Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата22.12.2016
өлшемі2,42 Mb.
#204
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
179 
12-
кесте. 10-11-сынып ер балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары  
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. 
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника 
және технология.  
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен 
және механикалық өңдеу технологиясы. 
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
5. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементтерімен көркем материалдарды өңдеу 
технологиясы. 
6. 
Электротехника және электроника 
негіздері.  
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстар.  
8. Шығармашылық жобалау саласы.  
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім.  
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті 
қорғау. 
2. Ағашты және ағаш материалдарды 
қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы. 
3. Металды қолмен және механикалық 
өңдеу технологиясы.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементтерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы. 
5. 
Электротехника және электроника 
негіздері.  
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстар.  
7. Шығармашылық жобалау саласы.  
8. 
Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім.  
 
Технологиялық  дайындықты  ұйымдастырудың  әдістері  мен  түрлерін 
қолдану  оқушылардың  дайындық  деңгейіне,  олардың  оқу-еңбек,  қызмет 
көрсету  іс-әрекеттеріне  араласуға  дайындығының  деңгейіне  байланысты 
анықталады. 
Сабақ  өткізу  барысында  қазіргі  заманғы  оқыту  технологияларын 
қолданады,  пішіндер,  ұйымдастыру  әдістері  және  оқу  процестерін  қадағалау 
және  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  «Технология»  пәнін  оқыту 
барысында ерекше сапалыларын іске асыруға арналған  дидактикалық талаптар.  
Басым  әдістер  –  жаттығу,  практикалық-оқу  жұмыстары,  жобалау  әдістері 
болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жобаларын жасауы және 
қорғау. Жобалар жеке, сондай-ақ, топ оқушыларының орындауымен де болуы 
мүмкін. 
10-11-
сынып  оқушыларымен  кәсіби  бағытты  апталық  өткізу  барысында 
мақсатқа  лайықтылық,  қалыптастыруға  дайындық  кәсіби  шешім  қабылдау, 
тренинг  сабақтар  өткізу,  сонымен  қатар,  сана-сезімімен  қажетті  негізгі  және 
қосымша  (ықтималды)  варианттарды  таңдау  үшін  жұмысқа  тұру  немесе  білім 
беру саласының траекториясы, әмбебап қабілеттерінің дамуы, керекті кәсіптік 
ұтқырлық үшін және бәсекелестік қабілеттілік. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Қоғам және адамның іс-әрекеті негізінде еңбек ең басты құндылық болып 
саналады,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  мәдени  құндылықтарды 
қалыптастыру  үшін  «Технология»  пәнінің  мәдениеттің  бастапқы  қағидаларға 
сәйкес болу мүмкіндігі қарастырылған. 
Соған  байланысты  10-11-сынып  материалдарында  қыз  балаларға  келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (13-кесте).  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
180 
13-
кесте. Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары  
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 
1. Тағам әзірлеу технологиясы.  
2. 
Құрастыру, моделдеу және иық киім 
өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін 
тігіп дайындау.  
3. Жобаны қорғау. 
1. Тағам әзірлеу технологиясы.  
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім 
өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін 
тігіп дацйындау.  
3. Жобаны қорғау. 
 
Қолөнер 
кәсібі 
әрбір 
халықтың 
мәдениетінің 
материалдық 
тасымалдаушысы  болып  табылады.  Сондықтан  оқушылардың  еңбек  пен 
технологиялық  мәдениетін  қалыптастыру,  оның  тұлға  ретіндегі  еңбекқорлық, 
азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің 
еңбек  нарығы  жағдайында  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы  мақсатында  технология 
сабағында  көпғасырлық  халықтық  және  ұлттық  қолөнерлерді  міндетті  түрде 
оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.  
Қаладағы,  ауылдағы  және  шағын  жинақты  мектептерде  сыныптардың 
толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады. 
Оқушылардың  технология  бойынша  үй  тапсырмасын  орындаулары  оқу 
процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  сабақта  алынған  білімді  бекітуге 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
10-11-
сыныптарда  «Технология»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі 
әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Дене шынықтыру  
Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды 
рөль 
атқарады, 
жалпыадамзаттық 
мәдениет 
саласында 
белсенді 
шығармашылық  түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  дайын  тұлға  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Оқыту мақсаты:  

қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін 
қалыптастыру; 

физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 

салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 
-
 
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; 
-
 
базалық  спорт  түрлерінің  техникалық-тактикалық  іс-қимыл  әдістерін 
жетілдіру; 
-
 
өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
181 
-
 
дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудағы  рөлі  туралы  білімдерін 
шыңдау; 
-
 
тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық  компонент),  «Денені  жетілдіру  және  шеберлік»  (әрекеттік 
компонент). 
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан 
түрлерін  қолдануға  және  оқытудың  заманауи  әдістері  мен  педагогикалық 
технологияларын  енгізуге  бағдарлайды.  Вариативті  компонент  мектептің 
тұрған  орны,  материалдық  базасы  мен  аймақтың  орналасу  ерекшеліктерін, 
мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының  қызығушылықтарын  ескеру 
қажеттілігіне  негізделгендіктен,  оқу  материалдарын  жергілікті  білім  беру 
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді. 
Бағдарламалық  талаптарды  ескеріп,  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктері 
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке 
талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  өзіндік  шкаласын 
құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың  жылдық  үлгерімдерін  бағалауына 
болады.  Осындай  өзіндік  жол  дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің 
барлық  кезеңдерінде  оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  сабақ  үлгерімдерін  шынайы  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 

мұғалім  өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы  жұмыс 
дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  қай  бөлімін 
болмасын  өзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге) 
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында;
 
 

мұғалім  апта  кестесіндегі  сабақ  санына  сәйкес  оқушылардың  даярлығы 
мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 
-   
оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 

дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  а)  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  ә)  мұғалімнің 
таңдауы  бойынша  (Президент  сынамалары  нормативтерін  орындау 
нәтижелері). 
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық 
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында  оларды 
алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 
бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және 
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 
мүмкін.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
182 
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 
тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  
 
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz). 
Типтік  оқу  жоспарына  (ҚР  БҒМ  2013  жылғы  25  шілдедегі  №  296 
бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  
10-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
11-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 
 
Алғашқы әскери дайындық  
 
«Алғашқы  әскери  дайындық»  (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 
ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 
беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-
техникалық мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 
жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 
табылады. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  10-11-сыныптарында  «Алғашқы  әскери 
дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  оқу  бағдарламалары  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы 
әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған 
құжаттар мыналар:  
1)  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 
2)  «Азаматтарды  әскери  қызметке  даярлау,  ұйымдастыру  және  өткізу, 
сондай-ақ,  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-материал  базасын  құру 
ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Ре  спубликасы  Үкіметінің  2013  жылғы  
11  ақпандағы  №118  қаулысының  күші  жойылды,  оны  «Бастапқы  әскери 
даярлықты  ұйымдастыру  және  жүргізу,  сондай-ақ  оның  оқу-материалдық 
базасын  қалыптастыру  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Қорғаныс  министрінің  2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  609  бұйрығымен 
ауыстыру қажет. 
Алғашқы  әскери  даярлау  теориялық  және  практикалық  сабақтарда  іске 
асырылады.  Теориялық  сабақтар  оқытудың  дидактикалық  материалдарын, 
техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді  қолдана  отырып  әңгімелеу 
және  сұхбаттасу  түрінде  өткізіледі.  Практикалық  сабақтар  қарулану  және 
әскери-техникалық  мүлікті,  құралдарды  және  өзге  де  жабдықтарды  қолдана 
отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 
Оқу  пәнінің  мақсаттары  –  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде 
қызмет  ету  туралы  түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
183 
білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының 
дамуын қалыптастыруға ықпал ету.  
Оқу пәнінің міндеттері: 

 
оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет  ету 
үшін  алғашқы  әскери  дайындықтың  теориялық  тиянақты  білімдері  негізінде, 
практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау; 

 
оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  қызметі 
туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері 
бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен 
тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 
құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. 
Оқушылардың  практикалық  дағдылары  мен  біліктіліктерін  шыңдау  және 
жетілдіру,  сонымен  қатар  әскери  істі  оқу-үйренуге  деген  қызығушылықтарын 
арттыру  мақсатында  оқу  жылының  соңында  спорттық-қорғаныс  сауықтыру 
лагерлерінде,  әскери  бөлім  (ӘБ)  базаларында  (ӘБ  басшылығымен  келісе 
отырып)  10-сынып  ұлдарымен  30  сағат  көлеміндегі  бескүндік  далалық  оқу 
жиыны  (ДОЖ)  өткізіледі.  Далалық  оқу  жиындары  алғашқы  әскери  дайындық 
курсын  өту  бағдарламасының  міндетті  кезеңі  болып  табылады.  Ол  жергілікті 
атқару  органдарымен  ұйымдастырылады  және  білім  беру  мекемелерінде 
қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.  
11-
сынып  оқушыларының  АӘД  пәні  бойынша  нормативтер  мен 
практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының 
соңында  4  сағат  көлеміндегі  қорытынды  тексеру  сабақтары  (сынақ) 
қарастырылған.  
10-
сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа 
(бөтен)  жерлерде  картасыз  бағдарлау,  сол  ауданда  өзінің  орналасқан  орнын 
анықтау  және  азимут  бойынша  жүру  бағытын  компастың  көмегімен  және 
компассыз  табуды  үйренеді.  Ал,  11-сыныпта  оқушылар  азаматтық  қорғаныс 
және  медициналық  білім  негіздері  сабақтарында  бейбіт  уақытта  және  соғыс 
кездерінде,  табиғи  апаттар,  ірі  көлемдегі  зілзалалар  және  жаудың  қазіргі 
заманғы  қырып-жою  қаруларын  қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының 
халқын  қорғау  бойынша  іске  асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен 
қатар  төтенше  жағдайлар  пайда  болған  аудандарда  және  зақымдану 
ошақтарында  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу,  сондай-ақ  жарақаттанған 
адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады. 
Әрбір  оқу  орнында  меншіктік  түрі  мен  формасына  қарамастан  АӘД 
бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: 
1)  қамтамасыз  ету  табеліне  сәйкес  көрнекі  құралдар,  АӘД  оқытудың 
көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі; 
2)  алғашқы  әскери  дайындық,  тіршілік  қауіпсіздігінің  негіздері  және 
азаматтық  қорғаныс,  медициналық  білім  бойынша  арнайы  жабдықтарды 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
184 
сақтауға арналған бөлме; 
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы; 
4)  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің  міндеттерін  іс  жүзінде  үйрететін 
орын; 
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын; 
6) тактикалық алаң; 
7) кедергілерден өту жолының кешені; 
8) жабдықталған ату тирі; 
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы. 
Оқу  орындарын  қару  және  өзге  де  әскери-техникалық  құралдар 
макеттерімен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету  оқу  орнының  есебінен  іске 
асырылады. 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:  
10-
сыныпта  –  аптасына  1  сағат,  жылына  барлығы  34  сағат,  қосымша 
далалық  оқу  жиынына  30  және  сынаққа  4  сағат  вариативті  бөлімнен 
қарастырылған;  
11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды. 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
185 
 
6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
2016-2017 
оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін 
ұйымдастыруда  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  Заңы»,  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  қаулысымен 
бекітілген  Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты,  «Жалпы  білім  беру 
ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру)  түрлері 
бойынша  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  17  қыркүйектегі 
№375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.  
Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, 
оларды  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  ескеру  қажет:  материалдық-
техникалық  базасының  әлсіздігі  және  инфраструктураның  дамымағандығы, 
әртүрлі  жастағы  біріктірілген  сыныптарда  оқыту  қиындығы,  педагогикалық 
кадрлардың,  оқу-әдістемелік  және  ақпараттық  ресурстардың  жеткіліксіздігі. 
Оқушылар санының аздығы бәсекелестікті және коммуникативті іскерліктердің 
дамуын  төмендетеді.  Шағын  жинақты  мектептің  жағдайлары  оқушыларды 
бейінді  пәндермен  және  олардың  кәсіби  бағытын  ескеретін  таңдау  бойынша 
курстармен толық қамтамасыз ете алмайды. 
 
Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде 
келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:  
-
 
білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру; 
-
 
бір  пәндік  және  бір  тақырыптық  ұстанымдарға  негізделген  кіріктіре 
оқыту сабақтарын ұйымдастыру; 
-
 
біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру; 
-
 
даралап және саралап оқыту;  
-
 
оқу  процесінің  технологиясы  мен  мазмұнының  икемділігін  және 
вариативтілігін жүзеге асыру; 
-
 
білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту; 
-
 
тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мәдени  орталықтардан  шалғай 
орналасқандығын ескеру; 
-
 
оқушылардың  оқу  барысындағы  бір–біріне  өзара  көмектесуі  және 
ынтымақтастығы.  
Типтік  ережеге  сәйкес  шағын  жинақты  мектептерде  жекелеген  пәндерді 
оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып  кіші 
топтарға бөлінеді.  
Сыныптарды  басқа  бір  сынып-кешенге  біріктіргенде  әртүрлі  жастағы 
білім  алушылардың  саны  10-нан  аспауы  тиіс. ШЖМ-дегі  сыныптардың 
толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі. 
Мектептiң  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  оқушыларды  сыныптық-
құрамдарға  бiрiктiрудiң  мынадай  нұсқалары  болуы  мүмкiн:  2+3,  3+4;  2+4, 
2+3+4.  
1-
сынып  оқушылары  жеке  оқытылуы  тиіс,  себебі  мектепке  енді  қадам 
басқан  оқушылардың  оқу  әрекетiне  бейiмделуі,  талаптануы,  зейіннің 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
186 
тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке 
оқыту керек.  
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), 
әрбiр  сыныппен  сабақтың  белгiлi  бiр  бөлiгiн  жеке  өткiзу  үшiн  жағдай  жасау 
мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.  
Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық 
материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi 
сақталуы керек:  
-
 
жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;  
-
 
математика  сабағы  бойынша:  2-сыныпта  15  минуттан,  3-сыныпта  
20 минуттан аспауы тиiс.  
Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды 
бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.  
Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте 
біріктірген  дұрыс:  5+6;  6+7;  7+8.  Мұндай  бiрiктiруде  бір  пәндік  ұстанымға 
негізделген  пән  ішіндегі  мазмұны  ұқсас  тақырыптарды  кіріктіре  оқытуға 
болады.  
Пәнішілік  байланысты  жүзеге  асыруға  болмайтын  жағдайда  пәнаралақ 
кіріктіре  оқыту  мүмкіндігін  қолдануға  болады.  Сабақтас  пәндерді  кіріктіре 
оқытуды  ұйымдастырғанда  пәндерді  келесідей  кіріктіре  оқыту:  тіл  -  әдебиет, 
тарих-әдебиет,  химия-биология,  тарих-география,  география-биология, 
математика-информатика, физика-химия және т.б. ұсынылады.  
Кіріктірілген  сабақтардың  негізіне  білім  беру  мазмұнының  басты 
элементтерін  бөлуге  мүмкіндік  беретін,  жүйені  құрайтын  идеяларды, 
түсініктерді,  оқу  әрекетінің  тәсілдерін  дамытуды  қарастыратын  пәнаралық 
байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге 
мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу 
уақытын босатады.  
Біріктірілген  сыныптарда  пәнішілік  кіріктіре  оқытудың  мұғалімдер  мен 
оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:  

білім  беру  саласындағы пәндердің  мазмұнын  әртүрлі  деңгейде  тұтастай 
игеру; 

оқушылар  әртүрлі  сыныпта  оқығанымен,  олардың  назарын  бір  пәннің 
мазмұнындағы  ұқсас  тақырыптарды  білім,  білік  дағдылар  негізінде  кешенді 
игеруге бағыттау; 

ұжымдық  оқыту  әдісін  тиімді  қолдану  және  білім  алушылардың 
коммуникативтік дағдыларын дамыту; 

жоғарғы  сынып  білім  алушылары  өзінің  білімін  кіші  жастағы  сынып 
оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану. 
9, 11-
сыныптар  мектепті  бiтiрушiлер  болғандығын  ескере  отырып, 
олардағы  бала  саны  аз  болған  жағдайдың  өзінде  де  өзге  сыныптармен  қосып 
оқытылмайды.  
Шағын  жинақты  мектептегі  қызметті  ұйымдастыру  дамытатын 
педагогикалық  ортаны  құруды  талап  етеді.  Оның  негізінде  әртүрлі  жастағы 
оқушылардың өзара нәтижелі әрекеттестігі мен өздігінен білім алу идеяларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет