«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
Білім сапасын бағалау департаменті
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ КІРІКТІРІЛГЕН
МОДЕЛІ
Әдістемелік ұсыныстар
Астана – 2013 ж.
Аннотация
Аталған құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ішкі және сыртқы
бағалауды жүйелі қолдануға мүмкіндік беретін Критериалды бағалаудың
кіріктірілген моделінің (КБКМ) сипаттамасынан құрылған. Модель Кембридж
университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесінің сарапшыларымен бірлесіп
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ішінде қолдану үшін құрастырылған және
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында қолдануға
икемді құрал болып табылады.
Бұл әдістемелік құралы Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне
арналған.
Құрметті әріптестер!
Осы құжатта сипатталған Критериалды бағалаудың кіріктірілген
моделі (КБКМ) ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қызметкерлері мен
стратегиялық
әріптесі
Кембридж
Университетінің
халықаралық
емтихандық кеңесінің (Ұлыбритания) екі жылдан астам қарқынды
жұмысының нәтижесі болып табылады.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап КБКМ-н енгізу едәуір ілгері қадам
болары анық, себебі Зияткерлік мектептері тәжірибесінде алғашқы рет,
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттарына сәйкес
құрастырылған, нақты айқындалған бағалау критерияларына негізделген,
дүниежүзілік деңгейдегі бағалау жүйесі қолданылады.
Үш тәсілді – қалыптастырушы, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық
бағалау, қатар қолдана отырып – Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері
оқушылардың үлгерімдерінің мониторингін өткізіп, баға қойып және өз
оқушыларының прогрессі жөнінде жоғары дәрежелі дәлдікпен есеп бере
алатын болады.
КБКМ мұғалімдерге әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарына
жету үшін қажетті спецификалық білім және оны түсінуін дамытуға, және
21 ғасырда сәтті өмір сүру үшін қажетті дағдыларға ие болуға, оның ішінде
топта жұмыс істей білу, критикалық ойлау, зерттеу дағдылары, бағалау
мен анализдеу және тағы басқа дағдыларына ие болудың маңыздылығына
жеке оқушылардың көңілін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
КБКМ Зияткерлік мектептері үшін маңызды қадам болып табылады,
және жақын болашақта бұл тәсіл бүкіл Қазақстан бойынша білім беру
ұйымдарында кең таралып қолданылады деген үміттеміз, бұған,
мемлекеттің білім беру жүйесін модернизациялау барысында болуы бірден
бір себепші.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы атынан,
бағалау моделінің құрастырылуына ат салысқан бүкіл қызметкерлерге және
КБКМ-ін одан арыда енгізіп, алдағы жылдарда оның Зияткерлік
мектептерінде сәтті болуын қамтамасыз ететін әріптестерімізге шын
жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Эндрю Уолден
Мектептік басқару және білім беру бағдарламалары бойынша кеңесші
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін (КБКМ) дайындау және
енгізу, Қазақстан Республикасының Назарбаев Зияткерлік мектептерінде
болып жатқан көлемді реформа болып табылады және бұл мектептер
дербестілік, есептілік, әр түрлілік және таңдау принциптері негізінде
инновациялық тәуелсіз мектептер ретінде түрленеді. Бұл мектептер
өмірлік, жұмыстағы және 21 ғасырдың проблемаларын шешу үшін қажетті
білім мен дағдылар және көз қарастар мен түсініктерге иегер жастарды
дайындап, жақсы білімге ие, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси
қауіпсіздігін сақтап, ұлттың гүлденуіне мүмкіндік тұғызатын азаматтарды
дайындау мақсатында ашылған. Зияткерлік мектептерінде жоғары сапалы
оқыту, үйрену және бағалауды қамтамасыз ету барысында реформаның
мақсаттары мен талаптары уақыт өте келе енгізіліп, орнықтырылуы
тиісті.
Реформаның негізінде оқушылардың жетістіктеріне және мектептің
өзгерістерді енгізу мүмкіндігіне бағытталған білім берудегі өзгерістерге
деген оң көз қарас жатыр. Бұл бір реттік іс шара емес. Өзгеріс – бұл
динамикалық үрдіс, дәлірек айтқанда бұл ескі тәсілдерден жаңа тәсілдерге
өту және бұны енгізу, әр түрлі мектептер үшін, әр түрлі уақытты қажет
етеді. Өзгеріс жеке, сонымен қатар дамытушы болады – себебі барлық
мектептер бірдей қарқынмен өзгермейді. Өзгерістер жеке мұғалімдер,
оқушылар және ата-аналардың жүректері мен ойларында болуы мүмкін.
Педагогикалық
өзгеріс
Кебридж
Университетінің
Халықаралық
емтихандық кеңесінің кеңесшілерімен бірлесе дайындалған пәндік оқу
бағдарламаларында көрінісін алған және КБКМ-мен дәлелденеді. КБКМ-ді
енгізу, мектептер үшін бағалаудың оқушылар, мұғалімдер, мектептер және
ДББҰ арасында үйлестірілген жауапкершілік екендігін көрсетулеріне
мүмкіндік береді.
КБКМ мұғалімдерге оқушыларының прогрессінің нәтижелерін өз
оқытуларының барысын туралау үшін қолдануға мүмкіндік береді,
оқушыларға алдағы оқу мақсаттарын туралау үшін өз оқуының
рефлексиясын және өз прогрессінің мониторингін өткізуге мүмкіндік береді
(қалыптастырушы бағалау), мұғалімдер, мектептер және ДББҰ-ға
оқушылардың оқуының дәлелдерін қолдана отырып, мақсаттар мен
стандарттарға сәйкес оқушылардың жетістіктері туралы шешімдер
қабылдауға мүмкіндік береді (ішкі және сыртқы жиынтық бағалау).
Өткізілген зерттеулер, мектептердің өз оқушыларының нені білетіні,
түсінетіні және істей алатыны туралы шешім қабылдау кезінде қолданатын
стратегиялары, оқушылардың оқу тәжірибесіне үлкен әсерін тигізетінін
көрсеткен. Бағалаудың мақсаты туралы нақты түсінігі бар және
бағалаудың құралдары дұрыс таңдалатын мектептерде оқыту және оқу
сапасының жақсаруының мүмкіндігі бір шама жоғарырақ. Бұл құжаттың
мақсаты – бағалауға қатысты ең жақсы тәжірибенің басты белгілерін
айқындайтын саясаттың негізін қалыптастыру болып табылады және бүкіл
Назарбаев
Зияткерлік
мектептерінде,
Білім
сапасын
бағалау
департаментінің жауапкершілігі болып табылатын, бірегей бағалау
стандарттарының дамуына септігін тигізеді.
Жалпы алғанда, КБКМ, оқушыларды бағалау процессін қалайша енгізу
және бағалау керек екендігін сипаттайды. КБКМ, оқытудың қазіргі таңғы
қағидасына негізделген және оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау
арасындағы баланс ретінде қарастырылса болады, сонымен қатар
бағалауды, оқушының өз оқуын мониторингтеу арқылы және алдағы оқу
мақсаттарын орнату арқылы оқу барысын бақылауға ала білетін, белсенді
үйренуші ретінде фокусталатын оқу ретінде енгізеді. Бағалауға арналған
саясаттың бұл негізі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тиімді бағалау
принциптерін түсінудегі және Зияткерлік мектептері мен сыныптарында
бағалау үрдістері жаңа оқу бағдарламасына тиесілі қолданылуында
бірегейлік пен өзара келісімділікті қалыптастыруға бағытталған.
Лиана Кент
Өскемен қаласындағы химия биологиялық бағыттағы Назарбаев
Зияткерлік мектептебі Директорының халықаралық орынбасары
Казақстан
Сабақ беру, оқыту,
бағалау өзара
байланысты және
мектепішілік бағалау оқыту мен
мектеп
жұмысының
бөлінбейтін бөлігін құрауы керек
(Б.Бойл, М.Чарльз, 2010)
Бағалау үрдісін анықтайтын бірқатар анықтамалар
бар және осыдан шығатын болсақ, мұғалімдердің
түсінігінде мектепішілік бағалаудың және оны іс
-
жүзінде
пайдаланудың бірнеше ұқсас түрлері бар.
(Б.Бойл, М.Чарльз, 2010)
Бағалауды реформалау, білім аясында кез келген
жүйелі өзгерістерге мүмкіндік беру үшін қажет.
Жаһандық
масштабтағы
өзгерістер,
оқушыларды
келешекте еңбек нарығында
олардың жетістіктері үшін
қажетті дағдылармен қамтамасыз етуін талап етеді.
(МакГо, 2008)
Енді бәріміз бірге бағалау практикасының
алға
басуы
үшін жұмыс істеуіміз қажет.
1. Оқушылардың оқу жетістіктерін мектептік бағалаудың халықаралық
моделдеріне қысқаша талдау
Әлемнің 8 еліндегі: Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур,
Австралияда қолданылатын мектептік бағалау моделінің талдауы олардың
арасындағы айырмашылықты, жалпы түсінікті анықтауға және іс-жүзіне
асыру жолдарын табуға мүмкіндік берді.
Әр мемлекетте қабылданған мектептік бағалаудың анықтамасы сол
елдің білім саясатына және бағалауды қалай қолдануына тәуелді: оқытуды
дамыту үшін немесе баға қою үшін.
Сонымен, қалыптастырушы бағалау АҚШ, Жаңа Зеландия, Финляндия,
Канада, Сингапурде оқу бағдарламаларын және оқушылардың оқу процесін
жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері АҚШ,
Гонгонк, Австарлияда шынайылықты арттыру үшін және бірыңғай
критерийлер негізінде бағалаудың әділдігі үшін қолданылады.
Бірақ, әр елде мектептік бағалау негізіне жалпыға танылған көзқарастар
бар:
Біріншіден, сабақ беру, оқыту және бағалау өзара байланысты және
мектептік бағалау оқыту мен оқыту жұмыстарының бөлінбейтін бөлігін
құрайды (Бойл және Чарльз 2010).
Екіншіден, мектептік бағалау оқу барысында (сабақ беруде) деректерді
жинау және оқушы мен мұғалім арасында оқушының сұранысына сай
оқытуды және күтілетін нәтижені ескере отырып сабақ беру барысын түзету
үшін кері байланысты орнатады және ол қалыптастырушы бағалау деп
аталынады. (Белл және Коуи 2001; Хэритидж 2008, 2011; Шепард 2005;
Пофам 2008, Коркоран и др. 2009).
Үшіншіден, мектептік бағалаудың нәтижесінде алынған ақпарат
оқушыларға баға қою және барлық мүдделі тараптарға есеп дайындау үшін
қолданылады.
Төртіншіден, мектептік бағалау нәтижелері туралы ақпарат оқу
бағдарламаларын және жоспарларды жетілдіру үшін пайдаланылады.
Бұл ретте, барлық елдерде мектептік критериалды бағалаудың оқушыға
оқудың қай кезеңінде жеткенін және оқудағы жетістікке жетуде жеке көмек
көрсету керектігін анықтайдындығы дәлелденген.
2. Кіріспе
Аталған құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ішкі және сыртқы
бағалауды жүйелі қолдануға мүмкіндік беретін Критериалды бағалаудың
кіріктірілген моделінің (КБКМ) сипаттамасынан құрылған.
Модель Кембридж университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесінің
сарапшыларымен бірлесіп Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ішінде қолдану
үшін құрастырылған және Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру
ұйымдарында қолдануға икемді құрал болып табылады.
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ):
оқыту мен бағалаудың бірлік принципіне негізделген;
оқушының үлгерімі және оның прогресін қамтамасыз етуде біртұтас
жолдарды қалыптастыруға бағытталған;
оқыту мақсатын жүзеге асыру және КББ оқу бағдарламаларына сәйкес
білім алуды және дағдыларға жетуге дәлелдерді жинау қамтамасыз
етілген;
әр сынып үшін оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әр
түрлі тәсілдері және үлгілері енгізілген.
3. Терминдер және анықтамалар
Осы құжатта келесі терминдер қолданылады:
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған
критерийлермен
оқушылардың
оқудағы
жетістіктерін
салыстыруға
негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім
мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс.
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын
белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ) – бағалау
моделі, ол үш түрлі: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы
жиынтық бағалау.
Оқу мақсаты – оқыту курсы барысында пәндердің оқу бағдарламасына
сәйкес білімнен, дағдыдан, түсінуден және бейімділіктен күтілетін
нәтижелерді тұжырымдайтын пайымдау.
Оқудың
міндеті
-
сыртқы
жиынтық
бағалаудың
тестік
спецификациясында берілген бағалау саласы.
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) - оқу бағдарламасына сәйкес сабақ
беру және оқыту бөлігі ретіндегі мұғалімдердің жүргізетін ағымдағы
бағалауы.
Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – тоқсан аяғында оқу блогын оқып
бітіруде оқу дағдыларын және білімнің қалыптасқанын анықтайтын,
мектептердің өзі дайындап және өткізетін бағалауы.
Сыртқы жиынтық бағалау (СЖБ) бастауыш, негізгі және жоғарғы
мектептерді бітіргенде куррикулум және бағалау моделіне сәйкес оқу
дағдыларын және білімнің қалыптасқанын анықтайтын, мектептен тыс сыртқы
ұйымдар дайындап және өткізетін бағалау.
Модерация – бір пәннің және сыныптың мұғалімдері қойған бағасын,
критерийлерге сәйкес бағаланған жұмыс үлгілерімен жеке жұмыстарды
салыстыру, бағаларды стандарттау процесі.
Модерация оқу нәтижесін және
оқу сапасының процесін көтеруге септігін тигізеді.
Тоқсандық баға – белгілі пайыздық қатынастағы қалыптастырушы
және ішкі жиынтық бағалау нәтижелерінен тұратын, ата-анаға берілетін және
әр оқушыға жылына төрт рет қойылатын (әр тоқсан соңында) баға.
Оқушыларды аралық аттестаттау – оқушылардың белгілі бір оқу
дисциплинасының мазмұны бойынша барлық көлемде немесе бөлігін
меңгергеннен кейінгі өткізілетін жұмыс түрі.
Қорытынды аттестаттау - әр сыныпта әр пәндер бойынша бағалаудың
барлық нәтижелері түрі негізінде құрастырылған әр оқушыға жылдық (сыртқы
бағалауынсыз) немесе қорытынды (сыртқы бағалау есебімен) ата - аналарға
берілетін және есеп беру үшін қойылатын баға.
Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы (МКҚ) – сабақ беруді және
оқытуды зерттеу негізінде және инновацияның іс жүзінде тиімді дамуы үшін
тәжірибе алмасуда бастамашы болатын мұғалімдер тобы.
4. Моделге шолу
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылардың білім алудағы прогресі
және үлгерімі туралы деректерін жинау үшін жыл бойында бағалаудың үш
түрі қолданылады:
Қалыптастырушы бағалау – әр тоқсан бойында жүргізіледі;
Ішкі жиынтық бағалау – әр төрт тоқсанның соңында жүргізіледі (5, 10,
11 және 12-сыныптарын қоспағанда);
Сыртқы жиынтық бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін сыртқы
жиынтық бағалау моделіне сәйкес 5,10,11 және 12-сыныптардан кейін
белгілі пәндер бойынша жүргізіледі.
Қалыптастырушы
бағалау
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі
Ішкі жиынтық
бағалау
Сыртқы жиынтық
бағалау
Ата - аналарға оқушының алған білімдері нәтижесінің берілетін түрі:
Әр тоқсан соңында тоқсан бойындағы қалыптастырушы және ішкі
жиынтық бағалаудың нәтижелерінен тұратын тоқсандық баға.
Жылдық баға:
- сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмеген пәндер бойынша жиынтық
және ішкі жиынтық бағалаудың төрт тоқсан бойынша нәтижелері;
- сыртқы жиынтық бағалау жүргізілген пәндер бойынша жиынтық және
ішкі жиынтық бағалаудың төрт тоқсан бойынша нәтижелері мен ішкі
жиынтық бағалаудың үш тоқсан бойынша нәтижелері;
Жыл соңындағы қорытынды баға:
- төрт тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау нәтижелері, үш тоқсан
бойынша ішкі жиынтық бағалау мен сыртқы жиынтық бағалау
жүргізілетін пәндері бар сыртқы жиынтық бағалау.
Бағалаудың барлық түрлерінің нәтижелері бірыңғай А дан U шкаласы
бойынша беріледі, ол бағалаудың анықтығын, білім процесіне барлық
қатысушылардың бірыңғай түсінігі мен теңдігін қамтамасыз етеді.
Баға
Бағалау көрсеткіштері
5 балдық шкала
бойынша
бағалау
A*
Ең жоғары нәтиже
5
A
Жоғары нәтиже
B
Жақсы нәтиже
4
C
Жақсы нәтиже
D
Қанағаттанарлық нәтиже
3
E
Қанағаттанарлық нәтиже
U
Қанағаттанарлықсыз нәтиже
2
Әр бағалау түрлерінің келесі аралық үлес салмағы беріледі:
Бағалаудың
мағынасы
Қалыптастырушы
бағалау
Ішкі
жиынтық
бағалау
Сыртқы
жиынтық
бағалау
Тоқсандық бағалар
30%
70%
0%
Сыртқы жиынтық
бағалауы бар пәндер
бойынша , төртінші
тоқсанның бағалары
100%
0%
0%
Оқу жылының бағасы
30%
70%
0%
Сыртқы жиынтық
бағалау есебімен оқу
жылының қорытынды
бағасы
*25%
*25%
*50%
*
Берілген
сыртқы
жиынтық
бағалау
есебімен
қорытынды
аттестаттаудағы бағалаудың аралық үлес салмағы 2015-2016 оқу жылында
қолданылады.
2013-2014 оқу жылында сыртқы жиынтық бағалау есебімен қорытынды
аттестатауда келесі аралық үлес салмағы беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |