Қазақ мемлекетінің негізін салушы керей мен жәнібек хандар



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#214

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН 

САЛУШЫ КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК 

ХАНДАР

Қазақ хандығының  

құрылғанына 550 жыл


Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар

аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ

хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап

келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді

мекендеген

қазақ


тайпаларының

басын


қосып

шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын

біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына

жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды

және түбегейлі шешуші роль атқарды.


«Екі мың жылға жететін тарихымыз бар. Біздің ұрпақ

білуі керек, біз бір жақтан пайда бола салған адам

емеспіз. Біз кеше ғана аспаннан салбырап түскен,

ештеңесі жоқ халық емеспіз. Біздің тарихымыз бар. Ол

тарих бүкіл Қазақстанның жерінде сайрап жатыр.

«Біздің тарихымыз Кеңес одағының тарихы» деп

келдік, сондықтан осыған ес жинап көңіл бөлетін кез

келді. Соны біз хандықтың 550 жылдығынан

бастаймыз. Ресейдің, Египеттің, Иранның өз тарихы

бар. Біздің неге тарихымыз жоқ? Ұрпақтарымыз

аяғынан нық тұру үшін біздің арт жағымызда

бабалардан қалған ел-жұрт, хандық болғанын, олар осы

жер үшін күрескенін, қан төккенін ұрпақ білуі керек.

Мына тұрған Қазақстан – бүкіл тарихтың түп-тамыры

»

Н.Назарбаев

ХҮ ғасырдағы қазақ даласының 

негізгі тұрғындары:

Қыпшақ, керей, найман, үйсін, 

қаңлы, қарлұқ , қоңырат, маңғыт

Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-и-Рашиди»

атты еңбегінде:



«Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр

хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн

көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға

көшіп кетті. Есенбұға хан оларды қарсы алып,

Моғолстанның

батыс

шегіндегі

Шу мен Қозыбас

аймақтарын берді. Ол көшіп келген өзбектерді «қазақтар»

деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466)

билей бастады…» деген мәлімет қалдырған

.


1456

жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар, Әбілхайыр

хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап

шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне

қоныс

аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған

маңызды тарихи оқиға болатын.

Ал қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының

тарихындағы төтенше

маңызды оқиға болды. Ол ұлан-

байтақ өңірді мекендеген

түрік тектес тайпалардың басын

қосып

шоғырландыруда,

қазақтың

этникалық

территориясын

біріктіруге,

қазақтың

байырғы

заманнан басталған өз алдына жеке ел болып біржолата

қалыптасуында аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл

атқарды.

«Қазақ»

деген сөздің мағынасы

батырлықпен, ерлікпен еркін жүру, яғни,

Еуропа

тілімен

айтқанда,

«рыцарь»

дегенге келеді деп, бірсыпыра ғалымдар

болжам жасайды,

бұл «хас-сақ» деген

ұғымнан

шыққан,

мағынасы

нағыз

сақтар.

...Қазақ  хандығының  құрылуы 

Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл 

оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы 

Қазақ хандығының Орталық Азиядағы  

тұңғыш  ұлттық мемлекет  болғандығында  

жатыр.                                

Н.Назарбаев

Қазақ хандығы құрылған кезде, әрбір қазақ 

тайпасының өріс-қоныстары ұлан-байтақ 

территорияны алып жатты:



Наймандар – Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандарда 

қоныстанды.



Керейлер Жетісуда және Тарбағатайда, Ертіс, Зайсан 

көлінен Ом, Тобыл өзендеріне дейінгі жерлерде;



Үйсіндер - өздерінің байырғы мекені Жетісу өңірінде;



Дулаттар – Іле, Шу, Талас өңірлерін, Ыстықкөлден 

оңтүстікке  дейінгі  өңірлерде;



Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аудандарында;



Арғындар – Ертістен батысқа қарай, Орталық 

Қазақстанда,  ішінара батыс Жетісуда;



Қаңлылар – Қаратау баурайы, орта Сырдария 

өзендері бойында мекендеген.


Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи

міндеттер тұрды.

1.

Мал



жайылымдарын

пайдаланудың

Дешті-Қыпшақ

даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына

келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран

кезінде бұзылған еді).

2.

Шығыс

пен

Батыс

сауда

керуен

жолы

үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ,

Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына

қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан

бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың,

Әбілхайыр

хандығының

саяси-әкімшілік

және

сауда-

экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы

қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне

айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты

болып

келген.

Сондықтан

бұл

қалалардың

саяси-

экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.

3.

Қазақ

тайпаларының

басын

қосып,

қазақтың

этникалық территориясын біріктіру.

Керей мен Жәнібек сұлтандардың шығу тегі Жошы ханның 

үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алады. 

Орда Еженнің 4 ші ұрпағы Орыс /Ұрұс/ ханның немересі,

Болат ханның баласы – Керей,

ал Орыс/Ұрұс/ ханның шөбересі, Барақ ханның баласы –

Жәнібек.

Екеуі де

Орыс /Ұрұс/ ханның ұрпақтары. Орыс хан

ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі

жоғары болған. Сол себепті 1458 жылдың көктемінде

Тұлпарсазда

Керей сұлтан

-

хан болып сайланады.

«…

Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде

Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлап,

өздерін «қазақ» деп атапты»,



делінеді тарихи

аңыздарда

.

Керей сұлтанды ақ киізге  отырғызып хан сайлау

«Керей хан болып сайланғаннан кейін 

оның иелігіндегі халыққа  «қазақ»  аты 

берілді» деп жазады Мұхаммед Хайдар 

Дулати.  Сөйтіп, 1465 жылы Керей хан мен 



Жәнібек хан  билеген жаңа мемлекет –

Қазақ 

хандығы дүниеге келді.

Керей хан

Тарихи деректерге жүгінсек, Керей хан

болып

сайланғаннан

кейін

жас кезінен жаужүрек, батыр болып өскен Керей

хан өзінің батыл, жаңа саяси көзқарастарымен

ерекшеленеді. Ол жаңа мемлекеттің мемлекеттік

органдарын құру мен жаугершілік заманда әскер

құрудың жаңа принциптерін енгізген. Бұл сол

кездегі қазақ хандығының болашақта іргелі

хандық болуына кең жол ашты.

Керей хан бірінші кезекте көшпелі мәдениетке

тән әдет-ғұрып нормаларын қолдады, яғни Қазақ

хандығында қалыптасқан дәстүрлі құқықты

дамыта отырып, мемлекет органының басшы

билігі ретінде хан болатынын және хан сонымен

бірге бас әскери қолбасшы да болатынын

бекіткен

.

Әр ру өз алдына көшіп-қонып жеке ауыл

болып танылды. Рудың негізгі ұйытқысы – туыстық,

ағайындық қатынастар болды, ауқаттысы жағдайы

төменге көмектесті. «У ішсең, руыңмен» деген

принцип қалыптасты. Әр ру мүшесі өз руының

шежіресін, жеті атасын жақсы білді.

Рулар

өз

кезегінде ұлыстарға, ал ұлыстар жүздерге бірікті.

Сөйтіп жүзге бөлу принципі пайда болды, яғни жүзге

бөлу алғашқы қазақ хандығы құрылған дәуірден

бастау алатындығында еш күмән жоқ.

Қазақ

даласында

этносаяси,

әлеуметтік-экономикалық және этномәдени

процестер мен жаңа құрылымдар пайда

болды. Бірте-бірте көшпелі бірлестіктерге

тән белгілер қалыптасты: билер соты,

аумақтық шекаралары, салық жүйесі т.б.

қалыптасты.

Керей хан 1472—1473 жж. оқиғалардан

кейін қайтыс болған деп есептеледі. Аңыз

бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10

жылдай билеген және Хан тауы етегінде

жерленген. Оның есімі тарихи деректерде

соңғы рет 1473 жылы кездеседі

.

«Хандар шежіресі» Керей ханның үш ұлы

болғанын жазады: Бұрындық хан, Қожа-

Мұхаммед және Сұлтан Әли. Бұрындық туралы

жазба

деректерде

азды-көпті

мәліметтер

баршылық. Ал соңғы екі ұл жөнінде ешбір

деректе айтылмайды. Дәстүр бойынша хандық

билік Х-ХІІІ ғасырларда қыпшақтарда әкеден

балаға емес, әкеден ініге не немере туысқа

беріліп отырған.

VIII 

ғасырдан жеткен атақты Білге-Қаған



ескерткішінде: «

Әуелі әкелері қаған болды, 

одан соң інілері қаған болды, содан кейін

балалары қаған болды», – деп жазылған. 

Тарих сахнасына шыққан біртұтас Қазақ

мемлекетінің

ұлттық

ұраны



«Алаш»,

мемлекеттік Елтаңбасы – «Төре таңба», яғни

көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба

және қазақтың алғашқы астанасы

Сығанақ

қаласы

болған деген тұжырым тарихи

деректерде айтылады.

Қазақ хандығының туы

Жәнібек хан

Халқымыздың қасиетті шежіресінде

Жәнібек ханға ерекше айшықты орын

беріледі. Ол ел естелігінде ақылгөй,

данагөй және әділетті әмірші ретінде мәңгі

қалған. Халық оны жай ғана Жәнібек хан

демей,

Әз-Жәнібек

деп

айрықша

әспеттейді.

Жәнібек ханның артында 9 ұлы

қалған. Оның ішінде Жиренше, Махмұт,

Қамбар, Әдік, Қасым секілді ұлдары ХҮ

ғасырдың соңы ХҮІ ғасыр басындағы

Қазақ хандығы тарихында үлкен рөл

атқарған.

ХҮІ ғасырдың ортасы мен 2-ші

жартысында Жәнібек ханның Жәдік атты

ұлы мен оның ұрпақтары саяси билікті

қолдарында ұстады. Қазақтың ханы

болған Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке хандар



Жәнібек ханның ұрпақтары болып

келеді.

Астанадағы Керей мен Жәнібектің мүсіні

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы

хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің

тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі

шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі

беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай

мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол

кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да

айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз

қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің

жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз

барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық

және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы

қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн»

Н. Назарбаев

Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ

хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи

кезеңге

бөлінеді. Біріншісі - бір орталықтан

басқарылған кезең,

екіншісі - бытыраңқылық

кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хандық

құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға

дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715- 1824

жылдар аралығын қамтиды.

Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде

бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар –

хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі,

өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен

алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері.

Қазақ хандығында билік жүргізген хандар: 

Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым 

хан, Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым 

хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, 

Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, қайта Есім 

хан, Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан. 

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең –

бытыраңқылық кезең басталып Қазақ елінде -Ұлы

жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар

пайда болды.

Біздің бүкіл өткен тарихымыз жаулас

елдердің, жау болмаған күннің өзінде жат

жұрт өкілдерінің қолымен жазылып өздерінің

мүдделеріне сай бұрмаланып келгендігін есте

сақтап, тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде ол

өткен тарихтағы ақиқатты

бұрмалап

«ақтаңдақтар» жасауға жол бермеуміз қажет.

Орта ғасырдағы хандардың өмірі мен тарихы

ел

тарихымен

тікелей

байланысты

болғандықтан, жеке тұлғалардын тарихын

білу аркылы өз тарихымызды терең біле

түсеміз және ұлы адамдар өмірі әрқашанда

үлгі, өнеге болады демекпіз.

!

“Расыменен осындай ел екенбіз,

Тәуелсіз боп мәңгіге  біз өтерміз.

Жаратушы  жарылқап  бәрімізді,

Тойлансыншы  мәңгілік  мерекеміз”. 

Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, еліміз еңселі, 

халқымыз аманшылықта болып,  ата-бабамыз  аманат 

қылып қалдырған Қазақ жері, қазақ елі мәңгілік болғай!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Пайдаланған әдебиеттер:

Аяған Б.Ғ. Қазақ хандығы  тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы,  2011. 



– 98-

111 б.


Аяған Б.  Қазақ хандығы: құрылуы, негізін салушылар //Ана тілі. – 2015. – 5-11 

ақпан.



Ергөбек Ш.  Керей және Жәнібек //Білім-Образование. – 2006. - № 3. – 72-74 б.



Жамбабаев Б. Қазақ хандығы Қозыбасыда құрылды 

/ Б.Жамбабаев //Алматы 

ақшамы. – 2015. – 7 ақпан

Кәрібаев Б. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық сипаттағы төл мемлекеті 



/ Б.Кәрібаев //Мәдени мұра. – 2014. - № 6. – 50-55 б.

Интернет материалдары, фотосуреттер, картиналар.



Иманбекова Клара Жұмағалиқызы

Ғылыми-библиография бөлімшесінің 



басшысы

Document Outline

  • ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК ХАНДАР
  • Слайд номер 2
  • Слайд номер 3
  • Слайд номер 4
  • Слайд номер 5
  • Слайд номер 6
  • Слайд номер 7
  • Слайд номер 8
  • Слайд номер 9
  • Слайд номер 10
  • Слайд номер 11
  • Слайд номер 12
  • Слайд номер 13
  • Слайд номер 14
  • Слайд номер 15
  • Слайд номер 16
  • Слайд номер 17
  • Керей сұлтанды ақ киізге  отырғызып хан сайлау
  • Слайд номер 19
  • Слайд номер 20
  • Слайд номер 21
  • Слайд номер 22
  • Слайд номер 23
  • Слайд номер 24
  • Слайд номер 25
  • Слайд номер 26
  • Слайд номер 27
  • Слайд номер 28
  • Слайд номер 29
  • Слайд номер 30
  • Слайд номер 31
  • Слайд номер 32
  • Слайд номер 33
  • Слайд номер 34
  • Слайд номер 35
  • Астанадағы Керей мен Жәнібектің мүсіні
  • Слайд номер 37
  • Слайд номер 38
  • Слайд номер 39
  • Слайд номер 40
  • Слайд номер 41
  • Слайд номер 42
  • Слайд номер 43


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет