Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,19 Mb.
#590
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

 

  

62 


 



Жоғары  оқу  орны  жағдайында  мемлекеттік  тілді  оқытудың 

әдістемелік негіздері 

 

Заманауи  білім  беру  үдерісі  ең  алдымен  жеке  тұлғаға  бағытталып,  тіл 

үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен 

ұштасып  жатқандықтан,  қазақ  тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасын 

дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай 

мемлекеттік  тілді  меңгертуде  озық  технологияларды,  ұтымды  әдіс -тәсілдерді 

пайдалану,  білім  беру  саласында  ж

үйелі  жұмыстар  атқ

ару  –  еліміздегі  ең 

маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. 

Мемлекеттік  тілді

ң  әлеуметтік -қатысымдық  қызметін  кеңейту  мен 

дамытуда  оның  ғылымда,  өндірісте,  елдің  халықаралық  байланыстарында 

қолдану аясының кеңейе түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де 

байланысты  екендігін  көрсетеді.  ЖОО  бітірген  жас  буын    ҚР  өндірісін  ілгері 

дамытатын    болашақ  маман   және  кәсіпкер.  Оның  алдыңғы  қатарлы  маман 

болуы өз  елінің  тілін  жоғары  деңгейде  білуімен  терең  сабақтасады.  Соңғы 

жылдары  әдіскер-ғалымдар  қазақ  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде 

меңгертумен  қатар,  студенттердің  кәсіптік  мамандығын  ескере  отырып 

игертудің тиімді жақтарын қарастыруда. 

Жоғары  оқу  орындарының  техникалық  бөлімдерінде  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесі  теориялық  білім  берумен қатар  болашақ  мамандыққа  баулиды. 

Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық 

білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі  орын алады, себебі бүгінгі студент 

ертеңгі маман. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-

бірімен  байланыстыру  ма

қсаты  басым  болып  тұр .  Бүгінгі  күн  талабы  – 

маманның 

кәсіби 

бағыттылығын, 



іскерлігін 

қалыптастыру.  

       

ЖОО-ның орыс бөлімдерінде қазақ тілі пәні міндетті пәндердің қатарында 



оқытылады. Сонымен қатар кейбір іс қағаздарын кәсіби қазақ тілінде жүргізу, 

студенттерге  таңдау  пәндерінің  қатарында  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқу 

ұсынылады. Нәтижесінде, қазақ тілі мектептен кейін ЖОО жағдайында үздіксіз 

оқытылып,  болаша

қ  кәсіби  мамандардың  қазақ  тілінде  сөйлеу,  жазу 

дағдыларының  қалыптаса  түсуіне  ықпал  етуде.  Сонымен қатар , қазақ  тілін 

ЖОО қабырғасында  жүйелі  оқытуды  көздейтін  маңызды  заманауи 

қадамдардың жасалуы қажет. Бұл арқылы ЖОО-да мемлекеттік тілді оқытудың 

жаңа  сапалық  көрсеткішіне  қол  жеткізіліп  қана  қоймай,  ең  бастысы,  оның 

мемлекеттік  м

үддеге  сәйкес  қоғамдық  сұранысты  қанағаттандыруға 

бағыттылған үлесінің еселене түсуіне жол ашылмақ.  

Орыс бөлімдерінде қазақ тілінен бұрын кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту сабақ 

кестесінде  ресми  бекітілген  болатын.  Алайда,    бірінші  курсқа  қ абылданған 

студенттердің  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейі  ескерілмейтін.  Осыған  байланысты  

ЖОО-да  мемлекеттік  тілді  о

қытуды  сапалы  ұйымдастыруға  кедергі  болып 

отырған мәселе   туындайтын.  Ол  –  тілді  деңгейлік  оқыту  мәселесінің  жолға 

қойылмауы.  


  

63 


 

Әлемдік  тәжірибеде  тіл  оқыту,  тіл  үйренушінің  коммуникативтік  деңгейін 

анықтайтын  өлшемдер  негізінде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  қазақ  тілін 

Қазақстан  азаматтарына  мемлекеттік  тіл  ретінде,  шетелдік  студенттерге  шет 

тілі  ретінде  о

қыту  барысында  тілді  деңгейлік  оқытудың  дүн иежүзілік 

жетістіктері  ескеріліп, қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  анықтау  практикасының 

жолға  қойылуы  сапалық  тұрғыда  тиімді  болмақ. Бүгінгі  күні  тілдік  деңгейді 

анықтау арнайы тест арқылы жүзеге асырылады.  

Орта  мектеп  түлектерінің  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  к езінде қазақ  тілінен 

емтихан  тапсыратыны  белгілі.  Бірақ,  олардың  қазақ  тілінен  алған  бал лдары 

ЖОО-ға қабылдау кезінде де, қабылданғаннан соң да ескерілмейді. Сондықтан, 

бұл  балл  көрсеткіші  ЖОО  студенттерінің  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейінің 

көрсеткіші  ретінде қабылданып,  студенттерді  шағын  тілдік  топтарға  бөлу 

барысында  ескеру  тиімді  болар  еді.  Себебі  б

үгінгі  таңға  дейін  қазақ  тілін 

оқитын  студенттерді  шағын  тілдік  топтарға  бөлу  формальді  түрде  тек  сандық 

көрсеткіш (12-15 студент) негізінде жасалып келеді.  

ЖОО-ға қабылданған студенттердің деңгейлері әр түрлі болғанымен, қазақ 

тілін  жақсы  меңгергендердің  саны  жылдан  жылға  арта  түсуде.  Бұл  үдерістің 

үдемелі  сипатқа  ие  болуын  қоғам  өміріндегі  демографиялық  ахуалдың, 

мемлекеттің  тіл  саясатына  сәйкес  жүргізіліп  отырған  балабақша  мен  орта 

мектептердегі үздіксіз  еңбектің,  сонымен  қатар  Қазақстан  азаматтарының 

саналы әрекеттерінің жемісі деп түсіндіруге болады.   

ЖОО қазақ  тілін  деңгейлеп  оқудың  бір  жолы  ретінде  қ азақ  тілін  жақсы 

меңгерген  студенттер  ЖОО  қабырғасында  бірден  кәсіби  қазақ  тілін  оқуға 

кірісуі  ұсынылады.  Кәсіби  қазақ  тілі  студенттердің  болашақ  мамандығына 

қатысты  кәсіби  лексика  мен  салалық  терминологиялық  жүйесін   меңгеруге 

мүмкіндік  береді.  Бұдан  кейінгі  сатыда  студенттердің  кәсіби  шеберлік 

(акмеологиялық)  әлеуетін  арттыру  мақсатында  мамандық  бойынша  арнайы 

курстардың  бірі  бойынша  мемлекеттік  тілде  лекциялардың  оқылуы  жақын 

болашақта,  тіпті  бүгіннен  бастап  күн  тәртібіне  енгізілуі  қажет.  Іс  жүзінде 

бүгінгі  күннің  өзінде  орыс  бөлімдерінде  оқитын  студенттердің  қатарында 

қазақша дәріс тыңдауға дайын студенттер бар.  

ЖОО-да  жоғарыда  аталған  шаралар  ғылыми  негізде  жолға  қойылған 

жағдайда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.

Ә.Назарбаевтың 

тапсырмасына  сәйкес   қазақстандықтардың  2020  жылға  дейін  95  пайызының 

мемлекеттік  тілді  ме

ңгеруге  қол  жеткізуге 

мүмкіндік  ашылады.  ЖОО 

қабырғасында білім алушы болашақ мамандардың бірінші кезекте мемлекеттік 

тілді,  сонымен қатар  шет  тілдерін  еркін  меңгеруі  арқылы  еңбек  нарығында 

бәсекелестікке  қабілетті  кәсіби  тұлға  ретінде  қалыптасуына  м

үмкіндік 

жасалады. ЖОО-ны  бітірген  әрбір  түлектің  мемлекеттік  тілді  меңгеруі  аса 

маңызды  сапалық  көрсеткіш  ретінде  бағалануы  тиіс.  Дәлірек  айтқанда,  ЖОО 

түлектерінің мемлекеттік тілді білуі – ұлттық мүдде, мемлекеттік мүдде ретінде 

қарастырылуы  қажет.  Сондықтан  Мемлекет басшысы  айтқандай,  «Тілге  деген 

көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз» болуы тиіс.  



  

64 


 

Бүгінгі таңда қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша [22] 

техникалық  жоғары  оқу  орындарының  орыс  б

өлімдерінд е қазақ  тілін 

мамандыққа  қатысты  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негізі  жасалды.  Атап 

айтқанда,  бұл  жұмыста  студенттердің  мемлекеттік  тілде  сөйлеуге  деген 

қызығушылығы мен мүдделігін, олардың білімін рейтинг, тест материалдарын 

талапқа сай пайдалану арқылы арттырудың мәні анықталған. 

Қазақ  тілін  мамандыққа  сай  оқытудың  басты  ерекшеліктерін  анықтауда, 

тиімді әдістемесін ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, 

профессор  Ф.Ш.  Оразбаева  үлкен  үлес  қосты. Ғалым  теориялық  және 

әдістемелік  тұрғыдан  тілдік қатынастың  негізін  қалаған  еңбегінде  сөйлесім 

әрекетінің  түрлерін  –  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым,  тілдесім  деп 

бөліп қарастырады.  

Қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкестендіріп  қатысымдық  тұрғыдан  оқыту 

әдістемесіне  байланысты  Б.Ш.  Мешімбаева  жоғары  оқу  орындарының 

гуманитарлық бөлім студенттерін диалог арқылы қазақша сөйлеу тіліне үйрету 

әдістемесінің  ғылыми  негізін  жасады.  Автор  маманды

ққа  бағытталған 

пікірлесім арқылы сөйлесуді меңгертуде қолданылатын ұтымды әдіс-тәсілдерді 

анықтады, пікірлесімге қатысты қазақша сөйлеу тіліне үйретуде төмендегідей 3 

кезеңді қамтуды ұсынды: 

-

 

оқу процесіндегі диалог; 



-

 

шығармашылық диалог; 



-

 

шығармашылыққа бағытталған диалог құрастыру [22]. 



Зерттеу  жұмысында  сөйлесімді  басқа  ұлт  өкілдеріне  диалог  арқылы 

үйретуде  тілдік  жағдай  тұңғыш  рет  тәжірибеде  қолданылып,  диалогтың 

жаттығулары екі үлкен топқа жіктеліп қарастырылды. Олар: 

-

 



дайындық жаттығулар; 

-

 



қатысымдық жаттығулар [22]. 

Автордың айтуынша [24], мәтін арқылы тілді оқыту төмендегі міндеттердің 

жүзеге асуына көмегін тигізеді: 

-

 



тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру; 

-

 



қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қатынасқа дайындық; 

-

 



өз  мамандығы  бойынша  сұрақтарға  жауап  бере  білу,  осы  тақырып 

төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту; 

-

 

кәсіби  бағыттағы  қарым-қатынастық  мәтіндерді  аудармасыз  түсінуге 



ұмтылу; 

-

 



оқушылардың сөздік қорын молайтуда аударма, түсіндірме және кәсіби 

сөздіктерді пайдалана білу; 

-

 

қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз өз 



бетінше сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру.  

Студенттердің  мемлекеттік  тілді  тиімді  игеруінің  басты  факторы  –  оқу 

бағдарламалары  мен  оқулық,  оқу-әдістемелік  материалдарды  модульдік  оқу 

жүйесімен  берудің  ұтымдылығын  дәлелдеп,  модульдік  жүйеге  негізделген 

электрондық оқулықтар студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімді  құрал 


  

65 


 

болып табылады. Мамандыққа қатысты мәтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс 

сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін: 

-

 



мазмұндық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек; 

-

 



тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылуы; 

-

 



қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек; 

-

 



мамандыққа  байланысты  ғылыми  мәтіндер  студенттерде  қажеттілік 

сезімін  туғызып,  білім  беруде  студенттердің  сенімін  күшейтетін  болуы  қажет 

[22]. 

Қазақ  тілін  қатысымдық  тұрғыдан  үйретуде  сөйлесім әрекеті  мен  оның 



түрлерін  меңгертудің  маңыздылығы  ғылыми  жұмыстардың  зерттеу  нысаны 

бола  бастады.  Осы  ретте    автор  [25]  жазылым әрекетінің  анықтамасын, 

ерекшеліктерін  және  түрлерін  анықтай  отырып,  жазылым  әрекетін  шетелдік 

студенттерге меңгертудің тиімді жолдарын көрсетті. Жазылым әрекеті бірнеше 

түрге  бөлініп  қарастырылды.  Мәселен,  жазылу  үлгісіне  қарай  жазылымның 

мынадай түрлері берілді: 

-

 

дыбыстық жазылым; 



-

 

көшіру жазылымы; 



-

 

жатқа жазу жазылымы; 



-

 

көркемдік жазылым; 



-

 

танымдық жазылым. 



Тілді  мамандыққа  сай  үйр етуге  арналған  әдістемелік  оқулықтар  мен  оқу 

құралдары  жарық  көре  бастады.  Бұл  оқулықтар  студенттердің  ғылыми  тілді, 

мамандыққа  қатысты  кәсіби  тілді,  ресми-іскерлік  тілін  жеткілікті  т

үрде 


меңгеруіне ықпал етуде. 

Қазақ  тілін  мамандыққа  байланысты  сала  бойынша  оқыту  әдістемесінің 

жасалуы төмендегідей ұстанымдарға негізделеді: 

-

 



қазақ  тілін  мамандыққа  байланысты  оқытудың  ғылыми -әдістемелік 

жүйесінің негізі қаланған; 

-

 

тілді қатысымдық  бағытта  үйретудің  лингвистикалық  негізі  сөйлесім 



әрекеті және оның түрлері қарастырылды; 

-

 



тілдік  тұлғаның  қатысымдық  құзыреттілігін  дамыту  басты  міндет 

ретінде алынды; 

-

 

қатысымдық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мақсат етілді; 



-

 

кәсіби  тілдік  қатынасты  жетілдіруде  тіл  үйренушінің  қазақша  сөйлеу 



тілін кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде дамыту көзделді. 

-

 



лексикалық  минимумды  танымдық-бағдарлы  оқыту,  грамматикалық 

минимумды  мамандыққа  сай  мәтіндер  мен  жаттығулар  арқылы  оқыту 

ұсынылды; 

-

 



қазақ тілін мамандыққа байланысты оқыту технологиясына байланысты 

әдістемелік кешен ұсынылды, оның тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді. 

Мемлекеттік  тілдің  мәртебесінің   артуы үшін  ЖОО   саласында  тиісті 

шаралар  артып  келеді.   Біріншіден,  елдегі қазақ  тілінде  білім  беретін  оқу 

орындарының  желісі  кеңейтілді.  Екіншіден,  қазақ  тілінен  басқа  тілдегі 


  

66 


 

мектептерде,  ЖОО-дағы  орыс  тілінде  білім  беретін  топтарында 

қазақ  тілінің 

оқу сағаттары артты. Үшіншіден, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын 

мамандар  даярлығының  көлемі  өсті.  Төртіншіден,  «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша шетелге оқуға үміткерлер үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру талабы 

енгізілді. Бесіншіден, ұлт тық бірыңғай тестілеу барысында қазақ тілінен басқа 

тілде  оқытылатын  мектеп  түлері  қазақ  тілінде  тест  тапсыратыны  жолға 

қойылды. 

Қазақ  тілін  меңгеруде инновациялық  технологияларды  қолдану  оң нәтиже 

берері  аны

қ.  Мы салы, қоғам  талабына  сай  мынадай  инновациялық 

технологияларының түрлері қолданылады: 

-   


құрылымдық логикалық технология; 

-   


интеграциялық технология; 

-   


ойындар технологиясы; 

-   


тренингтік технологиясы; 

-   


ақпараттық технология; 

-   


сұхбаттық технология. 

Қазіргі  инновациялық  технологиялардың  жиі  қолданылатыны  – 



ақпараттық  технологиялар.  Оларды  пайдалану  барысында  компьютер 

қолданылып, 

сабақтар 

түрлендіріліп, 

студенттердің 

пәнге 


деген 

қызығушылықтары  артады.  Осындай  сабақтардың  өтуі    оқыту  процесін 

дараландырады  ж

әне  студенттердің  ойын  дербестігі  мен  белсенділігін 

арттырады. 

Компьютердің  әдістемелік  және  дидактикалық    мүмкіншіліктерін 

пайдаланып,  ақпараттық  технологияларды  қолдану  студенттердің  танымдық 

және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту 

процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, 

берілген қателерді  түзету,  мәтін  бойынша  тапсырмалар  орындау  және  тағы 

басқа  сабақ  түрлерін  өткізуге  болады.  Оқу  барысында  студенттердің 

ақпараттық  технологияларды  пайдалануы, 

өзін

-

өзі  бақылау,  өзін-өзі 



ұйымдастыру,  өзіндік  сараптау,  жоспарлау  мүмкіндіктеріне  негізделген 

оқытылу мүмкіндігін береді. 

Инновациялық  технологияларға  мультимедиялық  сабақтар  да  жатады. 

Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –

жинақ  дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, 

анимация  кіреді.  Мультимедиялы

қ  сабақтарда  қойылатын  мақсаттар: 

студенттердің  компьютерлік  технологиясын  қолдану  арқылы  оқыту,  үйрену, 

танымдық  әрекетін  жүзеге  асыру  және  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдысы  мен 

шығармашылыққа қабілеттерін дамыту.  

Мультимедиялық  сабақ  өткізу  кезінде    студенттер  ақпаратты  тек  қана 

қабылдаушы  ғана  емес,  сонымен  бірге  оны  өңдеп,  жеткізу  әрекеттерін 

орындайды.  Бұл  кезде  оқытушының  мақсаты  студенттерде  қажетті  ақпаратты 

табу,  сұрыптап,  оны  жүйелеу  мен  жеткізу  дағдыларын  қалыптастыруға 

бағытталады. 


  

67 


 

 

Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да 



жиі қолданылуда.  Оқытушы  бағдарламаға  сай  өз  электрондық  оқулығын 

дайындайды.  Білім  саласында  компьютер  студент 

үшін  құрал,  ал  оқытушы 

үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы аспап болып табылады. 

Электрондық  оқулықтар  –  ғылыми  негізінде  дайындалған  педагогикалық-

ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға 

орындайды,  кейде қателерін  өздері  табады.  Электрондық  оқулықтар 

– 

оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық  түрдегі әдістемелік 



жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық 

оқулықты  пайдаланғанда  сабақтың  ыңғайына  қарай  қосымша  материалдарды 

кірістіруге болады.  

Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз 

байлығын  толық  игеру,  тілдің  фонетикалық  және  сөзжасам  жүйесін  жақсы 

меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді игеріп,  оларды практикалық 

тіл  жасау  дағдысында  дұрыс  пайдалана  білуі  тиіс.  Сонда  ғана  студент  тілді 

күнделікті  өмірінде  дұрыс  пайдаланумен  қатар  тілдің  қатысымдағы  стильдік, 

эмоциялық,  көріктеу,  көркемдеу  қызметтеріне  де  түсініп  қолдана  алады. 

Сондықтан,  студенттердің  тілін  дамыту  үшін,  ең  алдымен,  олардың  сөздік 

қорын  байыту;  әдеби  тілдің  нормасында  сөйлемдерді  дұрыс  құрауды  үйрету; 

ойларын  жүйелі  ауызша,  жазбаша  жеткізе  білу  дағдылары  мен  шеберлігін 

қалыптастыруы қажет. 

Қалыптасқан  білім  беру  ж

үйесін  жетілдіру  і

сінде қазіргі  заманғы 

ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  жөніндегі 

мәселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Әрбір педагог,  мектеп 

мұғалімі  немесе    жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  болсын,  басты  мақсат  - 

білім  беру  сапасын 

қамтам

асыз  ету.  Ал  ол 



үшін  ақпараттық  және 

коммуникациялық  технологиялардың  қолданылуы  үлкен  дәрежеде  септігін 

тигізетіні сөзсіз. 

Жоғарыда  көрсетілген  инновациялық  технологиялардың  түрлері  қазіргі 

жағдайда  жоғары  оқу  орнының    оқу  процесінде  қолдануға  өте  тиімді.  Білім 

берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір 

нұсқан  келтірмейді,  керісінше  оқу  пәндерінің  бағдарламасында  көрсетілген 

мақсатқа  оқытудың  бұрыннан  қалыптасқан  әдістерімен  өзара  бірлікте  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

ЖОО-да өзге тілді топтарда қазақ тілі курсы Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрлігі  бекіткен  Типтік  бағдарламаның  негізінде  іске 

асырылады. Қазақ тілін оқыту мазмұнын өзгертіп, сапасын арттыру мақсатында 

бірқатар  мемлекеттермен  қабылданып  отырған  Тілдерді  ме

ңгертудің 

халықаралық  стандарттарында  (Страсбург,  2001)  көрсетілген  тілді  меңгеру 

басшылыққа алынған. Олардың сипаттамасы төмендегідей: 

А1-А2 – негізгі деңгей, В1-В2 – кәсіби бағдарлы деңгей, С1-С2 – мамандық 

тілі деңгейі: 



  

68 


 

А1-  күнделікті  қарым-қатынаста өзі  туралы,  отбасы,  университеті  туралы 

айтады, сұрақтар қояды, шағын мәтіндерді түсінеді. 

А2  –  өзіне  қатысты  тақырыптар  бойынша  жекелеген  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін  түсінеді.  Өз  елі,  тарихы,  табиғаты,  өзінің  қызығушылығы, 

мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі 

ақпаратты түсіне алады. 

В1 – кәсіби бағдарлы мәтіндерді негізгі ойды түсінеді, БАҚ-тағы күнделікті 

жаңалықтан  кәсібіне  ақтысты  ақпаратты  түсінеді.  Өз  мамандығы  бойынша 

жалпы  тақырыптарға  әңгімелесе  алады.  Өз ін қызықтыратын  тақырыптарға 

ойын  жаза  алады, өз  мамандығы  бойынша,  болашақ  қызметі  туралы  баяндай 

алады. 


В2  –  мамандығы  бойынша  таныс  тақырыптардағы  баяндамалар  мен 

дәрістерді  тыңдап  түсінеді.  БАҚ-тан  берілетін өзіне  қажетті  ақпараттарды 

толық  түсінеді.  Тіл  иесімен  дайындықсыз  сұхбаттаса  алады.  Өз  мамандығы 

бойынша  пікірталасқа  қатысады,  өз  көзқарасын  дәлелдей  алады.  Өз  саласына 

байланысты негізгі ұғым, түсініктерді сұхбат барысында қолданады. 

С1  –  теледидар,  радиодан  хабарларды  тыңдап,  түсінеді.  Өз  маманд ығына 

байланысты  тілдік  бірліктерді  орынды 

қо

лданады.  К



әсіби  сөйлеу 

жағдаяттарында қатысымға  түседі.  Өз  саласы  бойынша  мәтіндерді,  ғылыми 

еңбектерді  оқып  түсінеді.  Хабарлама,  жоба  т.б.  жазғанда  ойын  мейлінше 

жүйелі, дәлелді бере алады. 

С2 – тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсінеді. Ғылыми еңбектерді оқып 

түсінеді.  Мәжіліс,  жиналыстарда  өзіне  қажетті  ақпарат  пен  мәліметтерді  жаза 

алады. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіреді. Өзінің ғылыми зерттеу 

тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай алады. 

Қазіргі таңда ЖОО-дағы қазақ тілі бойынша Республикалық оқу-әдістемелік 

бірлестігі  оқу  топтарын  деңгейге  төмендегідей  бөлуді  ұсынады.  Оқу  жылы 

басында әр  факультет  бойынша  1  курс  студенттерінің  білім  деңгейі  тест 

арқылы анықталып, 3 топқа бөлінеді. 

Оқу  үдерісінде әрбір  факультеттердің  1  курс  топтарында  қазақ  тілі  сабақ 

кестесіне  бір  уақытта  қойылып,  үш  деңгей  бойынша  бірнеше  оқу  топтарында 

бір  мезгілде  сабақ  жүргізіледі.  Деңгейлер  арасындағы  сабақтастықты    сақтап, 

берілген кредит санына қарай (20-кесте) нақты нәтижеге жету үшін қазақ тілін 

төмендегідей оқыту ұсынылады. 

20-


кесте-  Деңгейлердің кредит санына қарай топтасуы 

 

1 семестр 



2 семестр 

Кредит саны 

1 топ 

1 негізгі деңгей 



(А1 - А2) 

А2 –В1 


6 кредит 

2 топ 


2 кәсіби бағдарлы деңгей  

(В1 – В2) 

В1 – В2 

6 кредит 

3 топ 

3 мамандық тілі 



В2 – С1 

6 кредит 

С2 деңгейі магистратурада оқытылады. 


  

69 


 

Негізгі  деңгейде   грамматикалық  минимум  ретінде  мыналар  оқытылады: 

жалғау  түрлері,  етістіктің  шақтары,  есімше,  көсемше,  көмекші  сөздер, 

шылаулардың    қолданылуы. Құрмалас  сөйлемдер,  түрлері.  Сөз  мағыналары, 

омоним,  синонимдер,  антонимдер  жасалуы.  Тұрақты  сөз  тіркестері,  жасалуы, 

қанатты сөздер. 

Кәсіби  бағдарлы  деңгейде  оқытылатын  грамматикалық  материалдар: 

Көсемшелі бірыңғай баяндауыштар, есімшелі үйірлі мүшелер, көмекші етістікті 

құрылымдар, 

бірыңғай 

мүшелі 

сөйлемдер. 



Көмекші 

сөздердің 

байланыстырушы қызметі.  Түсіндірмелі,  талғаулы  салалас  құрмалас,  мезгіл 

мәнді, қарсылықты, мақсат мәнді бағыныңқылы сабақтас құрмаластар. 



Мамандық тілі деңгейде мынадай грамматикалық ережелер өтеді: сөзжасам 

тәсілдері,  терминдердің  жасалу  жолдары,  мәтінді  көркемдеуші  құралдар, 

сипаттау, баяндау, дәлелдеу мәнді күрделі фразалық бірліктер.  

А1  –  тіл үйренуші  мынандай  коммуникативтік  тапсырмаларды  орындай 

алуы қажет: 

қарым-қатынасқа  түсу,  біреумен  танысу,  өзін  немесе  өзгені  таныстыру, 



амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, 

қайталауды өтіну, ризашылығын білдіру, әңгімені анықтау; 

зат, адам, оқиға туралы айту және сұрақ қою, заттың немесе адамның бар, 



жоқтығы туралы баяндау, заттың сапасы туралы, оның кімдікі екендігі туралы 

айту, оқиға, іс-әрекет туралы, іс-әрекеттің уақыты, орны туралы хабарлау; 

өтініш  білдіру,  шақыру,  қандай  да  бір  іс -әрекетпен  келісу  немесе 



келіспеу; 

өзінің  көзқарасын  білдіру:  адамға,  затқа,  оқиғаға,  болған  іске  өзінің 



бағасын білдіру, кінәлау, таңдану, өкіну т.б. 

Тіл үйренуші  қарапайым  деңгей  үшін  берілген  төмендегідей  тақырыптар 

төңірегінде ауызша қарапайым тілдік қатысымға түсе алуы қажет. 

1. 


Өзі туралы әңгімелеу ( балалық шағы, оқуы, жұмысы, қызығушылығы) 

2. 


Менің досым (танысым,құрбым, апам, ағам т.б.) 

3.Отбасым 

        4. 

Менің жұмыс күнім 

5. Бос уақыт, демалыс, қызығушылық. 

А2 өзіне қатысты тақырыптар бойынша қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді 

түсінеді.  Өз  елі,  тарихы,  табиғаты,  өзінің  қызығушылығы,  мақсаттары  туралы 

әңгімелеу.  Осы  тақырыптағы  мәтіндерді  оқып,  негізгі  ақпаратты  баяндау. 

Студент  мынандай  коммуникативтік  тапсырмаларды  орындай  алуы 

қажет. 

Мәтінге қатысты өзінің көзқарасын білдіру, болған іске өзінің бағасын білдіру, 



таңдану,  құптау,  қарсы  пікір  білдіру.  Студент  негізгі  деңгей  үшін  берілген 

төмендегідей тақырыптар төңірегінде тілдік қатысымға түсе алуы қажет:  

1.

 

Оқу жүйесі, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарындағы оқу жүйесі; 



2.

 

Оқу  орнын,  мамандығын  таңдау,  таңдаған  мамандыққа  байланысты  өз 



көзқарасын білдіру; 

3.

 



Адам өміріндегі тілдің маңызы; 

  

70 


 

4.

 



Өмір кейпі (оқу кестесі, демалыс, әдет, достарымен қарым-қатынас) 

5.

 



Бос уақыт: демалыс, қызығушылық (өнер, спорт, саяхат т.б.) 

6.

 



Қала, мемлекеттің астанасы, туған өлке; 

7.

 



Қазақстан  мемлекеті,  оның  аймақтары  (географиясы,  экономикасы, 

географиясы, тарихы және т.б.) 

8.

 

Қазақтың атақты ғылым, мәдениет қайраткерлері. 



    

В1 Студент мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет: 

-

 



кәсіби қатынас саласындағы қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсіне және 

қолдана білуі керек; 

-

 

кәсіби  бағдарлы  мәтіндердегі негізгі  ойларды  түсінуі,  оған  қатысты өз 



ойын  білдіруі,  мәтін  мазмұнын  құптауы  немесе  келіспеуі,  қосымша  деректер 

негізінде  баяндай  алуы қажет.  Студент  өз  мамандығы  бюойынша  ойын  жаза 

алуы, болашақ қызметі туралы баяндай алуы міндетті. 

    

В2  Студент  берілген  де

ңгей  негізінде  мынандай  коммуникативтік 

тапсырмаларды орындай алуы қажет:  

-

 



кәсіби  қатынас  саласындағы  әр  түрлі  қатысымдық  міндеттерді  шешу 

кезінде мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсініп, 

қолдана білуі қажет; 

-

 



кәсіби  қатынас  саласындағы  қатысымдық-тілдік құрылымдарды 

бірнеше топқа бөлуге болады: 

1.

 

Барлық шағын стилдерге тән тілдік құрылымдар; 



2.

 

Жеке шағын стильдерге тән; 



3.

 

 



Барлық шағын стилдерге тән тілдік құрылымдар: 

– 

нысана анықтамасы; 



– 

нысаналарды, құбылыстар мен заттарды топтастыру; 

– 

құбылысты, үрдісті, қызметті сипаттау; 



– 

құбылыстың, заттың жай-күйінің өзгеруін сипаттау; 

– 

заттың тұрған жерін, орын тәртібін, жағдайын сипаттау. 



4. 

Жеке шағын стильдерге тән: 

-

 

жазушының, автордың, тарихи тұлғаның қызметтерін сипаттау; 



-

 

бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  өзекті  мәселелер  төңірегінде 



сипттама жасау. 

Студент  берілген  де

ңгей  аясында  төмендегідей  тақырыптар  төңірегінде 

тілдік қатысымға түсе алуы қажет: 

– 

адам және табиғат; 



– 

жер біздің ортақ үйіміз; 

– 

адамның рухани дамуы, т.б. 



С1  Студент  берілген  де

ңгей  негізінде  мынандай  коммуникативтік 

тапсырмаларды орындай алуы қажет.  

Кәсіби қатынас саласында төмендегідей қатысымдық-тілдік құрылымдарға 

түсе алады: 

– 

жай-күйдің, құбылыстың, заттың, нысананың өзгеру процесі; 



– 

нысананың қолданылуын сипаттау; 



  

71 


 

– 

нысаналар арасындағы байланыс пен тәуелділіктің көрінісі; 



Жеке шағын стильдерге тән қатысымдық құрылымдар: 

– 

елдің экономикалық, географиялық жағдайын сипаттау; 



– 

өмір сүру ортасын сипаттау; 

– 

тарихи тұлғалардың қызметтерін сипаттау; 



Студент  берілген  де

ңгей  аясында  төмендегідей  тақырыптар  төңірегінде 

тілдік қатысымға түсе алуы қажет:  

– 

адам және қоғам; 



– 

адам және саясат; 

– 

адам және ғылым; 



– 

адам және экономика т.б. 



С2  Студент  берілген  де

ңгей  негізінде  мынандай  коммуникативтік 

тапсырмаларды  орындай  алуы 

қажет.  Тіл  иесінің  жылдам  айтылған  сөзін 

түсіну.  Ғылыми  еңбектерді  оқып  баяндай  білу.  Мәжіліс,  жиналыстарда  өзіне 

қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, 

пікір  білдіруі. Өзінің  ғылыми  зерттеу  тақырыбы  бойынша  мақала ,  баяндама 

жазып, өз  пікірлерін  қорғай  білуі  қажет.  Ғылыми  еңбекке  эссе,  жоспар  (жай 

және күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.  

Студенттердің  қазақ  тілін  сөйлесім  әрекеті  түрлері  бойынша  меңгеру 

іскерліктеріне қойылатын талаптар 

Негізгі деңгей  

Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1200-1500 сөз  



Тыңдалым  бойынша  студент әлеуметтік -тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени, 

ресми-іскери,  саладағы  250 -300  сөзден  тұратын  мәті нді  тыңдап,  оның 

мазмұнындағы  негізгі  және  қосымша  ақпараттарды  түсе  алуы  қажет.  Мәтінге 

баға  бере  білуі  керек:  мәтінді  қолдау,  ризашылығын  (қарсылығын)  білдіру 

таңданысын,  қызығушылығын,  мақтаныш  сезімін,  өкінішін,  қуанышын, 

ренішін, қорқынышын, үмітін білдіру. 

Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын. 

Мәтін бір рет тыңдалады. 



Оқылым  әрекеті  бойынша  студент өзін  қызықтыратын  салаға  қатысты 

мәліметтерді  тікелей  алуға  болатын  мәтіндерді  оқып,  мазмұнын  және  негізгі 

тақырыбын  түсінуі  тиіс.  Студент  мәтін  бойынша  түсінгенін  ауызша  айтып, 

берілген сұрақтарға жауап беруі, сұрақ қоя білуі, өз ойын айта білуі және мәтін 

бойынша  түсінгенін  өз  сөзімен  әңгімелеп  бере  білуі  қажет.  Бұдан  студенттің 

мәтіннің мазмұнын түсінген-түсінбегенін және сөздік қорының ауқымын бірден 

аңғаруға  болады.  Мәтіннің  түрлері:  әңгіме,  баяндама,  сипаттама,  нұсқау, 

дәйектеме, хабарландыру т.б. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады.  



Айтылым  бойынша  студенттер өздеріне  ұсынылған  тақырыптардың  бірін 

таңдап,  сұхбат  құра  білуі  тиіс.  Мұнда  олардың  рухани  танымдары  тексеріле 

келіп,  таңдаған  тақырыпқа  сай  сөйлесімде  төмендегідей  шарттар  ескертіледі:  

студенттің  берілген  тақырып  бойынша  көлемі  400-500  сөзден  тұратын 

мәлімдеме  жасау,  сұхбат  құру,  серіктесін  қоштау  т.б.  бағыттарды  білім-


  

72 


 

біліктілігі,  дағдысы  б олуы қажет.  Монологтік  сөйлеуде  студент  берілген 

тақырып  бойынша  әңгіме  құрай  білуі,  оқыған  немесе  тыңдағаны  бойынша 

қатысымдық  бағытта  репродуктивті  негізде  мәтін  түзеуді  құрастыра  білуі; 

мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс. 

Диалогтік сөйлеуде студент мыналарды орындай білуі қажет: 

– 

айтушы әңгімесінің  мазмұнын  түсіну,  өткен  тақырыптар  бойынша 



сөйлесе білу; 

– 

сөйлеушінің репликасына жауап қайтару; 



– 

диалогті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу. 



Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  та

ңдаған  тақырып 

мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен 

қатар  өзінің  осы  тақырып  бойынша  жеке  көзқарасын,  тұжырымын  да  жеткізе 

білгені жөн. Мұның өзі студенттің қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша 

сөз  байлығының  ауқымын  көрсетеді.  Әрине,  жазба  жұмысы  студенттердің 

сөздік  қорымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  сауатты  жазу  қабілеті, 

сөйлемдегі  сөздердің  нормаға  сай  байланыстыруы  тұрғысынан  бағаланады. 

Жазба жұмысы (эссе-шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. 

Оқиғаны  хабарлау,  суреттеу,  баяндау  түріндегі  мәтіндер  әдеби  тіл  нормасына 

сай болуы қажет. 

Жазылым бойынша студент өзіне таныс қызықтыратын мәселелердің толық 

қатары бойынша қарапайым, нақты сипаттама бере алады. Өз сезімі мен алған 

әсерін қоса отырып, қарапайым мәтін құрай алады. Шынайы болған немесе көз 

алдына елестете алатын оқиғалар туралы сипаттай алады.  

Өзін  қызықтыратын  тақырыпқа  қысқа, қарапайым  эссе  жаза  алады.  Өзінің 

қызмет  шеңберінде  кездесетін  күнделікті  таныс  немесе  таныс  емес  мәселелер 

бойынша  жиналған  ақпараттар  туралы  өзінің  пікірін  хабарлап  қортындылай 

алады.  Күнделікті  өмірде  кездесетін  ақпаратты  беретін  және  қолданылған 

әрекетті түсіндіретін қалпы мен мазмұны стандартты өте қысқа баяндама жаза 

алады. 

Кәсіби бағдарлы деңгей 

Кәсіби бағдарлы деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1300-1600 сөз. 



Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді таспадан 

тыңдап,  ақпараттың  мазмұнын,  тақырыбын,  негізгі  идеясын,  негізгі  және 

қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты  – 3-4 минут және 

бір  рет  тыңдалады.  Мәтін  көлемі:  600-800  сөз.  Мәтінде  5-6  таныс  емес  сөз 

кездесуі  м

үмкін.  Диктордың  оқу  (сөйлеу)  қарқыны  қалыпты,  сөйлеу 

жылдамдығы: 220-250 буын. 

Егер  тыңдалым  диалог  арқылы  жүзеге  асатын  болса ,  онда  студент 

сұхбаттасушының  кәсіби  тақырып  аясында  қойған  сұрағын,  айтқан  ойының 

мазмұнын тыңдай отырып, түсініп, жауап қайтара білуі тиіс. Диалог көлемі: 10-



12 

сөйлем құрылымынан тұруы мүмкін. 

Әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және абстрактылы 

тақырыптағы  ақпараттарды  тыңдап,  түсіне  алады.  Тіл  иесімен  дайындықсыз 



  

73 


 

сұхбатқа  түсе  алады.  Өз  қызметі  шеңберіндегі  тақырыптар бойынша  қалыпты 

нормада  айтылған  лингвистикалық  құрылымы  мен  мағыналық  жағынан  орта, 

нақты және абстрактылы тақырыптардағы негізгі ойды түсінеді. Әдеби нормада 

үнтаспаға  жазылған  хабарламаларды  тыңдап,  ондағы  айтушының  бір  нәрсеге 

көзқарасын анықтай алады. 

Радиодан әдеби нормада берілген деректі радио хабарлардың және басқа да 

материалдардың көпшілігін түсіне алады. Ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін 

көңіл күйін анықтай алады.  

Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын. 

Мәтін бір рет тыңдалады. 

Мәтін көлемі 500-600 сөз. 



Оқылым әрекеті бойынша студент көлемі  900-1000 сөзден тұратын мәтінді 

оқып, түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша 

түсінгенін  өз  сөзімен  әңгімелеп  беруі  қажет.  Бұдан  студент  мәтін  мазмұнын 

түсінген-түсінбегенін  және  сөздік  қорының  ауқымын  бірден  аңғаруға  болады. 

Мәтіндер  кәсіби-іскери,  арнайы  ресми  бағытта  оқиғаны  хабарлау,  мазмұнда у, 

суреттеу негізінде арнайы құрастырылуы қажет. 

Кәсіби мәтінді оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет: 

– 

оқудың әр түрлі стратегияларын қолдана білуі; 



– 

мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі; 



Жазылым  бойынша  жұмысты  ор ындауда  студенттер  та

ңдаған  тақырып 

мазмұнын  терең  түсініп,  оны өз  сөзімен  жазбаша жеткізе білуі  және  сонымен 

қатар  өзінің  осы  тақырып  бойынша  жеке  көзқарасын,  тұжырымын  да  жеткізе 

білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби қазақ тілін қалай меңгергенін, оның 

қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Шығарма-эссе көлемі  – 600-700 

сөзден  тұруы  тиіс. Студент  сонымен  қатар  кәсібі  бойынша  оқыған  кітаптары, 

мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме 

жаза білуі қажет. 

Айтылымда  студенттер өздеріне  ұсынылған  кәсіби  бағыттағы 

тақырыптардың  біріне  сұхбат  (сөйлесім)  құрады.  Таңдаған  тақырыпқа  сай 

сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі:  

– 

берілген тақырып бойынша студент байланыстырып, еркін сөйлей білуі 



қажет; 

– 

мамандығы  бойынша  тыңдаған  немесе  о



қыған  мәтіннің,  естіген 

ақпараттың  мазмұнын  айта  білуі,  ондағы  оқиғаға  өз  көзқарасын  білдіре  білуі, 

оны өзінше толықтыра білуі тиіс. 

Студенттің  берілген  тақырып  бойынша  көлемі  700-800  сөзден  тұратын 

мәлімдеме  жасау,  сұхбат  құру,  әңгімені  қоштау  т.б.  бағытта  білім,  білік 

дағдысы болуы қажет.  



Мамандық тілі деңгейі 

Мамандық тілі деңгейінің лексикалық минимумы шамамен 1800-2000 сөз. 



Тыңдалым  бойынша  бейтаныс  түпнұсқа  900-1000  сөзден  тұратын  кәсіби 

мәтінді таспадан тыңдап, студент: 



  

74 


 

берілген  нақты  мамандық  саласындағы  танымдық-қатысымдық  міндетті 



шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі; 

түсіндірмелі  сипаттағы  монолог  түрінде  берілген  мамандық  саласы 



жайындағы  ойды,  тақырыпты,  негізгі  мазмұнды,  оның  жеке  мағыналық 

бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс.  

Сонымен қатар: 

іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы 



бойынша сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек. 

Мәтіндердің тақырыбы студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес 

алынады. 

Оқылым  әрекеті  бойынша  көлемі:  1000-1200  сөзден  тұратын 

мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент: 

оқылған  мәтіннің  негізгі  мазмұнын,  жеке  мағыналық  бөліктері 



арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. 

Студент  мамандық  саласы  бойынша  берілген  мәтіннің  мазмұнын  өз 

көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере 

білуі қажет.  Мәтіннің  түрі:  жалпы  ғылыми,  жалпы  кәсіби  және  арнайы 

мамандық  саласы  бойынша  құрастырылуы  тиіс.  Мамандық  саласы  бойынша 

берілген  мәтінді,  ғылыми  мақаланы,  баяндаманы  оқу  барысында  студент 

мыналарды орындай білуі қажет: 

оқудың басты стратегияларын қолдана білуі; 



мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала 

білуі;  

хабарға,  апаратқа  өзінше  түйіндеме  жасап,  автордың  ойына  баға  бере 



білуі тиіс. 

Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  таңдаған  тақырып 

мазмұнын  терең  түсініп,  оны өз  сөзімен  жазбаша жеткізе білуі  және  сонымен 

қатар  өзінің  осы  тақырып  бойынша  жеке  көзқарасын,  тұжырымын  да  жеткізе 

білгені жөн.  

Егер  эссе-шығарма  болса,  мәтін  мазмұнының  ауқымы  800-1000  сөзден 

тұруы  тиіс.  Реферат  мәтінінің  ауқымы  10-15  бет,  аннотация  және  кәсіби 

іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 болуы тиіс. 

Студент сонымен қатар: 

мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы 



тақырып  бойынша  естіген,  оқыған  мәтін  мазмұнында  берілген  ойды  қайта 

жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс; 

ғылыми  баяндама,  мәлімдеме,  хабарлама  жазу  үшін  ойды  логикалық 



жүйемен жазбаша құра білу тиіс; 

нақты  мамандығы  бойынша  оқыған  кітаптары,  мақалалары  немесе 



тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.  

Әдеби  шығармалар  немесе  мақалаларға  сыни  баға  беріп,  күрделі  жоспар, 

эссе, түйіндеме, пікір жаза алады. 


  

75 


 

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне 

таңдауы  бойынша  сұхбат  (сөйлесім)  құрады.  Таңдаған  тақырыпқа  сай 

сөйлесімде  төмендегідей  шарттар  ескеріледі:  Студенттің  берілген  тақырып 

бойынша 800-900 сөз  аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгемелеп 

айта  білуі,  баяндама  жасай  алуы,  с

ұхбат  құра  білуі  тиіс.  Егер  тапсырма  жеке 

немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 

минут, қарқыны- минутына 170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, 

айтылым қарқыны – минутына 160-180 сөз. 

 

Диалогтық сөйлеуде студент: 



айтушының  ой-пікіріне өзінің  тұжырымдарымен  жауап  беріп,  әр  түрлі 

сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі; 

мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын 



серіктесіне жеткізе білуі; 

естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс. 



Студент  мағынаның  түрлі  реңктерін  дәл  беретіндей  тыныс  белгілермен 

дауыс  ырғағын  ұтымды  қолдана  отырып,  тез  және  ешқандай  қиындықсыз 

хабарлама  жасай  алады.  К

үрделі  тақырыпты  талабына  сай  мейлінше 

жеңілдетіп,  түсінікті,  дәл  жеткізе  алады.  Аудиторияда  берілген  кез-келген 

сұраққа еш қиналыссыз жауап бере алады.  

Идиомалық және ауызекі оралымдарды жақсы біледі. Мағыналық реңктерді 

дәл бере алады. Пайда болған қиындықтарды тез тауып, түзей алады. 

Қазақ  тілін  меңгеруде  жаңа  технологияларды  қолдана  оқытудың  маңызы 

зор.  Мысалы,  о

қытушылар  ө з  тәжірибелерін  білім  берудің    мынадай 

технологиялар түрлерін қолданады: 

-   

деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы; 



-    

модулдік технология; 

-    

дамыта оқыту технологиясы; 



-    

ақыл-ой, іс-әрекеттердің кезең бойынша қалыптасу технологиясы; 

-    

танымдық  іс-әрекеттерді  жандандырудың    тәсілдерін  оқыту 



технологиясы; 

-     


ынтымақтастықта оқыту технологиясы. 

Студенттің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін  оқу жүйесі  ғылыми-

педагогикалық    негізінде  жасалуы  қажет.    Сабақ  кезінде  модульдік  оқыту 

технологиясын қолдана  отырып,  студенттердің  жеке  дамуына  көңіл  бөлуге 

болады.  Модульдік  о

қыту  технологиясы  жа ңа  технологиясының  әр  пән 

бойынша  ерекше қолдануда.  Оқу  модулі  3  құрылымдық  бөлімнен  тұ рады: 

кіріспеден,  негізгі  бөлімі   және  қорыту.  Әр  модульге  оқытушы  өз  уақытын 

бөліп,  қойылған  мақсаттарына  жетуге  тырысады.  Оқытушы  сабақты 

ұйымдастыру    түрлерін  ойластырады.  Оқу  материалдарын  тақырыптың 

мазмұнына  сәйкес  деңгейлік  тапсыру  болуы  қажет.  Әр  деңгейді  орындап,  ең 

соңғыда студент баға алады. Модуль үлгісі 21-кестеде берілген[25]. 

 


  

76 


 

21- 


кесте - Модуль үлгісі 

 

Модуль  



құрылымы 

Сабақ  


саны 

                 

                 

Сабақтың түрі мен мазмұны 

  

  

Минут 



саны 

 

Бекіту 



бөлімі 

  

1 – 2  



сабақ 

Модуль құрылымымен таныстыру. 

Студенттер алдына қойылатын мақсаттарын айту. 

Сабақта  ережені  .тірек  сызбалар  арқылы    

түсіндіру. 

Практикалық тапсырмаларды орындау  

Алған білімдерін бекіту. 



           10 

           20 

  

Мұндай жұмыс түрі оқытушы студенттерден  жоғары әдіскерлік шеберлікті, 



жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.  

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  білім  берудің  мақсаты  –  қазіргі  қоғам 

талабына  сай  алын

ған  терең  білім,  ойын  еркін  білдіру,  тиімді  шешімдер 

қабылдауға  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Біз,  оқытушылар,  бұл    мақсатты 

жүзеге  асыру  үшін,    түрлі  тәсілдер,  әдістер  және  инновациялық 

технологияларды қолдануымыз  керек.  Әр  оқытушы  заман  талабына  сай  өз 

жүргізетін  пәні  бойынша  жаңа  технологияларды  пайдаланса,  болашақ 

маманның  білім  сапасын  тереңдетіп  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға 

болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет