1 Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Нұрсұлтан Назарбаев 2



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата22.12.2016
өлшемі3,55 Mb.
#27
1   2   3   4   5   6

Қазақ тілін 

онлайн режимінде үйрететін

 «Soyle.kz» сайтына сұраныс артты

Ғаламторға  шыққалы  жарты  жылдың  ішінде  әлемнің  50 

мемлекетінен адамдар кіріп, қазақ тілін үйрене бастаған. Бұл – 

елімізде қолға алынған алғашқы жоба. Идея авторы – мемлекеттік 

тілді дамыту қоры. Тәуелсіздік алған 23 жылда қазақ тілін дамыту 

үшін  небір  әдіс-тәсілдер  қолданылды.  Бұл  жоба  солардың 

ішіндегі  бірегейі  болып  тұр.  Күн  санап  дамыған  технология 

адамзаттың  басын  ғаламторда  қосты.  Осы  үрдісті  ескерген 

мемлекеттік тілді дамыту қоры «soyle.kz» атты онлайн режимдегі 

сайтты  жасап  шықты.  Алдымен  олар  осыған  ұқсас  шетелдің 

сайттарын зерттеген, тәжірибе жинаған. Соңында қазақстандық 

бағдарламашылар мен тіл ғылымының мамандарын жинап, тегін 

қызмет түрін көпшілікке ұсынды.

Енді жоба авторлары ғалымдармен бірігіп, сайтты жетілдіргісі 

келеді. Келешекте балаларға арналған арнайы бөлім де болмақ. 

Ал  осы  жылдың  соңына  қарай  ұялы  телефонның  «андройд» 

жүйесіне арналған қосымшаны іске қосуды көздейді.

Авторлары:  Нұрболат  Туысбайұлы,  Берік  Ахтан,  Айтжан 

Отызбаев. «24 KZ» арнасы.



106

107

Қазақстан халықтарының 

тілдері күні 

Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді 

дамыту  қоры  Астана  қаласының  №  71  балабақшасының  тәрбиелену-

шілеріне қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартты. Бұл мектепке дейінгі 

оқушыларға  арналған  энциклопедиялар  және  танымдық  балалар 

әдебиеті.

Шараның  мақсаты  өскелең  ұрпақтың  мемлекеттік  тілді  үйренуге 

деген  қызығушылығын  арттыру,  оларды  қазақстандық  отансүйгіштікке 

тәрбиелеу, Отанымызға деген мақтанышын арттыру, қазақ әдеби тілін 

үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Сондай-ақ,  өскелең  ұрпақтың  қазақ  тілін  үйренуін  ынталандыру 

мақсатында Қор қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйренуге болатын 

www.soyle.kz порталында биыл «Балаларға арналған қазақ тілі» бөлімін 

ашуды жоспарлап отыр.



«Soyle.kz» «Тақырыптық сөздікпен» 

толықты

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz интернет-порталының 

«Тақырыптық сөздік» атты жаңа бөлімін ашты.

Тақырыптық сөздікте қамтылған 3500-ге жуық сөз бен 700-ден 

аса күнделікті өмірде жиі қолданылатын тілдесу үлгілері толықтай 

дыбысталып,  тақырыптық  принцип  бойынша  топтастырылып 

берілген.  Жинақталған  50  тақырып  күнделікті  өмірдің  негізгі 

салалаларын  және  тілдегі  негізгі  сөз  таптарын  (етістік,  сын 

есім,  үстеу,  көмекші  сөздер,  есімдік)  қамтиды.  Сөздікте  барлық 

сөз  шағын  тақырыптарға  бөлінген,  бұл  есте  сақтауда  қиындық 

тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге мүмкіндік береді.

Жаңа  сөздерді  игерту  мақсатында  түрлі  амал-тәсілдер 

қолданылатын  6  жаттығу  ұсынылады.  Олар  сөздердің  қазақша 

аудармасын,  айтылуын,  жазылуын  есте  сақтауға,  дұрыс  жазып, 

дұрыс сөйлеуге көмектеседі.

Soyle.kz – ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, «Самұрық-Қазына» 

АҚ  және  «Samsung  Electronics»  компаниясының  қолдауымен 

ашылған қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш курс, 

мұнда  тілді  жан-жақты  үйретуге  бағытталған  озық  әдістер  мен 

амал-тәсілдер қолданылады. Ашылғалы 9 айдың ішінде елімізден 

және  шет  елдерден  160  мыңнан  астам  адам  сайт  жұмысымен 

танысып, олардың 13 мыңға жуығы қазақ тілін үйреніп жатыр.



108

109

IT-жобаның тұсаукесері

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада «Айтыс» (iTys) атты Тұңғыш 

қазақстандық мессенджердің тұсаукесерін өткізді.

Бұл әлемге әйгілі Whatsapp-тың қазақстандық баламасы.

Яғни,  iTys  –  тұңғыш  рет  қазақстандық  мамандар  жасап  шығарған, 

жедел хабар алмасуға арналған мобильдік қосымша.

iTys  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  ғана  емес,  ең  бастысы,  қазақ 

әліпбиінің  барлық  әріптерін  пайдаланып,  мемлекеттік  тілде  хабар 

алмасуға болатындығымен айрықша. 

Бұл  ерекшелік  оны  қазір  қолданыста  жүрген  белгілі  мессенджер-

лерден даралап, әрбір қазақстандыққа арналған, толықтай ұлттық IT-

өнім атандырады.

Жаңа отандық өнім мемлекеттік тілді дамыту, үш тұғырлы тіл және 

қазақ тілін қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық ортаға бейімдеу 

туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерге толығымен 

сай келеді.

iTys  қосымшасының  ең  басты  ерекшелігі  –  оның  ұлттық  мәнерде 

айшықталған,  мемлекеттік  тілде  қолдануға  болатын  эксклюзивті 

интерфейсі мен мәзірі. 

Яғни, барлық смайликтер қазақтың ұлттық нақышында жасалған. 

 Оның тағы бір маңызды қыры – басқа мессенджерлер сияқты қолдану 

үшін төлем талап етпейді.

Әркім оны ТЕГІН пайдалана алады.

Осының барлығы хабар алмасуға арналған тұңғыш қазақ-стандық 

мобильді қосымша – iTys-ты тек тартымды, қызықты етіп 

қана  қоймай,  Қазақстанның  кез-келген  тұрғыны  үшін  мейілінше 

қолжетімді етеді.

 

Оқушылармен кездесу

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  Ақмола  облыстық  дарынды 

балаларға  арналған  №2  мектеп-интернатының  тәрбиелену-

шілерімен кездесу өткізді.

Бұл  шараның  мақсаты  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  жас  мемлекетіміздің  қалыптасуындағы  рөлі 

мен  қызметі  туралы  балаларды  таныстыру,  сондай-ақ  өскелең 

ұрпақтың  мемлекеттік  тілді  үйренуге  деген  қызығушылығын 

арттыру,  оларды  қазақстандық  отансүйгіштікке  тәрбиелеу, 

Отанымызға  деген  мақтанышын  арттыру,  қазақ  әдеби  тілін 

үйренуге  баулу  және  балалардың  шығармашылық  қабілетін 

арттыру.

Кездесуде  Қор  қызметкерлері  Мемлекет  Басшысының  жаңа 

Жолдауының мақсаты мен бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу  соңында  мектеп-интернаттың  тәрбиеленушілеріне 

қазақша әлемдік және қазақ классиктерінің еңбектері, оқушыларға 

арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті cыйға 

тартылды.


110

111

 

«Тәуелсіздікке ұмтылыс» 

Астанада  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  қолдауымен 

Тәуелсіздік күніне арналған қалалық мектеп оқушылар арасында 

«Тәуелсіздікті  нығайтуға  бәріміз  жұмылайық!»  атты  танымдық 

кеші өткізілді.

Кештің  мақсаты  –  жас  ұрпақтың  бойына  ел  тәуелсіздігін 

нығайтуға  аса  қажет  адамгершілік,  отансүйгіштік,  білімге 

құштарлық, бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты рухани парасат-

тылық құндылықтарымызды қалыптастыру мен дамыту. 

Алаш  арыстарының  азаттыққа  ұмтылған  қайсарлықтарын 

олардың  шығармаларынан  танып-білу  және  қазіргі  заман 

батырларының тәуелсіздікке жету мен оны нығайту жолындағы 

еңбектерінен үлгі-өнеге алу.

Бұл шара «Тәуелсіздікке ұмтылыс» атты оқушылар арасында 

өткен шығармашылық байқауын қорытындылады.

Жиын  соңында  байқау  жеңімпаздарын  марапаттау  рәсімі 

өтті.  Барлық  қатысушыларға  Қордың  арнайы  сыйлықтары 

тапсырылды.

Soyle.kz мобильді қосымшасы 

мен «Балаларға арналған қазақ 

тілі» – bala.soyle.kz порталының 

тұсаукесері

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада Soyle.kz мобильді қосымшасы 

мен балаларға арналған Bala.soyle.kz порталының тұсаукесерін өткізді.

Soyle.kz – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, 

«Самұрық-Қазына»  АҚ  және  «Samsung  Electronics»  компаниясының 

қолдауымен ашылған қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш 

интернет портал.

Soyle.kz  –  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 

мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру, дамыту және қолданыс 

аясын  кеңейту  бағытындағы  талап-міндеттеріне  сай  әзірленген  озық  ІТ 

жоба.

Soyle.kz  мобильді  қосымшасы  пайдаланушыларға  мемлекеттік  тілді 



тегін, өздеріне қолайлы уақытта әрі жылдам үйренуге мүмкіндік беріп отыр. 

Мобильдік  қосымшаны  пайдалану  нәтижесінде  әрбір  адам  арнайы  тілдік 

курстарға кететін алтын уақытын үнемдей алады.

Балаларға  арналған  «Балаларға  арналған  қазақ  тілі»  –  Bala.soyle.kz 

порталы – мектепке дейінгі бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларына 

арналған дистанциялық оқытып-үйрету жүйесі. Ойын – тәрбие құралы, ақыл-

ойды дамытады, тілді ұстартады, сөздік қорды молайтады, өмірді танып, 

сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. Сондықтан да біз баланы ойната отырып 

сөйлетуге,  суреттерді  қарап,  заттарды  сипаттау,  жұмбақ  есептерді  шешу, 

құрастыру, тақпақтар жаттау арқылы олардың қызығушылығын арттыруға 

тырыстық.

Порталда балалар әліпбимен, аудио-сөздіктер арқылы жаңа сөздермен 

танысып,  санауды  үйренеді.  «Ертегілер»,  «Сандықша»,  «Ойындар»  атты 

қосымша  бөлімдерде  балалар  қазақ  тілінде  мультфильмдер  көріп,  ән 

айтып, ертегі тыңдап, санамақтарды үйреніп, тағы да сан алуан қызықты 

сабақтарды таба алады.



112

113

Қордың 2015 жылы атқарған

іс-шаралары

Қордың 

демеушісі

Қордың Бас 

демеушісі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш 

Президенті - Елбасының Қоры

114

115

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің 

символы» атты IX республикалық 

қашықтық олимпиадасы

8 Қаңтар 2015

 

Ақыл-ой  және  рухани  дамудың,  қарым-қатынастың  құралы 

ретінде  қазақ  тілін  меңгеруге  деген  қызығушылық  танытқан, 

лингвистикалық  қатынаста  дарынды  оқушыларды  қолдау  және 

анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігінің  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық 

орталығы  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  қолдауымен  өзге 

ұлттың  5-10  сынып  оқушылары  арасында  қазақ  тілінен  «Тіл  – 

мемлекет  тәуелсіздігінің  символы»  IX  республикалық  қашықтық 

олимпиадасын  өткізді.  Олимпиадаға  5-10  сыныптарда  оқитын 

өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысты. 

Елбасы «Мейірімділік» ерікті 

қоғамы» қорының директоры 

Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді 

дамыту қорының директоры Азат 

Шәуеевті қабылдады

17 Наурыз 2015 

Кездесу 


барысында 

Мемлекет 

басшысы 

әлеуметтік 

бастамаларға  жан-жақты  қолдау  көрсетудің  маңыздылығын 

атап  өтті.  Осыған  байланысты  Қазақстан  Президенті  қорлардың 

әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға 

сапары  кезінде  алған  «Жібек  жолы»  бейбітшілік  сыйлығының 

қаражаты екенін айтты.

Нұрсұлтан  Назарбаев  сондай-ақ  мемлекеттік  тілді  дамыту  ел 

болашағы үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.

– Бұл мәселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс 

жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуы-

на жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті 

шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету 

маңызды, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет  басшысы  қоғамдық  бірлестіктер  жұмысының 

әлеуметтік  тұрақтылық  үшін  айрықша  маңызы  бар  екенін,  ол 

мемлекеттің басымдығы бар бағыттарына сай келетінін атап өтті.


116

117

«Балақай» балабақшасында 

«Армысың Әз Наурыз» 

мерекесі өтті

19 Наурыз 2015 

Ұлыстың  ұлы  күні  –  Наурыз  мейрамы  қарсаңында 

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  Астана  қаласының  «Балақай» 

балабақшасында «Армысың Әз Наурыз» мерекесін өткізді. Ба-

лаларды ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыруға арналған ой-

ындар ұйымдастырылды. 

Бұл шараның мақсаты балаларды қазақ халқының әдет-ғұрпы 

мен  салт-дәстүрімен  таныстыру,  отансүйгіштікке  тәрбиелеу, 

қазақ тілінде сөйлеуге баулу және балалардың шығармашылық 

қабілетін арттыру. 

Іс-шара  соңында  өскелең  ұрпақты  қазақ  тілін  үйренуін  ын-

таландыру  мақсатында  Қор  бүлдіршіндерге  мемлекеттік 

тілдегі кітаптарды сыйға тартты. Бұл Қазақстан халықтарының 

ертегілері мен мектепке дейнгі балаларға арналған танымдық 

әдебиет.

iOS және Android 

платформасындағы Тұңғыш 

отандық инновациялық «Айтыс» 

(iTys) IT-жобасының тұсаукесері

31 Наурыз 2015

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2015 жылғы 30 наурызда iPhone 

и iPad тұтынушылары үшін қолжетімді «Айтыс» (iTys) атты Тұңғыш 

қазақстандық мессенджердің тұсаукесерін өткізді.

iTys  мобильдік  қосымшасы  тұтынушыларға  мемлекеттік  тілде 

толыққанды хат-хабар алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әлемнің 

әр қиырындағы барша қазақстандықтарды біріктіруді көздейді. Оны 

AppStore мен www.itys.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады.

Бірнеше айдың ішінде iTys мессенджерін ұялы телефондары-

на жүктеп алған тұтынушылар саны 200 000-нан асты, олардың 

қатарында  тек  Қазақстан  тұрғындары  ғана  емес,  Ресей,  АҚШ, 

Қытай, Корея, Түркия, Франция және Жапония елінің азаматтары 

да бар.

Бұл қосымша барша қазақстандықтардың, сондай-ақ шетелдік-



тердің де қолдауына ие болды, оған қатысты оң пікірлер айтылуда. 

118

119

«ЖАС ҰЛАНМЕН» жүздесу

4 Мамыр 2015 

Астанада  Сағадат  Нұрмағамбетов  атындағы  «Жас  ұлан» 

республикалық мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесу болып 

өтті.


Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  70  жылдығы  мен  Отан 

қорғаушылар  күніне  арналған  «Ерлік  –  елге  мұра!»  атты 

бұл  патриоттық  шараны  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры 

ұйымдастырды.

Кездесу  барысында  Кеңестер  Одағының  Батыры,  бірінші 

Халық Қаһарманы, тәуелсіз еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, 

армия  генералы  Нұрмағамбетов  Сағадат  Қожахметұлы  ту-

ралы  «отАсу»  роман-дилогиясының  авторы,  жазушы-журна-

лист  Болат  Жүнісбеков  болашақ  генералдарға  халқымыздың 

біртуар  қайраткері  туралы  кең  әңгімеледі.  Жастарға  қаршадай 

қазақ  баласының  майдандағы  ерлігі  мен  бейбіт  кезеңдегі 

қажырлы  қызметі  жөнінде  нақты  мысалдар  келтірілді.  Соны-

мен қатар тұңғыш министрдің Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшы 

Н.Ә.Назарбаевтың  тікелей  басшылығымен  төл  Қарулы 

күштерімізді нығайту жолындағы ерен еңбегі жастарға үлгі етілді.

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  мектептің  кітапханасына 

әр  түрлі  тақырыптағы  қазақша  жүзден  аса  кітап  пен  Сағадат 

Нұрмағамбетов  туралы  «отАсу»  романының  жиырма  данасын 

сыйға тартты.

«Ұмытылған батырлар» оралды

5 Мамыр 2015

 

Астана  қаласында  «Ұмытылған  батырлар.  Кеңес  Одағының 



Батырлары»  атты  Қордың  қолдауымен  әзірленген  кітаптың 

тұсаукесер рәсімі өтеді.

Берік Әбдіғалиұлының кезекті бұл еңбегіне Екінші Дүниежүзілік 

соғыста  ерекше  көзге  түсіп,  ерлік  көрсеткен  отандастарымыз 

арқау болған.

Кітапта көрсеткен ерліктері үшін дер кезінде «Кеңес Одағының 

Батыры» атағына ұсынылып, белгісіз себептермен батыр атағы 

берілмеген,  тіптен  жадымыздан  өшіп  қалған  аталарамыз  тура-

лы  тың  мәліметтер  топтастырылған.  «Ұмытылған  батырлар» 

жайындағы мәліметтер Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен 

алынып, алғаш рет жариялануда. Әзірге «Кеңес Одағы Батыры» 

атағына  ұсынылған  10  қазақстандық  батыр  жайында  мағұлмат 

табылған.

Жоба  мақсаты  —  тарихи  әділеттілікті  қалпына  келтіру  және 

жас ұрпақ бойына отансүйгіш қасиет дарыту.


120

121

SMART.TV-ға арналған «Soyle.kz» 

қосымшасының тұсау кесері

20 Мамыр 2015

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  мен  “Samsung  Electronics 

Central  Eurasia”  компаниясы  бірлесіп  SMART.TV-ға  арнайы 

әзірлеген «Soyle.kz» қосымшасының тұсау кесері өтті.

Портал  жұмысының  тиімділігін  арттыру  мақсатында  сервер 

параметрлері мен программалық жүйесін жаңарту және кеңейту 

шаралары жүзеге асырылды.

Пайдаланушылар бір-бірімен онлайн режимінде сөйлесе алуы 

үшін «Онлайн чатты» іске қосылды. Жаңадан «Кітапхана» бөлімі 

ашылды, бұл жерде түрлі әдеби және танымдық кітаптарды он-

лайн  режимде  оқуға  мүмкіндік  аласыз.  «Өзіңді  тексер!»  атты 

жаңа бөлім аштық.  

«Soyle.kz»  әлеуметтік  желісінің  топтарында  20  мыңға  жуық 

пайдаланушы, ал мобильді қосымша арқылы 20 мыңға жуық пай-

даланушы  тіл  үйреніп  жатыр.  Балаларға  арналған  «bala.soyle.

kz»порталын пайдаланушылар саны да күн сайын артып келеді.



«Еркетай» балабақшасында 

балаларды қорғаудың 

Халықаралық күніне орай 

іс-шара өтті

1 Маусым 2015 

Балаларды  қорғаудың  Халықаралық  күні  қарсаңында 

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  Астана  қаласының  «Еркетай» 

балабақшасына қонаққа барды. Балаларға қызық әрі тартымды 

мерекелік шара ұйымдастырылып, көптеген түрлі сайыстар бол-

ды.


Бұл  шараның  мақсаты  балаларды  ерте  жастан  қазақ  тілінде 

сөйлеуге баулу.

Іс-шара соңында өскелең ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуін ын-

таландыру  мақсатында  Қор  бүлдіршіндерге  мемлекеттік  тілдегі 

кітаптар сыйға тартты. Бұл Қазақстан халықтарының ертегілері 

мен мектепке дейінгі балаларға арналған танымдық әдебиет.



122

123

Қазақстан Республикасы Тұңғыш 

Президенті — Елбасы Қорының 

«Алтын Тобылғы» әдебиет 

Жүлдесіне өтініштер қабылдау 

басталғаны жарияланды

1 Шілде 2015 

Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Ел-

басы Қорының «Алтын Тобылғы» Жүлдесіне өтініштер қабылдау 

басталғаны белгілі болды. Жүлде қорының жалпы мөлшері 5,5 

млн теңге.

«Алтын Тобылғы» әдеби шығармалар Жүлдесі — қазақстандық 

авторлардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 

әзірленген, жаңа буынның өмірлік философиясын көрсететін жоба. 

Жобаға  ҚР  Жазушылар  одағы  мен  Мемлекеттік  тілді  дамыту 

қоры серіктес болды.

Жобаға 18 бен 35 жас аралығындағы қазақстандық жас автор-

лар қатыса алады. Ұсынылатын материалдар бұрын еш жерде 

жарияланбаған болуы тиіс.

«Алтын  Тобылғы»  Жүлдесі  «Үздік  проза»,  «Үздік  поэзия», 

«Үздік  драматургия»  және  «Үздік  балалар  әдебиеті»  деген  4 

номинация  бойынша  беріледі.  Жеңімпаздарға  1  млн.  теңгеден 

сыйақы беріледі. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» тақырыбы бойын-

ша жеңімпаз атанған автор 1,5 млн теңге ақшалай сыйлығы бар 

арнайы жүлдеге ие болады.

Ұлы Абайдың 170 жылдығына орай 

Қазақстанда тұңғыш рет 

«Abaialemi.kz» энциклопедиялық 

онлайн порталы ашылды.

6 Тамыз 2015 

6 тамыз күні Семейде Абайдың 170 жылдығын мерекелеу ая-

сында  ақынның  өмірі  мен  шығармашылығына  арналған  www.

abaialemi.kz  энциклопедиялық  онлайн  порталының  тұсаукесер 

рәсімі өтті.

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  жасаған  портал  Қазақстан 

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 

өзінің  «Жібек  жолы»  бейбітшілік  сыйлығына  алған  қаржысына 

әзірленді. 

Салтанатты шара барысында ұлы ақынның шығармашылығы 

мен  өміріндегі  бұған  дейін  белгісіз  болып  келген  жайттарға  ар-

налып  Қордың  арнайы  тапсырысымен  түсірілген  «Абайдың 

ұлы  жұмбағы»  атты  жаңа  рухани-ағартушылық  деректі  фильм 

көрсетілді.

www.abaialemi.kz  онлайн  порталында  ұлы  Абай  дәуірі, 

оның  ізбасарлары  туралы  мәлімет,  абайтану  еңбектері, 

замандастарының  естеліктері,  Абайға  арналған  шығармалар, 

т.б. бар. Порталдағы қазақ, латын және араб тілдеріндегі ақпарат 

мынадай  бөлімдер  бойынша  орналасқан:  Абайдың  өмірбаяны, 

шығармашылығы, Абай әлем тілдерінде, Абай өлеңдері, Абай ту-

ралы естеліктер, абайтану, абайтанушы-ғалымдар, «Абай жолы» 

эпопеясы, естелік жерлер, Абай мұражайы, фотогалерея.



124

125

«Тәтті алма» — Елбасының 

балаларға сыйлығы

9 Қыркүйек 2015

 

9 қыркүйек күні Астанадағы №70 мектепте «Тәтті алма» атты 

2-томдық  балаларға  арналған  шығармалар  жинағы  мен  www.

tattialma.kz балалар сайтының тұсаукесері өтті.

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  бұл  жобалары  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  қолдауымен, 

Елбасының  «Жібек  жолы»  бейбітшілік  сыйлығына  алған 

қаржысына әзірленіп отыр.

Елбасының тікелей қолдауымен басылып шыққан бұл жинаққа 

қазақ балалар әдебиетіндегі белгілі ақын-жазушылары мен жас 

қаламгерлердің ХХ ғасырдың орта тұсынан бүгінге дейінгі жарық 

көрген туындылары еніп отыр. 

Жинақ  3000  дана  болып  басылып,  олардың  басым  көпшілігі 

республикадағы  балалар  кітапханалары  мен  мектептерге  тара-

тылды.

www.tattialma.kz  сайтының  басты  мақсаты  –  балаларды 



әдебиет  әлемімен  таныстыру.  Сайттың  басқы  бетінде  жинаққа 

енген  шығармалар  орналастырылған.  Сондай-ақ,  сайтта  муль-

тфильмдер,  ертегілер,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  және  ата-

аналарға арналған бөлім мен байқаулар бөлімі бар. 



126

127

«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!»

21 Қыркүйек 2015

 

Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік 

тілді  дамыту  қоры  Астана  қаласының  №  70  мектеп  лицейінде 

«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» акциясын өткізді.

Шараның  мақсаты  өскелең  ұрпақтың  мемлекеттік  тілді 

үйренуге  деген  қызығушылығын  арттыру,  оларды  қазақстандық 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  «Тілдер  туралы»  Заңмен  таны-

стыру,  қазақ  әдеби  тілін  үйренуге  баулу  және  балалардың 

шығармашылық қабілетін арттыру.

Шара  соңында  Қор  бүлдіршіндерге  қазақ  тіліндегі  120  кітап 

сыйға тартты. 

Ілтипат пен құрмет

7 Қараша 2015

 

Астанада  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентінің 

Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісін табыстау рәсімі өтті. 

Түрлі  лауазымда  қызмет  ететін,  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін 

өсіруге,  оны  дәріптеу  мен  насихаттауға  зор  үлес  қосып  жүрген 

ұлтжанды  азаматтар  салтанатты  түрде  «Тіл  жанашыры» 

төсбелгісіне ие болды.

«Тіл жанашыры-2015» төс бел гісін алғандар қатарында «КМ ком-

паниялар тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мусин, Бас 

Прокурордың орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Жақып 

Асанов  пен  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  директоры  Азат 

Шәуеев, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы «Мұрагер» 

қоғамдық ұйымының негізін қа лаушы Нұрлан Өміржанов бар.


128

129

4 жас қазақстандық 

«Алтын Тобылғы» әдебиет 

саласындағы алғашқы Сыйлықтың 

лауреаты атанды

4 Желтоқсан 2015

 

Астанада  Елбасы  –  ҚР  Тұңғыш  Президенті  Қоры  «Алтын 

Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреатта-

рын марапаттады.

«Алтын  Тобылғы»  әдеби  туындылар  сыйлығы  –  18  бен  35 

жас  аралығындағы  жас  қазақстандық  авторлар  шығармашылық 

әлеуеттерін жүзеге асыруға бағытталған жоба. Барлығы жиналған 

120 әдеби туындылардың ішінен әділ қазылар алқасы 4 ең жақсы 

туындыны  таңдады.  Жоба  серіктестері  –  Қазақстан  жазушылар 

одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

миллион 


теңгеден 

келесі 


авторлар 

алды: 


• «Ең жақсы проза» — Арай ЕРТАРҒЫНОВА, 20 жас, (Өскемен қ.) 

• «Ең жақсы драматургия» — Әннәс БАҒДАТ, 31 жас, (Алматы қ.) 

•  «Ең  жақсы  балалар  әдебиеті»  —  Алексей  ВАРЗАЕВ,  35  жас, 

(Шахтинск  қ.,  Қарағанды  обл.).  Сонымен  қатар,  «Мәңгілік 

ел»  тақырыбына  туынды  үшін  1,5  миллион  теңге 

көлеміндегі  арнайы  сыйлық  34-жасар  Алматы  облысы 

Талдықорған  қаласынан  Есболат  АЙДАБОСЫНҒА  берілді. 

«Ең жақсы поэзия» номинациясы бойынша сыйлық бұл жылы та-

бысталмады.

 

«Кім Білгіш» және «Менің 



Қазақстаным» мобильді 

қосымшаларының тұсаукесері

9 Желтоқсан 2015 

9  желтоқсан  күні  Астанада  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры 

Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  күніне  орай  «Кім 

Білгіш»мобильді  ойыны  мен  «Менің  Қазақстаным»  мобильді 

қосымшаларының тұсаукесер рәсімін өткізді. 

Бұл  жобалар  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  тікелей  қолдауымен,  Елбасының  «Жібек 

жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.

«Кім  Білгіш»-  түрлі  анимациялық  әдістер  мен  дыбыстық 

жүйе  негізінде  дайындалған,  сан  алуан  тақырыптағы  сұрақтар-

дықамтитын  интеллектуальды  викториналық  ойын.  Ойында  өз 

достарыңмен де, кездейсоқ қарсыластармен де жарысуға бола-

ды. Қосымшада түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жұмбақтар және 

ҰБТсұрақтары жинақталған. Ойын барысында әр түрлі санаттағы 

сұрақтарды  таңдауға  болады.  Қосымшаның  басты  ерекшелігі  – 

ойыншылардың жарысып ойнауына мүмкіндік беретін турнирлер. 

Олардың екі түрі бар: классикалық және ойыннан шығып кететін 

түрі. Ойынның негізгі бөлімдері: ғылым, Қазақстан табиғаты, ХХ 

ғасыр, ХХІ ғасыр, денсаулық, спорт, Қазақстан тарихы, ҰБТ және 

шартарап.


130

     


«Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі 

зор  көпшілікке  арналған  мобильді  қосымша.  HD  сапасындағы 

фотосуреттер  жиынтығы:  Елорда,  Алматы  қаласы,  Қазақстан 

табиғаты,  спорт,  патриоттық,  тарихи  тақырыптағы  суреттер, 

Қазақстан  туы  мен  елтаңбасы  бар  түсқағаздар.  Бұл  қосымша 

арқылы  еліміздің  әнұранын  тыңдап,  рингтонға  қосып  қоюға, 

Қазақстан  инфографикасымен  танысуға,  планшет  және  теле-

фонды ландшафттық және портреттік режимге оңтайландыруға 

болады.

«Кім  Білгіш»  және  «Менің  Қазақстаным»  мобильді 



қосымшаларықазақ және орыс тілдерінде әзірленген, IOS және 

ANDROID  платформаларында  қолжетімді.  Болашақта  осы 

қосымшалардың  ағылшын  тіліндегі  нұсқасын  жасау  жоспарла-

нып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет