Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Е.С. АЙТАЛИЕВ, С.С. МАХАШЕВА



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата28.12.2016
өлшемі13,26 Mb.
#599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

Е.С. АЙТАЛИЕВ, С.С. МАХАШЕВА

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлы-техникалық университеті, Орал қ., Қазақстан



 АВТОМОБИЛь КӨЛІГІНДЕГІ ДИЗЕЛьДІК 

ОТЫННЫң САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ

 Мақалада дизель отынының әртүрлі климаттық ортаға байланысты жазғы және 

қысқы түрлерінің сапасы қарастырылған. Қысқы дизель отынын алу жолдарының тиімді 

әдістері көрсетілген. Қысқы таза дизель отынын алудың әдістеріне қысқаша шолу жа-

салды.  Осыдан  дизель  отынының  бензинмен  салыстырғанда  меншікті  шығыны  аз, 

экологиялық және от қауіпсіздігі тұрғысынан да басқа отындарға қарағанда анағұрлым 

тиімді болып саналады.



Түйін сөздер: дизель, парафин, адсорбция, фракция.

Е.С. АЙТАЛИЕВ, С.С. МАХАШЕВА. 2 (66) 2015. Б. 15-21  

 

ISSN 1683-1667 



16

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ДИЗЕЛьНОГО ТОПЛИВА 

НА АВТОМОБИЛьНОМ ТРАНСПОРТЕ 

В последние годы уделяются огромные значение автоматизаций производств. Эпо-

ха новых технологий привела от примитивных технологий обработки сырья к методам 

реализаций без участия человека. С помощью приведенных выше метод в кратчайшие 

сроки можно адаптировать к использованию дизельного топлива. В статье мы посчита-

ли уместным включить материалы, собранные магистрантом.



Ключевые слова: дизель, парафин, адсорбция, фракция.

IMPROVING THE QUALITy OF DIESEL FUEL FOR ROAD TRANSPORT. 

For the last time high attention is being given to the automation of productions. An era 

of new technologies led from primitive technologies of processing of now materials to the 

realization methods without participation of the man. By means of the methods, reminded 

above, in the shortest time it is possible to adapt for the use of diesel gasoline. In the article we 

considered pertinent to include the materials collected by the undergraduate.

Keywords: diesel, paraffin, adsorption, faction.

XIX ғасырдың әйгілі ойшылдары ойлап тапқан көлік жылдар өткен сай-

ын  адамзаттың  тіршілігінің  ажырамас  бөлігіне  айналуда.  Қазіргі  замандағы 

адамдардың тіршілігін көліксіз елестетудің өзі қиын. Жүк және жолаушы тасы-

малдау үшін автомобиль, теміржол, әуе, теңіз және өзен көліктері пайдаланы-

лады.  Аталған  көлік  түрлерінің  басым  бөлігінде  қозғаушы  күш  ретінде  іштен 

жанатын қозғалтқыштар қолданады. Іштен жанатын қозғалтқыштар пайдалана-

тын жанармайға байланысты бензинді және дизель қозғалтқыштары болып екіге 

бөлінеді. Отын ретінде пайдаланатын жанармайлар мұнайдан алынады.

Мұнай  дүниежүзілік  жанар-жағармай  энергетикалық  балансында  орасан 

зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48%-ын алады. 

Мұнай көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық – жер асты 

пайдалы  қазбалардың  ең  маңызды  түрі.  Мұнай  судан  жеңіл,  оның  меншікті 

салмағы 0,65-0,95 г/см

3

. Мұнай өнімдері – 83-87% көміртектен, 12-14% сутектен 



және аз мөлшердегі күкірт, оттегі, азот қоспаларынан құралады. Мұнай өнімдері 

отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және т.б. негізгі топтарға бөлінеді. 

Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, ке-

росин, дизель отыны, мазут және басқалар жатады. Бұл жанармайларды мұнай 

өңдеу зауыттарында мұнайды айдау арқылы алады [1].

Жоғарыда аталған жанармайлардың көлікте кеңінен қолданатыны – бен-

зин,  ал  дизель  жанармайын  басты  тұтынушылар  болып  ауылшаруашылық 

кәсіпорындары,  ауыр  жүк  техникалары,  өзен  және  теңіз  көліктері  саналатын. 

Бірақ  та,  соңғы  жылдары  автомобиль  жасайтын  ірі  компаниялар  дизель  жа-

нармайына аса көңіл бөлуде. Себебі, дизель отынының бағасы төмен, бензин-

мен  салыстырғанда  меншікті  шығыны  аз,  экологиялық  және  от  қауіпсіздігі 

тұрғысынан басқа отындарға қарағанда анағұрлым тиімді болып саналады. Со-

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


17

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

нымен қатар дизельді қозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) өте 

жоғары болады.

Дизель  жанармайы  жүргізушілер  арасында  солярка  деген  атқа  ие  (соляр 

майының қысқартылып аталуы). 1892 жылы неміс ғалымы Рудольф Дизель ең 

алғашқы болып дизельді қозғалтқышты ойлап тапқан, осыған байланысты соляр 

майына «дизель» деген атау берілген.

Дизель отыны – сұйық мұнай өнімі. Оған негізінен, мұнайды бірден ай-

дау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары және одан гөрі ауыр фрак-

циялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары жатады. Дизель отыны –қайнау 

температурасы – 180-360

0

С, тығыздығы – 0,79-0,86 г/см



3

, тұтқырлығы – 1,5-8,0 

мм

2

/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті, азотты және оттекті туындылары) 



4%-ға дейін болатын сұйықтық [2, 4].

Дизель  жанармайының  ең  негізгі  кемшілігі  қату  температура­



сының жоғары болуында. Сондықтан әртүрлі климаттық аймаққа арналған және 

жұмыс істеу жағдайына қарау дизель жанармайының 3 түрі шығарылады:

–  жаздық,  қоршаған  ортаның  ауа  температурасы  0

0

С-тан  жоғары  болған 



жағдайларда пайдаланады;

– қыстық, ауа температурасы 20

0

С-қа дейінгі жағдайларда пайдаланады;



– арктикалық, ауа температурасы 50

0

С-қа дейінгі жағдайларда пайдалана-



ды [5, 6].

Қозғалтқыштардың  ақаусыз  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  дизель 

жанармайының түрін қоршаған ортаның температурасына байланысты қолдану 

қажет.  Өйткені  жазғы  дизель  жанармайын  қыста  қолданса  құрамындағы 

парафиндердің кристалдануына байланысты ол төмен температурада қоюланып 

қата бастайды, қозғалтқыш от алмайды. Ал қысқы дизель жанармайын жазғы 

мезгілдерде  қолданса  қозғалтқыштың  қуаты  төмендейді,  пайдаланылған 

газдардың түтіндеуі жоғарылайды.

Жазғы және қысқы дизель жанармайлары бір-бірінен шекті сүзілу темпе-

ратурасымен, қату температурасымен және лайлану температурасымен ажыра-

тылады (1-кесте).

Қату  температурасы  құрамындағы  парафин  мөлшеріне  байланысты: 

неғұрлым  парафин  көп  болса,  соғұрлым  жоғары  температурада  дизель  отыны 

қатады. Қату температурасы отынның жылжығыштық қасиетін жоғалтатын тем-

пература болып есептеледі.

Лайлану  температурасы  –  отынның  бір  қалыптылық  фазасы  жоғалатын 

температура.  Температура  төмендеген  сайын  парафин  кристалдары  өседі  де 

отын жылжығыштық қасиетін жоғалтады.

Е.С. АЙТАЛИЕВ, С.С. МАХАШЕВА. 2 (66) 2015. Б. 15-21  

 

ISSN 1683-1667 



18

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

1-кесте – Массалық үлесіне қарай дизельдік отынның үш түрі орнатылған: I – күкірттің 

массалық үлесі – 0,05% көп емес; II – күкірттің массалық үлесі – 0,1% көп емес; III – 

күкірттің массалық үлесі – 0,2% көп емес [7]

Көрсеткіштері

Маркалары

жазғы қысқы арктикалық

Фракциялық құрамы:

50% айдалады, 

0

С, көп емес



280

280


255

96% айдалады (айдаудың соңында), 

0

С, көп емес



360

340


330

Өздігінен тұтану, жану температурасы

0

С

300



310

330


Отындағы 1 және 2 түріндегі күкірттік массалық үлесі, 

көп емес


0,2

0,4


0,2

0,5


0,2

0,5


Меркаптандық күкірттің массалық үлесі, % көп емес

0,01


0,01

0,01


Дизель  жанармайының  жазғы  түрінің  лайлану  температурасы  -5

0

С-тан 



төмен болмауы керек, ал қысқылар үшін -25...-30

0

С. Қату температурасы лай-



лану температурасынан 5-10

0

С-тан төмен болу керек. Жазғы дизель жанармайы 



қысқыдан төмен температурада тез кристалданатын ұзын тізбекті молекулалық 

парафиндердің  концентрациясы  көптігімен  ерекшеленеді.  Мұнайдың  белгілі 

бір көлемінен 42% жазғы немесе 25% қысқы дизель жанармайын алуға болады. 

Қысқы жанармайды мұнай айдау кезінде бірнеше саты арқылы алады: қайнау 

температурасы 280-340

0

С кезінде фракцияларға бөлу арқылы тікелей айдау, кре-



кинг  және  гидротазалау,  соңынан  алынған  фракцияларды  араластыру.  Осыған 

орай,  отандық  мұнай  өңдеу  зауыттары  негізінен  жазғы  дизель  жанармайын 

шығарады.

Мұнай  өңдеу  зауыттары  дизель  отынын  күкіртті  қосылыстардан  тазалау 

үшін негізгі екі әдісті қолданады. Ол әдістер химиялық және физика-химиялық. 

Химиялық әдістерге күкірт қышқылымен тазалау, сілтілік тазалау, және гидро-

гендеу жатады, ал физика-химиялық әдістерге адсорбциялық және абсорбциялық 

әдістер жатады.

Сілтілік  тазалау  негізінен  қышқылдық  қоспалар  мен  күкірт  қоспалардан 

тазартуға негізделеді. Оның басты әдісі, сілті қышқылдармен тұз тұзеді, ал ол 

тұзды сумен шайғанда шығаруға болады. Тазалық дәрежесін жоғарылату үшін 

онда тұндыру және электр тогы қолданылады. Дизель отынын сілтілік тазалау 

кезінде  электр  жазығында  компоненттерді  сілтілендіріп,  сілтілік  қалдықтарды 

сумен  шайып  бөліп  алу  керек.  Күкірт  қышқылымен  дизель  отынын  тазалау 

негізінен  90-93%-күкірт  қышқылының  аз  мөлшерімен  дистеляттың  қалыпты 

температурада  араласуына  сүйенеді.  Бұл  әдісті  негізінен  анық  емес  күкірт, 

азот  қосылыстарынан  бөлу  кезінде  қолданады.  Егер  күкірт  қышқылы  белгісіз 

көмірсутектермен  реакцияға  түссе,  онда  қышқыл  эфирлер  түзіледі.  Бұл  үрдіс 

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


19

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

төмен температурада жүргізіледі [4].

Күкірт  қышқылының  қышқыл  эфирлері  суда  жақсы  ериді,  сол  себепті 

нитралиция  кезінде  тұздар  түзіледі.  Сумен  реакцияға  түсіп,  сәйкесінше  спирт 

түзеді.


Күкірт қышқылымен тазалау алдында шикізатты сілтілік тазалаудан өткізу 

ұсынылады.  Өйткені  ол  тағы  белгісіз  көмірсутекпен  әрекеттесе  палимерлер 

түзеді. Химиялық реакция нәтижесінде тазаланған өнім, яғни қышқыл гудрон 

алынады. Осы гудрон құрамына қажет емес қоспалар кіріп, сонымен бірге кетеді. 

Қышқыл  гудрон  күкірт  қышқылы  өндірісінде  қолданылады.  Бұл  тазалаудың 

негізгі кемшілігі – оған өте көп мөлшерде реагент қажеттілігі.

Қазіргі  кезде  қыс  айларында  еліміздің  жеке  көлік  иелері  және  автокөлік 

мекемелері қысқы дизель жанармайының тапшылығынан үлкен зардап шегуде. 

Көліктер от алмай қалады, жүк және жолаушы тасымалдайтын үлкен автокөліктер 

дизель жанармайының қатып қалуына байланысты маршрутқа шықпайды неме-

се жолда қалып қойған жағдайлар жиі орын алуда. Көптеген жүргізушілер дизель 

жанармайына 15-20% көлемде бензин, керосин, спирт құйып амалданады. Бірақ 

та, бұл әдістер қозғалтқыштың жұмыс істеу ұзақтығын төмендетеді, бөлшектер 

мен детальдардың тез тозуына, жоғарғы қысымды жанармай сорабының істен 

шығуына әсерін тигізеді.

Қысқы  дизель  жанармайын  бірнеше  әдістердің  көмегімен  алуға  болады, 

олардың барлығы жанармайды парафинсіздендіруге негізделген [3].

Кристалдандыру  арқылы  парафинсіздендіру  әдісі.  Бұл  әдіс  парафинді 

салқындатқан  кезде,  ол  өзінің  ерітімділігін  төмендету  қасиетіне  негізделген. 

Салқындату  барысында  түзілген  кристалдарды  ерітіндінің  негізгі  массасынан 

сүзу, центрифугалау арқылы бөледі.



Карбамидтік парафинсіздендіру әдісі. Бұл парафинсіздендіру әдісі кезінде 

парафиннің  кейбір  заттармен  мұнай  өнімдерінде  ерімейтін  қатты  кешендер 

түзу қасиетін пайдаланады. Парафиндермен ерімейтін кешендер түзетін заттар 

ретінде карбамидті қолдануға болады.

Е.С. АЙТАЛИЕВ, С.С. МАХАШЕВА. 2 (66) 2015. Б. 15-21  

 

ISSN 1683-1667 



20

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Экстрадициялық  (бөліп  алу)  парафинсіздендіру  әдісі.  Бұл  әдіс  кейбір 

ерітінділердің  мұнай  өнімдерінің  төмен  қататын  және  жоғары  қататын 

компоненттерін  әртүрлі  еріту  қабілеттілігіне  негізделген.  Осы  ерітінділердің 

көмегімен төмен қататын компоненттерді бөліп алуға мүмкіндік бар.



Адсорбциялау әдісі. Пайдаланатын сорбент мұнай өнімінен қату темпера-

турасы орташа немесе төмен болатын белгілі компонентті ғана адсорбциялай-

ды.  Мысалы,  белсендірілген  көмірдің  қататын  компонеттерді  (парафиндерді) 

адсорбциялауға қабілеттілігі бар.

Дизель  жанармайының  төмен  температуралық  қасиетін  жақсартудың 

болашағы бар әдіс – депрессорлық қоспаларды қосу. Депрессорлық қоспалардың 

атқару  қызметі  –  дизель  жанармайының  қату  температурасын  және  сүзілудің 

шекті температурасын төмендету. Депрессорлық қоспалар дизель жанармайының 

температурасы төмендеген кезде түзілетін парафиннің кристалдардың қалыбы 

мен өлшемін өзгертеді. Депрессорлық қоспалар немесе парафин-қоспалар ди-

зель жанармайында пайда болатын парафин кристалдарына шөгеді және де ірі 

кристалдық торлардың түзілуіне жол бермейді, кристалдардың өзара қосылуына 

кедергі жасайды.

1-сурет – Депрессорлық қоспалар 

қоспаған кездегі көрініс

2-сурет – Депрессорлық қоспаларды 

қосқан кездегі көрініс

Депрессорлық  қоспалар  Н-парафиндер  молекуласымен  қосылады  да, 

кристалдану  пайда  болған  жердегі  кристалдық  торлардың  өсуін  тоқтатады, 

нәтижесінде  қатты  суықтарға  шыдайтын  дизель  жанармайын  алуға  мүмкіндік 

береді.

Біріншіден,  гидротазартылған  дизельді  фракцияның  шығымы  артады; 



екіншіден,  жалпы  және  меркаптанды  күкірттің  үлесі  азаяды.  Қоршаған  орта-

ны  қорғау  талаптары  бойынша  дизельді  фракция  отандық  та,  шетелдік  те 

фирмалардың талаптарын қанағаттандырады және өндіруге шығындары бойын-

ша ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болып табылады. Экономикалық 

жағынан дизель отынының рентабельділігі – 58,5%.

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



21

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Соңғы жылдары өндірістерді автоматтандыруға үлкен маңыз аударылуда. 

Жаңа технологиялар дәуірі шикізаттарды өңдеудің примитивті технологиялары-

нан адам қатысуынсыз жүзеге асырылатын әдістерге көшуіне алып келді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Васильева Л.С. Автотракторлық пайдалану материалдары: оқу құралы / Л.С. Ва-

сильева. – М.: Көлік, 1986 – 191 б.

2. Гуреев А.А. Автомобильдік пайдалану материалдары / А.А. Гуреев. – М.: Көлік, 

1994. – 278 б.

3.  Колосюк  Д.С.  Автотракторлық  отындар  мен  майлау  материалдары:  ЖТОО 

арналған оқулық / Д.С. Колосюк, А.В. Кузнецов. – Киев: Жоғары мектеп, 1987. – 191 б.

4. Ордабаев Е. Автомобиль және трактор моторының теориясы / Е. Ордабаев. – 

Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 271 б.

5. Уразгалеев Т.К., Рыбаков К.В., Карпекина Т.П. Очистка дизель ного топлива в 

пористых металлах. Поиск / Т.К. Уразгалеев, К.В. Рыбаков, Т.П. Карпекина // Приложе-

ние к журналу «Высшая школа Казахстана». – Алма-Ата. – 1999. – №3. – С. 195-198.

6. Уразгалеев Т.К., Шарипов К.А. Исследование загрязненности ма сел в условиях 

сельского хозяйства: сб. научн. трудов «Эксплуатационное обеспечение интенсивных 

технологических процессов в растениеводстве» / Т.К. Уразгалеев, К.А. Шарипов. – М.: 

МИИСП, 1991. – С. 112-116.

REFERENCES

1. Vasil’eva L.S., Avtotraktorlyq pajdalanu materialdary. Oqu quraly. M. Kolіk, 1986, 

191 (in Kaz).

2. Gureev A.A., Avtomobil’dіk pajdalanu materialdary. M. Kolіk, 1994, 278 (in Kaz).

3.  Kolosjuk  D.S.,  Kuznecov A.V.,  Avtotraktorlyq  otyndar  men  majlau  materialdary. 

ZhTOO arnalqan oqulyq. Kiev. Zhoqary mektep, 1987, 191 (in Kaz). 

4. Ordabaev E., Avtomobil’ zhane traktor motorynyn teorijasy. Almaty. Respublikalyq 



baspa kabinetі, 1995, 271 (in Kaz).

5. Urazgaleev T.K., Rybakov K.V., Karpekina T.P., Ochistka dizel’nogo topliva v poristyh 



metallah. Poisk. Prilozhenie k zhurnalu Vysshaja shkola Kazahstana, Alma Ata, 1999, 3, 195-

198 (in Russ).

6.  Urazgaleev  T.K.,  Sharipov  K.A.,  Issledovanie  zagrjaznennosti  masel  v  uslovijah 



sel’skogo hozjajstva. Sb. nauchn. trudov Jekspluatacionnoe obespechenie intensivnyh tehno-

logicheskih processov v rastenievodstve. M. MIISP, 1991, 112-116 (in Russ).

ӘОЖ 530:37.09

 

К.Т. ИМАНЖАНОВА, Қ. БЕРІКҚЫЗЫ, Г.С. БЕКТАСОВА 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

СТАНДАРТТЫ ЕМЕС САБАҚТЫ ӨТКІЗУ МӘНІ

Берілген  жұмыста  сабақты  өткізу  мен  сабақ  тақырыбының  мағынасын  жеткізу 

түрлері болғанымен, олардың қолдану шаралары да аз емес. Солардың ең маңыздысы 

стандартты емес сабақ түрлері туралы айқындалып түсіндірілген. 

К.Т. ИМАНЖАНОВА, Қ. БЕРІКҚЫЗЫ, Г.С. БЕКТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 21-26 

 

                ISSN 1683-1667 



22

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Түйін сөздер: әдістеме, әрекеттену, танымдылық, ынталандыру, шығармашылық.

ЗНАЧЕНИЕ ПРОВЕДЕНИЯ НЕСТАНДАРТНЫХ УРОКОВ

В

 статье 


рассмотрены нестандартные уроки и их виды.

Ключевые слова: методика, действовать, познание, стимулировать, творчество.

VALUES REALIZATION NON-STANDARD LESSONS

Work types are given to conducting lesson and sense of the name of lesson, but also 

methods application much. Non-standard lessons and their kinds are said in the article.



Keywords: methodology, to operate, cognition, to stimulate, work.

Стандартты емес сабақ дегеніміз – дәстүрлі сабақтан ерекше, жаңа техно-

логияларды қолдана отырып оқушыны сабаққа деген қызығушылығын арттыру 

және білімін жан-жақты дамыту [1]. 

Қазіргі  кезде  білім  алушылардың  білім  сапасын  жоғарылату  алдыңғы 

қатарда  тұр.  Сол  себепті  тоқталғалы  отырған  ғылыми  жұмыстың  тақырыбы 

өзекті болып саналады. Мағынасына қарай стандартты емес сабақтар мынандай 

түрлерге (1-сызба) бөлінеді [3].

1-сурет – Сабақ түрлері

Әрі  стандартты  емес  сабақты  сипаттай  отырып,  сайыс  сабақты  таңдауға 

болады. 

Физикада стандартты емес сабақтармен қатар, стандартты емес есептерді 

де кездеседі. Мысалы, 7-сынып оқушыларына арналған «Қисық сызықты және 

шеңбер  бойымен  қозғалыс»  тақырыбына  байланысты  мынандай  стандартты 

емес есептің шығарылу тәсілін көрсетуге [2] болады:

1-есептің  берілгені.  Бұл  құбылыс  Рессейде  сирек  кездеседі,  ал  АҚШ-та 

торнада  (құйынды  дауыл)  жылына  640  рет  соғады.  Оны  көбінде  Техас,  Окла-

хома, Канзас және Небраска штаттарында байқауға болады. Сол жерде тұратын 

тұрғындардың  үйлерінде  құйыннан  жасырыну  орындары  болады.  Құйын 

Солтүстік  Америкада  біраз  жарылған  ауа  жоғары  қарай  көтеріледі  де,  өте 

үлкен құйын тәрізді «құбыр» пайда болады, және ол Жер бетімен қозғала ба-

стайды. Жолында кездескеннің барлығын өзіне сора бастайды. Ауаның 100 м/с 

айналу  кезінде  диаметрі  200  м  болатын  ортасы  тесік  шұңқыр  пайда  болады. 

 

Стандартты 



емес сабақ 

Кіріктірілген 

Панорамалық 

Сайыс 


Аукцион 

Шығармашылық  

Компьютерлік 

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



23

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Центрге  тартқыш  күш  шұңқырдың  шеттеріне  судың  ауыр  тамшыларын  және 

бұршақтарды құйып, қалыңдығы 10-20 м қалыңдықта қабырға түзіледі. Ресей-

де құйын 1984 жылы Ивановский мен Костромскиге келген. Ол үлкен апаттар 

әкелді,  құрылыстарды  сіріңкеше  лақтырды,  ғасырлар  бойы  өскен  ағаштарды 

сындырады,  темір  жолдардың  рельстерін  бұзады.  Оның  құйынының  диаметрі 

2 км-ге жетті.

Тапсырмасы: жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша центрге тартқыш 

үдеуді, айналу периодын, торнаданың бұрыштық жылдамдығын табу керек.

Берілгені: 



.



Т/к: 



Шешілуі: 

 



,



 

с; 


 

.

2-есептің берілгені. Жүзім ұлуының максималды жылдамдығы 

.

Тапсырмасы: жоғары жылдамдықпен қозғалған ұлу 



 қандай 

арақашықтыққа орын ауыстырады?

Берілгені: 

.



Шешілуі: 



«Ауырлық  күшінің  әсерінен  қозғалыс»  тақырыбына  арналған  мынандай 

логикалық стандартты емес есептің шығарылу үлгісін ұсынуға болады.

3-есептің  берілгені.  Кенгурудің  мықты  және  үлкен  артқы  аяғы  бар.  Сол 

себептен ол секіріп орын ауыстырады, және оған тепе-теңдікті сақтауға қатты 

құйрығы көмектеседі. Ең ұзын секіріп орын ауыстыруы ғалымдардың көмегімен 

тіркелген, ол 13 м 63 см-ді құрайды. Рекортты секірістің биіктігі 3 м 20 см-ге 

тең.

Тапсырмасы: жоғары биіктікке жету үшін кенгуру қандай жылдамдықпен 



жерден көтерілуі керек? Кенгуру 13 м 63 см арақашықтықты секіру үшін оның 

жылдамдығы  қандай  болуы  керек?  Ол  секірісті  30º  көкжиекте  бұрыш  жасай 

секіреді.

Шешілуі: 8 м/с, екінші жағдайда кенгурудің жылдамдығы 12,5 м/с тең бо-

луы керек.

Зерттей  келе,  физика  курсына  байланысты  стандартты  емес  есептер 

эксперименталды  және  логикалық  болып  екіге  бөлінетіні  анықталды.  Бірақ 

К.Т. ИМАНЖАНОВА, Қ. БЕРІКҚЫЗЫ, Г.С. БЕКТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 21-26 

 

                ISSN 1683-1667 



24

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

осы  саланың  барлық  тақырыптарына  жоғарыдағы  мысалдар  сияқты  кездесе 

бермейді  екен.  Стандартты  емес  есептерді  саралай  келе,  тәжірибе  барысында 

байқағанымыздай,  оқушылардың  логикасын,  ойлау  қабілетін  дамытатындығы 

байқалды.

Базалық оқу жоспары бойынша, осы оқу жылы Өскемен қаласы әкімдігінің 

КММ №15 орта мектебінде 19 қаңтардан 28 ақпан аралығында 7 «ә» сыныбын-

да  «Физика  тарихы  және  оған  үлес  қосқан  ғалымдар»  атты  тақырыпта  сабақ 

өткізілді. Мақсаты – 1) физика ғылымына үлес қосқан ғалымдармен танысты-

ру; 2) оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен 

оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау; 3) адамгершілікке, ұқыптылыққа, 

алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке ба-

улу. Әдіс-тәсілі: әңгіме, лекция, дискуссия, топпен жұмыс. Көрнекілігі: карточ-

калар, топқа бөлуге арналған кемешелер, сөзжұмбақтар жазылған беттер. Сайыс 

сабақтың нәтижесі мазмұнды болу үшін, мынандай 1-кесте түрінде жоспарлан-

ды.


1-кесте

Сабақтың 

барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушылардың іс-

әрекеті


Күтілетін 

нәтиженің 

ғылымилығы

Сынып оқушыларының берілген тапсырманы талқылау көрінісі

Сөзжұмбақты шешу кезінде

Кемешелердің  көмегімен  топқа  бөліну 

кезінде

Сыныпта 19 оқушы оқиды, оның үздіктері – 40%, ал қалғаны екпінділер 



қатарына  енеді  екен.  Осындай  сайыс  сабағын  қолдану  кезінде,  оқушылардың 

сабаққа  деген  қызығушылығының  артқаны  байқалды.  Білімдерін  салыстыру 

кестесі төмендегідей

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



25

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

2-сурет – Оқушылардың білімдерін салыстыру

3-сурет – Стандартты емес есептерді шығару тәсілдерін дәлелдеу және өзіндік бағалау 

көрсеткіштерінің салыстырмалы графигі

Жоғарыдағы  көрсеткіштерден  байқалғандай,  кезеңдер  бойынша  жыл 

көлемінде  кез  келген  оқушымен  үздіксіз  логикалық  және  эксперименталды 

есептерді шығарса, білім алушылардың шығармашылық қабілеті дамып, өзіндік 

білім бағалауы жоғарылайды.

Стандартты  емес  сабақты  пайдалану  мәнінің  маңыздылығы  жоғары 

екендігін тәжірибе мерзімінде бақылауға болады, сайыс сабағында оқушылардың 

өздерінің білім деңгейінің шыңдалғаны байқалды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Башарұлы  Р.  Физика  және  астрономия:  жалпы  білім  беретін  мектептің 

7-сыныбына арналған оқулық / Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева. – Алматы: 

Атамұра, 2007. 

К.Т. ИМАНЖАНОВА, Қ. БЕРІКҚЫЗЫ, Г.С. БЕКТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 21-26 

 

                ISSN 1683-1667 



26

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

2.  Семке  А.И.  «Нестандартные  задачи  по  физике»  для  классов  естественно-

научного профиля / А.И. Семке. – Ярославль: Академия развития, 2007. – 320 c.

3. Интернет көзі: www.Google.kz

REFERENCES

1. Basharuly R., Toqbergenova U., Qazaqbaeva D., Fizika zhane astronomija. Zhalpy 



bіlіm beretіn mekteptі 7 synybyna arnalqan oqulyq. Almaty, Atamura, 2007 (in Kaz).

2. Semke A.I., Nestandartnye zadachi po fizike dlja klassov estestvennonauchnogo pro-



filja. Jaroslavl’, Akademija razvitija, 2007, 320 (in Russ).

3. Internet kozі: www.Google.kz (in Kaz).

УДК 517.957.6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет