-1
учаскесінің басшысы етіп тағайындайды. Кейін бұл учаске өз жұмысын тоқтатқаннан кейін, 2005
жылдан бастап №1 учаске басшысы қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда аталмыш учаске
қорында 8 қуатты УПГ 50/6 М. құрылғысы бар.
Марат Абашев – үлкен әулеттің басшысы, төрт баланың әкесі. Спортты жанындай жақсы
көреді, кезінде шахматпен қатты әуестенген. Ұрпаққа дұрыс өнегелі тәрбие беру мен адамның
тұлға ретінде рухани дамуын өмірдегі басты құндылық ретінде бағалайды. Кәсіби шеберлігі жоғары,
адалдықты ту еткен Марат Абашев үнемі ізденіс үстінде жүреді. Адами болмысы қарапайым,
ашық жарқын мінезімен әріптестерінің арасында құрметке ие. Мұнай саласының дамуына қосқан
сүбелі үлесі үшін Марат Жақсылықұлы «Қаражанбасмұнай» компаниясының 25 және 30 жылдық
мерейтойларының аясында бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталды.
Артур Нәбиев - № 2 учаске басшысы. 1966 жылы туылған. Мұнай техникумының түлегі.
Бозашы түбегіндегі қызметі сонау 1989 жылы басталған. Жаңадан келген жас маман химиялық
су тазарту аппаратшысы болып еңбек жолын бастайды. Ал 1992 жылы бу генераторлары
құрылғысының машинисі қызметіне ауысады. 2000 жылдан бастап кен орнында технолог қызметін
де атқарады. 2006 жылдан бастап Артур Мазломұлын бу өндіру цехының № 2 учаске басшысы
етіп тағайындайды. Бүгінде өз ісінің білгір маманы маңызды учаскелердің біріне жетекшілік ете
отырып, бу өндіру үдерісіне өз үлесін қосып келеді. Егер цех қорында 30 - ға жуық мобильді және
стационарлық бу генераторлары болса, соның 11 –і Артур Нәбиевтің учаскесінде. Басшы ретінде
негізгі міндетіне – аталған құрылғылардың жұмысын қадағалап, мұнай алуға қажет бу өндіру
процессін жүзеге асыру жатады. Артур Нәбиев еңбекқорлық пен жауапкершілікті жұмыстағы ба-
сты ұстанымы етіп алған. Ұжымда беделі зор, өз ісінің майталманы.
Биыл Қаражанбасқа келгеніне аттай 26 жыл толады екен. Өндіріс ардагері, тәжірибесі мол
ұстаз ретінде жас буынға жөн сілтеп, ақыл кеңесін беруге қашанда дайын. Өзі де үлгілі отағасы,
жанұясында үш баласын тәрбиелеп отыр. Міне, бу өндіру цехында осындай нар тұлғалы азамат-
тар еңбек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |