М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Камалов А.А. Жизнь и творческое наследие Табиба Исфагани. Авторе-
ферат на соис. уч. степ. к.ф.н. душанбе, 2011, С. 8-9
2.КРо 1, С. 177
3. Хидоятов Г.А. Моя родная история. – Т: Укитувчи, 1990. – С.216
4. Қасымбаев Ж. Абулхаир хан и Надир шах // Ізденіс, Поиск. 2001, №2, 
С.71
5.Темиргалиев  Р.  Казахские  ханы  Хиви.  Часть  1.  http://www.zonakz.net/
articles/31203?moda=neply
6.РИССМ, «Түркімендер ісі» 133 қ., 133/1 т., 1741, 2 іс, 1-2пп.
7.РИССМ, 122 т., 122/1 т., 1741,  2 іс, 22 пп.
8.Материалы по истории туркмен и Туркмении. Т.2 М., Институт вос-
токоведения, 1938
9.Замечания майора Бланкеннагеля впоследствия поездки его из орен-
бурга в Хиву в 1793-94 годах // вестник императорского Русского географиче-
ского общества 1858 г. №3
10.Ханыков Я.в. Поездка из орска в Хивум обратно, совершенная по-
ручиком Гладышевым и геодезистом Муравиным // Географические известия. 
СПб., 1850, С. 542-543; КРо-1. С. 170-171
11. РИССМ. «Түркімендер ісі» 133 қ., 133/1 т., 1741, 3 іс. 1-20 пп.
12. Рычков П.И. История оренбурская (1730-1750). оренбург, 1896, С.81
13.  Материалы  по  истории  Казахской  ССР.  Т.ІІ.  ч.2  (1741-1751  гг.).  – 
Алма-Ата, 1948. С.129-132
14.  Исмурзин  Ж.А.  Батырұлы  Қайып  хан  және  оның  әулетінің  тарихы 
(1745-1860 жж.). Тарих ғ. к. дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. 
орал 2008, 32 б.; РИССМ. 122 қ.,122/1 т., 1747, 3 іс, 265 п.
15. Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. А., 1995, 85-86 бб.
16.РИССМ.  122  қ.,  128/1  т.,  1745,  3  -  іс,  132,142  пп.;  Исмурзин  Ж.А. 
Көрсетілген еңбек. 33 б.
17. Тулибаева Ж.М. Казахстан и Бухарское ханство в XVIII – пер. полови-
не XIX в. Алматы. 2001, С. 45-50
Әбілмәмбет Болатұлының 
қоғамдық-саяси қызметі* 
 
Абылай ханның: «Менің ата-бабаларым Барақ хан, Жәнібек хан, 
Жәдік хан, Шығай хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, 
Қайып хан, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет хан, олардан соң енді мен Абы-
лай ханмын» - деген 1767 жылы 14 желтоқсанда омбы әкімшілігіне 
жолдаған хатында (1) көрсетілген қазақтың бас хандарының тізіміндегі 
Әбілмәмбет  ханның  өмірі  мен  қызметі,  еліне  сіңірген  еңбегі,  қадір-
қасиеті  бүгінге  дейін  зерделеніп,  лайықты  бағасын  алды  деу  қиын. 
Кешегі кеңестік заманда Қожаберген жырау атынан:
Әбілмәмбет солқылдақ.
Ақ балықша борпылдап,
Келіспейді ерлермен
Қабандарша қорсылдап, – деп айтылды деген өлең жолдар да 
ұрпақ  санасына  құйылып  келді.  Ал  Әбілмәмбет  ханмен  талай 
кездесіп, қазақ-орыс қатынасына ықпал жасаған орынбор әкімшілігі 
кеңсесінің  шенеунігі  П.И.Рычков  1762  жылы  жазған  еңбегінде 
Әбілмәмбетті «жуас мінезді» адам ретінде сипаттап: «өз тыныштығы 
үшін  ордадан  Түркістанға  көшті.  оның  ресейлік  тарапқа  еш 
қарсылығы болмады» (2)  - деген қорытынды жасап, Әбілқайыр хан-
мен салыстырған болатын. Міне осындай түйіндеулер қазақ тарихында 
Әбілмәмбет хан сынды тұлғаны танып білуде біржақты көзқарастың 
қалыптасуына негізгі арқау болды.
Сонымен Абылай хан мойындаған қазақтың бас ханы Әбілмәмбет 
хан  кім?  оның  ата-бабасы  туралы  алғашқы  деректі  Қадырғали 
*Мақала  «отан  тарихы»  журналының  2012  жылдың  №2(58)  санында    
жарияланған

76
77
Қосымұлы  1602  жылы  жазған  «Жылнамалар  жинағы»  еңбегінде 
келтіреді.  Автор  «Барақ  ханды  жеңімпаз  батыр,  алып  еді  деседі. 
Айналасындағы  уалаяттарды  өзіне  тәуелді  қылды.  Ақырында  Еділ 
мен  Жайықтың  арасы,  Сарайшыққа  жақын  Қазы,  Наурызбек  ұрыста 
ажал тапты. оның ұлын Кіші Жәнібек хан деп атайды. Бұл Жәнібек 
хан атасының ұлысын биледі. оның ұлдары көп еді. Аңызға айналған 
.... зағлы қырық інісі бар. Есімдері белгілі ұлдары мен немерелері осы 
еңбекте  айтылады.  Аты  әйгілі  болған  ұлдары  мыналар:  Қасым  хан, 
Қанбар сұлтан. Бұл екеуі бір анадан. осак хан, Надик хан. Бұл екеуі 
бір анадан» дей келе, Әбілмәмбеттің атасы Надиктің (Жәдіктің - Ә.М.) 
Шағым мырзамен шайқаста қаза тауып, Үргеніштегі Бақырған әулие 
күмбезінде  жерленгендігін,  одан  туған  Шығай  ханның  «батырлығы 
мәлім-мәшһүр»  деп  Күмішкенттегі  Әлі  атаның  күмбезінде 
жерленгендігін атап өткен (3).  
1663-1674 жылдары жазылған Әбілғазы баһадүр ханның «Түрік 
шежіресі (Шежіре-и түрік)» еңбегінде Әбілмәмбет аталарын «Шыңғыс 
хан – Жошы хан – Тоқай темір – Хожа – Бадақұл ұғлан – орыс хан- 
Құйыршық хан – Барақ хан - Әбусағит (лақабы Жәнібек хан). оның 
тоғыз ұлы бар еді. ... Өсік, Жәдік» - деп тарқата түскен (4). Аталған 
еңбекті  пайдаланған  Шәкәрім  қажы:  «Жәдіктен  –  Қасым-Сығай-
Тәуекел-Есім-Жәңгір-Тәуке-Болат  ханды  таратып,  Болаттан  екі  ұл 
Сәмеке, Әбілмәмбет туған» (5) деген тоқтамға келеді. 
Әбілмәмбет хан шежіресіне орыс үкіметі XVIII ғасырдың І жар-
тысында – ақ қызығушылық танытты. Әсіресе, орынбор әкімшілігінен 
бұл мәселені аудармашы А.И.Тевкелев шеберлікпен жүргізді. Аудар-
машыны  қазақ  даласына  Әбілқайыр  ханға  жібере  отырып,  патша 
саясаткерлері «Қазақтың үш ордасындағы барлық хан, сұлтандардың 
тегін  анықтап  тірілерін  бір,  өлілерін  екі  дөңгелекпен    қоршап, 
мемлекеттік  коллегияға  тапсыруды  жүктеді»  (6).    ол  1748  жылы  24 
қыркүйекте Жәнібек ханнан тараған Өсік пен Жәдіктен туған ұлдарды 
алғаш рет тізбелеп Ресей Сыртқы істер алқасына тапсырады. 
Сонымен 
Қ.Қосымұлы, 
Әбілғазы, 
А.Тевкелев 
және 
Ш.Құдайбердіұлы  деректері  Әбілмәмбеттің  қазақтың  бас  хандары 
тегінен екендігін толық дәлелдейді. Мұның өзі оның қазақ қоғамында 
алар  орнын  анықтап  қана  қойған  жоқ,  болашақ  атқарар  қызметінің 
қаншалықты салмақты болатындығын да аңғартты.
Әбілмәмбеттің - Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі 
екендігі анық. Бүгінгі тарихшылар Болат ханды 1715 – 1724 жылдардағы 
орта  жүз  ханы  деп  көрсеткенімен,  Абылайдың  жоғарыдағы  хаты 
оның әке жолын жалғастырып, аз уақыт болса да барша қазақтың бас 
ханы  болғанды-ғын  дәлелдейді.  Біздіңше,  Абылай  хатына,  ондағы 
келтірілген  тізімге  толық  сенуге  болады.  Өйткені,  Абылайдың  өзге 
хандарды қоспай тек қана бас хандарды анықтап, өзін соңына қосуы 
заңдылық болатын және оның өз ата-бабаларын шатастыруы мүмкін 
емес.  Ал  1735  жылы  орынбор  экспедиция-сына  тапсырылған  сарт 
Нұрмұхамед  атынан  құрылған  «орта  орда  ханы:  Жәңгір  хан,  одан 
кейін Батыр хан, содан Тәуке хан, Қайып хан, Сәмеке хан болып тара-
тылатын» кестені жалпы қазақ ордаларындағы хандар тізімі ретінде 
қабылдауға болады (7). 
Әбілмәмбеттің аталары туралы фольклорлық, мұрағаттық дерек-
тер  болғанымен,    өз  әкесі  Болат  хан  туралы  деректер  жоқтың  қасы. 
Кезінде  А.И.Левшин  «Тәуке  ханның  баласы,  Әбілмәмбеттің  әкесі 
Болат  туралы  еш  мәлімет  таба  алмадым,  соған  қарағанда  ол  атағын 
шығаратындай ештеңе жасамаған сияқты» (8) деген-ді. 
А.И.Левшин  еңбегімен  таныс  М.Тынышпаев  Болат  ханды 
«жігерсіз,  жылдам  шешім  қабылдай  алмайтын  адам»  ретінде  си-
паттайды  (9).  Зерттеушілер  пікірлері  XVIII  ғасырдағы  «Елім-ай» 
дастанындағы  «Сәмеке,  Қайып,  Болат  дәрменсіз  боп,  кездейсоқ  ел 
жағдайы оңа алмады» деген жолдармен де толықтырыла түседі. Яғни, 
Болат  билікке  әкесі  Тәуке  хан  1715  жылы  қайтыс  болғаннан  кейін 
мұрагерлік жолмен сайланып, ел қолда-уына ие болған (10). 
дегенмен араға уақыт сала қазақ елін басқару Хұсырауұлы Қайыпқа 
көшкен. Қайыптың бас хандыққа  отырғанын, қазақ елшілерінің Сібір 
губернаторы М.П. Гагаринге келуі туралы құжаттар айғақтайды. орыс 
мұрағатындағы  1715-1719  жылдардағы  деректер  Қайыптың  барша 
қазақ  атынан  орыс-қазақ  келіссөздерін  жүргізгенін,  оның  жанында 
Әбілқайыр ханның болғандығын дәлелдейді (6, С. 16-30). 
1715  жылы  4  қыркүйекте  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдан  І  Петр 
патшаға  жолданған  хатта  Тәуке  ханның  қайтыс  болғандығы,  ендігі 
жағдайда өзінің Қайып ханмен бірге қазақ-орыс қарым-қатынасындағы 
мәселелерді  бірлесе  шешіп  жүргендігі  анық  жазылған  (11).  осы 
тұстағы  хаттарда  Болат  ханның  аты  бірде-бір  рет  аталмайды.  олай 
болса, Болат ханның өзі Қайыптың қайраткерлігін мойындаған және 
оның  заңды  билігіне  мойын  ұсынған  деген  тоқтамға  келуге  болады. 
Белгілі зерттеуші И.в. Ерофеева «алғаш рет болжам түрінде айтылған 
белгілі  зерттеуші  М.Тынышпаевтың:  «Тәуке  хан  қайтыс  болғаннан 
кейін Болат хан оның мұрагері ретінде қазақтың үлкен ханы болып, 
1730 жылға дейін өмір сүріп, Аңырақай жеңісінен кейін қайтыс бол-
ды»  деген  пікірі  соңғы  алпыс  жыл  көлемінде  қазақстандық  және 
ресейлік ғалымдардың еңбектерінде толық орнықты.  Алайда, бүгінгі 
тарихшыларға белгілі ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы барлық 
құжаттар  бұл    ханның  үлкен  мәртебесі  туралы  мәліметті    растамай-

78
79
ды, растамақ тұрмақ бірде-бір құжатта не замандастары-ның айтуын-
да Шыңғыс ұрпақтарының арасында Тәукенің үлкен ұлының жоғары 
мәртебесі  туралы  емеурін  де  білінбейді,  тіпті  Болаттың  есімінің  өзі 
сирек аталады. ХҮІІІ ғасырдың 30-80 жылдарында қазақ даласының 
көптеген ықпалды және көп нәрседен хабардар адамдары сол уақытта 
және басқа кездері Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет пен Абылай 
хандарды үлкен хан деп атағанымен, олардың ешқайсысы бірде-бір рет 
Болат есімін атаған емес»  деп түйіндейді (10,  С. 157). Әрине, бұл ара-
да автордың Болаттың бас хан болғанына күмәндәнуі орынды. Өйткені, 
зерттеушіге жоғарыдағы Абылай ханның хаты кездеспеген. Біздіңше, 
Болат аз уақыт болса да бас хан тағында болған. Билік Қайып ханға 
тапсырылғаннан кейін Болат орта жүздегі найман, қыпшақ, арғын ру-
ларын басқарған. Болат Тәукеұлын Шәкәрім қажы Қазақ тарихындағы 
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары немесе 1723-1724 
жылдары атамай, орта жүзде Болат ханның баласы Сәмеке басқарды» 
(5,С.52) деген қорытынды жасаған. Яғни, бұл кезеңде Болат хан қайтыс 
болған сияқты. Шәкәрімнің Сәмекені Болат ханның баласы деп қайта-
қайта жазуы шындыққа жанаспайды. Өйткені Сәмеке де Тәукеден та-
райды, Болаттың бауыры. 
Сәмекенің 1724-1726 жылдары хан ретінде атала бастауы Астра-
хань губерниясының шенеуніктерінің  хаттарынан да байқалады. олар 
оны «қазақ және қарақалпақ ханы» деп атайды (11, С.158)
Әбілмәмбет сұлтан әкесі Болат хан қайтыс болғаннан кейін, немере 
ағасы Сәмеке ханмен бірге Түркістанда тұрақтаған. ол дәл сол кезеңде 
мұрағат деректерінде көрініс таппаса да, өзге белгілі қазақтар қатарында 
жоңғарларға қарсы азаттық соғысқа белсене қатысты деуімізге бола-
дыӨйткені ел қорғау барша қазақтың ортақ борышы болатын.  1730 
жылы 20 шілдеде Уфа әскери кеңсесіне жолданған Әбілқайыр хан ха-
тында Әбілмәмбет Барақ, Жолбарыс сияқты тұлғалармен бірге аталды. 
Мұрағаттық құжатта  Әбілмәмбет сұлтан хан деп қате жазылғанына 
қарамастан, оның сол тұста-ақ ел алдына шыққан тұлғалар қатарында 
аталуы көп нәрсені аңғартса керек. Кейін 1731 жылы 16 желтоқсанда 
табын  Бөкенбай  батыр  орыс  елшісі  А.  Тевкелевке  «орта  жүзде  екі 
хан: Сәмеке хан мен Күшік хан және екі сұлтан – Барақ сұлтан мен 
Әбілмәмбет сұлтан бар» (12) деп нақты атап өткен. 
Міне  осы  орыс  елшісі  араға  уақыт  сала  Құдайназар  мырзаны, 
башқұрт Таймас Шаимовты Сәмеке ханға жіберген. Елшілер 1731 жылы 
19 желтоқсанда Сәмекемен кездесіп, Әбілқайырдың Ресеймен келісімге 
келгендігін және  Ресейге  жоңғар шапқыншылығынан қорғануы үшін 
салық  төлейтіндігін  жеткізген.  Сәмеке  Әбілқайырдың  көпшіліктің 
келісімінсіз  жасаған  тәуекеліне  наразылық  танытқанымен,  елдегі 
жағдайды ескеріп, жыл сайын 2000 түлкі, 1000 қарсақ терісін беруге 
уәде бергенімен, Уфаға аманат ретінде ұлдарын жіберуге келіспеген. 
осы тұста Сәмеке ханның Барақ, Әбілмәмбет сұлтандармен, Жәнібек 
батырмен бірлесіп Қонтайшыға қарсы соғысты жоспарлағаны белгілі 
болды (6, С.64). 
XVIII  ғасырдың  30  жылдары  Әбілмәмбет  сұлтан  Күшік  ханмен 
де  араласты.  1735  жылдары  Күшік  ханның  жанында  Барақ  сұлтан 
жүрді. Күшік пен Барақ найман, қоңырат руларын басқарған Тұрсын 
ханың  ұлдары  болатын.  Ал  Тұрсын  ханның  өзі  жоғарыда  аталған 
Болат,  Сәмекелермен  немере  бауыр,  барлығы  атақты  Сығай  ханнан 
қосылатын. Күшік хан мен Барақ сұлтандар 1735 жылы желтоқсан ай-
ында А.Тевкелевке арнайы хат жолдап, өзара елші алмасуға шақырды 
(6, С.123). Бұл кезеңде Барақ сұлтан Торғай өзенінде, Жәнібек батыр 
Ақсақал  көліне  құятын  Ырғыз  өзеніне,  Сәмеке  хан  мен  Әбілмәмбет 
сұлтан Ертіс өзеніне жақын маңда көшіп қонған (6, С.126). осы сәтте 
орыс үкіметі аталған хан, сұлтан, батырлардың 1735-1736 жылдардағы 
башқұрттардың  азаттық  соғысына  көзқарасын  анықтауға  күш  сала-
ды.  орынбор  экспедициясының  басшысы  И.Кириллов  1736  жылы 
жаз айларында қазақ даласына арнайы ноғай Көбекті жіберді. Көбек 
Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет сұлтандарда болып, хан қызметшісі Бай-
бекпен бірге қазан айының соңында орынборға оралып, қазақтардың 
Қалдан-Церенмен  оң  қарым-қатынас  орнатқанын,  өзара  соғыстың 
жоқтығын  хабарлаған  және  башқұрт  мәселесіне  қазақтардың 
араласпайтындығын  мәлімдеген.  дегенмен  кейінгі  оқиғалар 
қазақтардың  башқұрттармен  керісінше  тығыз  байланыста  екендігін 
дәлелдейді.  1737  жылы  жаңа  башқұрт  көтерілісі  басталар  кезеңде 
башқұрттар  алдын-ала  қазақтармен  болашақ  мәселені  талқылай  ба-
стады. осы жылы 30 сәуірде Әбілмәмбет сұлтанға 40 башқұрт елшісі 
келіп,  «Ресейдің  оларды  қырып-жойып,  жастарын  соғысқа  алып, 
шоқындырып  жатқанын»  хабарлап,  қиын-қыстау  заман  туа  қалса 
қазақ иеліктеріне көшіп келу мәселесін көтерген(13). Кездесу соңында 
Әбілмәмбет сұлтан 2000 башқұрт түтінін қабылдауға келісімін берген. 
1737 жылы 31 мамырда Сібір драгун полкінің полковнигі И.Арсеньев 
Сібір  губерниясы  кеңсесіне  жолдаған  хатында  башқұрттардың  жи-
налып    12  адамды  Сәмекеге  жіберіп,  ханның  қолдауына  ие  болуды 
көздегенін жазады. Соңында Сәмеке хан башқұрттарға 40 жасауылмен 
бірге  өз  адамдарын  жіберуге  уәде  берген.  Мұндай  күрделі  мәселені 
Әбілқайыр, Сәмеке хандар үнемі бірге талқылап, соңында Әбілқайыр 
1000 адамымен Башкирияға баруды қажет деп тапқан (14). Сонымен, 
башқұрттар  өзінің  оңтүстік  шебін  нығарлап,  қазақтан  қорған  табу 
үшін қазақ сұлтандарын өздеріне шақырды. Тарихшы Г.Б.Ізбасарова: 

80
81
«Неліктен башқұрттар Ресей боданы бола отырып, өздерін басқаруға 
қазақ ханын шақырды? Өз араларынан лайықты башқұрт старшынын 
таба  алмады  ма?»  деген  сұрақты  қоя  отырып,  оған  Н.в.Устюговтың 
«Бұрынғы моңғолдар империясына қарасты тайпалар арасында әлі де 
болса Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының беделі өте жоғары болды. 
Хан тек қана Шыңғыс әулетінен болуы тиіс деп есептелінді. Ал, қазақ 
хандары мен сұлтандары Шыңғыстың үлкен ұлы Жошыдан бастау ала-
ды» (15), - деген тұжырымын алға тартады. 
Қалай  болғанда  да  башқұрттар  бодандық  бұғауын  үзу  үшін 
қазақтармен одақтасуға мүдделілік танытты. 1737 жылы жаз басталы-
сымен тағы да башқұрт елшілері Кіші, орта жүздерге келіп жетті. Мау-
сым айында олар Әбілмәмбет, Абылай, Барақ сұлтандарға келсе, сәл 
кейін Әбілқайыр ханмен жолығып, орынбор қаласындағы аманаттағы 
Ерәлі  сұлтанды  құтқаруға  көмектесетінін  жеткізген.  Көп  ұзамай 
Сәмеке хан мен Барақ әскерлері ор өзеніне жетіп, башқұрт көтерілісі 
басшыларының бірімен кездесіп, болашақ бірлескен қимылдары тура-
лы келісімге қол жеткізген. 
1737  жылы  шілде  айында  Сұлтанмұрат  бастаған  30  башқұрт 
Әбілмәмбет пен Бараққа келіп, қазақ ұлыстарына қабылдауын сұрайды. 
Ал тамыз айында Ноғай жолының башқұрттары Әбілмәмбетке келіп, 
Абылай  сұлтанды  өздеріне  хан  ретінде  жіберуін  өтінген  (13,  760-
769 п.). Көп ұзамай орыс үкіметіне Әбілқайырдың башқұрттарға хан 
болғысы келетіндігі, Әбілмәмбеттің оларды ашық  қолдап жатқандығы 
белгілі  болды.  1737  жылы  қыркүйек  айында  Әбілмәмбет  Сақмар 
бойына  1000 қазағын жіберсе, кейін 45 башқұрт түтінін өз ұлысына 
қабылдайды. Күзде сұлтанға 13 башқұрт түтінімен бірге ахун Салих 
те  көшіп  келіп,  керей  руы  арасына  орналасады.  Патша  үкіметінің 
башқұрттарды қайтаруды талап еткен хаттарына Әбілмәмбет пен Абы-
лай  олардың  өзге  қазақ  руларында  екендігін  алға  тартып,  өздерінің 
Еділ  қалмақтарынан  қауіптеніп  отырғандығын  хабарлап,  мәселені 
басқа  жаққа  аударды  (13,770,  774,  1090  п.).    Сұлтанмұрат  та  өзге 
башқұрт  көтерілісшілеріндей  қазақтар  арасына  сіңіп  кетті.  1737 
жылы 13 маусымда генерал Л.Я.Соймонов Әбілқайыр ханға хат жол-
дап, тағы да Сұлтанмұратты қайтаруын өтінді. Патша үкіметі қанша 
тырысқанымен  башқұрт  батырын  қайтару  ойлары  жүзеге  аспайды. 
1739 жылы 28 қыркүйектегі башқұрт комиссиясы  «Сұлтанмұрат Барақ 
сұлтан  иелігінде    тұрақтаған  екен.  ол  1739  жылы  қыста  Үргенішке 
сауда-саттық  жасай  барғанда  аттан  құлап  қайтыс  болды»  деген  ха-
бар алғанына қарамастан, қайткенде де өш алу мақсатында батырдың 
әйел-балалары  мен  туған-туысқандарын  жазалап,  шаңырақтарын 
талқандаған (16).
Башқұрт  –  қазақ  қарым-қатынасындағы  Ресейге  қарсы  өзара 
бірлесіп күресудің биік шыңы башқұрттардың Әбілқайыр ханды хан 
ретінде  мойындауы  болды.  1738  жылы  сәуірде  Әбілқайыр  жаны-
на  башқұрт  басшыларын  ертіп  орынборға  келген.  одан  қауіптенген 
орынбор  комендан-ты  Г.Л.останков  Әбілқайырдың  башқұрттарға 
бұйрық беріп, билік жүргізіп жатқандығын в.Н.Татищевке хабарлай-
ды. Г.Л.останковтың башқұрт істеріне араласпау туралы ескертпесіне 
Әбілқайыр хан «Қала (орынбор - Ә.М.) менікі, ол менің рұқсатыммен 
тұрғызылған. Мені тыңдамайтындардың басын аламын», - деп жар са-
лады (13, 998 п.). Кейін Әбілқайыр өз ұлы Қожахметті башқұрттарға 
бөлек хан сайлап, оны осында алдырту үшін Ноғай жолы башқұрты 
Көсеп Сұлтанғалиевті елші ретінде қазақ даласына жіберген. Башқұрт 
елшілері  орынборға  жеткенде  Г.Л.останков  Көсепті  қолға  түсіріп, 
қамауға алды. 1738 жылы 9 мамырда в.Н.Татищев патшаға Әбілқайыр 
ханның  «Ресейге  берген  уәдесін»  бұзғанын,  бірақ  жағдайды 
шиеленістірмес  үшін  «оны  елемей»  Башкириядан  шығаруға  күш 
салатындығын хабарлады (17). Әбілқайырдың түпкі саясатын түсінген 
орыс  саясаткерлері  в.Н.Татищевке  орынбор  қаласының  жағдайын 
ескеріп, оны қорғап қалуды жүктеп, барлық жауапкершілікті мойнына 
артып, қайткенде де қазақтармен тез арада  кездесу ұйымдастыруды 
тапсырады. орынбор комиссиясы басшысы в.Н.Татищев қазақтармен 
байланысқа тағы да  башқұрт тарханы Таймас Шаимовты пайдаланды. 
Тарханның септігімен Кіші, орта жүз қазақтарының қатысуымен қазақ-
орыс келіссөзі 1738 жылы тамыз айының басында орынбор қаласының 
маңындағы  орск  қаласында  өтті.  Кездесу  барысында  толтырылған 
хаттамаға сенсек, Әбілқайыр хан жанында аманаттағы Ерәлі сұлтан, 
56 би, старшындар болған. Қазақ-орыс келіссөзіне  Әбілмәмбет, Абы-
лай сұлтандар қатыспаса да, Әбілқайыр хан олардың «қазір алыс жай-
лауда екендігін» айтып жеткізген(18). Ханның хабарының дұрыстығын 
1738 жылы 31 шілдеде арнайы Әбілмәмбет пен Абылайға жіберілген 
прапорщик  Норов  анықтайды.  Норов  комиссия  басшысының  «түрлі 
сыйлықтарын» жеткізіп, екі сұлтанның Ертіс өзені бойларында көшіп-
қонып жүргендігін в.Н.Татищевке 8 қыркүйекте хабарлаған (19). 1738 
жылы орта жүзді 1724 жылдан бері басқарған Сәмеке Тәукеұлы қайтыс 
болды.  ол  турасында  1738  жылдың  29  тамызы  мен  1739  жылдың  5 
маусымы  аралығында  орынбордан  Ташкентке  барып  қайтқан  по-
ручик  Карл  Миллердің  күнделігінен  табамыз.  Поручик  күнделігінде 
26  қазанда  көпестермен  бірге  Әбілмәмбет  сұлтанмен  кездескенін, 
сұлтанның қайтыс болған немере ағасы Сәмеке ханның орнына сай-
лану  үшін  Түркістанға  шақыртумен  келгендігін,  кездесу  барысында 
Әбілмәмбеттің  Ташкентке  шыққан  орыс  керуендерін  қорғауға  уәде 

82
83
бергендігін анық жазған. Ал К.Миллердің жанында болған подпору-
чик  А.Кушелев  «Әбілмәмбетпен  Түркістанда  кездестім. ол  өз  ағасы 
Сәмекенің қайтыс болуына байланысты келген екен. Бірақ неге екенін 
білмеймін  ол  хандықты  мұрагерлік  жолмен  қабылдамады»  (20)  деп 
қорытады. Сонымен, Сәмеке хан анық 1738 жылдың жаз айларында 
қайтыс болған. Біздіңше, жаңа хан сайлану уақыты біраз кешіктірілген 
сияқты. Өйткені жоғарыдағы екі орыс елшісі дәл осы кезеңде Түркістан 
бағытында болды. Хан сайлау рәсімі өтіп, Әбілмәмбет хан сайланса, 
олар оны міндетті түрде жазып алған болар еді. Араға уақыт сала хан 
сайлау мәселесі күн тәртібіне шыққан тұста барлық беделді тұлғалар-
Барақ, Абылай сұлтандар, Жәнібек, Бөгенбай батырлар, Түркістандағы 
Нияз батыр назары Әбілмәмбетке түсті. Содан олар арғын, алтай, уақ, 
керей  руы  қазақтарымен  бірге  Түркістанда  Әбілмәмбетті  ақ  киізге 
көтеріп  хан  сайлаған.  орыс    деректерінде  Әбілмәмбеттің  аты  алғаш 
рет хан ретінде 1739 жылдың 22 қазанындағы құжатта аталады. орын-
бор комиссиясының бастығы, генерал в.Урусовтың Ресейдің Сыртқы 
істер алқасына жолдаған хатында: «Биылғы жазда Әбілмәмбет хан мен 
Абылай, Барақ сұлтандар иелігіндегі жерлерге он бір мың қара қалмақ 
келіпті» (6, С.130-131) деген жолдар жазылған. Бұл деректі 1740 жылғы 
19 тамыз бен 1 қыркүйек арасында орск қаласында өткен Кіші және  
орта  жүз  қазақтарының  в.А.Урусовпен  кездесуіне  келген  Жәнібек 
батыр  толықтыра  түскен.  Жәнібек  батыр  генералдың  «Әбілмәмбет 
қалай хан болған, сайлаумен болған ба?» деген сұрағына «Әбілмәмбет 
– Болат ханның ұлы. Былтыр Түркістан қаласында хан сайланған» деп 
жауап қайтарған. 1740 жылғы қазақ-орыс келіссөзіне Әбілмәмбет хан, 
Нұралы, Ерәлі, Абылай сұлтандар, Бөкенбай, Есет, Бөгенбай, Жәнібек 
т.б. белді тұлғалар қатысқан. Кездесуге  24 тамызда Әбілмәмбет хан  
мен Абылай сұлтан бірге келсе, сәл кешігіп, Түркістаннан Нияз батыр 
да келген. в.А. Урусов Нияз батырмен әңгімелесу үстінде батырдың 
Сәмеке  тұсында  Түркістанды  басқарғандығын,  кейін  Әбілмәмбетті 
хан көтергендігін анықтаған. Сонымен бірге Нияз батыр «Біздің хан-
дар қашан да мұрагерлік жолмен де, туыстық жолмен де сайланады. 
Ал  туыс  болып  келетін  сұлтан  хандыққа  жарамайтын  болса,  туыс 
емес,  бірақ  лайықты  деп  саналған  басқа  сұлтан  да  сайлана  береді» 
деп  бірнеше  ханды  мысалға  келтіріп,  санамалап  өтіп,  Әбілмәмбет 
хан  жөнінде  айтып  берген.  орынбор  басшысы  кездесу  барысын-
да Әбілмәмбет пен Абылайға қарайтын орта жүздің ел ағалары мен 
қазақтары  Әбілқайыр  басқарған  Кіші  жүздің  қазақтарына  қарағанда 
жуас  және  тәртіпті  екендігін  алға  тартқан.  Әбілмәмбет  хан  келіссөз 
үстінде Ресейде жатқан қазақ тұтқындарын босату, сауда керуендерін 
жандандыру т.б. маңызды мәселелерді талқылап, ел мүддесін көтерді. 
Өткен қазақ-орыс келіссөздерін қорытып, в.А.Урусов Ресей Сыртқы 
істер  алқасына  8  қыркүйекте  есеп  жіберген.  Есебінде  «Әбілмәмбет 
бұл күнде халықтың сайлауымен орта жүздің шын мәніндегі ханы бо-
лып отыр. ол екеуі де (Абылайды қосып отыр - Ә.М.) мен орынборда 
болғанда патша ағзамға ант беріп, Ресейдің қол астына қабылданды. 
Хан мен сұлтанға грамотоларды тапсырғанда «ел ағалары» деген жа-
зуды «сұлтан» деп түзеттім. Және Әбілмәмбет ханға түсіндірдім: мен 
Санкт-Петербургтен шыққанда Сіздің хан екеніңізді білген жоқ едім, 
деп ... » (21) патша үкіметінің саясатының қыр-сырын аша түседі. 
Сонымен Әбілмәмбет хан ата жолымен 1739 жылы  көктем-жаз 
айларында  хан  сайланып,  ел  шаруаларымен  шұғылдана  бастайды. 
оған  дәлел  ханның  1740  жылғы  қазақ-орыс  келіссөзіне  хан  ретінде 
қатысуы, орынборға өз талаптарын ел атынан жеткізуі куә бола ала-
ды. Бұл кезеңде Әбілқайыр

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет