Мәдени мұра нындағы «Босаға» совхозының жыл



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі313,47 Kb.
#617

Мәдени мұра 

нындағы «Босаға» совхозының жыл-

қысын баққан, атағы біздің атырап-

тан асып, ат аяғы жететін біраз жер-

ге тараған ер мінезді кісі. Жас 

кезінде бұрынғы өткен батыр да тен-

тек бабаларымыздан қалған барым-

та жолымен алыстан жылқы алып, 

басы дауға талай  қалған тақымгер-

дің өзі. Пошымы киіктің асығындай 

ғана осы Кәкеңнің қайыру бермейтін 

ту асауға бұғалық тастап, тақымға 

салып тартқанында шалқасынан 

түсіретінін ауыл жыр ғып айтады. 

Оны бала кезімізде өзіміз де талай 

көрдік те. Алпыс жасқа үзеңгі артқан 

Кәкең әңгімеге де  қаражаяу емес. 

Осы кісе жайындағы небір 

аңызға бергісіз әңгімелерді бұрын-

дары да еститінбіз. Кісеге иелік ет-

кен Стамқұл ақсақал да, баласы 

Кәріғұл да киелі жәдігерді бейсауат 

кісіге көрсете бермейді деген әң-

гімені де құлағымыз шалатын. Таяу-

да туған ауылға ат басын тіреген бір 

уақытта көруге ынтық болып жүрген 

кісені  қолмен ұстап, көзбен көрудің 

сәті түсті. Оған себепші болған жан-

ның бірі — С.Мұхамеджанов атын-

дағы жергілікті мектеп директоры-



МАМАННЫҢ ПІКІРІ 

Түлкібай ТӨЛЕУОВ, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау ин-

спекциясының бастығы: 

Үш ғасырлық тарихы бар жәдігерлер өте  құнды дүниелер  қатарына 

жатады. Мұндай жәдігерлердің мұражайда тұрғаны өте жақсы болар еді. 

Бірақ, бұл шаруа мұраның заңды иесі — жеке адамның таза өз ықтияры-

мен іске асырылады. Одан біз «өткіз», деп талап ете алмаймыз. Егер де, 

кімде-кім қолындағы жәдігерді мұражайға өткізгісі келсе, ондағы арнайы 

комиссияның  құрамындағы мамандардың назарына  ұсынады. Барлық 

мәселенің анық-қанығын солар айтады. Жәдігер заңды түрде тіркеледі, 

оның нақты бағасы анықталады. 

ның тәрбие жөніндегі орынбасары 

Бақыт Әлханұлы деген тарихи 

деректерді там-тұмдап жинап жүр-

ген азамат еді. 

Үш ғасырға жуық тарихы бар, ел 

киелі деп  қастерлеген жәдігер 

өгіздің талыс терісінен дөңгелектің 

жартысындай пошымда жасалған. 

Кісе жаппасының дәл ортасында, 

сонан соң жиегін жағалай алты жер-

ден (біреуі терісімен  қосып кесіп 

алынған) сары жезді оюлап тұрып 

әшекей соққан. Хас шебердің қолы-

нан шыққан дүние екендігі керініп-ақ 

тұр. Асынатын бауы жоғалған, оған 

кейіндері қайыстан жасалған «завод-

ской» таспа тағылыпты. 

Кісе Кәріғұл ағамыздың үйінде ақ 

кездемеге оралған бетінде сандық-

та сақтаулы екен. Атадан балаға 

мұра болып келе жатқан кісенің қол-

дан  қолға өткен тарихы былайша 

түзіледі: Едіге — Күңбас — Түкібай — 

Стамқұл, одан кейінгі мұрагер осы 

97 жасында дүниеден озған  қара 

шалдың баласы Кәріғұл. Әкенің 

құрығын  ұстап  қалған Кәріғұл аға-

мыз ұзақ жыл бұрынғы Ақадыр ауда-

де алдына келген адам баласының 

көңілін қалдырмайтын болған. 

— Софы ағамыз осы кісені бір-екі 

мәрте сұраттырды, бермедім. Әкем: 

«Көзіңнің  қарашығындай сақта», — 

деп мына Клараға (Үйдегі жеңгеміз, 

Кәкеңнің зайыбы -Қ.Ә.) табыстап 

кеткен. Едіге бапаларын желеп-же-

беп жүреді деп отырушы еді, жарық-

тық, — дейді Кәріғұл ағамыз. 

Кәріғұл ағамыздың үйінен шық-

қанда «Шіркін-ай,  қазақтың талай 

үйіндегі сандықтың түбінде осындай 

ғасырлар сырын ішіне бүккен 

жәдігерлердің жатуы бек мүмкін-ау. 

Соларды бір адамның я болмаса бір 

рудың ғана қастерлеген заты етпей, 

барша халықтың ортақ игілігі қылып 

мұражайдың төріне  қойса  қайтеді?! 

Әлде, оның  қисыны келмейтін гәбі 

Былай деп шертеді: 

—  Қаракесектің Кәрсенінен та-

райтын Арал Ата (Аралбай) балала-

рының біразы отызыншы жылдары 

ойран салған аштық кезінде  қазіргі 

атамекеннен ауа кешіп, сонау ба-

лығы тайдай тулаған Көкше теңізге 

(Балқаш көлі) келіп жан сақтаған. 

Сондай бір ел басына күн туған ал-

мағайып заманда Аманбек қажының 

қызы Күлжан дейтін біздің шешеміз 

қара  қайыққа жүк артып, елдің 

біразы жетіп алған жайлылау 

нінше аузынан тастамай айтып 

жүрді. Айта берсе, адам нанғысыз 

осындай әңгімелер өте көп. Өкінішке 

қарай, ауылдың қара шалдары айтып 

отыратын осы әңгімелерге кезінде 

мән бермеппіз. Сонан кейін есімде 

қалғаны мынадай әңгіме: Білтай де-

ген шешеміз толғақ қысып, бала туа 

алмай жаны мұрнының ұшына кел-

генде, сонау күндік жерден ат шап-

тырып, осы кісені алдырған. Кісені 

алып келгенде, бала шар етіп жерге 

түсіпті. Содан, «Қасиетіңнен айна-

лайын!» деп кісенің бір шетін ырым 

қылып кесіп алған екен. 

Жалпы, даланың заңы бойынша 

бұл кісе Едіге батырдың кенжесі, жа-

зушы Софы Сматаевтың атасы То-

райғырда  қалу керек екен. Ал енді, 

кісенің Едігенің бір баласы Күңбаста 

қалу себебі — ол кісі қолы шебер, кең 

пейілді адам болса керек. Күңбасқа 

тері илетуге келген кісілер таңертең 

тұрғанында төсегінің астынан шүбе-

ректей болып иленген теріні тауып 

алады екен. Тері илеуге келгенде ол 

кісіге ешкім тең келмеген ғой. Және 

бар ма?» деген ой келді. Есіме елге 

сыйлы этнограф-жазушы ағамыз-

дың айтқаны түсті: Кеңес заманын-

да атағынан ат үркетін археолог-

ғалымдарымыз осы Орталық Қазақ-

стан өңіріндегі талай  қорымды ар-

шып, ішіндегі  құнды заттарды алып 

кеткен. Тіпті, сол аруақтардың бетін 

ашық күйінде  қалдырып кеткен. Ел 

аралап жүріп небір баға жетпес жә-

дігерлерді жинап алған. Қазір солар-

дың қайда кеткенін жан баласы біл-

мейді екен. Жанды ауыртып, жүректі 

сыздатар осындай әңгімелерден 

кейін тарихи құнды жәдігерді көздің 

қарашығындай сақтап келе жатқан 

Едіге балаларына Алла разы болсын 

дейміз-дағы... Ал енді,  ұзын сөздің 

қысқасы, киелі кісенің орны Кәрі-

ғұлдың үйіндегі сандықтың түбі ме, 

жоқ әлде тұтас  ұлттың ортақ мұра-

сы есебінде жалпақ жұртқа есігі ай-

қара ашық мұражайдың төрі ме? 



Қайрат ӘБІЛДИНОВ. 

Киік аулы, 

ШЕТ ауданы. 

СУРЕТТЕ: Едігенің кісесі; Кісенің 

заңды иегері К.Стамқұлұлы. 

Суреттерді түсірген автор. 



Біздің Кәрсөн Едіге 

батыр туралы білетініміз 

бір-ақ тоғыз: жатқан жерің 

жайлы болғыр аруақты 

бабамыз атақты Көкбөрі 

Жарылғап пен Жидебай 

батырлардың тұстасы 

болған. Даланың ауызша 

тарихының айтуынша һәм 

қазақтың белгілі 

жазушысы Софы 

Сматаевтың жазуы 

бойынша («Елімай-ай» 

дилогиясы) даланың осы 

баһадүрлерімен тізе 

қосып, елін, жерін 

қалмақтан  қорғап қалған 

аға батырлар санатынан 

екен. Яғни, ол кісі 

шамамен алғанда XVIII 

ғасырда өмір сүрсе керек. 

Бейіті Ақтоғай мен 

Жәмшінің арасында. 

Едіге батырдан  қалған 

бізге белгілі жалғыз 

жәдігер оның кісесі. Кісе 

Киік аулында тұратын 

Стамқұлұлы Кәріғұлдың 

қолында. 

дейтіндей екінші бір жағаға көшіпті. 

Орта жолда көл үстінде  қара дауыл 

тұрып,  қалтылдаған  қайықты тол-

қыннан толқынға  қаңбақша лақтыр-

ған. Жағадағы ел дүлей дауылдың 

бетін көріп,  қайықтағылардың има-

нын әлдеқашан шығарып  қойған 

екен. Мүрделерін жағаның қай тұсы-

нан таптық екен деп қайғы жұтыпты. 

Сөйтсе, дауыл  құтырып,  қайық-

ты қақпақыл қыла бастағанда біздің 

шешеміз Күлжан осы кісені кеудесіне 

шандып байлап алыпты да, Едіге 

атамыздың аруағына сыйынып  қай-

ықтың үстіндегі  қымбат дүниенің 

бәрін суға лақтыра берген. Содан, 

Едіге бабамыздың кісесінің киесі 

жебеп, шешеміз  қара дауылды  қақ 

жарып өтіп, жағаға аман-есен жет-

кен ғой. Жарықтық осыны өле-өлге-

ЭТНОГРАФТЫҢ ПІКІРІ 

Төрехан МАЙБАС,  ҚР Мәдениет қайраткері: 

— Кеңес заманында тарихқа  қатысты жәдігерлерді орталықтандыру 

жүйелі түрде жүргізілді. Атап айтқанда, облыс орталықтарындағы мұра-

жайлар ел  қолындағы әлгіндей жәдігерлерді ешқандай міндеттемесіз 

жинап алды. Бүгінде солардың өзі тұрсын, ізі де жоқ. Сондықтан да, ел 

мұражайларға деген сенімін жоғалтқан. Баға жетпес мүліктердің ұрпаққа 

мұра болып қаларына сенбейді. Содан барып әлгіндей жәдігерлер әркім-

біркімдердің үйінде сақталады. Негізінен, бұл жәдігердің орны — төр, 

мұражайдың төрі. 

ҒАЛЫМНЫҢ ПІКІРІ 

Сағымбай Жұмағұлов, Қар-

МУ-дың доценті: 

— Жалпы, ата-бабаларымыз-

дың  қасиетті мұрасын  ұрпақтан-

ұрпаққа жеткізуде қандағы бар 

ілкі қасиетті бүгіндері қариялары-

мыз сақтап жүр. Біз осындай мұ-

раны сақтап келе жатқан Кәріғұл 

сияқты ағаларымызға алғыс ай-

туымыз керек. Әлі талай  ұрпақ 

ауысады. Сол  ұрпақтың бойын-

да бүгінгі  қасиет өз биігінде бо-

лар ма екен? Сондықтан, мұндай 

құнды жәдігер өркениет үрдісіне 

сай тұтас ұлттың игілігіне жарауы 

қажет. Өйткені, оның киесі де, 

иесі де халық. Сосын, осы мұра-

ларды  қалтасы қалың, көлденең 

көк аттының  қанжығасында кет-

пеуін де ойлауымыз керек. 

Орталық Қазақстан. - 2005. - 16 желтоқсан. - 10 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет